Орамалым-Қорғаным #2 лек ❤️
89 subscribers
60 photos
2 videos
3 files
7 links
Осы жердегі "Обсуждение" бөлімін басып, чатқа қосылып алсаңыздар болады, немесе осы жазбаға пікір жазу арқылы да чатқа қосылып ала аласыздар. Бұл міндетті, себебі сол жақтан мен сіздердің жұмыстарыңызды тексеріп, көре алатын боламын!
Download Telegram
بِسْمِ اللَّـهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ, арулар! 3-ші күніміздің тапсырмалары:

1-ші тапсырма. Төменде берілген дұғаны күні бойы 100 рет оқу (элеkтронды тасбихпен жасап санасаңыздар болады, кейін суретке түсіріп, чатқа да жіберіп қойыңыздар. Не болмаса zikrmatik қосымшасын жазып алып, сол арқылы санасаңыздар болады. Барынша шын жүрекпен оқу- шарт, тез 100-ге жетіп аяқтап тастауға асықпаңыздар! (Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)

2-ші тапсырма. Төменде жіберілген кітапты оқып шығып, түсінгеніңізді осы жазбаның астындағы пікірге жазып кету, немесе дәптерге жазып, фотоотчёт жіберу. Бар-жоғы 20 беттей кітап, өте жеңіл оқылады!

3-ші тапсырма. Дәрет алып, таза жерге отырып (ең абзалы намаздан соң немесе Құран оқып, не зікір айтып болған соң) дұға ету. Дұғаны Аллаға мадақтармен бастап, Пайғамбарға ﷺ салауаттар жолдап, содан соң өз тілектеріңізді айтумен жалғастырыңыз. Дұғаны өзіңізге ғана тілеп қоймай, осы тобымызға тіркеліп, орамалға ниет еткен аруларымыз үшін де дұға етіңіз. Жамағатпен жасалған дұғаның қабыл болу мүмкіндігі көп!
(Егер хайыз болса, дұғаны дәретсіз жасай берсеңіздер болады)

Оның маңызы неде десеңіз, сіз өзіңіз армандаған, ұмтылған нәрсені өзіңізге ғана сұрап қоймай, бауырыңыз үшін де сұрасаңыз, Мейірімді Раббымыз оны сізге де, оған да хайырлы түрде нәсіп етеді! Және мұсылман бауырыңыз үшін жасырын түрде дұға еткеніңіз үшін періштелер "Әмин, саған да соны тілейміз!" дейді екен! Дұға жасау мысалын төменге салып қойдым⬇️

Тапсырмаларды орындап болған соң осы жазбаның астына мына үлгіде отчёт жазасыздар:
1-ші тапсырма: ✔️ (Дұға 100 рет+фотоотчёт)
2-ші тапсырма: ✔️ (Кітапты оқып шықтым, менің түсінгендерім:
......... өз түсінгендеріңізді)
3-ші тапсырма: ✔️ (Дұға жасадым)
Осы кітапты оқисыздар (2-ші тапсырма бойынша) ⬆️
2-ші тапсырма бойынша кітаптан түсінгендеріңізді жазу міндетті. Кейін дәптерден суретке түсіріп осында жібересіздер.
[Немесе телефондағы заметкие-ге жазып, соны жіберсеңіздер болады]
Дұға жасау мысалы
Дәрет алып, ниетті түзетіп алады да, былай дейді:
"Ия, Ар-Рахман, ия, Ар-Рахим, Ия, Әлим! Уа шексіз Мейірімді Раббым, барлық мақтау-мадақтан бір Өзіңе тән! Ия, Раббым, менің әрі бүкіл әлемдердің Жаратушысы, Ия, Мейірімділердің мейірімдісі, Естуші әрі Көруші! Ия, Аса әділ, дұғаларды қабыл етуші Раббым, менің жүрегімдегі шынайы ниетті Өзің көріп тұрсың! Ия, Раббым Өзіңнің сүйікті құлың Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ және оның отбасы мен сахабаларына рахым ете гөр, әрі оның үмметіне жар бола гөр!
Ия, Рабби, сен бізге деген ұлы махаббатыңның, шексіз мейірімің арқылы жүректерімізді Исламға қарай, Өзіңе қарай бұрдың, біздерді иман етушілердің қатарынан еттің. Ия, Жаратушым, ендігі кезекте сенен жүрегіме мықты иман, Өзіңе деген шексіз махаббат сұраймын, әрі Саған деген құлшылықтарымды, парыздарымды толық орындағым келеді. Ия, Рабби, менің жағдайымды, менің қиыншылықтарымды бәрінен жақсы Сен ғана білесің! Сол қиындықтарды жеңілдетуіңді сұрап, саған деген құлшылықтарымды шынайы ықыласпен толық орындауымды нәсіп еткейсің! Менің намазыма, орамалыма қарсылық танытып жанқан жандардың жүректерін жұмсартып, Исламға қарай бұрғайсың! Ия, Раббым, мен шынайы Өзіңнің разылығыңды іздеп намаз оқуға, орануға ниет еттім. Өзімді бұл жалған дүниедегі арсыздықтар мен жамандықтардан алыстатып, ең жақсы үлгіде өмір сүру үшін, әуретімді жауып, тек ең жақын, ең сенімді жандарыма бар сұлулығымды көрсете алу үшін, болашақ жарымның алдында сүйкімді де абыройлы, әдемі болуым үшін, өзімнен кейін салиқалы ұрпақтар қалдырып, басқаларға да үлгі бола білу үшін орануға ниет еттім! Ия, Рабби, ниетімді қабыл етіп, мені де тезірек бұл бақытқа жеткізе көр! Өзіңнің разылығыңды алушылардың қатарынан ете гөр!
Ия, Аса Мейрімді, ерекше Рахымды Раббым, менен бөлек қаншама құлдарың да оранып, намаздарын шын ықыласпен оқуды ниет етіп жатыр, оларға да Өзің жар болғайсың!
(Осы жерде қыздардың аты-жөндерін оқып шықсаңыздар болады, Мысалыға: Ерболатқызы Жансаяға, Баянқызы Айдынға, тағы сол сияқты)
Дұғаны тек құр сөзбен оқып беріп емес, шын жүрекпен жасаңыздар, жақсы ма?
3-ші күн тапсырмаларын ертең кешкі 22:00-ге дейін қабылдаймыз!
Арулар және де білімдерімізді сынау үшін кешегі айтқандай сұрақ-жауап орындап жіберсек?)

Қыздар, тесттегі сұрақтар мен жіберген видеодан алынатын болады. Жауаптардың аса бір маңызы жоқ. Тек өз-өздеріңізді тексеру үшін. 😊
Forwarded from Орамалым- Асыл тәжім!👑 (Айзада Габиткызы)
Бейнероликтегі мына аят жолдары қай сүреде кездеседі? “Мүмін әйелдерге де айт: харамға көз салмасын...”
Anonymous Quiz
18%
Нахл сүресі, 32 аят
77%
Нұр сүресі, 31 аят
5%
Нәмл сүресі, 3 аят