ӘЙЕЛДЕРГЕ НАМАЗ ҮЙРЕНУ.
452 subscribers
1 photo
4 videos
1 file
14 links
Download Telegram
1.Дәрет алудың маңызы.
2.Дәреттің парызы.
3.Дәреттің сүннеттері.
4.Дәреттің әдептері.
Дәрет қалай алынады.
5.Дәреттің мәкруһтері.
6.Дәретті бұзатын жайттар.
7.Дәретсіз орындауға болмайтын жайттар.
ДӘРЕТ АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Дәрет – белгілі ағзаларды тәртібіне сай жуу және масіх тарту арқылы орындалатын тазалық. Дәрет алудың маңызы мен рухани пайдалары жайында хадистерде былай делінген:
“Бір мұсылман дәрет алған кезде қолдарын жуғанда қолдарымен жасалған күнәлары, бетін жуғанда көздері арқылы жасалған күнәлары, басына мәсиһ тартқан кезде құлақтарымен тыңдап-естіген күнәлары, аяқтарын жуарда аяқтарымен жасалған күнәлары кешіріледі.”[1]
“Кімде-кім дәретін толығымен алып, артынан: “Әшһәду әнлә иләһә иләлләһу уахдәә лә шәрикәдәһ уә әшһәду әннә Мұхаммәдән әбдуһу уа расулүһ” десе, оған жәннаттың сегіз есігі ашылып, қа-лаған есігінен кіреді.”[2]
Дәреттің денсаулығымыз үшін көптеген пайдасы бар. Дәрет алған мұсылман қоршаған ортамен үнемі байланысты болып, кірленген мүшелерін жиі-жиі жуып тазартады және ластан, кірден пайда болатын аурулардан осылай өзін қорғайды.
ДӘРЕТТІҢ ПАРЫЗДАРЫ
Дәреттің төрт парызы бар:
1) Бетті бір рет жуу;
2) Қолдарды шынтақпен қоса бір рет жуу;
3) Бастың төрттен біріне мәсих тарту;
4) Аяқтарды тобықпен қоса отырып бір рет жуу.
5) Осы парыздардың біреуі кем болса, дәрет дұрыс болмайды.
ДӘРЕТТІҢ СҮННЕТТЕРІ
1) Дәрет алуға ниет ету;
2) Дәретті “Ағузу - Бисмиллә” деп бастау;
3) Әуелі қолдарды білекке дейін жуу;
4) Тістерін мисуақ немесе щеткамен жуу, не болмаса саусақтармен ысқылап жуу;
5) Дәретті үзбестен алу, яғни бір мүше құрғамастан екіншісін жуу;
6) Жуылатын мүшелерді жақсылап ысқылау;
7) Ауызға үш рет су алып шаю;
8) Ораза ұстамаған кезде сумен ауызды жақсылап шаю;
9) Мұрынға үш рет су тартып, үш рет сол қолмен сіңбіру (ораза емес кезде суды жақсылап тарту керек);
10) Дәрет алған кезде және мәсіх тартқанда жоғарыдағы ретті сақтау;
11) Жуылатын мүшелерді үш реттен жуу;
12) Дәрет алғанда жууды оң жақтан бастау;
13) Қол мен аяқты жуарда саусақтардан бастау;
14) Сақалы қалың адамның сақалдарының арасын саусақтарымен тарауы;
15) Саусағындағы жүзікті қозғап жуу;
16) Құлаққа мәсіх тарту;
17) Мойынға мәсіх тарту:
18) Бастың бәріне мәсіх тарту;
19) Саусақтардың арасын жуу.
ДӘРЕТТІҢ ӘДЕПТЕРІ
1) Намаз уақыты кірмей тұрып дәрет алып, намазға дайындалу;
2) Дәрет алу кезінде құбылаға қарау;
3) Биіктеу жерге отыру;
4) Дәрет алғанда басқалардан жәрдем сұрамау;
5) Дәрет алу кезінде мәжбүр болмаса сөйлеспеу;
6) Дәрет алуда суды ысырап ететіндей көп пайдаланбау және суды дәрет мүшелеріне жеткіліксіз мөлшерде өте аз пайдаланбау;
7) Дәреттен кейін құбылаға қарап Кәлима-и шәһадат айту.
ДӘРЕТ ҚАЛАЙ АЛЫНАДЫ?
Алдымен жең шынтақтан жоғары түріледі, мүмкіндігінше құбыла жаққа қарай бұрылу керек. Бұдан кейін “Ниет еттім Алла разылығы үшін дәрет алуға” деп ниет етіліп, “Әғузу билләһи минәш-шәйтанир ражим, Бисмилләһир рахманир рахим” деп айтылады.
Содан кейін рет-ретімен:
Қолдар білекке дейін үш рет жуылады, саусақта жүзік болса, қозғап, астын жуу керек.
Содан соң оң қолмен ауызға үш рет бөлек-бөлек су алып, әр алғанда жақсылап шайқау керек. Содан кейін оң қолмен су алып, мұрынға үш рет су тартылады және сол қолмен сіңбіріп мұрын тазаланады.
Содан соң бет толығымен үш рет жуылады. Содан кейін әуелі оң қол үш рет шынтақпен қоса, содан соң сол қол үш рет шынтақпен қоса жуылады.
Одан кейін қол тағы да сумен шайылып, оң қолдың іші және саусақтармен басқа мәсіх тартылады. Содан кейін тағы да қолға су алынып, қолдың сұқ саусағымен құлақтың іші, бас бармақпен сыртына мәсіх тартылады. Қолдың қалған үш саусағымен мойынның артқы жағынан мәсіх тартылады.
Содан кейін әуелі оң аяқ, содан кейін сол аяқ тобықтарымен қоса үш рет жуылады. Аяқтарды жуған кезде, оң аяқтың кішкентай бармағынан бастап рет-ретімен сол аяқтың кішкене бармағына қарай жуған жөн. Аяқтарды жуғанда бармақ араларының жақсылап тазаруы-на мұқият болу керек.
Дәрет біткен кезде құбылаға қарап “Кәлима-и шәһадат” оқылады. Парыздарын, сүннеттерін және әдебін толық орындай отырып, толығымен дұрыс алынған дәрет осылай болады. Дәрет алған кезде оқылатын дұғалар бар (Дәрет дұғалары кітап соңында берілген). Олардың оқылғаны жақсы. Оқылмаса да дәрет толық болып есептеледі (Дәрет алудың бейнелерін кітап соңынан көруіңізге болады).
ДӘРЕТТІҢ МӘКРҮҺТЕРІ
Дәреттің мәкрүһтері мыналар:
1) Суды керек