Орамалым-Қорғаным #2 лек ❤️
88 subscribers
60 photos
2 videos
3 files
7 links
Осы жердегі "Обсуждение" бөлімін басып, чатқа қосылып алсаңыздар болады, немесе осы жазбаға пікір жазу арқылы да чатқа қосылып ала аласыздар. Бұл міндетті, себебі сол жақтан мен сіздердің жұмыстарыңызды тексеріп, көре алатын боламын!
Download Telegram
Channel name was changed to «Орамалым-Қорғаным #2 лек»
Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Қалдарыңыз қалай?


Осы жердегі "Обсуждение" бөлімін басып, чатқа қосылып алсаңыздар болады, немесе осы жазбаға пікір жазу арқылы да чатқа қосылып ала аласыздар. Бұл міндетті, себебі сол жақтан мен сіздердің жұмыстарыңызды тексеріп, көре алатын боламын!


Маңызды:

1) Чатқа тек тақырыпқа қатысты сұрақ қоямыз (ақида, сира, фикх, т. б. діни сұрақтар қоймаймыз)

2) Сұрақ қояр алдында "Сұрасам болады ма? т. б. сияқты сөздер жазбай, өз мәселемізді 1 хатпен жазамыз мүмкіндігінше.

3) Өзге қатысушыларға құрметпен сөйлесу, тек жақсы сөз сөйлеу. Дөрекі, ерсіз артық сөздер айтуға болмайды.

4) Артық әңгімелер айтпау, тек тақырыпқа, жазбаларға қатысты.

Ғайбат, өсек, біреуді сыртынан жамандайтындай орта қалыптысырмауға тырысу.

5) Жөнсіз жарнама (реклама)-ға рұқсат жоқ!
Админстаторлардан рұқсат сұрау керек!


Екі админ: @zhannyn_sayasy_
(Қосымша): @zhureqtyn_nury
Осы көк хат бейнеленген батырманы басып, Обсужение чатына кіріп алыңыздар😘
Ассаламу алейкум, арулар, барлықтарыңызға қайырлы кеш! Алла қаласа ертең марафонның алғашқы күні, дайын болыңыздар! Алла жар болсын! ❤️
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ, Аруларым! Ал, Бисмиллях, бірден тапсырмаларға көшейік! ⬇️
(Тапсырмаларды ертең кешкі 22:00-ге дейін ғана қабылдаймыз, 24 сағаттарыңыз бар 😘)
Тапсырмалардың отчётін осы жазбалардың астына комментарий ретінде жібере беріңіздер.
Тапсырмалар:

1) Ниетті түзету! Кімнің разылығы үшін тағуға ниет еттіңіз, нақтылап алыңыз, Аллаға тәуекел етіп, тек дұға жасауды әдеттегіден де көбейтіңіз! Мысалы:
"Раббымның разылығы үшін орануға, бөтен көздерден өз сұлулығымды, арымды сақтап, сол арқылы Фирдаус Жәннәтына лайықты, Раббымның "Саған разымын!" деген құлдарының қатарынан болып, екі дүниеде де бақытқа, жақсылыққа қол жеткізуге ниет еттім!"

2) Желіде өз суретіңіз тұрған болса, өшіріп тастаңыз. Оның орнына табиғаттың, гүлдердің орамалды қыздардың суреттерін қойсаңыздар болады (айта кетер жайт, орамалды қыздың түрі көрінбеген дұрыс, мүмкіндігінше артқа қарап тұрған, телефон, гүл ұстап тұрған қызды қоюға болады, немесе мен салған суреттерден біреуін алып, соны қойсаңыздар болады)

3) Пайдасыз, Исламға қатысы жоқ блогерлер мен парақшалардан отписка жасау (олар сізге әсер етеді! Олардың уақытша "рахаттарына" қызығып сіз де солар сияқты болуға, солай киінуге, солай ойлауға талпынып, бейсаналы түрде оларға ұқсап бастайсыз)
Ал біздер шын мәнінде кімге ұқсауымыз керек? Осы сұрақты өзіңізге қойып, жауабын таба аласыз.

4) Дәрет алып, таза жерге отырып (ең абзалы намаздан соң немесе Құран оқып, не зікір айтып болған соң) дұға ету. Дұғаны Аллаға мадақтармен бастап, Пайғамбарға ﷺ салауаттар жолдап, содан соң өз тілектеріңізді айтумен жалғастырыңыз. Дұғаны өзіңізге ғана тілеп қоймай, осы тобымызға тіркеліп, орамалға ниет еткен аруларымыз үшін де дұға етіңіз.

Оның маңызы неде десеңіз, сіз өзіңіз армандаған, ұмтылған нәрсені өзіңізге ғана сұрап қоймай, бауырыңыз үшін де сұрасаңыз, Мейірімді Раббымыз оны сізге де, оған да хайырлы түрде нәсіп етеді! Және мұсылман бауырыңыз үшін жасырын түрде дұға еткеніңіз үшін періштелер "Әмин, саған да соны тілейміз!" дейді екен! Дұға жасау мысалын төменге салып қойдым⬇️

5) Төмендегі жіберілген кітаптан үзінді беттерді оқып шығып, қажетті жерлерін дәптерге жазып алу, чатқа фотоотчёт жіберу.

Тапсырмаларды орындап болған соң осы жазбаның астына мына үлгіде отчёт жазасыздар:
1-ші тапсырма: ✔️ (Ниетті түзеттім)
2-ші тапсырма: ✔️ (желіден өшірдім, немесе желіде суретім жоқ)
3-ші тапсырма: ✔️ (Пайдасыз блогерлерге емес, Алланың разылығына ұмтылған Хадиша, Айша, аналарымызға ұқсағым келеді (өз нұсқаңызда))
4-ші тапсырма: ✔️ (Дұға жасадым)
5-ші тапсырма: ✔️ (Оқып шықтым, керекті жерлерін жазып алдым + жазғандарыңыздың суретін жібересіздер)