ӘЙЕЛДЕРГЕ НАМАЗ ҮЙРЕНУ.
459 subscribers
1 photo
4 videos
1 file
14 links
Download Telegram
Фото от Лаззат
Әжетханадан шығарда оқылатын дұға


Әжетханаға кірерде оқылатын дұға және Әжетханадан шығарда оқылатын дұға

01.05.2019



Әжетханаға кірерде оқылатын дұға

اَللَّهُمَّ اِنِّى اَعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ


Оқылуы: «Аллаһумма инни аъузубикә минәл хубси уәл хабаиси».

Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Жын-шайтанның кесапаттарынан және барша жамандықтардан Өзіңе сиынамын. Мені олардан қорғай гөр».


Әжетханадан шығарда оқылатын дұға

اَلْحَمْدُ ِللهِ الَّذِى اَذْهَبَ عَنِّى اْلاَذَى وَعَافَانِى


Қазақша оқылуы: «Әлхамдулилләһилләзи әзһәбә анил-әзә уә афани».

Мағынасы: «Жанымды азаптайтын қиыншылықтан құтқарып, маған амандық пен саулық берген Аллаһ тағалаға мадақ болғай».
[25.02, 23:24] Менің Активі: 4 сабақ.
[25.02, 23:26] Менің Активі: НАМАЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Намаз үшке бөленеді:
1) Парыз
2) Уәжіп
3) Нәпіл  

Ханафи мәзһабынан басқа мәзһабтар «уәжіп үкімі» дегенді қабыл етпейді. Олар парыз және нәпіл деп намазды екіге бөледі:

🔰1) Парыз намаздар  
Парыз намаздар – «айн парыз» (жалқы парыз), «кифая парыз» (жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. Айн парыз намаз – балиғатқа толған барлық мұсылмандарға парыз, әрқайсысы оларды жеке-жеке іске асыруға міндетті. Айн парызға бес уақыт намаз бен жұма намазы жатады. Жұма намазы – сол күнгі бесін намаздың орнына жамағатпен оқылатын екі рәкат намаз. Жұмадан кешіккен сол күннің бесін намазын оқиды.

Кифая намазы – бір мұсылман ғұмырдан өткенде әуелі жақындары мен таныстары, жалпы мұсылмандардың оқитын жаназа намазы. Бұл намазды бірнеше мұсылман оқыса жетіп жатыр. Басқалары оқымағандықтары үшін жауапты болмайды. Намаздың сауабын оқыған ғана алады. Ал, ешкім оқымаса бәрі күнәһар болады.

🔷АЙН ПАРЫЗ НАМАЗДАР:*
Бұлар бес уақыт намаз, жұма намаздары.
Бес уақыт намаз:
1) ТАҢ НАМАЗЫ: 4 рәкағат.
2 рәкағат сүннет;
2 рәкағат парыз.
2) БЕСІН НАМАЗЫ: 10 рәкағат.
4 рәкағат сүннет, 4 рәкағат парыз, 2 рәкағат сүннет.
3) ЕКІНТІ НАМАЗЫ: 8 рәкағат. 4 рәкағат сүннет,
4 рәкағат парыз.
4) АҚШАМ НАМАЗЫ: 5 рәкағат. 3 рәкағат парыз,
2 рәкағат сүннет
5) ҚҰПТАН НАМАЗЫ: 10 рәкағат. 4 рәкағат алғашқы сүннет,
4 рәкағат парыз,
2 рәкағат соңғы сүннет.
6) ЖҰМА НАМАЗЫ: 10 рәкағат.
4 рәкағат алдыңғы сүннет, 2 рәкағат парыз,
4 рәкағат соңғы сүннет.

7) ЖАНАЗА НАМАЗЫ: парыз кифая.

🔰2)Уәжіп намаздар  

Уәжіп намаздар – мұсылманның іс-әрекетіне байланысы жоқ және тікелей байланысы бар уәжіп деп екіге бөлінеді. Бірінші топтағы уәжіп намаздарына – құптан намазынан кейін оқылатын үш рәкат үтір намазы мен Рамазан және Құрбан айтта оқылатын айт намаздары жатады. Екінші топқа нәзір (атау) намазы, қателік сәждесі және басталып, аяқталмай бұзылған намаздың қазасы жатады. Нәзір намазы – адамның өзіне міндет болмаған намазды атау арқылы уәжіп еткен намаз.

🔶Ә) УӘЖІП НАМАЗДАР;
1) ҮТІР НАМАЗЫ: 3 рәкағат.
2) ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ: 2 рәкағат.
3) ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ: 2 рәкағат.

🔰3)Нәпіл намаздар
 Парыз бен уәжіп намаздардан өзге намаздар «нәпіл намаз» деп аталады. Парыз намаздардың алдында және соңында оқылатын сүннет намаздар нәпіл намазға жатады. Нәпіл намазды сүннет намаздарынан бөлек дәрежеге жатқызған ғалымдар да бар.

Олар намаздарды төртке бөледі:
1) Парыз намаздар
2) Уәжіп намаздар
3) Сүннет намаздар
4) Нәпіл намаздар

Бірақ ең дұрысы, парыз бен уәжіп намаздардан тыс намаздарды – жалпы нәпіл намаз деп атап, бұларды жеке-жеке топқа бөлу. Бұл – жүйелі және ерікті сүннет деп екіге бөлінеді.
⚜️Жүйелі (рауатиб) сүннет белгілі бір жүйемен бес уақыт парыз намаздарымен бірге оқылған намаздар. Яғни, белгілі тәртіппен оқылған сүннет намаздар. Бұл сүннеттер де «мүәккәд» (бекітілген) сүннет», «ғайру мүәккәд» (бекітілмеген) сүннет болып екіге бөлінеді. Мысалы, таң намазының екі рәкат сүннеті – мүәккәд сүннет, намаздыгер мен құтпанның алдындағы төрт рәкат сүннеттер – ғайру мүәккәд сүннет болып саналады.  
⚜️Екінші «ерікті» сүннетке – Хазіреті Пайғамбардың белгілі бір уақыттарда немесе кейбір себептер арқылы оқыған, адамның қалауымен кез-келген уақытта Аллаға жақындау үшін оқыған намаздар жатады. Бұларға тәһажжүд намазы, сәске намазы, истихара намазы, жаңбыр дұғасы, хусуф намазы, кусуф намазы, тахиятул- мәсжид, тәубе намазы, әууабин намазы, тәсбих намазы, ихрамға кіру намазы, жолға шығу, жолдан оралу намазы, қажеттілік намазы, дәрет пен ғұсылдан кейін оқылатын нәпіл намаздар жатады.

Исламда сүннет намаздар, әсіресе, бес уақыт намаздардың сүннеттері – парыз намаздарға дайындық әрі оларға қорған намаз ретінде бағаланған. Әрі бұл сүннеттер – Хазіреті Пайғамбарға шынайылықты білдіретін намаздар. Сол себепті, бұл намаздардың оқылуы қатты насихат етіліп, тәрк етілуі жаман әрекет саналған. Бірақ бұл сүннет намаздардың – кейбір себептерге байланысты оқылмауына рұқсат беріліп, кеңшілікпен қаралған.
[26.02, 08:22] Лаззат: Әссаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ құрметті жамағат!
[26.02, 08:22] Лаззат: 5 сабақ
[26.02, 08:22] Лаззат: Намаздың сырқы ішкі парыздары.
[26.02, 08:22] Лаззат: Намаздың сыртқы және ішкі парыздары
 
Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы – сыртында, алтауы – ішінде.

Намаздың сыртқы шарттары:
1. Хадасаттан тазалық.
2. Нәжісаттан тазалық.
3. Әурет жерін жабу.
4. Құбылаға бет бұру.
5. Уақыт.
6. Ниет.
 
Намаздың ішкі шарттары:
1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі
2. Қиям (Тұру)
3. Қырағат (оқу)
4. Рүкүғ
5. Сәжде
6. Ақырғы отырыс
[26.02, 08:22] Лаззат: Қайта ниет ету қажет. Ниет – жасалмақ іске жүрекпен иілу. Мұны тілмен айту шарт емес. Ғалымдардың бұл жайлы иттифақтары (ауызбірлігі) бар. Тілмен айту –  мұстахап. Сол себепті, жүрекпен ниет етумен қоса, «Мына уақыттың намазына ниет еттім» – деп тілмен айту абзал. Айтылмаса оқасы жоқ. Парыз бен уәжіп намаздарға арнайы тағайындап білдіретін ниеттің болуы қажет. Парыздың қаза намаздары да солай. Бірақ нәпіл намаздарға жеке атын атап ниет етумен қатар, жалпы ниет те жетіп жатыр.
Жамағатпен намаз оқылғанда имамға ұюға ниет ету қажет. Бірақ имамның имамдыққа ниет етуі шарт емес. Ал, жамағатқа әйелдер де қатысса, олардың намазы дұрыс болуы үшін, имам кісі оларға имам болуды ниет етуі керек.
Ниеттің ифтитах (бастау, ашу) тәкбіріне жақын болуы – абзал. Бірақ тәкбірден кейін ниет етсе дұрыс болмайды.
[26.02, 08:22] Лаззат: 🔰Сыртқы шарттары (парыздары)

1. Хадасаттан тазалық (Рухани тазалық)
Ғұсылы болмау, дәреті болмау, хайыз немесе нифас жағдайы – «хадас халі» деп аталады. Дәретсіздік – кіші хадас. Жүніп, хайыз, нифас – үлкен хадас. Кіші хадас немесе үлкен хадастан тазалану – ғұсы алу (жуыну), дәрет алу немесе тәйәммүм алу арқылы іске асады.
 
2. Нәжістерден тазалану (Заттық тазалық)
Намаздан бұрын дене мен киімді немесе намаз оқылатын жерде болған ластықтың тазалануы қажет. Бұл намаздың іске асуы үшін шарт. Намазға кедергі жасайтын нәжістер: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: егер қатты болса төрт грамм салмағында, сұйық болса алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде, денеде немесе намаз оқитын жерде болса намазға кедергі жасайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.
 
3. Әуретін жабу
Әурет – шариғат терминінде қарауы харам, жабылуы парыз ұятты мүшелер. Бұл мүшелердің намазда немесе намаздан тыс жерлерде жабылуы – парыз.
Ерлердің әурет жерлері: кіндігі мен тізелерінің астына дейінгі жерлері.
Әйел үшін әурет – жүз, қол, аяқтан басқа барлық дене. Намазда бір мүшенің төрттен бірі еріксіз ашылып, «субхана Роббиәл-а'зим» дейтіндей уақыт тұрса, намаз бұзылады. Ал егер өз еркімен ашса, сол сәтте бұзылады.
 
4. Құбылаға бет бұру
Намазды құбылаға қарап оқу – шарт. Мұсылмандардың құбыласы – Меккедегі Қағба. Қағбаны көрген адам жүзін тура сол Қағбаға қаратып оқиды. Егер одан алыс болса, тікелей Қағбаға емес, соның бағытына қарай жүзін бұрады.
Қағбаның қай бағытта болғанын білмеген адам құбыланы білетін адамдардан сұрайды. Мүмкіндік болмаған жағдайда, құбыланы өз ижтиһадымен (түйсігінің итермелеуімен) табуы ләзім. Яғни, «Қағба осы тұста болуы тиіс» деп, айға, жұлдызға, т.б. қарап, намазын жобалаған жағына қарай оқуы тиіс. Бірақ, намазын бітіргеннен соң оқыған жағы құбыла болмай шықса, намазын қайта оқудың қажеті жоқ.
Құбыла жайлы қүмәнданған кісі жанында адам бола тұрып, одан сұрамай өз қөзқарасымен бір тарапқа қарай оқыса, сол оқыған жағы құбыла болып шықса, намазын қайта оқу тиіс емес. Бұрыс шықса, қайта оқуына тура келеді. Көздері көрмейтін адам да осы секілді. Құбыла жайлы жөн білетін сенімді кісінің сөзіне қанағаттанбаса да, оған сену қажет. Себебі, хабар– зерттеуден әлдеқайда басым тұрады.
Кеме немесе пойыз, ұшақтағы адам шамасы келіп, мүмкіндігі болып тұрса, құбылаға қарап оқиды. Егер кеме бұрылса, ол да құбыла жаққа қарай бұрылуы қажет. Бұрылу мүмкіндігі болмаса, алғаш тұрған жағына қарай оқиды. Егер тікелей құбылаға қарай оқитын мүмкіндік тумаса, құбылаға ең жақын бағытқа қарай оқиды. Құбылаға бұрыла алмаған науқас адамның да жағдайы осындай. Өйткені, м
індеттің орындалуы атқарушының мүмкіндігіне қарай шектеледі.
Мініс атта, автомобиль мен автобуста нәпіл намазы оқылғанымен, парыз намаздарын уақыттары өтпей басқа жерде оқуға мүмкіндік бар жағдайда, аталмыш жерлерде оқуға болмайды. Өйткені, намаздың парыздарынан болған қиям мен құбыла орындалмайды. Бірақ, жері лайсаң намаз оқуға лайықсыз жерлерде ат, көліктерін тоқтатып, соның үстінде құбылаға бет бұрып, оқи алады.

5. Уақыт
Намаз – күннің арнайы белгілі уақыттарында іске асатын парыз. Парыз намаздарға уақыт – шарт. Парыз сүннеттері, тарауих және айт намаздары үшін де уақыт – шарт. Уақыты кірмейінше, парыз намазын оқу іске аспайтыны сияқты, уақыты шыққан соң оқылған намаз да қаза деп есептеледі. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Намаз мұсылмандарға арнайы белгіленген уақыттарда парыз етілді»[1], – дейді.
Бір намаздың ешқандай себепсіз белгіленген уақытынан кейін қаза етіп оқылуы – дұрыс емес және өте үлкен күнә. Бірақ, бір адам ұмыту немесе ұйықтап қалу себептерімен намазын оқи алмаса, қазасын өтеуі қажет. Қаза намазға бес уақыт парыз намаз бен үтір намазы кіреді. Жұма мен айт, сүннет намаздары үшін қаза қажет емес. Жұманы оқи алмаған кісі сол күннің бесін намазын оқиды.
 
6. Ниет
Ниет ету – намаздың шарттарының бірі. Ниет – намазға кіруді қалау. Адам қандай намазға кіргісі келсе, сол намазды жүрекпен білуі шарт. Адам намазға кірерде қай намаз екеніне күмәнданса, намазы дұрыс болмайды.
Намаздың ішкі парыздары

1. Ифтитах (бастау, ашу) тәкбірі
Ифтитах – бастау, жабық нәрсені ашу, ену деген мағынаға саяды. Әрі «тахрим тәкбірі» деп те аталады. Ифтитах тәкбірі – намазды бастарда алынатын тәкбір. Яғни, тіке тұрып, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, құлақ қағу. Түрегеп тұра алмаған кісі отырып тәкбір айта алады.
 
2. Қиям (түрегеп тұру)
Қиям – тіп-тік түрегеп тұру деген мағынаға келеді. Намазда негізгі парыздардың бірі саналып, әр рәкатта Құраннан бір сүре оқылатындай уақыт тұру. Бірақ аяқта тұрып намаз оқи алмаса, отырып оқуына болады. Хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «(Намазды) түрегеп тік тұрып оқы. Егер оған күшің жетпесе, отырып оқы. Оған да күшің жетпесе, сүйеніп оқы»[2].
Ифтитах тәкбірін алатындай күші жеткен адам тік тұрып, тәкбір алып, одан әрі отырып оқуына болады. Қысқасы, науқас адам түрегеп тұруға күші жетпесе отырып, отыра алмаса сүйеніп, болмаса жатып ишаратпен намаз оқи алады. Нәпіл намаздарды тұрып оқуға күші жете тұра отырып оқуға болады. Бірақ, тұрып оқуға күші жетіп жатса, әрине тұрып оқығаны абзал.
 
3. Қырағат
Қырағат – оқу деген сөз. Бұл жерде «Құран оқу» мағынасын білдіреді. Намазда оқылатын аяттың ең қысқасы имам Әбу Ханифа бойынша үш аят немесе осы үш аяттың көлеміндей бір яки екі аят. Екі мейлі төрт рәкат намаз болсын, оның тек екі рәкатында қырағат – парыз. Бірақ сол қырағатты алғашқы екі рәкатында оқу – уәжіп. Нәпіл мен үтір намаздарына келсек, олардың барлық рәкаттарында қырағат – парыз. «Фатиха» сүресін оқу уәжіп. Сондықтан «Фатиха» оқылмаса, намаз «тахрим мәкрүһ» ретінде дұрыс. Намазда «Фатиханы» оқуды ұмытқан жағдайда қателік (сәһу) сәждесін жасау керек. Намаздың негізгі тіректерін құраған қиям, рүкүғ сәжде секілді парыздарға қарағанда, қырағат – намаздың артық парызы. Сондықтан қиям, рүкүғ сәжде және соңғы отырыс мейлі жамағатпен, мейлі жалғыз оқығанда тәрк етілмейді де, қырағат имамға ұйыған адамға міндеттелмейді. Хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ): «Имам – оған ұю үшін тағайындалып қойылған. Имам тәкбір айтқанда, сендер де айтыңдар, Құран оқыған уақытта, үнсіз болыңдар»[3], – дейді.
 
4. Рүкүғ
Рүкүғ – иілу деген сөз. Намаздың негізгі тіректерінен болған рүкүғ қолдарды тізеге қойып, төмен қарай иілу. Пайғамбарымыз (ﷺ) жасаған ең жақсы рүкүғ – арқа мен бастың түп-түзу иілуі. Бұл – нағыз рүкүғ.
Әбу Хумайд атты бір сахаба: «Алла Елшісінің рүкүғ еткен кезде қолдарын тізелерінің үстіне қойғанын көрдім. Арқасын да түзу ұстаған еді», – деп, Пайғамбарымыздың (ﷺ) рүкүғін сипаттаған[4].
Рүкүғте бір сәт тұру, яғни «Субхана Робиал-а’зим» деп айтатындай уақыт тұру және қайта қиямға барып түзеліп, бір сәт тұрып, сәждеге бару – уәжіп. Бұлай істеуді «тағдилул-әркан» дейді.
Рүкүғте оқылатын тасбих:
سُبْحانَ رَبِّيَ العَظِيم
«Субхана раббиял-’азим» (Аса үлкен Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк).
 
5. Сәжде
Сәжде сөздікте – бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді. Сәжде – намаздың парызы. Сәждеде маңдай, жүз, екі аяқ пен екі қол, екі тізе жерге немесе жермен жалғасқан бір нәрсеге қойылады. Сәжде әрбір рәкатта – екі рет жасалады.

Сәждеде маңдай жерге қойылып, мұрын қойылмаса да, дұрыс деп есептеледі. Мұндай сәжде себепсіз болса, мәкрүһ. Имам Ағзам бойынша, ешқандай себепсіз маңдай жерге тимей тек қана мұрын тисе де, ол сәжде дұрыс деп саналады. Екі имам бойынша, маңдай себепсіз тимесе, сәжде дұрыс болмайды. Егер маңдай мен мұрында сәждеге кедергі жасайтын себеп шықса, сәжде ишарат, белгімен жасалады. Сәждеде екі қол мен тізені толықтай жерге тигізу – сүннет. Бірақ екі аяқтың немесе бір аяқтың саусақтары жерге тимесе, сәжде дұрыс емес. Бұл – парыз. Бір аяқтың бір саусағын ғана жерге қою немесе аяқтың үстін ғана жерге тигізу жеткіліксіз. Сол секілді сәжде етілетін жер аяқ қойылған жерден он екі саусақтай өлшемнен биік тұрса (шамамен 23 см), сәжде саналмайды. Бірақ одан төмен дұрыс. Бір мешітте адамның көптігінен немесе бір себептермен адамдар бір-бірінің арқасына сәжде ете алады.
Сәждеде қаттылық сезілу қажет. Сондықтан мақта, қар, т.б. қаттылығы сезілмейтін жұмсақ нәрсенің үстіне сәжде етілмейді. Сол сияқты күннің ыстығы мен суығы секілді себептерге байла
нысты таза жерге қойылған екі қолдың үстіне сәжде жасауға болады. Мұндай жағдайда сәлде немесе киімінің артығына да сәжде жасай алады.
Рүкүғ пен сәждеде, рүкүғ пен сәжде дұғаларын бір рет оқитындай уақыт тұру жеткілікті. Бұл жерде үш рет тәсбих оқитындай уақыт тұру парыз емес. Бірақ рүкүғ пен сәждеде сүннет бойынша, ең аз дегенде үш рет тәсбих оқу керек. Намазды жеке оқыған адам, одан да көп тәсбих оқуына болады. Сәждеде оқылатын тәсбих:
سُبْحان رَبِّيَ الاَعْلَى
«Субхана раббиял-а’лаа» (Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк).
 
6. Ақырғы отырыс
Намаздың соңында «тәшәһһүд» шамасындай отыру – намаздың тіректерінің бірі, яғни парыз. Тәшәһһүд шамасы деген – «әт-тахият» дұғасын оқитындай уақыт. Қанша рәкат намаз болсын ең соңындағы рәкаттан кейінгі отырыс – ақырғы отырыс деп аталады. Алла Елшісінен бізге жеткен «әт-тахият» дұғасы:
أَتَّحِيَّاتُ لله و الصَّلَوَاتُ و الطَّيِّبَاتُ ألسَّلاَمُ عَلَيْكَ أَيُّهَا النَّبِيُّ وَ رَحْمَةُ اللهِ وَ بَرَكَاتُهُ ألسَّلاَمُ عَلَيْنا وَ عَلَى عِبَادِ اللهِ الصَالِحِينَ أشْهَدُ اَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللهُ وَ أَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ
«Әт-тахияту лиллаһи уас-салауату уа-таййбату, әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллаһи уә бәрәкатуһ, әс-сәләәму ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ».
Мағынасы: «Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) бізге және Алланың салихалы құлдарына Сәлем болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы мен пайғамбары екеніне куәлік етемін»[5].

 

Тағдил әркан

Тағдил әркан – рүкүндерді дұрыстап, орнымен жасау. Бұл – намазда, рүкүғте тұрған уақытта, сәждеде, екі сәжде арасындағы отырысқа мән беріп, сол жерлерде аздап кідіру. Бұл кідіру – кем дегенде бір рет «Субханалллаһил азим» дейтіндей мезгіл.
Пайғамбарымыз (ﷺ) намазын апыл-ғұпыл оқыған біреуге былай дейді: «Намазға тұрған уақытыңда тәкбір айт. Содан кейін Құран аяттарының жеңіл келген бір бөлігін оқы. Содан кейін көңіл толатындай рүкүғ жаса, содан кейін көңіл толатындай етіп сәжде ет. Дәл осылай намазың біткенше жаса»[7].
Тағдил әркан – Имам Әбу Юсуп пен Шафиғи, Малики және Ханбәли мәзһабтары бойынша, намаздың бір парызы. Бірақ Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша – уәжіп. Сондықтан Имам Ағзам мен Мұхаммедтің көзқарасына қарай, намазда тағдил әркан жасамаған адам қателік (сәһу) сәждесін істеуі қажет. Алла Елшісі бір хадисте былай дейді: «Намаздарыңда ұрлық жасаған кісі – ұрының ұрысы». Осы кезде сахабалар: «Ей, Алланың Елшісі! Адам намазда қалай ұрлық жасайды?», – деді. Сонда ол: «Рүкүғ пен сәжделерін толық жасамау мен рүкүғ пен сәжделерде белін жақсылап тураламау арқылы»,– деді[8].
Әжетханаға кірерде мына дұғаны айтады:
 ثُ بُ خْ الَ نِ مَ كِ بُوذُ عَ أِّنيِ إَّ مُ هَّ] اللِ اللهِ مْسِ  «[ب .»ِ ثِائَ بَ خْالَ و
“[Бисмилләһ] Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл-хубуси уәл- хабәис”. Мағынасы: [Алланың атымен]. Ей, Алла! Шын мәнінде мен ер және әйел жын –шайтандардан Өзіңе сыйынамын. Ал әжетханадан сыртқа шыққанда: .»َ كَانَ رْ فُ«غ “Ғуфранәкә”. Мағынасы: (Ей, Алла!) кешіріміңді сұраймын. өйткені әжетхана, моншада Алланы жария түрде еске алып, зікір етуге тиым салынған. Мұсылман әжетхана ережелерін білгені дұрыс:  Сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу; Жоғарыда аталған дұғаларды оқу; Егер әжетханаға түнде, не күндіз кіретін кезде дыбыс шығарып кіру;  Өзімен бірге Құран, хадис, т.б. сол сияқты кітаптарды алып кірмеу; Ер адам тіке тұрып дәрет сындырмау керек;  Лажы болса, құбылаға қарап алды-артымен отырмау қажет;  Ас дәрет алатын орында сөйлемеу; Тазаланғанда сол қолмен жуу немесе сүрту; Кесек, не сумен, не арнайы оралған жазуы жоқ дәретхана қағазын қолданып тазалану; Бекерден бекерге ұзақ отырмау, өйткені ол жер – лас, шайтан арбап түрлі ауруға ұшыратады;  Әжетханада газет оқуға, сәлемдесуге тиым салады, т.б.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мир парка Зайон, штат Юта, США 🇺🇸

Национальный парк Зайон, вблизи города Спрингдейл, Юта. Площадь парка 593 км². Основной достопримечательностью является каньон Зайон, длиной 24 км и глубиной до 800 м, вымытый северным рукавом реки Вирджиния в песчаниках Навахо, окрашенных в рыжеватый и бронзовый цвет.
6 сабақ. Намаз сүрелері.

ФАТИХА СУРЕСІ

АҒУУЗУ БИЛЛӘҺИ МИНӘШШӘЙТООНИРРОДЖИИМ

БИСМИЛЛӘҺИРРОХМӘНИРРОХИИМ

(2) әльхәмду лилләһи раббил ъаләмиин
(3) әррохманир рохиим
(4) мәлики йәумид диин
(5) иййәкә нәъбуду уә иййәкә нәстәъиин
(6) иһдинәс сирәтоль мустәқиим
(7) сиротоль ләз̃иинә әнъамтә ъаләйһим ғойриль мәғдууби ъаләйһим уаладдооооллиин.

Бисмилләһир рохмәәниррохиииим.
Қуль һуа аллооһу ахад. Аллоһус сомад. Ләм йалид уа ләм йууләд Уә ләм йакуль ләһуу куфуән әхәд.
[28.02, 15:07] Менің Активі: ФАЛАҚ СҮРЕСІ.
ҚУЛЬ АЬУУЗУ БИРОББИЛЬ ФӘЛӘҚО
МИҢҢ ШӘРРИ МӘӘ ХОЛӘҚО
УӘ МИҢ ШӘРРИ ҒООСИҚИН ИЗӘӘ УӘҚОБ
УӘ МИҢ ШӘРРИННӘФФӘ СӘӘТИ ФИЛЬ ЬУҚОД
УӘ МИҢ ШӘРРИ ХӘӘСИДИН ИЗӘӘ ХӘСӘД
[28.02, 15:08] Менің Активі: НАС СҮРЕСІ.
ҚУЛЬ ӘЬУУЗУ БИРРОББИННӘӘС
МӘЛИКИННӘӘС
ИЛӘӘҺИННӘӘС
МИҢ ШӘРРИЛЬ УӘС УӘСИЛЬ ХОННӘӘС
ӘЛЛӘЗИИ ИУӘС ИУСУ ФИИ СУДУУРИННӘС
МИНӘЛ ДЖИННӘТИ УӘННӘӘС
[28.02, 15:09] Менің Активі: Сәнә дұғасы
 «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә ғайрук».

Я, Алла! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак және сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай жоқ.

🔹Рүкүғта айтылатын дұға: "Субхана роббиял а'зим".3-рет айтылады

  🔸Рүкүғтан тұрар кезде: «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ».

Алла өзін мадақтаған жанның мадағын естиді.

🔹Рүкүғтан тұрғаннан кейін құпия айтылатын дұға:«Аллаһумма Раббәнәә уә ләкәл-хамд».

Уа, Раббымыз Алла! Хамд пен мадақ саған ғана лайық.

🔸Сәждеде оқылатын тәсбих: «Субхана раббиял-а’лаа».3-рет айтылады.

Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк.

🔹Алғашқы және ақырғы отырыста оқылатын «әт-тахият» дұғасы:
«Әт-тахияту лиллаһи уас-салауаату уа-таййбаат, әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллооһи уә бәрәкаатуһ, әс-сәламу ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ».

Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

🔸Салауат дұғасы:
«Аллаһумма салли ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әли Мухаммәд. Кәмәә саллайта ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик ‘ала Мухаммадин уә ‘ала әли Мухаммад. Кәмәә бәәрәктә ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид».

Я, Аллам! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән.

🔹Салауат дұғасынан кейін оқылатын дұға: 
«Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-әәхирати хасанатән. Уә қинәә ‘азаабән-наар».

Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер. Және бізді жәһаннам азабынан сақта.

🔸Сәлем бергеннен кейін айтылатын дұға:
Әстағфируллаһ (3рет), "Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәрәәкта йә зәәл жәләәли уәл икрәм"

«Алла! Сен–сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Құдірет пен жомарт иесі, Раббым!

[ ] 33-рет СубханаЛлоһ
33-рет ӘлхамдулиЛләһ
33-рет Аллоһу Акбар
[ ] 10-рет салауат айту Пайғамбарымызға с.ә .у
[ ] Аллоһумма солли ьәлә Мухаммаддин уә ьәлә әәли Мухаммад
[ ] Истиғфар АстағфируЛлоһ 100-рет

Тасбихтан кейін оқылатын дұға:
  «Лә илаhә иллаллаһу уахдәhу лә шәрикә ләhләhул-мулку уә ләhул-хамду уә hуә алә кулли шәйин қадир» 

🔸Үтір намазында оқылатын Құныт дұғасы:  
«Аллаһумма инәә наста’иинукә уә настағфирукә уә нәстаһдик. Уә ну-мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ‘аләйкә уә нусни ‘аләйкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук. Уә нахла’у уә нәтруку мән иәфжурук. Аллаһумма ииәәкә на’буду уә ләкә нусал- ли уә нәсжуду уә иләйкә нас’а. Уә нахфиду наржу рахмәтәкә уә нахшәә ‘азабәкә иннә ‘азабәкә бил куф-фари мулхиқ».

«Алла, біз күмәнсіз сенен жәрдем, кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе етіп, саған арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зік
ір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олардан мүлдем байланысымызды үземіз. Алла! Біз тек саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды.

🔹Азан дұғасы: 
«Аллаһумма рәббә һәзиһид-да’уатит-тәәммә уәс- салаатил-қааймә, әәти Мухаммәдәнил-уәсиләтә уәл- фадиләтә, уәд-дәрәжәтәр-рафии’а. Уәб’асһу мақамәм махмуудәниллази уа’аттәһ. Иннәкә ләә тухлифул- ми’ад».

Мына толық азан мен оқылатын намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке арқау болуды, ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені бер! Және де оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» жеткіз. Сенің өз берген уәдеңді орындайтыныңа ешқандай күмән жоқ.
Дәрет намазы

Дәрет алғаннан кейін оқылатын екі рәкат намаз «Дәрет намазы» деп аталады. Намаз оқылуы мәкрух болған уақыттардан тыс кез-келген уақыттарда оқуға болады. Дәрет алғаннан немесе ғұсыл алғаннан кейін артынша дереу дәрет намазын оқу өте сауапты болады. Қазасы бар адам, қаза намазына және дәрет намазына ниет етсе, әрі қазасын өтеген болады, әрі дәрет намазының сауабына қауышады. Уақыттың парызын немесе сүннетін оқитын кезде осы намазға да ниет ету өте жақсы болады. 
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Жақсылап дәрет алып уәсуәсасыз екі рәкат намаз оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Бұхари)
«Жаннатта Билалға бұл мәртебелерге қалай жеткенін сұрадым. “Әрбір дәрет алып болған соң екі рәкат намаз оқитын едім” деп жауап берді.» (Бұхари)
Дәрет намазынан кейін жасалған дұға қабыл болады. Хадис шәрифте:
«Алла та’ала былай деп бұйырды: Дәреті бұзылғанда дәрет алмаған адам маған жапа еткен болады. Дәрет алып екі рәкат намаз оқымаған адам да маған жапа еткен болады. Екі рәкат намаз оқып менен қажеттілігін сұрамаса тағы да маған жапа еткен болады. Дәрет алып екі рәкат намаз оқығаннан кейін дұға еткен адамның дұғасын қабыл етпесем мен оған жапа еткен боламын. Алайда мен жапа етпеймін.» деп бұйырылды. (Шира)
Дәрет алып болғаннан кейін оқылатын дұға:
 
أللهُمَّ إجْعَلْنِى مِنَ ألْتَوَّابيْنَ وَ إجْعَلْنِى مِنْ ألْمُتَطَهِّرْيْن
 
«Аллаһумма иж’ални минәт-тәууәбинә уәж’ални минәл мутатаһһириин»
Мағынасы: Уа, Аллаһ тағала! Мені тәубеге келушілер мен күнәдан пәк жандардың санатына қоса гөр!
 
[03.03, 22:33] Лаззат: Әссаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ құрметті жамағат!
[03.03, 22:33] Лаззат: Бүгін 7сабағымызды жалғастырамыз.
[03.03, 22:34] Лаззат: Тағдил арқан.
Тағдил әркан

Тағдил әркан – рүкүндерді дұрыстап, орнымен жасау. Бұл – намазда, рүкүғте тұрған уақытта, сәждеде, екі сәжде арасындағы отырысқа мән беріп, сол жерлерде аздап кідіру. Бұл кідіру – кем дегенде бір рет «Субханалллаһил азим» дейтіндей мезгіл.
Пайғамбарымыз (ﷺ) намазын апыл-ғұпыл оқыған біреуге былай дейді: «Намазға тұрған уақытыңда тәкбір айт. Содан кейін Құран аяттарының жеңіл келген бір бөлігін оқы. Содан кейін көңіл толатындай рүкүғ жаса, содан кейін көңіл толатындай етіп сәжде ет. Дәл осылай намазың біткенше жаса»[7].
Тағдил әркан – Имам Әбу Юсуп пен Шафиғи, Малики және Ханбәли мәзһабтары бойынша, намаздың бір парызы. Бірақ Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша – уәжіп. Сондықтан Имам Ағзам мен Мұхаммедтің көзқарасына қарай, намазда тағдил әркан жасамаған адам қателік (сәһу) сәждесін істеуі қажет. Алла Елшісі бір хадисте былай дейді: «Намаздарыңда ұрлық жасаған кісі – ұрының ұрысы». Осы кезде сахабалар: «Ей, Алланың Елшісі! Адам намазда қалай ұрлық жасайды?», – деді. Сонда ол: «Рүкүғ пен сәжделерін толық жасамау мен рүкүғ пен сәжделерде белін жақсылап тураламау арқылы»,– деді[8].
[03.03, 22:35] Лаззат: Намаздың уәжіптері.
[03.03, 22:35] Лаззат: Уәжіп (араб.: واجب‎) - орындалуы дәл парыз секілді талап етілмеген, бірақ нақты дәлелдермен айқындалған іс-әрекеттер мен міндеттер. Мысалы, құрбандық шалу, айт намаздары, т.б. Уәжіптің үкімі парызға ұқсас, яғни орындаған адам сауап алады, орындамаса күнәлі болады. Бірақ сенім тұрғысынан алғанда Уәжіп парыз емес. Уәжіпті теріске шығарған Адам діннен шықпайды. Бірақ, діндегі бір өмірді теріске шығарғаны үшін үлкен күнәға баталы.[1]
[03.03, 22:35] Лаззат: НАМАЗДЫҢ УӘЖІПТЕРІ

1) Намазды “Аллаһу әкбар” сөзімен бастау.
2) Парыз намаздардың алғашқы екі рәкағатында, ал нәпіл намаздардың әр рәкағатында “Фатиха” сүресін оқу.
3) Парыз намаздардың алғашқы екі рәкағатында, үтір және нәпіл намаздарының әр рәкағатында “Фатиха” сүресінен кейін, бір сүре немесе ең кемі үш қысқа аят оқу.
4) “Фатиханы” сүреден бұрын оқу.
5) Сәждеде маңдаймен қоса мұрынды да жерге тигізу.
6) Үш және төрт рәкағатты намаздардың екінші рәкағатында отыру (бұл қағда-и улә – бірінші отырыс деп аталады).
7) Намаздағы бірінші отырыс пен соңғы отырыстарда “әттәхиятты” оқу.
8) Жамағатпен оқылған таң, жұма, айт, тарауих және үтір намаздарының алғашқы екі рәкағатында имамның “Фатиха” мен қосымша сүрені дауыстап, бесін және екінті намаздарынада іштей оқуы.
9) Имамға ұйыған жамағаттың “Фатиха” мен қосымша сүрені оқымай, үндемей тұруы.
10) Үтір намазында құнұт тәкбірін алып, құныт дұғасын оқу.
11) Айт намаздарындағы қосымша тәкбірлер.
12) Тағдил әркан, яғни тік тұрған кезде, рүкуғқа еңкейгенде түп-түзу болу (әйелдер біраз иіле алады). Рүкуғдан тұрғанда тік тұру және екі сәжде арасында толық отыру.
13) Намаздың соңында оңға және солға сәлем беру.
14) Намазда жаңылса, “сәһу сәждесін” жасау.
(Намазда парыз немесе уәжіп амалдардан біреуінің кешіктіріліп жасалуы немесе уәжіптерден бірі ұмытылып кетсе сәһу сәждесін жасау керек. Уәжіпті біле тұра, әдейі орындамаса, намаз қайтадан оқылуы керек).
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Егер сіздерден әлдебіреу үйленсе немесе қызметші жалдаса, былай десін: «Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сиынамын!»
(Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра-һә уә хайра мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи уә ә’узу бикә мин шәрри-һә уә шәрри мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи!).

ҮЙЛЕНГЕН КІСІГЕ АЙТАТЫН ДҰҒА


«Алла саған береке берсін және саған береке жаудырсын, әрі сендерді жақсылықта біріктірсін!»
(Бәрака-Ллаһу ләкә, уә бәракә ‘аләйкә, уә жәмә’а бәйнәкумә фи хайр!)

ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА ТҮСЕРДІҢ АЛДЫНДА АЙТЫЛАТЫН ДҰҒА


Баланы тіл-көз және шайтанның кесірінен сақтағысы келген адам бала пайда болмаған кезден амал жасауы қажет. Ибн Аббас (р.а.) сөздерінен Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегені жеткізіледі: «Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен жыныстық қатынас жасағысы келіп: «Алланың атымен. Я, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет және Сенің бізге беретініңнен де (баладан) шайтанды аулақ ет»  деп айтса, әрі (сол) ерлі-зайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе, шайтан ешқашан оған зиян тигізе алмайды».
(Бисми Лләһи, Аллаһуммә, жәнниб-на-ш-шайтана уа жәнниби-ш-шайтана ма разақта-на).
 

ПЕРЗЕНТ СҰРАЙТЫН ДҰҒА


Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбардың дұғасы: «Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла. Анығында, Сен – тілекті Естушісің»[3]. 
(Рабби хаб ли минләдунка зуррийатан тайибәтан иннәкә сами уддуаа)

САЛИХАЛЫ ӘЙЕЛ МЕН БАЛА СҰРАЙТЫН ДҰҒА


«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың (Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың) алды ете гөр!».
(Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә)

САЛИХАЛЫ ҰРПАҚ СҰРАЙТЫН ДҰҒА

 
«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!»[4].
(Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и)

ҚЫРСЫҚ ӘЙЕЛДІҢ, ЖАМАН ДОСТЫҢ КЕСІРІНЕН АЛЛАҒА СЫЙЫНУ


Әбу Һурайра (р.а.) былай дейтін: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) дұғаларының қатарында мына (дұға) да бар еді: «Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын»[5]
(Аллаһумма инни а‘узубика мин жәри ссу-и, уа мин зәужин тушайибуни къаблә-л-мәшиб, уа мин уаләдин якуну ‘аләйа раббан, уа мин мәлин якуну ‘аляйа ‘азабан, уа мин халилин мәкирин ‘айнуху тарани уа қалбуһу яр‘ани ин ра-а хасанатан дафанаһа, уа изә ра-а сайиатан аза‘аһа).
 

БАЛАНЫ БАРЛЫҚ ЖАМАНДЫҚТАН САҚТАУДЫ СҰРАЙТЫН ДҰҒА

 
Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз. Ибн Аббас (р.а.) риуаяты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) Хасан мен Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын: «Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын» деп айтатын», – деген[6].
(Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ)
 

ЕР АДАМНЫҢ ӨЗ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІ АУЫРҒАН КЕЗДЕ ДЕМ САЛУЫ


Айша анамыз (р.а.) айтады: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер!»
(Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н)
Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ»[7] деген сөзбен дем салатын.
(Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә)

АЛЛАДАН ЖАН БАЙЛЫҒЫН ӘРІ МАТЕРИАЛДЫҚ БАЙЛЫҚТЫ СҰРАЙТЫН ДҰҒА

 
Ибн Масғұд (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай деп жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығ