Балқия Балтабай
59.9K subscribers
928 photos
453 videos
149 files
659 links
Download Telegram
Сәресі - бізге таң намазы уақытында оянуға болатындығын көрсетеді

Тарауих - бізге тахаджудқа тұрып, түнгі намазға тұра алатынымызды көрсетеді ❤️

Ораза - бізге өзін-өзі басқара алатынымызды көрсетеді❤️

Рамазан-біздің иманның уақытша өсуіміз емес!

Рамазан біздің күн сайын не істей алатынымызды көрсетеді👍🏻

Келісесіз бе?
РАМАЗАН 20-КҮН ТАПСЫРМАСЫ
РАМАЗАН 20 - КҮН ТАПСЫРМАСЫ:

1) ҚҰРАН ОҚУ, КЕМІ 10 АЯТ

Рамазан - ҚҰРАН АЙЫ!
Құран оқи алмасаңыз, әріптерін үйреніп бастаңыз! Ойлаңызшы, 1 әріп үйреніп, оқысаңыз 10 сауап жазылады👍🏻
Ал, Рамазан сауаптар еселенетін ай! Құран үйреніп бастасаңыз, сауаптарын ойлай беріңіз енді😍
Кейінгн қалдырмаңыз! Дәл осы Рамазанда Құран бастап кетіңіз!
Ақыл қоспаңыз!

Ал, Құран оқи алсаңыз, осы Рамазанда Хатым дұғасын жасаңыз!
Құран Хатым деген - Құранды толық 114 сүрені бастан аяқ оқып шығу

Алла жеңілдетіп қойсын, ин шаа Алла!

2) ИСТИҒФАР АЙТУ, КЕМІ 100 рет

«Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген. Алла көп истиғфар етудi әмiр еткендiгi осыдан ақ көрiнiп тұр

Истиғфар дұғасы:

Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ
.

Сiздер де осыны оқыңыздар! Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек

3) САЛАУАТ АЙТУ - кемі 100 рет

Салауаттың пайдасы ұшан теңіз!
Салауат сөздерін жиі айту арқылы адам баласы көп сауапқа кенеліп, Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын адамдардан болады.
Ол турасында ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
أَوْلَى النَّاسِ بِي يَومَ القِيَامَةِ أكْثَرُهُمْ عَلَيَّ صَلاَةً
«Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», – деген (имам Тирмизи).
Алла Тағала баршаларымызды ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтушылардан етуді нәсіп етсін❤️

Мына салауатты айтасыз👇🏻

Аллаахумма солли аляя Мухаммадин уа "аляя аали Мухаммад

4) СИРА САБАҒЫН КӨРУ, НЕМЕСЕ ОҚУ - кемі 10 бет

Сира - Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өмірбаяны

Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірбаянын білу баршамызға міндет! Пайғамбарымыз (с.а.с) жасаған амалдарды өмірімізге енгізіп, тиғандарынан тиынсақ, міне сонда нағыз мұсылманның өмір сүру формуласы болмақ👍🏻

Егер, сізде кітап болмаса, төменде ПДФ форматын жіберемін

Кітап оқи алмасаңыз, Нұрсұлтан ұстаздың керемет сабағы бар!
Міне сілтемесі👇🏻

https://youtu.be/YVD0_HQ0w70?si=YAcOY68luUvXRYV3

5) АЛЛАНЫҢ 3 КӨРКЕМ ЕСІМІН МАҒЫНАСЫМЕН ЖАТТАП, СОЛ ЕСІМІМЕН ДҰҒА ЕТУ

58 - есім: Әл-Мухси  
المُحْصِي Бәрін есептеуші

59 - есім: Әл-Мубди  المُبْدِيءُ Бастаушы

60 - есім: Әл-Муғид  المُعِيدُ Қайтарушы.

6) Осы Рамазанда бір жаман әдетіңізден арылуға өзіңізге уәде беріңіз! Мысалы: газды су ішу


Болды, осы 6 тапсырма👋🏻
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Рамазанның соңғы он күндігі❤️
Алла өте мейірімді ғой. Күнәларыңды кешіру үшін рамазанды берді. 30 күнді жақсы құлшылықпен өткізе алмай жатсаң, соңғы 10 күнінде ықыласты бол дейді. Оған да шамаң жетпей жатса, тым болмаса, бір түн жақсы құлшылық қылсын деп қадір түнін сыйлады. Оны да құр өткізіп алса, кемшілігін толтырсын деп пітірді белгіледі….
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (с.а.с) РАМАЗАННЫҢ СОҢҒЫ 10 КҮНІ ТУРАЛЫ НЕ ДЕДІ?

Пайғамбарымыз (ﷺ) хадисінде былай дейді: «Рамазан айының соңғы он күніне кіргенде, Алла Тағала көп мұсылманның мойындарын тозақ отынан сақтайды (босатады)»

Сонда сахабалар: «Я, Расулулла! Неге, дәл ең соңғы күні тозақтан босатады?»,- деп сұрады.

Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сендер жұмысшыларды көрмедіңдер ме? Олар бір ай бойы жұмыс істейді, ал айдың аяғында олар еңбектерін алмай ма?»,- деп жауап берді

Міне, бір ай бойы ораза ұстағандарға, сонымен бірге намаздарды тастамай Алла Тағаладан күнәлардың кешірілуін сұрағандарға сый дайын. Енді, сол еңбек үшін Алла Тағала адамзаттың бұрынғы күнәларын кешіріп, тозақ отынан сақтап жәннатқа кіргізеді

Сондықтан, Пайғамбарымыз (ﷺ) мұсылмандарға түсінікті болу үшін осындай мысал келтірген


Алла елшісі (ﷺ) Рамазан айының соңғы күнінде не істеуші еді?

Ол (ﷺ) соңғы он күнінде түнді құлшылықпен өткізуші еді. Айша анамыздан: «Пайғамбар (ﷺ) (рамазанның соңғы) ондығы келгенде изарын буынып, түнін сергітіп, отбасын ұйқыдан оятатын» (Бухари)
РАМАЗАН СОҢҒЫ 10 КҮНДІГІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕМІЗ?

1) Тарауық намазын оқу, яғни бұл намазды қалдырмау;

2) Құран оқуды көбейту, жолда, кептелісте тұрсаңыз Құран тыңдау

3) Тахажжуд (түнгі) намазды тастамай оқу. Өйткені, бұл Алла мен пенденің арасында болған байланыс. Бұны ешкім көрмейді, сонымен бірге Алла күнде аспаннан жерге періштелерді түсіреді. Пенделері кешірім сұрап жатқан болса, кешіреді. Ал, кім тәубе етіп жатса, оның тәубесін қабыл етеді. Сұрап жатқан кісінің сұрағанын береді. Сондықтан тахажжуд намазын өткізбеу керек;
Егер Қазір түніне түсіп қалсаңыз, 83 жыл тахажжуд оқығандай боласыз🥹😍

4) Күнде садақа беру
Ойлаңызшы, садақа бергеніңіз Қадір түніне түсіп қалса, 83 жыл садақа бергендей боласыз, Алла қаласа!

5) Ағайын-туыспен жиі хабарласу, көршілерге жылы қабақ таныту;

6) Истиғфар дұғасын көбейту (Алладан кешірім сұрау)

7) Рамазаннан кейін де осы берік иманды сақтап қалуды, қазіргіден де ықыласты, қазіргіден де тақуа болуды сұрау

8) Көөөп дұға ету! Бәтеңкеңіздің бауына дейін сұрау

Ал, Қадыр түнін не үшін күту керек?

Өйткені Қадыр түні – ерекше түн. Ол - түндердің төресі болған, мың айдан қайырлы, періштелер жерге түсіп, жер бетінде береке орнайтын кеш. 

Қадыр түні - Алланың құлдарына мейірімін түсіріп, әр құлының сұрағанын беретін түн😭🤲🏻

Бұл түнгі ғибадаттың сауабы орасан зор! Айша анамыз (р.а.) Алла елшісінің (ﷺ) : "Қадір түнін Рамазан айының соңғы он түнінен іздеңдер", – дегенін жеткізген («Сахих әл-Бухари»)

Рамазан айының соңғы он түнінде ғибадатты арттырып, Аллаға жақындататын амалдарды көбейту керек.

Қадыр түнінің мәртебесі туралы Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген«Айлардың мырзасы – рамазан, күндердің мырзасы жұма, түндердің мырзасы — Қадыр түні». Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді

Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ):  «Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын мәнісінде (көп нәрседен) мақұрым қалғаны» (Ан-Насаи)

Ислам ғұламалары бұл түнді рамазан айының 27-сіне қараған түн деп белгілеген.

Жалқаулыққа салынып, нәпсіге жеңілмей, керісінше 83 жылдық ғибадаттан құр қалмауға асығайық!


Аллаһ Тағала: Менен сұраңдар, сұрағандарыңды беремін.Пендем менен қолын жайып сұраса, құр қол қайтаруға ұяламын - деді

Ал, Бисмиллә!
Жасайсыз ба осыларды?🖐🏻
Соңғы 10 түн🌙
Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» - деп сұрайды.

Бұған Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Я, Алла, расында, Сен - Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!», деп айт деп үйретеді. (Тирмизи, Ибн Мәжаһ, Хаким)

«Аллаһуммә иннәкә ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни»
РАМАЗАН 21-КҮН ТАПСЫРМАСЫ
РАМАЗАН 21 - КҮН ТАПСЫРМАСЫ:

1) ҚҰРАН ОҚУ, КЕМІ 10 АЯТ

Рамазан - ҚҰРАН АЙЫ!
Құран оқи алмасаңыз, әріптерін үйреніп бастаңыз! Ойлаңызшы, 1 әріп үйреніп, оқысаңыз 10 сауап жазылады👍🏻
Ал, Рамазан сауаптар еселенетін ай! Құран үйреніп бастасаңыз, сауаптарын ойлай беріңіз енді😍
Кейінгн қалдырмаңыз! Дәл осы Рамазанда Құран бастап кетіңіз!
Ақыл қоспаңыз!

Ал, Құран оқи алсаңыз, осы Рамазанда Хатым дұғасын жасаңыз!
Құран Хатым деген - Құранды толық 114 сүрені бастан аяқ оқып шығу

Алла жеңілдетіп қойсын, ин шаа Алла!

2) ИСТИҒФАР АЙТУ, КЕМІ 100 рет

«Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнәләріңді кешiремiн»- делiнген. Алла көп истиғфар етудi әмiр еткендiгi осыдан ақ көрiнiп тұр

Истиғфар дұғасы:

Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи ла илаһа илла хууәл һайял қайюма уа әтубу иләйһ
.

Сiздер де осыны оқыңыздар! Әрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек

3) САЛАУАТ АЙТУ - кемі 100 рет

Салауаттың пайдасы ұшан теңіз!
Салауат сөздерін жиі айту арқылы адам баласы көп сауапқа кенеліп, Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын адамдардан болады.
Ол турасында ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
أَوْلَى النَّاسِ بِي يَومَ القِيَامَةِ أكْثَرُهُمْ عَلَيَّ صَلاَةً
«Қияметте маған ең жақын адам – маған көп салауат айтқан адам», – деген (имам Тирмизи).
Алла Тағала баршаларымызды ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтушылардан етуді нәсіп етсін❤️

Мына салауатты айтасыз👇🏻

Аллаахумма солли аляя Мухаммадин уа "аляя аали Мухаммад

4) СИРА САБАҒЫН КӨРУ, НЕМЕСЕ ОҚУ - кемі 10 бет

Сира - Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өмірбаяны

Пайғамбарымыз (с.а.с) өмірбаянын білу баршамызға міндет! Пайғамбарымыз (с.а.с) жасаған амалдарды өмірімізге енгізіп, тиғандарынан тиынсақ, міне сонда нағыз мұсылманның өмір сүру формуласы болмақ👍🏻

Егер, сізде кітап болмаса, төменде ПДФ форматын жіберемін

Кітап оқи алмасаңыз, Нұрсұлтан ұстаздың керемет сабағы бар!
Міне сілтемесі👇🏻

https://youtu.be/APghn1stNLQ?si=ZSvpk6uVhRdZBh9l

5) АЛЛАНЫҢ 3 КӨРКЕМ ЕСІМІН МАҒЫНАСЫМЕН ЖАТТАП, СОЛ ЕСІМІМЕН ДҰҒА ЕТУ

61 - есім: Әл-Мухи
المُحْيِي  Тірілтуші

62 - есім: Әл-Мумит  المُمِيتُ Өлтіруші

63 - есім: Әл-Хайй  الحَيُّ Мәңгі Тірі

6) МЫНА ДҰҒАНЫ 100 РЕТ АЙТЫҢЫЗ👇🏻

«Аллаһуммә иннәкә ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни»

Я, Алла, расында, Сен - Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»

Жүрекпен, сезініп тұрып айтыңыз🖐🏻

Болды, осы 6 тапсырма👋🏻
Сираны (Пайғамбар с.а.с өмірбаянын) толықтай осы каналдан тыңдап шығыңыздар👇🏻

https://t.me/Nursultan_Rysmaganbet

Ал бүгінгі марафон бойынша кезек
33 дәріске келіп тұр

Көріп жүрсіз ба сабақтарды?🖐🏻
Қадір түні – 1000 айдан да хайырлы болған түн.

Түнгі уақытты шамамен 10 сағат деп алсақ, қадір түнінде 1 сағат қана құлшылық қылу – 8 жыл құлшылық қылғаннан артық.

Қадір түнінде 1 минут қана құлшылық қылу – 50 күн құлшылық қылғаннан артық.

Осынау ғажайып мүмкіндікті құр жіберіп алмайық. Рамазанның соңғы күндері берекелі болғай!🤍🌙
Бүгін - тақ түн!

Қадір түні болуы - ықтимал🖐🏻
Бүгінгі түнді барынша құлшылықпен, нәпіл намаздармен, Құран оқумен, дұғамен толтырайық, ин шаа Алла!