АСЫЛ НАСИХАТШЫ
748 subscribers
493 photos
89 videos
38 files
171 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
Муаз ибн Джәббәл (Алла одан разы болсын) айтты:

ما شيء أنجى من عذاب الله من ذكر الله.

"Зікірден артық Алланың азабынан құтқаратын нәрсе жоқ".

"Сунән" әт-Термизи, 3694
Forwarded from өшпес із
махаббат па, махаббат болған менде...🖇❤️

Егер сен біреуді жан жүрегіңмен жақсы көрсең және Алла разылығы үшін, сен үшін ол адамның барлығына дайын екенін түсінсең, сезсең ешкімнің көзқарасын сұрама! Есіңде болсын, сенің жалғыздығың күндердің күнінде сенен басқа ешкімді де алаңдатпайды. Сүй және өзіңді сүйгенді бағала!

Егер сен жақсы көрген жанның алдында қадірің, сыйың, сүйкімің жоғын байқасаң, бәрі реттеледі, осы адамның жүрегін жылытып, жары атанамын деп дәмеленбе! Сыйлы бол! Алладан өзіңді сыйлай алатын сыңар сұра!

Егер сен мектеп оқушысы болсаң махаббатты машақатқа айналдырма! Бос уақытың мен қиялдарыңды өзіңнің көркем келешегіңді ойлауға, білім алуға, ілім іздеуге жұмса!

...тым келте көйлек киме! Етегің ұзынырақ болсын! Бар тапқаныңды келісті келбетің мен киімің үшін жұмсай берме! Ауыстырып кию үшін әр маусымда, әр мезгілде жарасымды екі-үш киімің болса жеткілікті. Одан гөрі көруге, саяхаттауға уақыт бөл!

...бәлкім мен де бұлардың көбісін өз уақытында жасай алмадым. Бірақ біл, сенің мен жіберген кей қателіктерді қайталамауға мүмкіндігің бар.

Мақпал Төребек
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (𝐀𝐁𝐈𝐋𝐀𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍)
الحِجَابُ سِتّرٌ، وَلَيسَ تَغۡليفاً!

Хиджаб - жабыстырып қоятын қаптағыш емес, бәлкім адамды жауып жасырып тұрушы жабынды.

🔹https://t.me/utlubu

🔹https://instagram.com/abilaikhan.kz
Forwarded from Abylaikhan Suiindik (𝐀𝐁𝐈𝐋𝐀𝐈𝐊𝐇𝐀𝐍)
🖋 Әссәләму'Әлейкум уа рахматуллаһи уа бәрәкә туһу Құрметтілерім

Алланың қалауымен Имам Тирмизидің ( Рахимахуллаһ ) "الشمائل المحمدية" кітабынан кезекті пайдалы дәрістер болып жатыр.

📌Өзімде жазылып, жазбаның шыққанын күтіп отырамын.

Өзім ғана емес (игоист болмай) сіздермен де бөлісіп бірге пайда әрі сауап алайын деп шештім. 😊

Ең бастысы сабақ тегін өтілуде.

Сіздер мұнда көп пайдаға қол жеткізе аласыздар.

① Араб тіліңізді дамыта аласыз,
Сөздік жаттау және тіркестерді қалай құрау сонымен қатар қалайша мағына шығаруды үйренесіз.


② Алла елшісін сырқы, ішкі, ішіп жеген барша тарапынан тануға көмек береді. Сүннетті толығымен үйретеді.

③ Ниеттеріңізге қарай Алладан сауапқа кенелесіздер.

Төмендегі парақшада өтілуде 🔽

t.me/ashamail
t.me/ashamail
t.me/ashamail

Барынша таратайық...
📢📢📢
https://t.me/joinchat/AAAAAEgCMbSQMgHi-Gu7sw

осы жерде "Рисәлатуль мустаршидин" оқып жатырмыз.

Қосыламыз дегендер болса, қош көреміз!!!
Forwarded from ӘБУ ХАНИФА [рахимахуллагъ]
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздің "қазекелер" шығарған кинофильм, Аллагъ Тааля хидаят берсін бұларға. Іні-қарындас (сіңілеріне) мұқият болыңыздар құрметті жамағат.
Қазірден сондай тәрбие алса, өскенде мұсылман болуы өте қиын. Себебі құрттай кезден бастап "мушрик" қылып тәрбие береді бұндай кинолар.
Forwarded from Жазбаларым🖋📚📔 (Ai💙)
Айым, түн түндігін түргенде, өткен шақты ойлап, көңіл-күйіңді түсіріп, жылай берме! Ол сені бақытты етпейді. Одан да жайнамазыңды құшақтап, Құбыла жаққа бетте. Раббыңмен қалағаныңша сырлас. Дұға ет, ақыретің үшін жыла. Сол сені бақытты етеді. Екі дүниеде де. Раббыңның сенімен сөйлескенін қаласаң кітап сөреңнің ең жоғарынан орын алған Қасиетті Құранды қолға ал. Оқы! Тек ерінбеші. Мүмкін, бұл... сенің соңғы күнің шығар... Қазір Әзірейіл(а.с) жаныңды алар болса, қабіріңді жарық етер Құраның екенін ұмытпа! Құр әннен аулақ бол, Құранмен достас! Әр түні Мүлік сүресін оқы!Ерінбе! Нәпсіңді жең! Қанша жерден ұйқы қысса да, Мүлікті оқымай ұйықтаушы болма! Әр күнді "Бүгін менің соңғы күнім" деп өткіз. Мүмкін, сонда тәубеңе келіп, өзіңді қолға аларсың. Пайғамбарлардың да жанын алған Әзірейіл (а.с) саған келмейді деп ойлайсың ба? Уақыт барда ойлан. Кешігіп қалмашы... Мүмкін, бүгін... сенің соңғы түнің шығар... Аллаға мәлім...
МҰСЫЛМАНДАР КӨБЕЙДІ...😔

Аяқтары талғанша, көздері іскенше жылап түнімен намаз оқыған Абдулла ибн Омар (р.а) сынды жас сахабалардың орнына аяғы талғанша көше кезетін, қыз үшін түнімен көзі іскенше жылайтын жігіт мұсылмандар көбейді...

Бес уақыт намазын жылап тұрып оқыса да, имандылықтың шыңына жетіп тұрса да: "Мен екіжүздімін" деп қорқатын Ханзəлə (р.а) сынды сахабалардың орнына бес уақыт намазын оқымастан "мен мұсылманмын" деп бос кеудесін қағатын бейнамаз мұсылмандар көбейді...

Дəретін алған бойда екі рəкəғат дəрет намазын тастамастан оқып жүрген Білəл (р.а) сынды ылғи дəретпен жүрген сахабалардың орнына дəретін алуды білмейтін мұсылмандар көбейді.

Адамды тірілей асатын қазанға саламыз дегенде: "Шіркін, менің бір жаным емес, мың жаным болғанда ғой. Барлық жанымды Алла үшін құрбан етер едім" деп, адам асатын қазанның ыстығынан қорықпаған Усайд ибн Хузайр (р.а) сынды арыстан сахабалардың орнына шілденің ыстығында ораза тұта алмайтын мұсылмандар көбейді...

Соқыр адамның өзінен əйелдерін, қарындастарын, қыз балаларын қызғанған Омар (р.а) сынды сахабалардың орнына əйелдерін, қарындастарын, қыз балаларын басқа еркектерден қызғанбайтын дəюс еркек мұсылмандар көбейді...

Əурет жеріне найза сұғып, денесін бөлшектеп өлтіріп жатқанда да діннен қайтпаған Сумəйя (р.а) сынды батыр аналарымыздың орнына үсті-басын бояп алып сұлулығын əр еркекке көрсеткен қыз мұсылмандар көбейді...

Үйіне зекет келгенде: "Ойбай, үйге бəле келді, үйге дүние келді,. Мен құрыдым" деп, келген зекетті кедейлерге таратып жіберген Амр ибн Ас (р.в) сынды кедей əрі əкім сахабалардың орнына зекетін бермейтін бай мұсылмандар көбейді...

Барлық дүниесін толығымен Алла жолында жұмсай салған Абдуррахман ибн Ауф (р.а) сынды бай-қуатты сахабалардың орнына қалтасындағы 100 теңгесін садақаға бере алмайтын сараң мұсылмандар көбейді...

Намаз оқыған кезінде шаршап қалса да намазын тоқтатпай арқанға асылып тұрып намаз оқыған Зейнеп (р.а) сынды асыл аналарымыздың орнына намаздан ала тонын ала қашатын қыз мұсылмандар көбейді...

Мүшріктер қанша жерден қинаса да "Алла - Біреу" деп жан дауысымен айқайлаған Білəл (р.а) сынды шыдамды сахабалардың орнына бір қиыншылық келсе намазын тастап, хиджабын шеше салатын мұсылмандар көбейді...
Аллаһ сақтасын!!!
«Смерть ближе, чем ты думаешь»

Я долго шёл тебе навстречу
На этот раз меня несут.
Под лунным светом мир не вечен
И мой окончен жизни путь.

То я готовился, рыдая
То забывал, что ждёшь меня
И в белый саван укрывая,
Несёт меня моя родня.

Мне слезы горя не помогут,
Чем жил, что делал? Вот итог.
Когда предстану перед Богом
Предъявят счёт и этих строк.

Я речь свою не подготовил,
От страха все вокруг забыл
А ты - был итогом, того
Что искренне любил.

Кто твой Бог? - меня там спросят
И Надеюсь, отвечу я
Он Милосердный Бог, Единый
Он был и будет, Бог -Аллаh🍃
Имам Мәлик Әбу Хурайрадан және жеткізеді (АллаҺ оларға разы болсын!), АллаҺ Елшісі (ﷺ) айтты:

«Адамдар жайлы жаман ойлардан сақтаныңдар, ақиқатында жаман ойлар — бұл ең өтірік сөздер! Сұрастырмаңдар, аңдымаңдар, бір-біріңе қызғанбаңдар, бір-біріңе арқаң мен бұрылмаңдар, бір-біріңе деген өшпенділіктен қарсы болыңдар және бауыр болыңдар, о АллаҺтың құлдары!».

إياكم والظن؛ فإن الظن أكذب الحديث، ولا تجسسوا ولاتحسسوا ولا تنافسوا ولاتحاسدوا ولا تباغضوا ولا تدابروا، وكونوا عباد الله إخواناً
📚 [Әл-Бухари, Муслим]⠀
Осылай киінентін əпке-сіңілдеріме таңым бар!

Аллаһтың бұйрығы деп хиджап кидіңізба?!

Соған сай яғни шариғат талаптарына сай киініңіз...

Көшеде жүргенімде оларға қарап (басындағы орамалына астындағы тырыстырып алған шалбары сəйкес келмейді. Одан қалса, омыруын бүркеніштерімен жасырмайды)кейде өзім ұялып кетемін.

Кейде ойлап қоямын бұл жүрістегі қыздарымызды исламға енді-енді бет бұрып келе жатқан адамдар көргенде, ислам жайында, шариғат талаптарына сай киініп жүргендер(əпке-сіңілдеріміз) жайында "Ей, бұлар сондайғой..."-деген пікір қалыптастырама, шариғатқа сай киініп жүрген қыздарымызғада тіпті бүткіл мұсылмандар атын кір келтіреме, күйе жағама деп уайымдаймын.

Шариғатта рұқсат етілген жерлерден тыс, барлық денесі жабық болу тиіс. Құран Кәрімде:
«...Сондай-ақ, зейнеттерін (шариғатта ұятты деп саналатын жерлерін) көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа...»[1], - делінген.
Дене көрінетіндей жұқа болмауы тиіс. Деректерге қарағанда Тәмим тайпасынан бір топ әйелдер Айша(радиАллаһу'анһə) анамызға келеді. Үстеріне жұп-жұқа, қабыршықтай киім киген екен. Әзірет Айша(радиАллаһу'анһə) оларға: 
-«Егер мүмин-мұсылман болсаңдар, мына киімдерің мұсылман әйелдің киетін киімі емес»,- деп ескерту жасаған екен[2].
Дене-бітімін сырт көзге қатты бедерлеп тұратындай тырысқан болмауы тиіс. 
 Сахаба Усама ибн Зәйдтің айтуынша Пайғамбарымыз(оған Алланың игілігмен сəлемі болсын)
оған (Усәмаға) мысырда жасалған қалың «құбтыя» деп аталатын киім кигізеді. Ал, Усама оны өз әйеліне береді.
Кейінірек Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігмен сəлемі болсын) :
- Сен неге (өткендегі киімді) Құбтыяны кимей жүрсің? - деп сұрайды.  
- Әйеліме кигіздім, - деп жауап қайырады Усама.
Сонда Алланың елшісі(оған Алланың игілігмен сəлемі болсын) Усумаға:
- Әйеліңе барып айт, оның ішінен ҒИЛӘЛӘ (ішінен киетін киім) киіп алсын. Құбтыяның өзін ғана киетін болса, сүйегінің көлемін (дене-бітімін)   сыртқа кескіндеп тұрады ма деп қорқамын, - деп ескертті[3].
Ер кісілерге тән киім болмауы тиіс. Ер кісілердің өздеріне тән киімі, әйел кісілердің өздеріне тән киімі бар екендігі мәлім. Ендеше, ел арасында ер кісілерге тән киім ретінде танылған киімді  әйелдің киюіне болмайды.  Сахаба Әбу Һурайра (радиАллаһу'анһу) былай дейді: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігмен сəлемі болсын)  ер кісілердің киімін киген әйелді және әйел кісілердің киімін киген ер кісілерді лағынеттеген»[4].

Киген киімі дене-бітімін сырт көзге қатты айқындап, бөтен еркектердің көңілін бұзардай тыртиып тұрса, мұнысы шариғат киімін киюдегі мән-мағынаға қайшы болмақ. Ең дұрысы Аллаға мәлім.

СӨЗ ЕГЕСІН ТАБАДЫ!

ҚҰРМЕТТІ ƏПКЕ-СІҢІЛДЕРІМ, БҰЛ МЕНІҢ МҰСЫЛМАНДЫҚ БОРЫШЫМ,
ЕСКЕРТТІМ!

БҰЛ ЖАЗБАМДЫ ОҚЫП БІРЕУ НЕМЕСЕ ЕКЕУ БОЛСАДА ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ ТҮСІНІГІ ДҰРЫС ЖАҒЫНАН ҚАЛЫПТАСЫП ЖАТСА, СОНЫҢ ӨЗІ МАҒАН ҮЛКЕН ҚУАНЫШ ЕДІ.

СІЗ БҰЛ ЖАЗБАНЫ ОҚЫДЫҢЫЗБА?!
ӨЗІҢІЗ СЕКІЛДІ ЖƏНЕ БІР АДАМҒА АЙТУЫҢЫЗДЫ АМАНАТТАЙМЫН!

[1] Нұр-31.: өздігінен көрінетін жерлер - Жүзі, білезікке дейін қолы, тобыққа дейін аяғы.
[2] Құртуби тәпсірі – Ахзаб сүресі, 59 аят түсіндірмесі.
[3] فإني أخاف أن تصف حجم عظامهاИмам Ахмәд риуаят еткен. (Әш-Шәукәни, Нәйлуль Аутар - №588 хадис.); Әбу Дәуід – Китабул либәс – 4116 хадис. (Ъаунул маъбуд)
[4] Әл-Хәким: әл-Мүстәдрак – Китабул атъима - №3087 хадис.

©Қайратқызы.
Я, РасулАлла ﷺ, сен кеткелі көп нарсе өзгеріп кетті. Өмір тым күрделі жолға бұрылды. Бәрі өзгерді. Біздерден иман кетті. Шүкіршілік азайды. Көркем мінез өзіңнің кезіңдегідей емес, мүлдем құлдырады.

🍂 Я, РасулАлла ﷺ, тіпті, көпшілігіміз ұлы Раббымыздың әміріне селсоқ қарайтын болыппыз... Осылырды ойлағанда, сенің «Үмметім, Үмметім» - деп, «Мен үмметім үшін уайымдыймын» - деген сөздерің есіме түсіп, қатты қиналып кетемін.

🍂 Я, РасулАлла ﷺ, МЕН СЕНІ ҚАТТЫ САҒЫНДЫМ. Сенің өмір сүрген уақытыңды сағындым, сенің жамағаттың ортасында айтатын өсиеттеріңді сағындым, Сенің көркем мінезіңді сағындым...

🍂 Я, РасулАлла ﷺ, мен сені көзіммен көре алмадым. Тек сен жайлы естіп, кітаптардан ғана оқи аламын. Сол кездегі сезімім өзіме бағынбай кетеді білесің бе? Кейде неге сенің уақытыңда өмір сүрмедім, неге сенің нұр шашқан жүзіңді көре алмадым, сен сахабалардың ортасында отырып жай ғана нұрлы жүзіңмен күлімдегеніңде, айналаңда шуласып отырған жандардың әрқайсысына «Пайғамбарым ﷺ маған жымиды, тек маған ғана жымиды» - деп ерекше сезімді сезінгендеріндей, неге менде сезіне алмадым деген ой келетін сәттер болады. Сол мезетте Аллаһым әр нәрсені өз уақытында және хайырлы уақытында жібереді дегенді есіме аламын да, тыпыршыған жанымды тыныштандырамын. Менің бұлай өкінетін себебім, мүмкін қазіргідей күнәға батпас па едік деген арманым ғана...

🍂 Я, РасулАлла ﷺ, сені өте, өте қатты сағындым. Қоштасу құтпасын тыңдығанда жаным жай таппай кетеді. Неге ең соңғы болып болса да өзіңнің нұрланған мүбарак мөріңді сүйіп қалмадым екен деп, іштей қатты налимын. Себебі сені мен махшар алаңында көре алмаймын ба деп қатты уайым шегемін. Осы үшін қатты қорқамын...

🍂 Я, Расул Алла ﷺ, біздегі иман - аптап ыстық күнде белгісіз жақтан жәй ғана есіп өткен жел іспетті. Аптап ыстық ол біздің нәпсіміз. Сол нәпсімізге кей сәттері ғана «Ей, нәпсі, қой енді, Раббыңнан қорық»-деп, тыйым салатын болып кеттік. Міне, осы жәй ғана тыйымның қадірі – жаңағы жанды рахаттандыратын желдей ғана. Себебі сен қапырық ыстықта тек қана қоңыр салқынды қалайсың. Бірақ, мұндай сәттер жиі болмайды. Біздің жағдайымызда көбіне осындай болып барады... Бұл да жанымды жегідей жеп жарады.

🍂 Я, РасулАлла ﷺ, кейде терең ойға түсіп кететін кездерім жиі болып жүр. Егерде сен біздің қазіргі хәлімізді көрсең қатты қиналып қаласың ғой деген ой түйдім. Сен сол кезде-ақ Үмметіңнің жағдайына алаңдадың, тіпті, сол уайымнан көзіңе жас алдың ғой. Ал біз ше...? Біз не істеп жүрміз? Әлемдердің Раббысы:
«Я, Мұхаммед, ﷺ: Егер сен болмағанда бұл әлемді жаратпас едім» -деген махаббатына бөленген Алланың Расулының аққан бір тамшы көз жасына лайықпыз ба?..

🍂 Я, РасулАлла ﷺ, сен бізге әр нәрсені «Бисмиллаһ» пен бастаңдар деп өсиет еттің. Ал біз не істедік? Тіпті, Ұлы Раббымыздың нәсіп еткен алдымыздағы асымызға да «Бисмиллаһ» деп айтуды естен шығарып ала береміз. Осындай сансыз нығыметке бөлеп тұрған , бізді мезгіл-мезгілімен тамақтандырып, ашықтырмаған кезінде Аллаға мақтау айтуды естен шығарып ала бергенде, ұлы істерде не болмақпыз....

🍂 Я, РасулАлла ﷺ, сен біз үшін көп қиналдың ғой... Біз қазір анамыз астымызға бір қабат салса, бұған жата алмаймын, екі-үш қабат салыңыз деп қиқуланамыз. Ал сен, сен екі қабат түгілі жәй ғана бір көрпешеге де жата алмадың ғой. Тек болмашы бір шиге ғана жаттың. Оның арқаңа батқаны соншалық, тіпті, іздері тұрып қалыпты. Неге бұлай болды? Неге сен бұлай қиналдың? Біз өзіңе лайық үммет болып жатырмыз ба?..

🍂 Я, РасулАлла ﷺ, біз асты таңдап жейтін болдық. Мынаны жемеймін, мына нан қатып қалған, ананы жеймін деп тым шектен шықтық. Ал сен ше?.. Сен тым құрығанда бір күн тойып тамақтанбадың ғой? Осыларды ойлағанда...

🍂 Я, РасулАлла ﷺ, сен бір күні мешітте отырғаныңда бір кісінің оқыған намазын үш рет қайтадан оқы, намазың дұрыс болмады дедің. Сол кезде ішімді өртеген беймаза күш еріксіз көзімнен жас тамғызды. Сол кезде, егер сен біздің оқып жүрген намазымызды көрсең нендей күйде болар екенсің деп қатты қысылдым.
🍂 Я, РасулАлла ﷺ, сен бекер уайым кешпепсің... Бірақ, бізді дәл қазіргі күйіміздегідей болады деп ойламаған боларсың деп ой түйдім... РасулАлла ﷺ, мен сені қатты көргім келеді. Ақыретте өзіңмен бірге болуды қатты, өте қатты армандаймын. Бірак, соған лайықты бола алмай жүрмін...

🍂 Бұл дүниенін жалғанын біле тұрсақта, әйтеуір бір етегін ұстап қалғымыз келетіні айтпасақта белгілі. Ұлы Алланың алдындағы есебімізде анасы баласынан қашатын сәт болады. Сол сәтте бізге елеңдеп, Алланың алдына біз үшін сәждеге жығылып, кешірім тілейтін тек сен ﷺ екенсің... Бұл жағдайдан кейін мен сөзімді жалғастыра алмаймын... Бұл сезімді мың параққа жазсақ та жеткізе алмаспыз, ешқашан.

Айтарым, мен бір жанды ғана шынайы жақсы көремін. Ол жан біз үшін қаншама жылдар қиналды. Ішерге асы, киерге киімі болмаған сәттері өте көп болды. Біз үшін түн ұйқысын сансыз бөліп, көз жасын төкті, біз үшін Алладан кешірім сұрап, жалбарынды. Осындай қиындықпен 63 жыл өмірі аяқталды...

Мен енді, тіпті, не айтарымды да білмеймін.... Сені лайықты түрде жақсы көре алмаған, лайықты түрде артыңнан ере алмаған, лайықты үммет бола алмаған мына бізді кешір...

🍁Вк парақшасынан
📌Бірде Мәлик ибн Миғуал үйінде жалғыз мінәжат етіп жатқан кезінде "жалғызсырамайсың ба?" деп сұрағанында:
"Аллаһпен бірге болған адам жалғызсырай ма?!" деп жауап қатқан екен.

📓[жамиғ әл ъулум ва хикам]
136 бет
Forwarded from اقرأ
📜Бірде Амр ибн әл-Ас (Аллаһ оған разы болсын) зират жақтан көзін алмай ұзақ қарап тұрады да, көлігінен түсіп, үйіне кіріп екі ракағат намаз оқиды. Сонда оған серіктері: «Бұрын бұлай істемейтін едің ғой?» – дейді, сонда Амр: «Қабір иелерін және олардың ғибадатқа қолдары жетпей тұрғандарын еске алдым, сөйтіп Аллаһқа сол екеуі арқылы жақындауды жөн көрдім», – дейді.

📚қабір азабы
Forwarded from Білім жайлы бір ауыз...
Бірде Ахмад ибн Ханбал имам Шафиғиды зиярат етіп келеді, ал имам Шафиғи болса өз ауылынан шығып, шәкірттерімен, сол заманның үлкен ғалымы болған өзінің теңдессіз шәкіртін күтіп алуға шығады. Сонымен имам Ахмад имам Шафиғидың үйінде қонақ болып бірнеше күнге қалады. Имам Шафиғидың қызы оларға ас әзірлеп беретін. Ол тамақтанып болған соң оған жатын бөлмені көрсетеді. Имам Шафиғи үйінде үнемі имам Ахмадты мақтайтын болған: « Ол менің керемет шәкіртім, ол өз заманының теңдессіз ғалымы болды, мен онымен мақтанамын». Өзінің қызынада осылайша мақтап айтатын. Таң намазынан соң имам Шафиғи үйіне келген кезде қызы былай деді: «Әке, сен шәкіртіңді мақтайсың. Бірақ мен оны сондай дәрежеге көтермес едім. Менің ойымша сен қателескен сияқтысың». Ол болса былай деп сұрады: «Неге?» «Менде үш дәлел бар: Біріншіден, ол көп тамақ жейді. Мен бұрын- соңды ол секілді көп тамақ жеген адамды көрмедім. Ұлы адамдар көп тамақ жемейді. Екіншіден, мен оған төсек салып бердім де, түнгі намазға арнап қасына дәрет су дәрет су қойдым. Сіздер таң намазына мешітке кеткенде судың сол қалпында тұрғанын көрдім. Ол тіпті түнгі намазын да оқымаған. Үшіншіден, ол тіпті таң намазын да дәретсіз оқыған болып тұр. Оны үлкен имам деп қалайша атайсың? Таң намазынан соң имам Шафиғи имам Ахмадқа былай дейді: «Саған не болған? Мен саған еш күмәнданбаймын. Бірақ менің қызым шағымдануда». Сонда имам Ахмад былай дейді: «Мәселе былай: Біріншісі, ол тамақтан. Мен бұрын- соңды мұндай берекелі тамақ жеп көрмегенмін. Бұл асты әзірлеген адам Құран оқыған болу керек, себебі бұл тамақта соншама нұр болды. Сондықтан да бұл ас берекелі болып, мен оны жеп қойдым, әдетте мен аз жейтінмін. Екіншіден, бұл тамақтың берекесінен мен түні бойы ұйықтамадым да дәрет алуға қажеттілік болмады. Мен түнгі намазымды оқымадым, себебі түні бойы Құран мен Сүннеттен Исламның заңдарын үйрендім. Олар менің санама өз- өзінен келіп жатты. Осы тамақтың берекесі менің жүрегім мен санамды оятты. Үшіншіден, мен дәрет алмадым, себебі таңғы себебі таңғы намазымды түндегі дәретіммен оқыған едім. Осыдан соң имам Шафиғи былай деді: «Көрдің бе, қызым. Мұның сыры осында». Ал ол жеген асты имамның қызы әзірлеген болатын. Тамақты Алланы зікір етіп жүріп әзірлеген имам Шафиғидың қызы еді.Демек жарыңызды оңаша қалдырып қана қоймай ілімге құштарлығы мен зейінін ашуға сіз әзірлеген тағам да әсер ететінін ұмытпаңыз🥀
Керемет дұға

اللهم إنى مغفرتك أوسع من ذنوبنا
Я, Алла расында сенің кешірімің күнәмыздан басым.

و إنى رحمتك أرجى عندنا من أعمالنا
Я, Алла мейірімің біздің амалымыздан басым.

اللهم لا تكلنا إلى أنفسنا يا رب العالمين
Я, Алла бізді өзімізге бір сәтке де қалдырма

اللهم اغفرلنا و لوالدينا
Я, Алла бізді және ата-анамызды кешір

و لإولادنا و لزوجاتنا
Балаларымызды және жарларымызды

و للمسلمين الأحياء منهم والأموات
Тірі және дүниеден өткен мұсылмандарды кешір.

اللهم هذه أيدينا قد رفعت إليك
Я, Алла саған қолымызды жайдық.

و هذه وجوهنا قد نصبت إلى وجهك
Жүзімізді саған бұрдық.

يا أكرم الأكرمين
Құрметтілердің құрметтісі

و هذه قلوبنا قد أنابت إليك
Жүрегіміз саған тәубе етеді.

و هذه جباهنا قد سجدت لك
Маңдайымыз саған сәжде етеді

و المنة لك يا أكرم الأكرمين
Құрметтілердің құрметтісі❤️