Symbattan🔊
350 subscribers
133 photos
451 videos
55 files
5 links
Поэзия жүрегімде💔керемет дауыс иесі☝🏻🥰
Download Telegram
Білесің бе өзімшілмін,өзгердім
Менікісің ,басқасына төзбедім
Өзге жанды жақсы көргін алайда
Жетегінде кетпе деймін өзгенің

Өзімшілмін...
Өзімдікі болу керек барлығы
Сенің жаның жүрегің де
Бұл аспанның жарлығы
Сен бар кезде маңызды емес ештене
Сезілмейді дүниенің тарлығы

Санасызбын..
Ойланудан жат жүрем
Жылаймын да, қуанамын шат күлем
Сағыныш пен сүю деген сезімдер
Бағытталмас маған ғана нақ білем

Ойланамын..
Ойға батып жүремін
Артық ойлар керек емес білемін
Басқа адамға сүйеу болып кетер деп
Өздігімнен жынды адамша күйемін

Қызғанамын..
Мені шектей алмайсың
Сезбейтұғын,түсініксіз қандайсың
Кейде жанды жаралайтын "у" болып
Кейде тəтті елітетін балдайсың

Түсін мені..
Түсініксіз болсам да
Сүйші мені..
Қайғы болып қонсам да
Жанымды емес жүрегімді бағала
Ыстық күнде мұздай болып тоңсамда

Мейлі көндім..
Жүрегіңе жара салмай кетейін
Не жаныңда ,не жырақ боп өтейін
Қараңғылық қаһарына ұшырап
Жылытатын шырақ болып өтейін

Сұрамаймын..
Қайда ,кіммен болдың деп
Ыстықтадың əлде қатты тоңдың деп
Қызғанышты басып та бір көрейін
Түсініксіз жолға түсіп қондым кеп...

Мейлі кейде ...
Қате қадам бассам да
Өмір берген сабақтардан қашсам да
Бар ойымды саған келіп ақтарам
Маған ашқан есігіңді жапсаң да

Кінəлімін...
Сен кінəлі еткен соң
Сезімімді бағаламай кеткен соң
Күттім қашан еркелетер екен деп
Мені солай сен бақытты еткен соң

Бүлдіремін..
Бүлдірем де жүремін
Саған ғана мұң сыйладым білемін
Себепші еді сезімдерім алайда
Жүруші едім күлдірем деп қалай да

Күрсінбеші...
Жүрегіңді ауыртпа
"Таусылмайтын "шыдамыңды тауыспа
Мен дегенің адам ба едім тəйірі
Мен жоқ өмір саған қауіп болып па?
Саундтреки сериала «Постучись в мою дверь» #sençalkapımı