ӘЙЕЛДЕРГЕ НАМАЗ ҮЙРЕНУ.
457 subscribers
1 photo
4 videos
1 file
14 links
Download Telegram
өтеріп отырады.

Отырған кезде қолдың саусақтарын тізенің деңгейінде келетіндей санның үстіне қояды да, алдына қарайды.
(Ер адамдар сол аяғын жерге төсеп үстіне отырады, оң аяқтың сау-сақтарын құбылаға қаратып, тік ұстайды) .
(Әйел адамдар аяқтарын жатқызып, оң жаққа қарай созып отыра-ды).
8) Отырған кезде рет-ретімен: а) “Әттәхияту” ә) “Аллаһүммә салли” б) “Аллаһумма барик” в) “Раббәнә әтинә...” дұғалары оқылады.
Оң жаққа сәлем беру:
9) Әуелі басын оң жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Сәлем берген кезде иығына қарайды.
Сол жаққа сәлем беру:
10) Содан кейін басын сол жаққа бұрып “Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһ” дейді. Осылайша екі рәкағат намаз аяқталады.
Таң намазының парызының оқылуы:
Таң намазының парызы да екі рәкағат сүннеті сияқты оқылады. Сүннеттен айырмашылығы парыз үшін ниет етіліп, ер адамдардың қамат айтуында.
Таң намазының парызына былай ниет етеді:
“Ниет еттім Алла разылығы үшін бүгінгі таң намазының парызын оқуға”.