🕌 أية قرآن | AYATKORANA
2.35K subscribers
23 photos
316 videos
197 files
Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат.Әли Имран:138
Download Telegram
IMG_9272.MP4
59.4 MB
Сүре әл-Муддәссир [Жасырулы] – Аят 42-49

"Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?"

Олар: "Біз намаз оқушылардан емес едік."

"Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік."

"Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік."

"Қиямет күнін өтірік деген едік."

"Сөйтіп жүргенде ажалымыз жетті", – деп жауап береді.

Қари: Ahmad Al Nufais.

@ayatkorana
IMG_9427.MP4
27.6 MB
Сүре Ибраһим [Ибраһим пайғамбар] – Аят 29-30

Міне, солар жаһаннамға тасталады. Ол қандай жаман тұрақ (орын) десеңші!

Олар өзгелерді де Оның ақ жолынан тайдыру үшін әлденелерді Аллаға тең тұтты (яғни, Алланың орнына әлдекімдерді, әлденелерді тәңір тұтты). Оларға: «Қу дүниенің қызығын көріп қалыңдар, қайткен күнде де ақырында барар жерлерің – тозақ», – деп айт.

Қари: Raad al Kurdi.

@ayatkorana
IMG_0253.MP4
41.3 MB
Сүре ат-Таләқ [Ажырасу] – Аят 2-3

Кімде-кім Аллаға тиісінше тағзым етсе және Оған қарсы келіп асы болудан сақтанса, Алла оған тығырықтан шығатын жол ашып береді.

Сондай-ақ оған еш ойламаған жерден ризық нәсіп етеді. Кім Аллаға арқа сүйеп, тәуекел етсе, оған (қолдаушы һәм медеткер ретінде) бір Алла жеткілікті. Алла бұйрығын міндетті түрде жүзеге асырады. Шүбәсіз, Алла әр нәрсе үшін алдын-ала белгілі бір өлшем белгілеп қойған.

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
IMG_0531.MP4
56.8 MB
Сүре әс-Сәждә [Сәжде] – Аят 16-17

Олар түн ішінде төсектерін тәрк етіп, бір жағынан (Алланың) қаһарынан қорқып, екінші жағынан шексіз мейірімінен үміт еткен күйде Раббыларына жалынып-жалбарынып дұға етеді. Сондай-ақ өздеріне ризық-несібе ретінде берген нығметтеріміздің бір парасын ізгілік жолында жұмсайды.

Дүниеде істеген игі істері үшін оларды (ақиретте) көзайым етіп, шаттыққа бөлейтін қандай құпия сый-сияпаттың, нендей тосын нығметтердің сақтаулы (жасырулы) екенін жан баласы білмейді.

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
IMG_9730.MP4
23.4 MB
Rabbana сериясын бастадық, бұл бәріміз үшін бұл дұғаларды мағынасымен түсінуге және ең бастысы, күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуы үшін оларды бір-бірлеп есте сақтауға мүмкіндік. Ин ша Аллаһ.

Rabbana дұғасы 4/40

Сүре әл-Бақара [Сиыр] – Аят 250

Сөйтіп, олар Жалұт және оның әскерімен бетпе-бет келгенде: «Уа, Раббымыз! Бізге сарқылмас сабыр бергейсің! Бізді (соғыс майданында) табанды да қайтпас қайсар қылғайсың! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем беріп, жеңіске жеткізгейсің!» – деп жалбарынды.

Қари: Mevlan Kurtishi.

@ayatkorana
IMG_0673.MP4
18.4 MB
Rabbana сериясын бастадық, бұл бәріміз үшін бұл дұғаларды мағынасымен түсінуге және ең бастысы, күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуы үшін оларды бір-бірлеп есте сақтауға мүмкіндік. Ин ша Аллаһ.

Rabbana дұғасы 5/40

Сүре әл-Бақара [Сиыр] – Аят 286

«Уа, Раббымыз! Егер (Өзіңнің разылығыңа бөленеміз деп жүріп бір нәрсені) ұмытып кеткен немесе білмей қателік жасаған болсақ, сол үшін бізді жауапқа тарта көрме!

Қари: Mevlan Kurtishi.

@ayatkorana
IMG_0941.MP4
41.4 MB
Сүре әз-Зумәр [Бұқара] – Аят 6

Ол сендерді бір ғана жаннан (Адам атадан) жаратты. Содан кейін одан жұбайын (Хауа ананы) жаратты. Сондай-ақ сендер үшін жұп-жұбымен сегіз бас мал түсірді. Сендерді аналарыңның құрсағында үш бірдей қараңғылық ішінде бірнеше жаратылыс кезеңдерінен өткізіп барып жаратуда. Міне, мұның бәрін істейтін Раббыларың Алла! Күллі болмыстағы шексіз билік бір Өзіне ғана тән. Одан басқа құдай жоқ. Олай болса, қалай ғана ақиқаттан аттап, сан түрлі сенімдерге барасыңдар?!

Қари: Mansur al Salimi.

@ayatkorana
IMG_1042.MP4
30.7 MB
Сүре әл-Хашр [Қуылу] – Аят 22

Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Ғайыпты да, жарияны да (яғни сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді де, сезілетін жария әлемді де) толық білуші. Ол Рахман (күллі жаратылысқа рақымды), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді).

Қари: Yusuf Al Aidarous

@ayatkorana
IMG_1335.MP4
55.8 MB
Сүре Нұх [Нұх пайғамбар] – Аят 10-14

Және де оларға: «Раббыларыңнан күнәларың үшін кешірім тілеңдер! Өйткені Ол (құлдары қанша жерден күнәға батса да тәубелеріне келген жағдайда) өте кешірімді», – дедім.

«(Алладан кешірім тілеңдер) төбелеріңе аспаннан нөсерлетіп нұр жаудырсын».

«Сендерге дүние мен бала-шағаны молынан берсін, Һәм сендер үшін бау-бақшалар өсірсін және өзендер ағызсын».

«Сендерге не көрінген, неліктен Алланың ұлылығының алдында бас имейсіңдер, Оның ұлылығынан неге именбейсіңдер?!»

Қари: Ahmed Al Nufais.

@ayatkorana
IMG_1540.MP4
24.6 MB
Сүре Талақ [Ажырасу] – Аят 7

Алла ешбір жанға Өзі берген мүмкіндіктен артық жүк артпайды. Алла әр қиындықтың артынан бір жеңілдік нәсіп етеді.

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
IMG_1655.MP4
25.9 MB
Rabbana дұғасы 6/40

Сүре әл-Бақара [Сиыр] – Аят 286

Уа, Раббымыз! Бізден бұрынғы үмбеттерге (уақыттың, сол кездегі жағдайдың талаптарына һәм олардың кейбір қылықтарына сай тәрбиелік мақсатта ауыр міндеттер) жүктегеніңдей бізге ондай ауыр міндеттер жүктей көрме!

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
IMG_1776.MP4
42.1 MB
Сүре әл-Фәтиһ [Жеңіс] – Аят 4

Алла иманы күшейген үстіне күшейе түссін, деп, мүміндердің жүрегіне тыныштық ұялатып, көңілдерін орнықтырды. Күллі аспан әлемі мен жердің әскерлері Алланікі. Алла – Алим (қай істі қандай ниетпен істегендеріңді жақсы білетін шексіз ілім иесі), Хаким (барлық істері мен үкімдері хикметке толы асқан даналық иесі).

Қари: Abdul Rahman Mossad.

@ayatkorana
IMG_1937.MP4
45.6 MB
Сүре әл-Му'минун [Мүміндер] – Аят 99-100

Егер олардың біреуіне ажал жетсе: «Уа, Раббым, мені дүиеге кері қайтара көр!»

«Игі істер істеп, зая болған ғұмырымның орнын толтырайын», – деп жалбарынады. Жоқ, ол мүмкін емес, бұл оның айтқан құр сөзі ғана, енді олардың артында қайта тірілетін күнге дейін өткел бермес бөгет (қабір әлемі) бар.

Қари: Tariq Muhammad.

@ayatkorana
IMG_2060.MP4
54.9 MB
Ата-ана үшін дұға
.
Сүре әл-Исра [Түнгі сапар] – Аят 24

Олардың алдында барынша мейірімді, мейілінше кішіпейіл әрі тіл алғыш бол! Һәм олар үшін: «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей көр!» – деп дұға ет.

Қари: Mishary bin Rashid.

@ayatkorana
IMG_2148.MP4
51.3 MB
Сүре әл-Ән'ам [Шаруа малдары] – Аят 32

Дүние тіршілігі – құр ойын-күлкі мен уақытша сауық-сайран ғана. Ал Аллаға лайықты түрде тағзым етіп, Оған қарсы келуден барынша сақтанатын тақуа жандар үшін ақирет тұрағы (мекені) әлдеқайда қайырлы болмақ. Ендеше, сәл де болса, ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
IMG_2407.MP4
56.7 MB
Сүре әл-'Абәсә [Томсыраю] – Аят 24-32

Ал енді, адам баласы өзінің ас-ауқатына зер салып қарасын:

Расында, Біз жауынды молынан жаудырудамыз.

Содан соң (жауын суына қанған) жерді қопсытып, егістікке әзір күйге келтіреміз.

Қари: Ahmed Khedr.

@ayatkorana
IMG_2572.MP4
35.6 MB
Сүре әл-Мунафиқун [Мунафықтар] – Аят 9

Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың (жүректерің мен ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын (яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер – солар.

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
IMG_2617.MP4
38 MB
Сүре әл-Инсан [Сана иесі] – Аят 5-6

Ізгі жандарға келсек, олар кеселерге құйылған хош иісті «кәфур» қосылған жаннат сусынын ішеді.

Ол сондай бұлақ: одан Алланың хас құлдары сусындайды Һәм оны өздері қалаған бағытқа бұрып ағызады.

Қари: Tariq Muhammad.

@ayatkorana