Symbattan🔊
352 subscribers
133 photos
451 videos
55 files
5 links
Поэзия жүрегімде💔керемет дауыс иесі☝🏻🥰
Download Telegram
Ostin_Mensfild-park.425520.fb2.epub
678.3 KB
Джейн Остин
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жүректің зор еді дəмесі,
Сағынған жоқпын тек демеші...
Қоштаса алатын адамдар
Қауыша алмайды неге осы?

Адамым өзіңсің бар сенген
Тек сенің бағыңды аңсар ем...
Кездесу бұйырған тағдырға
Қоштасу бұйырмай қалса екен..

Мұңайып қалайын ақырғы,
Қуантып өмірді, тағдырды.
Кездесіп қалайық кездейсоқ
Көздерім көзіңді сағынды.

Шын сүйе білгеннің несі мін,
Мендегі тамшы жас кешірім.
Аңсатқан, күттірген асыл жан,
Сағыныш болсыншы есімің.
Каждый день я вижу мёртвых людей. Я хожу по комнатам мёртвых, по улицам мёртвых, городам мёртвых — людей без глаз, без голов, людей с фабричными чувствами и стандартными реакциями, людей с газетными мозгами, телевизионными душами и школьными идеалами.
Адам деген қызық жаратылған нәрсе-әу! Туады, өседі, өледі. Осы үш ұғымның арасында күйгелек ғұмыр кешеді. Бір нәрсеге ұмтыласың, талпынасың, өзіңнің шамаң жетпейтінін білген соң тағдырдан тілейсің, күтесің. Жоқ. Сол - жоқ, қанша күтсең сонша күт, онымен тағдырдың да, адамның да шаруасы болмайды. Сонан соң көнесің, көндігесің, үйренесің, мойынсұнасың. Жылдар өтіп жатады, демек, сенің өмірің өшіп жатады. Картаясың. Сонымен біттің.
ШЫНЫ ІШІНДЕГІ ШЫНДЫҚ

I

Соңғы кезде қамалдық шыныға біз,
Тура жолдан сондықтан бұрыламыз.
Ақиқат деп жалғанды ұғынамыз,
Адасу деп санаймын бұны нағыз!

Шыны бізді сиқырлап тастағандай,
Тасқа барып соғылды қасқа маңдай.
Ғаламторды сөндіріп тастамасақ,
Құтылатын амал бар, басқа қандай?

Шыншылдықтың адамға берері көп,
Бірақ, бүгін жалғанға сенеді жұрт.
Шыны деген отаны — соқырлықтың,
Одан дәлел іздеудің керегі жоқ.

Өз санасын біліммен қайраған жас,
Бұл сиқырға алданып, майдаланбас.
Қалтафонның қадірін білмеген жан,
Қалтафонды қажетке пайдаланбас.

Мәселе ғой бұл деген алаңдарлық,
Ізгілікке басылсын қадам барлық.
Ғаламторда бақытты боп көрінгенмен,
Оңаша да жылайтын адамдар көп.

Даналықты сіңдірсін жаның айқын,
Даңғойлықпен ешқашан дамымайсың.
Шыны ішін күн сайын ақтарсаң да,
Шын бейнесін адамның танымайсың.

Шөгіп кетіп қиялға тұнық, түпсіз,
Заңдылығын өмірдің ұмыттық біз.
Шынының ішіндегі айтақшылар, 
Тәлімдеуде жастарды қылып дінсіз.

Ғайып болып жанардан бар асулар,
Үдей түсті мансапқа таласулар.
Шыны деген әлемғой — шымшытырық!
Оған кірсең түбінде адасу бар.

II

Шыны деген бір әлем бар,
Шыншылдығын жоғалтқан.
Адамдардың кім екенін,
Тану қиын ол жақтан.

Сен осында миллиондаған,
Адамдармен кеңес құр.
Алайда, шын достықтың
Зандылығы емес бұл.

Мұнда адам бақытты боп,
Көрінгенмен баршаға.
Оңашада жасын сүртіп,
Жылайтындар қаншама...

Талайлардың көңілдері,
Бұл әлемге орныққан.
Шын бақытты жүрегімен,
Сезінбейді сондықтан.

Жүдеу тартып жан-байлығы,
Айырылып көп асылдан.
Шыны әлемі адамдардың,
Шын бейнесін жасырған.

Жалған мақтау,
Жалған шаттық,
Адастырды сау елді.
Сондықтан да әр екінші,
Бұл әлемге тәуелді.

Мағынасын түсіндің бе,
«Шыны» деген ұғымның.
Ол сенің ұстап жүрген,
Қолыңдағы құрылғың.

Есбол БОЗАН
Бұл өлең менің шәкірттерімен оқыған туынды болатын. Курстың шәкірттері😍👌
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ешь, молись, люби (2010)
Кешір, Өмір,
жасай алсаң кешірім,
Тисе саған түйірдей бір кесірім.
Жақсылардың есігінен бір теуіп,
Жамандардың қағып барсам есігін!
Кешір, Достық,
кейде жаным бос қалды,
Көлеңкеммен бірге шырқап ескі əнді...
Қанатыма сыйдырмадым қайтейін,
Сағатыма санап берген достарды.
Кешір, Сезім,
Сезім болды сезбедім,
Жұртта жоғын іздеп жүрген кезбемін.
Шын ұнатқан бір періштем бар еді,
Оның өзі құшағында өзгенің.
Кешір, Алла,
Болып өссем мен дара,
Жүрегімде бітпес қайғы, шер,нала.
Кешірмесе кешірмесін басқалар,
Мейірімді, кешірімді сен ғана!!
Мен сондаймын
Күліп тұрып, жылай алам,
Біліп тұрып, керегімді сұрай алам.
Жаратылыс сондай енді қайтейін,
Мұндай мінез беріпті Құдай маған.

Мен сондаймын,
Құдыретін сезінетін қаламның,
Өнеріне арқа сүйер адаммын.
Кей кездері жақсы болсам егіліп,
Кей сəттерде ел жек көрер " жаманмын".

Мен сондаймын,
Тік айта алмай жасқанам,
Қорғанымды іздемеймін басқадан.
Байлап қойғам ар мен намыс аттыны,
Тəрбиемнен еш уақытта аспағам.

Мен сондаймын,
Шектеулерге ешқашан да сенбегем,
Қиындыққа қарсы тұрам көлденең.
Жылы шырай, кейде суық танытқан,
Иа сондаймын, мен деген.

Мен сондаймын,
Дегеніме жетемін,
Маған бəрібір, кімнің келіп- кетерін.
Білем бір күн, арманым мен мақсатым,
Орындалар таңғажайып екенін.

Мен сондаймын,
Шабыттансам шыдамаймын,
Азаптансам тізе бүгіп, құламаймын,
Жанарымнан жас шыққанмен суланып,
Анығында жүрекпен жыламаймын.

Мен сондаймын,
Өтірікке сене қалып, алданам,
Осы үшін де аңдап бастым əр қадам.
Ұнатпаймын жалғандықты сол үшін,
Жалғандықты көтеруге жоқ шамам.

Мен сондаймын,
Көтермеймін "мықтысынып" көкірек,
Ол адамның абыройын кетіред(і).
Ашық жарқын мінезімнен байқаймын,
Тұйықтығым басым екен көбірек...

Əбдіғұл Мейірім 🐻
Түспеші менің есіме
Қиялым шаршап шалдығып ,
Жеттіме жетер жеріне 💌
Тоғысып оймен сезімдер ,
Жетегіне еріп кеттіме 💌

Арпалыс неткен қиын еді ,
Ойменен жүрген жарысып .
Ғашықтың күні құрысын ,
Сезіммен жалғыз алысып .

Түспеші менің есіме 💌
Кеттің бе қайтып оралма .
Алаңдап жүру күнімен 💌
Дейсің бе маған оңайма ?

Қиналды жаным тоңғандай ,
Күздің де сүрең күндері .
Қабағын ашпай аспан да ,
Салқындап бүгін түнерді .