Symbattan🔊
353 subscribers
133 photos
451 videos
55 files
5 links
Поэзия жүрегімде💔керемет дауыс иесі☝🏻🥰
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маған сенің жоқ секілді жазарың,
Өзге жанда ықыласың, назарың.
Мен орынсыз мазаласам мән берме,
Сағынғанда шыдам болмай жазамын.

Маған сенің жоқ секілді, айтарың,
Ұнатқаның бар екенін байқадым.
Түсіндіріп айтпадың ба басында,
Менде адаммын, түсінемін, қайтамын.

Мен сен үшін бола алмаймын енді алаң,
Арман – арман, кейде соған сенді адам.
Айтпадың ба еркелетпе ботам деп,
Қаламаймын демедің бе сен маған.

Келбетіңе кейде сырттай тесілсем,
Сағынғаннан шығар бәлкім, кешір сен.
Мүмкін бәрін ұмытам деп ойладым,
Телефоннан суретіңді өшірсем.

Ақ бұлттай тәнің таза, жаның нұр,
Ақыл есім жүрегімді бағындыр.
Менде сені сағындырам сары қыз,
Қазір мені сағындырсаң сағындыр…

•Беласаров Досбол
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мені кім өсектемей жатыр, қарғам?
Не істей алам күрсініп, аһ ұрғаннан?
Өзгеден емес, жаным, таяқтауды,
жолдастан, көріп келем жақындардан.
Сүрінсең сүйенішің болмағандар,
Тұзағын тірілерге жолда қамдар.
Өмірін келістіре алмай жүріп,
Өзгені сөз қылады сорлы адамдар!
Мені кім өсектемей жатыр, күнім?
Жақсы да жайпап өткен ақымды мың,
ардағым, ақымақтан не күтесің,
Істері осы болса ақылдының?!
Балақта талай тістің қалды үлесі,
күндестің батпай тұрар мәңгі кеші.
Тәңір берген тағдырың біреулердің,
Бір сағат талқылайтын әңгімесі...
Өтермін мейірім іздеп жер - көктен де,
ақ нұрын мынау аспан селдеткенде.
Ешкімге өкпем де жоқ, тек сұрарым,
«Жақсы еді...» десе болды мен кеткенде.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көңілдің болмаса да xошы мүлде,
Шүкір ет, бауырларым, осы күнге.
Өмірдің ашпай жатып есігін де,
Көз жұмған сәби қанша бесігінде?
Бұл жалған сынып түсер шыны сынды,
Қаларсың бітіре алмай мың ісіңді.
Топырақ толтырмасын уысыңды.
Жамандап жүрген кезде жұмысыңды,
Қадірле денсаулығың - байлығыңды!
Тілегін көрсетпе деп қайғы-мұңды.
Армандап қалма өмірге қайырылуды,
Азсынып жүрген кезде айлығыңды.
Бақ тіле ағайын мен бар адамға,
Бас есен, бауыр бүтін, жан аманда.
Жар болып, ризық берді саған Алла,
Зар болып жүргендер бар қара нанға.
Жөні жоқ байлық қуып, таласудың.
Мəні көп кемтарларға қарасудың.
Кептірген елге барсаң даласын Күн,
Қадірін түсінерсің қара судың.
Қуан да Күнің батып, Таң атқанға!
Талпынып шаруа атқар талаптан да.
Бар кезде мүмкіндігің - қарап қалма,
Шүкір ет, тəубаға кеп Жаратқанға!
(с) Олжас Отар
😘🤲🏻
Менімен жеке жұмыс.
Өзім результатқа шығарамын.
Жарысқа көп барып, өзіңізді әлеуметтік желіде танытатын боласыз. Менен барлық қолдау қамтамасыз етіледі😍
Видеоларыңызды өзімнің парақшама саламын. 15000 оқырманы бар Ютуб каналға да шығарамын

жазыңыз: @symbattan
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Не бегите со мной в одном темпе✊🏻
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қалықтап ұшып, жайғанда аппақ қанатын,
Сезімнің отын сөндіріп алмай жағатын.
Ғашық па, әлде белгісіз бе екен, бәрібір,
Махаббат жайлы жазады екен бар ақын.
Жырында теңеп, біреуі жазар 'сынаққа',
Әурелеп сабыр,таба алмай жауап, сұраққа.
Жібектер менен Төлегендердің көргені,
'Махаббат' деген осынша қиын 'сынақ' па
Жаныңда жүрсе жүрегің тұрар езіліп,
Бақытпен бірге сезімнің оты сезіліп.
Махаббат деген өзгеше бөлек ғаламшар,
Алдыңнан ашып, өзгеше әлем кезігіп.
Жазылып бітпес дастан боп жарды салатын,
Көргенше сөзін,тауысар
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
*Адамдар болады…*
Өкпеге қисаң да, өлімге қимайтын,
Сағынып барғанда құшаққа сыймайтын.
Кешіріп тұрсаң да, кездескің келмейтін
Адамдар болады, үн-түнсіз іздейтін… Хабарсыз кетсең де, алаңдап күтетін
Алыстан көргенде шүкір деп жүретін.
Шын сүйіп тұрса да, ақырын ойлайтын
Адамдар болады, тағдырың қоспайтын.
Мың сынақ көрсе де, иіліп сынбайтын,
Байлыққа мастанып,ұясын бұзбайтын.
Жақсылық жасаса, жар салып айтпайтын,
Адамдар болады, ұятын сатпайтын…
Қайғырып тұрса да, қуаныш сыйлайтын,
Өсектеп жатқанда сабырмен шыдайтын.
Елеусіз жүрсе де, ерлікке баратын,
Адамдар болады жүректе қалатын…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ДОСҚА СЫР

Болмашыны ойлап,түңілме досым,
Өмірдің түсін сабағын.
Бір бақыт саған күлімдеген соң,
Мың пенде түйер қабағын.

Жаныңды жесін сынақтар мейлі,
Көнбістің күйін таңдама.
Балақтан тартып, құлатсам дейді,
Төменде тұрған жан ғана!

Өз жолын табу қиындағанда,
Шебер ғой жатты сынауға.
Адами талғам бұйырмағанға,
Міндетті емессің ұнауға!

Арманға биік жетсем дейтіндер,
Елей ме нөсер жаңбырды?
Көп сөйлейтіндер мен бос сөйлейтіндер,
Шешпейді біздің тағдырды!

Рахат Әбдірахманов
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Пендемін, періште емеспін.
Ұнатқан, жылатқан, жек көрген
Алдамшы армандар, алдамшы күлкілер бетпердем.
Алланың ілімін азырақ ескерген
Сайтанның бүлігін қош көрген.
Ақылдан жеңіліп, сезімге серт берген
Пендемін, періште емеспін.
Табанын тайдырған, тұғырға талпынып
Бір бақыт іздеген таусылып шақ ұрып
Пендемін періште емеспін.
Жаралған бір түйір тамшыдан
Мұңым бар, күлкім бар, бар шыдам
Кәдімгі күнәһар өмірін, кінасіз пейілмен аршыған пендемін.
Бес күндік ғұмырмен мәңгілік сапарға барамын
Көз үміт, сана мұң.
Тәніме топырақ толығып,
Қара жер сіңемін, қаламын.
Періште емеспін, пендемін,
Әзірге бес күндік елеспін
Содан соң төмпешік қанамын.
Пендемін!
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Басты рөлде - менің сіңілім
Оқушымның нәтижесі МашаАллах😍😍
Бұл 1 ақ аптаның нәтижесі.

Ал сіз менімен жеке жұмыста 4 апта дайындаласыз😍😍✊🏻

Жеке жұмысқа не кіреді:
- тіл/дыбыс жаттығулары
-артикуляция
-поэзия негізі
-дауыспен жұмыс және т.б😍