العليم
168 subscribers
3.45K photos
1.48K videos
92 files
250 links
ӘССАЛАМУ ӘЛЕЙКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ 💓




t.me/marigul_smm
Download Telegram
Forwarded from Жарығым (QR NM)
Баланы түсіне біліп өз ықпалыңнан кетірмеймін десең, қашан да оның алдында өзіңді-өзің ұстай біл. Ашумен емес, салмақты мінезіңмен, салиқалы ақылмен, үлгі болар өнегеңмен жеңуге тырыс. Онсыз әке деген атың сырт көзге дардай, іші кеуек бірдеңе ғана. Баланың сыйлауы - әкенің адамгершілік салмағында.

(с) Сансызбай Сарғасқаев, "Көршінің ұлы"
Forwarded from Жарығым (QR NM)
Сахаба Абдуллаһ ибн Аббас бала туылғаннан кейінгі жетінші күні мына нәрселерді жүзеге асырудың сүннет екенін мәлімдеген:

•ат қою және сүндетке отырғызу;
•туылғанда нәрестенің денесіне жағылып қалған қан секілді лас нәрселерді сүртіп, тазалау;
•Егер қыз болса, құлағын тесу;
•ақиқа құрбанын шалу;
•шашын алу;
•алынған шаштың салмағындай алтын немесе күміс садақа беру.
Forwarded from Жарығым (QR NM)
Неке бұл жеңіл қарайтын нәрсе емес.
Бұл қадамды басқаннан соң артқа қайтар жол жоқ!
Егерде артқа қайтар болса әйел жесір бала жетім қалады. Әйел жесір қалса сөз болады, бала жетім қалса қоршаған ортасында қор болады...
Сондықтанда неке мәселесін ақырет ісі деп білу керек!
Бұл жолды ерге мықты сабыр, әйелге шүкіршілік керек болады.
Егер сабырмен шүкіршілік бір арнада тоғысса, Аллаһ оларды мына дүниеде және ақыретте нығметке бөленгендерден етеді.
Forwarded from Жарығым (QR NM)
Жігітте 3 нәрсе болуы шарт:

Ұяты, Адалдығы және Намысы.

Жігіттің шынайы ұяты болса, ешқандай қызга некесіз жоламайды. Себебі ол Алладан ұялады.

Жігіт шынайы адал болса, болашақ жарына, тіпті оның кім боларын білмесе де адал таза күйінде қосылғысы келеді. Болашақ жарына отбасын құрмастан адал болган жігіт, отбасы құрганнан кейін де адалдығын жоғалтпайтыны анық..

Жігітте шынайы намыс болса, ол әр қызға қарындасындай- әпкесіндей қарайды. Қыз бұзылған болса да, оны тура жолға салуға тырысады.

Қазақтың әр жігітінің бойында осындай құндылықтар болсын!
Forwarded from Жарығым (QR NM)
"Өлгеннің жаманы жоқ, тірінің өсектен аманы жоқ...." Мысалы: Бір кісі өлсе жаназасында имам сұрайды: "бұл кісі қандай кісі? "-деп. Сонда жаназаға жиналған жамағат "жақсы кісі, жақсы кісі, жақсы кісі,"- деп айтушы еді. Сондықтан өлгеннің жаманы жоқ. "Тірінің өсектен аманы жоқ,"- деген сөздің мағынасы: Тірі жүріп, кеудеңде жаның бар да, өзің тура жолда жүріп, таза адам болсаңда, қисайған көлеңкеңнен кінәрәт іздеп, сені жазғырушы бір не одан көп адамның табылары сөзсіз. Сол үшін де" Тірінің өсектен аманы жоқ". Кім болсақта, қандай болсақта адамды бар болмысымен қабылдап үйренуіміз керек, егер үйренісе алмасақ ол адамның сіз көрмеген бір жақсылығы бар деп ойлап, ақтап алуымыз керек. Күндеріңіз сәтті, хайырлы, берекелі болғай ин ша'Алла.
Көшеде темекі шекпеңдерші