АСЫЛ НАСИХАТШЫ
739 subscribers
493 photos
89 videos
38 files
171 links
https://instagram.com/asyl_nasikhat?igshid=YmMyMTA2M2Y= инста-парақшасының Telegram-дағы ресми каналы!
Қош келдіңіз!
Download Telegram
"Жасымызға бір жыл
Қосылған сайын ғұмырымыз қысқарады. Ажал жақындай
түседі. Келесі мәңгі өмір келеді."

Али Тантауи рахимаһулла
Forwarded from Khanifa
Мой успех только от Аллаха!
(11:88)

Сіздің де
Forwarded from Khanifa
Сағындық Сені я Расул Алла…🥺
Елімізде алғаш рет УМРА Сапары + Дубай қаласына тур 🇦🇪.

Миллиондаған туристтердің сүйікті мегаполисіне айналған Дубай қаласына тур жасай отырып Умра сапарына жол тартамыз ✈️.

Дубай қаласынан кейінгі локациямыз миқат аймағы болып саналатын, ислами құндылыққа, бау- бақшамен, мол жеміс- жидегімен аты шыққан жасыл желекті мекен Таиф қаласы

Рухани өзгеріспен, сан мыңдаған сауапқа толы сапарымызға тіркеліп үлгеріңіздер.
Орындар тым шектеулі 📌
Ұшу : Алматы қаласынан ✈️
Бағасы және тіркелу:
📞+7 700 442 0000
Forwarded from Khanifa
Тәәәк, қыздарики🔥.
Мұнда тіркеліп алыңыздар, барынша тиімді бағадағы турлар мен Умра сапары.

https://t.me/qyzmetsayahat
https://t.me/qyzmetsayahat
https://t.me/qyzmetsayahat
Forwarded from Khanifa
Бүгін қасиетті Рәжәб айының алғашқы жұма түні. Бұл түнді асыл дінімізде Рағайып түні деп атайды. Дұға-тілектер қабыл болуының ықтимадылығы жоғары болғандықтан "арман, тілек" мағынасын білдіретін "Рағайып" (رغائب) атауымен аталған.

Алла Елшісінен ﷺ жеткен хадисте:

«Мына бес түнде жасалған дұғалар кері қайтарылмай қабыл болады. Олар: рағайып түні, шағбанның он бесінші түні, жұманың түнінде, ораза және құрбан айттың түндерінде» (Ибн Асакир, Мухтарлул-хадис, 73)

Сондықтан бұл түнде құлшылықпен өткізу сауапты іс болмақ. Осы түні төмендегі амалдарды атқарсаңыз болады.

1) Алланы зікір ету
2) Истиғфар айту
3) Көбірек салауат айту
4) Құран оқу
5) Дұға жасау
6) Тәубе ету
7) Қаза намаз бен нәпіл намаз оқу т.б.

Осы орайда ескерте кету керек бір дүние, кейбір жандар 12 рәкәттан тұратын "Рағайып намазын" оқуды насихаттап, әлдебір хадистерді таратып жүреді. Мұның бәрі негізсіз, жалған, дінге енген бидғат болып табылады.

Ханафи мәзхабының белгілі ғалымы ибн Нуджейм әл-Мисри әл-Ханафи "әл-Мәусуат әл-фиқһия" 22/262 кітабында айтады:

"Ханафи және Шафиғи мәзхабының имамдары Рәжәб айының алғашқы жұма түнінде оқылатын Рағайып намазы мен Шағбан айының ортасында белгілі бір рәкәттардан тұратын арнайы намаз түрін оқуды "қайтарылған бидғат" екендігін бекіткен".

Алла Тағала Рағайып түні жасаған құлшылықтарымызды қабыл еткей!

✍️ Әзірлеген: @mihrab_kz
Forwarded from Жазушы - كاتب
Ертеңгі күнге кейбіреулері «свидания» күтіп жүрсе, біреулер кітап күтеді.
Әсіресе мен десең иәә)😅

14-ақпан - кітап сыйлау күні 📚
Forwarded from Khanifa
Бүгін бұйырса МИҒРАЖ ТҮНІ жақсыларым🔥
Forwarded from Khanifa
1. Уа, қалағанын жарататын,
2. Уа, қалағанын жасайтын,
3. Уа, қалағанын тура жолға салатын,
4. Уа, қалағанын тура жолдан адастыратын,
5. Уа, қалағанын кешіретін,
6. Уа, қалағанын азаптайтын,
7. Уа, қалаған құлының тәубесін қабылдайтын,
8. Уа, ана жатырындағы сәбиді қалаған пішінде жарататын,
9. Уа, қалаған адамының қабілеті мен нығметтерін қалауынша арттыратын,
10. Уа, қалағанына ракымдылығын сыйлайтын Раббым!


Я, АЛЛАМ!
Сен ұлықсың! Сенен басқа Құдай жоқ! Тек Сенен ғана жәрдем тілейміз! Бізді тозақ отынан сақтай гөр!
Әмин🤲🏻🥺
Forwarded from Khanifa
Forwarded from Khanifa
Бүгін шарапаты мол Шағбан айының алғашқы күні, сондай - ақ қасиетті Рамазан айына да санаулы уақыттар қалыпты тура 30 күн.
Forwarded from Khanifa
Биылғы жылдың Бараат түні 6 наурыздан 7 наурызға қараған түн (яғни, ертең бұйырса)
Forwarded from Khanifa
Уа Аллаһым!
оразамызды күнәдан, намазымызды риядан, садақамызды міндет қылудан сақта!
🤲🏻
Сіз музыкадан тыныштық табамын деп ойлайсыз. Бірақ, музыканың сізді одан
сайын мазасыздандырып, сапасыз азықпен
рухыңызды улап, әлсіретіп жатқанын байқамайсыз да.
«Ендеше, біліңдер, жүректер - Алланы еске алумен ғана тыныштық табады»

(Рад суресі, 28-аят)