КРАСНЫЙ АВТОБУС
39 subscribers
2 photos
138 videos
4 links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қызыл автобус әкімдердің көзіне оттай басылып жатыр.

Ауылдарының проблемасын жариялаған тұрғындарға жергілікті билік қоқан-лоққы көрсете бастады.
————————————
Красный автобус стал бельмом в глазу акимов.

Местным жителям, которые рассказывают о проблемах своих сел, начали поступать угрозы от местных властей.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарцы бьют тревогу. Граждане жалуются, на проблемы с канализацией в жилых домах и застой воды в погребах и подвалах. В квартирах царит сырость, стены покрываются грибком, полы гниют – и так последние пять лет. На жалобы жильцов акимат не реагирует, народ в отчаянии. Городские активисты обратились за помощью к депутатам НПК.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар облысының Көктөбе, Малайсары ауылдарында ауыз су жоқ. Жарық жиі өшеді. Төрт түлікпен күн көріп отырған тұрғындарға жайылым жер жетіспейді. Әкімдік жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетпейді. Шыдамы таусылған тұрғындар Қызыл автобустан көмек сұрады.
————————————
В селах Коктобе и Малайсары Павлодарской области нет питьевой воды, постоянные проблемы со светом. Острая нехватка пастбищ, а разведение скота здесь - основной источник заработка. Молодые предприниматели не получают поддержки от акимата. Народ возмущается. От безысходности и долгого молчания жители обратились за помощью к Красному автобусу.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ЕРЕЙМЕНТАУЛЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЖЫЛДАР БОЙЫ ШЕШІЛМЕЙ КЕЛЕДІ

Ақмола облысы Ерейментау қаласының сапасыз жолы мен жарықсыз көшесі тұрғындарды әбден қажытты. Халық су тапшылығын сезініп отыр. Мұнда балаларға арналған жаңа ойын алаңдары жоқтың қасы. Маршруттық автобус мәселесі де өзекті болып тұр. Адамдардың шыдамы таусылып барады. Ал әкім халықпен кездесуге келмейді.

– Бізде тек әкімдер ғана өзгереді, мәселе шешілмеген күйі қала береді, – дейді наразы адамдар.
———————————————
В ЕРЕЙМЕНТАУ ПРОБЛЕМЫ ГОДАМИ ОСТАЮТСЯ НЕРЕШЕННЫМИ

В городе Ерейментау Акмолинской области накопилось много проблем: разбитые дороги, отсутствует уличное освещение, перебои с водой, нет ни одной новой детской площадки. Даже элементарного рейсового автобуса нет. Терпение людей на пределе. Аким не приходит на встречи с населением.

– У нас только акимы меняются, а проблемы как были, так и есть, - возмущаются люди.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Қызғылт көзілдіріктеріңізді шешіңіздер". Бұл - Павлодар облысы Жетекші ауылы әкімінің тұрғындарға берген жауабы.
Жергілікті атқарушы билік су тапшылығы мен жиі өшетін жарық мәселесін шешпей отыр.

Халық Қызыл автобустан ғана үміт күтеді.
———————————————
"Снимите розовые очки", - это ответ акима на просьбы жителей села Жетекши Павлодарской области. Местная исполнительная власть активно бездействует, не решая проблемы народа. Невзирая на отсутствие воды и перебои с электричеством, акиматчики напористо одергивают жалующихся на проблемы людей.

Красный Автобус - последняя надежда отчаявшихся жителей села.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы Ерейментау қаласы тұрғындарын қымбатшылық қысып тұр. Халықтың азық-түлік сатып алуға шамасы жетпей жатыр.

Тұрғындар ет пен шұжық алуға  Нұр-Сұлтан қаласына баруға мәжбүр. Бұл - қосымша шығынды талап етеді.
"Нан алып жейтін ақшам жоқ", - дейді тұрғындардың бірі. Қаладағы 5 қабатты апатты тұрғын үйдің бірінде адамдар тұрып жатыр. Бұл үйдің қабырғалары құлап, тұрғындар үйіндінің астында қалуы мүмкін.

Мұндағы балаларға арналған ойын алаңдары Кеңес заманынан қалған. Қала тұрғындарының айтуынша, жаңа ойын алаңына қыруар қаржы бөлінген. Алайда оның құрылысы басталмаған.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Каменный карьер кенті өркениеттен ажырап отыр

Шығыс Қазақстан облысының Каменный карьер кентінде интернет мәселесі өзекті болып тұр. Оқушылар онлайн форматта оқи алмайды: интернет 5 минут қосылады да, жоғалып кетеді. Байланыс ағашқа өрмелеп шықсаңыз немесе көшедегі дәретханаға барсаңыз пайда болады. Ата-аналар балаларының білім ала алмай жатқанына наразы. Жергілікті билік күні бүгінге дейін ауылға дұрыс интернет жеткізген жоқ. Цифрландыру есепте ғана бар, шын мәнісінде жоқ. Адамдар өркениеттен ажырап отыр.
——————————————————
КАМЕННЫЙ ВЕК в Каменном карьере

В поселке Каменный карьер ВКО проблемы с интернетом. Школьники не могут учиться в онлайн формате: интернет появляется на пять минут. Связь ловит, если залезть на дерево или ещё хуже - зайти в уличный туалет. Родители возмущены, их дети практически не получают образование. И всё из-за того, что местные власти до сих пор не наладили в поселке интернет. Цифровизация только в отчётах, а в реальности - люди отрезаны от цивилизации.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
БҮКІЛ АУЫЛҒА БІР ҚҰДЫҚ

Қостанай облысының Талапкер ауылында 550 адам тұрады. Олардың барлығы жалғыз құдықтан су ішеді. Ауылда жайылым жоқ, мал аш. Балалар жаз бойы тезек үйінділерінде ойнайды, себебі оларға арналған ойын алаңы жоқ. Ауыл көшелеріне жарық орнатылмаған.

– Біз не істей аламыз?! – деп налиды ауыл тұрғындары.
———————————————
ОДИН КОЛОДЕЦ НА ВСЕ СЕЛО

В селе Талапкер Костанайской области проживают 550 человек. На такое количество всего один колодец, из которого берут воду. Пастбищ нет, скот голодный. Дети всё лето играют в навозных кучах, потому что нет ни одной игровой площадки. Нет уличного освещения.

-Что мы можем сделать?! - с горечью спрашивают сельчане.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
120 отбасы құлауға таяу қалған тұрғын үйде тұрып жатыр. Тұрғындардың баратын жері жоқ, себебі өкімет тарапынан тұрғын үйлер тек санаулы адамдарға ғана бөлінген. Әзірге үй иелері өз ақшаларына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күн көріп отыр. Ең қауіптісі - көпқабатты үйдің қабырғалары кез келген сәтте жарылып, құлап кетуі мүмкін. Қызыл автобус өкілдері халықтың жанайқайын назарға алды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Без воды нет жизни. Тысячи казахстанцев сейчас, в XXI веке, вынуждены существовать в нечеловеческих условиях. В регионах республики плохо работают водопроводы, а водопроводные сети либо отсутствуют, либо проведены с нарушением технологий. Бюджетные деньги, затраченные на их строительство, утекли в чужие карманы.
Дополнительным ударом по казахстанским крестьянским хозяйствам стала засуха. Села бедствуют – воды нет ни для питья, ни для полива.

Это ненормально и неправильно!

Мы хотим изменить ситуацию в нашей стране! Народная партия Казахстана призывает всех граждан обращаться на нашу «горячую линию» и сообщать о проблемах с водой на номер 8-700-088-19-17. Так же можно опубликовать на своей странице пост с хэштэгом #СУҚАЙДА #SUQAIDA. Звоните, пишите, обращайтесь к нам – ваша жалоба не останется без внимания!

Вместе мы заставим местные власти работать на благо народа!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үлкенге құрмет – бүгінгі қоғамның айнасы

Қостанайлық зейнеткер Нина Разбейкина апатты жағдайдағы үйде тұрады. Ол 10 жылдан бері заң бойынша өзіне тиесілі пәтерге қол жеткізе алмай келеді.
Кейуана сусыз өмір сүруге, қолайсыз жағдайда жуынуға мәжбүр. Ол күн сайын үйінің шатыры құлап кетпеуін тілейді.
Жергілікті әкімдік мәселені біледі, бірақ көмек көрсетуге асықпайды. Зейнеткерді шенеуніктердің шарасыздығы шаршатып жүр.
—————————————————
Отношение к старшим - это зеркало нашего общества

Пенсионерка из города Костанай - Нина Разбейкина живет в аварийном доме и уже 10 лет добивается жилья, положенного ей по закону. Бабушке приходится жить без воды, мыться в тазике, и каждый день она молится об одном - лишь бы не упала крыша. Местный акимат о проблеме знает, но на помощь ей не спешит. Она устала от чиновничьего равнодушия к ее беде.

#СУҚАЙДА #SUQAIDA #QHP #ҚХП #НПК #Халықпартиясы #Народнаяпартия #красныйавтобус #қызылавтобус
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жители Ерейментау массово вступают в Народную партию Казахстана.

На днях в Ерейментау состоялось торжественное вручение партийных билетов и был открыт офис районного филиала НПК.

Красный Автобус Народной партии прибыл в город в рамках поездки по регионам. Депутат Мажилиса от НПК Жамбыл Ахметбеков лично вручил партбилеты новым единомышленникам и пожелал им удачи в дальнейшей работе.

Красный Автобус приехал в Акмолинскую область не случайно – здесь накопилось множество вопросов, которые годами не решают местные власти. Это разрушенные дороги, перебои с водой, инженерные сети, требующие ремонта и т.д. В самом Ерейментау тоже хватает инфраструктурных проблем. Местный Дом культуры продан в частные руки, строительство физкультурно-оздоровительного комплекса тянется уже не первый год. Самого акима горожане в глаза не видели.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар облысы Ленин ауылының жергілікті билігі Қызыл автобус келгеннен кейін ғана әрекет ете бастады.

Тұрғындар ойынша бұл – көзбояушылық. Ауылда сумен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр: су кесте бойынша беріледі. Қысымның әлсіз болғаны соншалық, су тамшылап жиналады.
Ауылда жел тұрса, жарық өшеді. Жол жоқ, жаңбыр жауса, адамдар тізелеріне дейін батпаққа батады. Балалар алаңы айдалаға салынған. Ата-аналар ол жерге балаларын жібермейді. Халық билікке наразы. Ал билік үндемейді, құр уәдеге тойдырады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Барлық қазақстандықтардан партияның call-орталығына өңірлердегі
су мәселесі бойынша проблеманы 8-700-088-19-17 нөміріне хабарлауды немесе өз парақшасында #СУҚАЙДА #SUQAIDA хэштегімен пост жариялауды сұраймыз
———————————————
Просим всех казахстанцев обращаться в call-центр партии и сообщать о проблемах с водой в регионах на номер 8-700-088-19-17 или опубликовав на своей странице пост с хэштэгом #СУҚАЙДА #SUQAIDA
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жезқазғандағы апатты үйлердің тұрғындарына көшеде қалу қаупі төніп тұр. Жергілікті билік оларға мардымсыз өтемақы ұсынып, апатты үйден шығуды талап етіп жатыр. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша апатты үйдің тұрғындарына қазіргі пәтерлерінің құнына сай жаңа пәтер берілуге тиіс. Алайда бұл өңірде мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылмайтыны анықталды. Егер, үй сүрілсе немесе құласа жезқазғандықтар үйсіз адамдардың қатарына қосылуға мәжбүр болады.
——————————————————
Жителей аварийных домов в Жезказгане выселяют буквально на улицу, без предоставления жилья. Обещанная властями реновация грозит обернуться выселением и мизерной компенсацией. По госпрограмме «Нұрлы жер» людям должны были предоставить равноценные квартиры, однако, как выяснилось, программа в регионе не работает. Если дом снесут или же он рухнет, жезказаганцам придется пополнить армию бездомных.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысы, Молокановка ауданы

Қаладан 17 шақырым ғана қашықта жатқан ауылда интернет жоқ. Интернет былай тұрсын, электр қуаты да әлсіз. Салынғанына 55 жыл болған мектеп құлауға жақын. Тұрғындар балаларының болашағы үшін жыл сайын білім ордасын өз қаражатына жөндеп жүр. Әкімдік те, білім басқармасы да оған көңіл аудармайды.

Мұндағы ең басты мәселе - ауызсу. Ішетін суды аптасына бір рет флягасын 125 теңгеден сатып алады. Оның да сапасы нашар. Су сапасының орташа көрсеткішінен 6 есеге төмен. Қостанайға жап-жақын ауылдың жолы да нашар. Жазда шаң, қыста қар басып қалады. Көктем мен күзде көліктері лай мен балшыққа батып қалады.
500-ге жуық адам тұратын ауылда ауқымды проблемалар шешілмей отыр.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысының Тобыл кентінде краннан лас және лай су ағады. Биыл көптеген үйлерде су мүлдем болмады. Әкімдік су жаз мезгілінде жеке бақшалардың суарылуына байланысты болмайды деп ақталады. Бірақ тұрғындар жергілікті биліктің бұл сөздеріне де бос уәделеріне де сенбейді. Тобыл тұрғындары сумен қамтамасыз ету мәселесін реттеуге көмектесуді сұрайды - олар жыл бойы суды шелекпен тасудан шаршады.

ҚХП-ның Мәжіліс депутаттары Сергей Решетников пен Файзолла Қаменов тұрғындардың өтініштері мен олардың жергілікті атқарушы органдарға шағымдарын тыңдады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар облысының Ивановка ауылына 2008 жылы уәде етілген ауыз су күні бүгінге дейін жеткен жоқ. Мұнда мал бағатын жер де тапшы.

Жол тек әкімдікке дейін ғана төселген. Қалған жол қармен бірге еріп кетеді. Интернет пен байланыстың аты бар да, заты жоқ. Халықтың қақпаған есігі, тоздырмаған табалдырығы қалмады. Жергілікті билік әрекетсіз, үнсіз отыр.
———————————————

В селе Ивановка Павлодарской области нет обещанной с 2008 года питьевой воды, скотоводам негде пасти животных, хотя по факту, им положена земля.

Дорога положена только до акимата, все остальные тают вместе со снегом. А об интернете и связи отдельное слово - здесь его практически нет, как говорят сами жители, одно название. Народ обращается во всевозможные инстанции, но, как правило, от местных властей тишина