АСЫЛ НАСИХАТШЫ
734 subscribers
493 photos
89 videos
38 files
171 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه: من كثر كلامه كثر سقطه.
"Сөзі көбейген кісінің кемшілігі де көбейе түседі". Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)
«Адам досының дінінде болады. (Яғни сол сияқты ойланып, мінезі соның мінезіне ұқсап кетеді.) Олай болса әркім өзінің кіммен дос екеніне көңіл аударсын», – деген (Әбу Дәуд, Әдеп, 19)
Өмірдің мақсаты — үлгілі құл болып өмір сүру және ізгі адам болып,жан тапсыру.Сірә,мақсат Аллаһ Тағаланың адамзатқа сыйлаған Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) сыпайы әрі сезімтал өмірінен үлгі алып,терең,нәзік,сезімтал құл бола білу
(с) Ақтық дем кітабынан үзінді
Адам баласы өмірінде талай рет өліммен кездеседі.Басынан өткен аурулар,күтпеген оқиғалар,туындаған пәлекеттер,өмірде әр сәт орын алады.Бірақ адамның ғапылдығы мен әлсіздігі себебінен көбінесе бейхабар болатын қаншама өмірлік қауіп-қатерлер өлім мен өмір арасындағы бір нәзік перде бар екендігін көрсетпей ме?

«Ақтық дем» кітабынан үзінді
قال عمر بن الخطاب لا يقعد أحدكم عن طلب الرزق ويقول اللهم ارزقني فقد علمتم أن السماء لا تمطر ذهبًا ولا فضة.
«Сендердің ешбірің «Аллаһым! Маған ырыздығымды нәсіп ет!» деп дұға етіп, ризық іздемей (үйде) отырып қалмасын. Өздерің де аспанның алтын да, күміс те жаудырмайтындығын білесіңдер ғой!
Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)
(Уа, Мұхаммед): Аллаһ тағаланың саған бұйырғанындай әрдайым тура жолда бол және сенімен бірге тәубе еткендер де тура жолда болсын. Шектен шықпаңдар. Расында, Аллаһ не істеп, не қойып жатқандарыңды көріп бақылауда»

(«Һуд» сүресі, 112-аят).
Жәбирден (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһтың құлдарынан кім қандай күйде (іс үстінде) жан тапсырса, ақыретте дәл солай қайта тіріледі», – деп айтты» – делінген

(Муслим, жәнна 83)
Forwarded from الشمائل المحمدية
Әссәләму'Әлейкум уа рахматуллаһи уа бәрәкә туһу Құрметтілерім

Алла қаласа алдағы сәрсенбі күні Имам Тирмизидің ( Рахимахуллаһ ) "الشمائل المحمدية" кітабынан кезекті пайдалы дәрістерімізді бастаймыз

Барынша таратайық...
📢📢📢
Forwarded from خاطر الفلان
🔴 Тегін 🔴

🔴 Осы жерге басып тіркеле аласыздар
https://t.me/joinchat/AAAAAFOEiFBcZQ3yyHTZzQ

Барлығы қатыса алады
«Мүміндердің ішіне арсыздықты (күнә істерді) жаюға жаны құштар адамдар бұл дүниеде де, ақыретте де тым ауыр азапқа ұшырайды»

(«Нұр» сүресі, 19-аят).
Бір кісі мешітке кіріп намазды өте қысқа оқиды. Оны біреу байқап қалып: "Мынау не қылған намаз?" деп сұрайды. Ол кідірместен: "Бұл намаз, риясы жоқ намаз" деп жауап берген екен.
قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه : "لا خير فى قوم ليسوا بناصحين ولا خير فى قوم لا يحبون الناصحين".
"Насихатшы болмаған елде қайыр жоқ. Насихатшыларды жақсы көрмейтін елде де қайыр жоқ". Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)