ӘЙЕЛДЕРГЕ НАМАЗ ҮЙРЕНУ.
455 subscribers
1 photo
4 videos
1 file
14 links
Download Telegram
НАМАЗДЫҢ ПАРЫЗДАРЫ
Намазда 12 парыз бар. Олардың алтауы намаздың сыртында. Олар “намаздың шарттары” деп аталады. Ал алтауы ішінде. Олар “намаздың рүкіндері” деп аталады.
Намаз дұрыс болуы үшін он екі парыз толығымен орындалуы керек.
Намаздың шарттары:
1) Хадастан (рухани) тазару – рухани кірдің кетуі үшін дәрет алу, қажет болған жағдайда ғұсыл алу.
2) Нәжістен тазару: Намаз оқитын адамның денесінде, үстіндегі киімінде және намаз оқитын жерінде лас, нәжіс болса, оларды тазарту.
3) Әурет жерін жабу: Намаз оқитын адамның денесіндегі жабылуы керек болған жерлердің жабық болуы.
Әурет ер адамдар үшін: Кіндік пен тізе арасы (тізесі қоса жабылады).
Ал әйел кісілер үшін: Жүзі, білектің төменгі бөлігі және аяқтың қызыл асықтан төменгі бөлігінен басқа жерінің жабылуы.
4) Құбылаға қарау: Намазды құбылаға қарап оқу. Құбыла Мекке қаласында жер жүзінде Аллаға ғибадат ету мақсатымен жасалған алғашқы киелі үй (Қағба). Қағбаны Хазірет Ибраһим мен Исмайыл
салған.
5) Уақыт: Намаздарды өз уақыттарында оқу. Уақыт кірмей намаз оқуға болмайды.
6) Ниет: Қандай намазды оқитынын біліп, көңілінен, яғни ішінен еске түсіру. Ниеттің тілмен айтылуы сүннет.
Намаздың рүкіндері:
1) Ифтитах тәкбірі: Намазды бастағанда тәкбір айту.
2) Қиям: Намазда тік тұру деген сөз.
3) Қирағат: Намазда кемі үш қысқа аят оқу.
4) Рүкуғ: Намазда қолды тізеге тіреп, иілу.
5) Сәжде: Рукуғдан кейін аяқтың ұшы, тізе және қолмен бірге маңдайды жерге тигізу (қою).
6) Қағдаи ахир: Намаз соңында “әттәхиятуді” оқитындай уақыт отыру.
Бұл бесін намазы
Ақшам намазы
Құптан намазы.
Фото от Лаззат
Әжетханадан шығарда оқылатын дұға


Әжетханаға кірерде оқылатын дұға және Әжетханадан шығарда оқылатын дұға

01.05.2019



Әжетханаға кірерде оқылатын дұға

اَللَّهُمَّ اِنِّى اَعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ


Оқылуы: «Аллаһумма инни аъузубикә минәл хубси уәл хабаиси».

Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Жын-шайтанның кесапаттарынан және барша жамандықтардан Өзіңе сиынамын. Мені олардан қорғай гөр».


Әжетханадан шығарда оқылатын дұға

اَلْحَمْدُ ِللهِ الَّذِى اَذْهَبَ عَنِّى اْلاَذَى وَعَافَانِى


Қазақша оқылуы: «Әлхамдулилләһилләзи әзһәбә анил-әзә уә афани».

Мағынасы: «Жанымды азаптайтын қиыншылықтан құтқарып, маған амандық пен саулық берген Аллаһ тағалаға мадақ болғай».
[25.02, 23:24] Менің Активі: 4 сабақ.
[25.02, 23:26] Менің Активі: НАМАЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Намаз үшке бөленеді:
1) Парыз
2) Уәжіп
3) Нәпіл  

Ханафи мәзһабынан басқа мәзһабтар «уәжіп үкімі» дегенді қабыл етпейді. Олар парыз және нәпіл деп намазды екіге бөледі:

🔰1) Парыз намаздар  
Парыз намаздар – «айн парыз» (жалқы парыз), «кифая парыз» (жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. Айн парыз намаз – балиғатқа толған барлық мұсылмандарға парыз, әрқайсысы оларды жеке-жеке іске асыруға міндетті. Айн парызға бес уақыт намаз бен жұма намазы жатады. Жұма намазы – сол күнгі бесін намаздың орнына жамағатпен оқылатын екі рәкат намаз. Жұмадан кешіккен сол күннің бесін намазын оқиды.

Кифая намазы – бір мұсылман ғұмырдан өткенде әуелі жақындары мен таныстары, жалпы мұсылмандардың оқитын жаназа намазы. Бұл намазды бірнеше мұсылман оқыса жетіп жатыр. Басқалары оқымағандықтары үшін жауапты болмайды. Намаздың сауабын оқыған ғана алады. Ал, ешкім оқымаса бәрі күнәһар болады.

🔷АЙН ПАРЫЗ НАМАЗДАР:*
Бұлар бес уақыт намаз, жұма намаздары.
Бес уақыт намаз:
1) ТАҢ НАМАЗЫ: 4 рәкағат.
2 рәкағат сүннет;
2 рәкағат парыз.
2) БЕСІН НАМАЗЫ: 10 рәкағат.
4 рәкағат сүннет, 4 рәкағат парыз, 2 рәкағат сүннет.
3) ЕКІНТІ НАМАЗЫ: 8 рәкағат. 4 рәкағат сүннет,
4 рәкағат парыз.
4) АҚШАМ НАМАЗЫ: 5 рәкағат. 3 рәкағат парыз,
2 рәкағат сүннет
5) ҚҰПТАН НАМАЗЫ: 10 рәкағат. 4 рәкағат алғашқы сүннет,
4 рәкағат парыз,
2 рәкағат соңғы сүннет.
6) ЖҰМА НАМАЗЫ: 10 рәкағат.
4 рәкағат алдыңғы сүннет, 2 рәкағат парыз,
4 рәкағат соңғы сүннет.

7) ЖАНАЗА НАМАЗЫ: парыз кифая.

🔰2)Уәжіп намаздар  

Уәжіп намаздар – мұсылманның іс-әрекетіне байланысы жоқ және тікелей байланысы бар уәжіп деп екіге бөлінеді. Бірінші топтағы уәжіп намаздарына – құптан намазынан кейін оқылатын үш рәкат үтір намазы мен Рамазан және Құрбан айтта оқылатын айт намаздары жатады. Екінші топқа нәзір (атау) намазы, қателік сәждесі және басталып, аяқталмай бұзылған намаздың қазасы жатады. Нәзір намазы – адамның өзіне міндет болмаған намазды атау арқылы уәжіп еткен намаз.

🔶Ә) УӘЖІП НАМАЗДАР;
1) ҮТІР НАМАЗЫ: 3 рәкағат.
2) ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫ: 2 рәкағат.
3) ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ: 2 рәкағат.

🔰3)Нәпіл намаздар
 Парыз бен уәжіп намаздардан өзге намаздар «нәпіл намаз» деп аталады. Парыз намаздардың алдында және соңында оқылатын сүннет намаздар нәпіл намазға жатады. Нәпіл намазды сүннет намаздарынан бөлек дәрежеге жатқызған ғалымдар да бар.

Олар намаздарды төртке бөледі:
1) Парыз намаздар
2) Уәжіп намаздар
3) Сүннет намаздар
4) Нәпіл намаздар

Бірақ ең дұрысы, парыз бен уәжіп намаздардан тыс намаздарды – жалпы нәпіл намаз деп атап, бұларды жеке-жеке топқа бөлу. Бұл – жүйелі және ерікті сүннет деп екіге бөлінеді.
⚜️Жүйелі (рауатиб) сүннет белгілі бір жүйемен бес уақыт парыз намаздарымен бірге оқылған намаздар. Яғни, белгілі тәртіппен оқылған сүннет намаздар. Бұл сүннеттер де «мүәккәд» (бекітілген) сүннет», «ғайру мүәккәд» (бекітілмеген) сүннет болып екіге бөлінеді. Мысалы, таң намазының екі рәкат сүннеті – мүәккәд сүннет, намаздыгер мен құтпанның алдындағы төрт рәкат сүннеттер – ғайру мүәккәд сүннет болып саналады.  
⚜️Екінші «ерікті» сүннетке – Хазіреті Пайғамбардың белгілі бір уақыттарда немесе кейбір себептер арқылы оқыған, адамның қалауымен кез-келген уақытта Аллаға жақындау үшін оқыған намаздар жатады. Бұларға тәһажжүд намазы, сәске намазы, истихара намазы, жаңбыр дұғасы, хусуф намазы, кусуф намазы, тахиятул- мәсжид, тәубе намазы, әууабин намазы, тәсбих намазы, ихрамға кіру намазы, жолға шығу, жолдан оралу намазы, қажеттілік намазы, дәрет пен ғұсылдан кейін оқылатын нәпіл намаздар жатады.

Исламда сүннет намаздар, әсіресе, бес уақыт намаздардың сүннеттері – парыз намаздарға дайындық әрі оларға қорған намаз ретінде бағаланған. Әрі бұл сүннеттер – Хазіреті Пайғамбарға шынайылықты білдіретін намаздар. Сол себепті, бұл намаздардың оқылуы қатты насихат етіліп, тәрк етілуі жаман әрекет саналған. Бірақ бұл сүннет намаздардың – кейбір себептерге байланысты оқылмауына рұқсат беріліп, кеңшілікпен қаралған.
[26.02, 08:22] Лаззат: Әссаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ құрметті жамағат!
[26.02, 08:22] Лаззат: 5 сабақ
[26.02, 08:22] Лаззат: Намаздың сырқы ішкі парыздары.
[26.02, 08:22] Лаззат: Намаздың сыртқы және ішкі парыздары
 
Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы – сыртында, алтауы – ішінде.

Намаздың сыртқы шарттары:
1. Хадасаттан тазалық.
2. Нәжісаттан тазалық.
3. Әурет жерін жабу.
4. Құбылаға бет бұру.
5. Уақыт.
6. Ниет.
 
Намаздың ішкі шарттары:
1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі
2. Қиям (Тұру)
3. Қырағат (оқу)
4. Рүкүғ
5. Сәжде
6. Ақырғы отырыс
[26.02, 08:22] Лаззат: Қайта ниет ету қажет. Ниет – жасалмақ іске жүрекпен иілу. Мұны тілмен айту шарт емес. Ғалымдардың бұл жайлы иттифақтары (ауызбірлігі) бар. Тілмен айту –  мұстахап. Сол себепті, жүрекпен ниет етумен қоса, «Мына уақыттың намазына ниет еттім» – деп тілмен айту абзал. Айтылмаса оқасы жоқ. Парыз бен уәжіп намаздарға арнайы тағайындап білдіретін ниеттің болуы қажет. Парыздың қаза намаздары да солай. Бірақ нәпіл намаздарға жеке атын атап ниет етумен қатар, жалпы ниет те жетіп жатыр.
Жамағатпен намаз оқылғанда имамға ұюға ниет ету қажет. Бірақ имамның имамдыққа ниет етуі шарт емес. Ал, жамағатқа әйелдер де қатысса, олардың намазы дұрыс болуы үшін, имам кісі оларға имам болуды ниет етуі керек.
Ниеттің ифтитах (бастау, ашу) тәкбіріне жақын болуы – абзал. Бірақ тәкбірден кейін ниет етсе дұрыс болмайды.
[26.02, 08:22] Лаззат: 🔰Сыртқы шарттары (парыздары)

1. Хадасаттан тазалық (Рухани тазалық)
Ғұсылы болмау, дәреті болмау, хайыз немесе нифас жағдайы – «хадас халі» деп аталады. Дәретсіздік – кіші хадас. Жүніп, хайыз, нифас – үлкен хадас. Кіші хадас немесе үлкен хадастан тазалану – ғұсы алу (жуыну), дәрет алу немесе тәйәммүм алу арқылы іске асады.
 
2. Нәжістерден тазалану (Заттық тазалық)
Намаздан бұрын дене мен киімді немесе намаз оқылатын жерде болған ластықтың тазалануы қажет. Бұл намаздың іске асуы үшін шарт. Намазға кедергі жасайтын нәжістер: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: егер қатты болса төрт грамм салмағында, сұйық болса алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде, денеде немесе намаз оқитын жерде болса намазға кедергі жасайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.
 
3. Әуретін жабу
Әурет – шариғат терминінде қарауы харам, жабылуы парыз ұятты мүшелер. Бұл мүшелердің намазда немесе намаздан тыс жерлерде жабылуы – парыз.
Ерлердің әурет жерлері: кіндігі мен тізелерінің астына дейінгі жерлері.
Әйел үшін әурет – жүз, қол, аяқтан басқа барлық дене. Намазда бір мүшенің төрттен бірі еріксіз ашылып, «субхана Роббиәл-а'зим» дейтіндей уақыт тұрса, намаз бұзылады. Ал егер өз еркімен ашса, сол сәтте бұзылады.
 
4. Құбылаға бет бұру
Намазды құбылаға қарап оқу – шарт. Мұсылмандардың құбыласы – Меккедегі Қағба. Қағбаны көрген адам жүзін тура сол Қағбаға қаратып оқиды. Егер одан алыс болса, тікелей Қағбаға емес, соның бағытына қарай жүзін бұрады.
Қағбаның қай бағытта болғанын білмеген адам құбыланы білетін адамдардан сұрайды. Мүмкіндік болмаған жағдайда, құбыланы өз ижтиһадымен (түйсігінің итермелеуімен) табуы ләзім. Яғни, «Қағба осы тұста болуы тиіс» деп, айға, жұлдызға, т.б. қарап, намазын жобалаған жағына қарай оқуы тиіс. Бірақ, намазын бітіргеннен соң оқыған жағы құбыла болмай шықса, намазын қайта оқудың қажеті жоқ.
Құбыла жайлы қүмәнданған кісі жанында адам бола тұрып, одан сұрамай өз қөзқарасымен бір тарапқа қарай оқыса, сол оқыған жағы құбыла болып шықса, намазын қайта оқу тиіс емес. Бұрыс шықса, қайта оқуына тура келеді. Көздері көрмейтін адам да осы секілді. Құбыла жайлы жөн білетін сенімді кісінің сөзіне қанағаттанбаса да, оған сену қажет. Себебі, хабар– зерттеуден әлдеқайда басым тұрады.
Кеме немесе пойыз, ұшақтағы адам шамасы келіп, мүмкіндігі болып тұрса, құбылаға қарап оқиды. Егер кеме бұрылса, ол да құбыла жаққа қарай бұрылуы қажет. Бұрылу мүмкіндігі болмаса, алғаш тұрған жағына қарай оқиды. Егер тікелей құбылаға қарай оқитын мүмкіндік тумаса, құбылаға ең жақын бағытқа қарай оқиды. Құбылаға бұрыла алмаған науқас адамның да жағдайы осындай. Өйткені, м
індеттің орындалуы атқарушының мүмкіндігіне қарай шектеледі.
Мініс атта, автомобиль мен автобуста нәпіл намазы оқылғанымен, парыз намаздарын уақыттары өтпей басқа жерде оқуға мүмкіндік бар жағдайда, аталмыш жерлерде оқуға болмайды. Өйткені, намаздың парыздарынан болған қиям мен құбыла орындалмайды. Бірақ, жері лайсаң намаз оқуға лайықсыз жерлерде ат, көліктерін тоқтатып, соның үстінде құбылаға бет бұрып, оқи алады.

5. Уақыт
Намаз – күннің арнайы белгілі уақыттарында іске асатын парыз. Парыз намаздарға уақыт – шарт. Парыз сүннеттері, тарауих және айт намаздары үшін де уақыт – шарт. Уақыты кірмейінше, парыз намазын оқу іске аспайтыны сияқты, уақыты шыққан соң оқылған намаз да қаза деп есептеледі. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Намаз мұсылмандарға арнайы белгіленген уақыттарда парыз етілді»[1], – дейді.
Бір намаздың ешқандай себепсіз белгіленген уақытынан кейін қаза етіп оқылуы – дұрыс емес және өте үлкен күнә. Бірақ, бір адам ұмыту немесе ұйықтап қалу себептерімен намазын оқи алмаса, қазасын өтеуі қажет. Қаза намазға бес уақыт парыз намаз бен үтір намазы кіреді. Жұма мен айт, сүннет намаздары үшін қаза қажет емес. Жұманы оқи алмаған кісі сол күннің бесін намазын оқиды.
 
6. Ниет
Ниет ету – намаздың шарттарының бірі. Ниет – намазға кіруді қалау. Адам қандай намазға кіргісі келсе, сол намазды жүрекпен білуі шарт. Адам намазға кірерде қай намаз екеніне күмәнданса, намазы дұрыс болмайды.