Орамалым-Қорғаным #2 лек ❤️
89 subscribers
60 photos
2 videos
3 files
7 links
Осы жердегі "Обсуждение" бөлімін басып, чатқа қосылып алсаңыздар болады, немесе осы жазбаға пікір жазу арқылы да чатқа қосылып ала аласыздар. Бұл міндетті, себебі сол жақтан мен сіздердің жұмыстарыңызды тексеріп, көре алатын боламын!
Download Telegram
Forwarded from Орамалым—Қорғаным (Жансая Ерболат)
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух, Арулар! Бүгінгі өтетін тақырыбымыз—Алла жолында табанды болып, нық тұру әрі Аллаға толық тәуекел етуді үйрену!

1-ші тапсырма: Сіздер үшін маңызды сабақ болғалы жатыр, ең біріншіден бүгінгі жіберген аудио, видеоларды қарап, тыңдап, мәтіндерді толық оқып шығыңыздар. Толық танысып болған соң осы оқиғалардан қандай ой түйгендеріңізді осы жазбаның пікіріне жазып кетіңіздер⬇️
2-ші тапсырма. Төменде берілген зікірді күні бойы 100 рет оқу (элетронды тасбихпен жасап санасаңыздар болады, кейін суретке түсіріп, чатқа да жіберіп қойыңыздар. Не болмаса zikrmatik қосымшасын жазып алып, сол арқылы санасаңыздар болады. Барынша шын жүрекпен оқу шарт, тез 100-ге жетіп аяқтап тастауға асықпаңыздар! (Егер хайыз болса, зікірді дәретсіз жасай берсеңіздер болады)

3-ші тапсырма. Дәрет алып, таза жерге отырып (ең абзалы намаздан соң немесе Құран оқып, не зікір айтып болған соң) дұға ету. Дұғаны Аллаға мадақтармен бастап, Пайғамбарға ﷺ салауаттар жолдап, содан соң өз тілектеріңізді айтумен жалғастырыңыз. Дұғаны өзіңізге ғана тілеп қоймай, осы тобымызға тіркеліп, орамалға ниет еткен аруларымыз үшін де дұға етіңіз. Жамағатпен жасалған дұғаның қабыл болу мүмкіндігі көп!
(Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)

Жоғарыдағы танысу жазбасының астында арулар өз аты-жөндерін қалдырып кеткен, сол аты-жөндері бойынша әрқайсысын атап отырып дұға етіңіздер, шын ықыласпен! 😍

Оның маңызы неде десеңіз, сіз өзіңіз армандаған, ұмтылған нәрсені өзіңізге ғана сұрап қоймай, бауырыңыз үшін де сұрасаңыз, Мейірімді Раббымыз оны сізге де, оған да хайырлы түрде нәсіп етеді! Және мұсылман бауырыңыз үшін жасырын түрде дұға еткеніңіз үшін періштелер "Әмин, саған да соны тілейміз!" дейді екен! Дұға жасау мысалын төменге салып қойдым⬇️

Тапсырмалар орындалған соң отчётті қалай жасау керектігін білесіздер
Сіздерге сенемін, Алла жар болғай! 😘
Forwarded from Орамалым—Қорғаным (Жансая Ерболат)
Осы суреттегі зікірді 100 рет айтасыздар. Екінші суреттегі қазақша мағынасы сіздер түсінулеріңіз үшін, зікір еткенде 1-ші суреттегі транскрипциясымен айта беріңіздер
Бұл соңғы 5-ші күніміздің тапсырмасы еді, ертең 23:00-ге дейін орындап жібере қойыңыздар😘
Алла қаласа Жұма-Сенбі күндері марафонның 10 жеңімпаз аруын анықтайтын боламыз! Әрбір тапсырманың уақытылы, дұрыс орындалуы есепке алынады🥰❤️
Ассаляму алейкум, асылдар❤️
Амансыздар ма?
Техникалық ақауларға және т.б мәселелерге байланысты жеңімпаз анықтау күнін кейінге шегергенімізді ескертпегеніміз үшін айып етпегейсіздер😘
Ассаламу алейкум уа рахматуллаһ баршаңызға! Қайырлы кеш, құрметті арулар! ❤️
Алланың қалауымен тапсырмаларды ұқыптылықпен, жауапкершілікпен 5 күн бойы орындаған жеңімпаз қыздарды анықтадық!
Осы парақша иегерлері марафонымыздың жеңімпаздары атанды, ин шәә Алла әрқайсысыңызға жекеңізге ертең өзіміз жазатын боламыз, күтіңіздер🥰

Барша атсалысып қатысқан қыздар, Алла разы болсын!
Қыздар, араларыңызда 5 күн тапсырмасын толық орындап, бірақ мына тізімге кірмей қалған жандар бар ма? Чатқа жаза қойсаңыздар
Сыйлыққа жеңімпаз аруларға осындай кимешектер жіберілетін болады ин шәә Алла 😍❤️