Орамалым-Қорғаным #2 лек ❤️
89 subscribers
60 photos
2 videos
3 files
7 links
Осы жердегі "Обсуждение" бөлімін басып, чатқа қосылып алсаңыздар болады, немесе осы жазбаға пікір жазу арқылы да чатқа қосылып ала аласыздар. Бұл міндетті, себебі сол жақтан мен сіздердің жұмыстарыңызды тексеріп, көре алатын боламын!
Download Telegram
2-ші тапсырма бойынша кітаптан түсінгендеріңізді жазу міндетті. Кейін дәптерден суретке түсіріп осында жібересіздер.
[Немесе телефондағы заметкие-ге жазып, соны жіберсеңіздер болады]
Дұға жасау мысалы
Дәрет алып, ниетті түзетіп алады да, былай дейді:
"Ия, Ар-Рахман, ия, Ар-Рахим, Ия, Әлим! Уа шексіз Мейірімді Раббым, барлық мақтау-мадақтан бір Өзіңе тән! Ия, Раббым, менің әрі бүкіл әлемдердің Жаратушысы, Ия, Мейірімділердің мейірімдісі, Естуші әрі Көруші! Ия, Аса әділ, дұғаларды қабыл етуші Раббым, менің жүрегімдегі шынайы ниетті Өзің көріп тұрсың! Ия, Раббым Өзіңнің сүйікті құлың Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ және оның отбасы мен сахабаларына рахым ете гөр, әрі оның үмметіне жар бола гөр!
Ия, Рабби, сен бізге деген ұлы махаббатыңның, шексіз мейірімің арқылы жүректерімізді Исламға қарай, Өзіңе қарай бұрдың, біздерді иман етушілердің қатарынан еттің. Ия, Жаратушым, ендігі кезекте сенен жүрегіме мықты иман, Өзіңе деген шексіз махаббат сұраймын, әрі Саған деген құлшылықтарымды, парыздарымды толық орындағым келеді. Ия, Рабби, менің жағдайымды, менің қиыншылықтарымды бәрінен жақсы Сен ғана білесің! Сол қиындықтарды жеңілдетуіңді сұрап, саған деген құлшылықтарымды шынайы ықыласпен толық орындауымды нәсіп еткейсің! Менің намазыма, орамалыма қарсылық танытып жанқан жандардың жүректерін жұмсартып, Исламға қарай бұрғайсың! Ия, Раббым, мен шынайы Өзіңнің разылығыңды іздеп намаз оқуға, орануға ниет еттім. Өзімді бұл жалған дүниедегі арсыздықтар мен жамандықтардан алыстатып, ең жақсы үлгіде өмір сүру үшін, әуретімді жауып, тек ең жақын, ең сенімді жандарыма бар сұлулығымды көрсете алу үшін, болашақ жарымның алдында сүйкімді де абыройлы, әдемі болуым үшін, өзімнен кейін салиқалы ұрпақтар қалдырып, басқаларға да үлгі бола білу үшін орануға ниет еттім! Ия, Рабби, ниетімді қабыл етіп, мені де тезірек бұл бақытқа жеткізе көр! Өзіңнің разылығыңды алушылардың қатарынан ете гөр!
Ия, Аса Мейрімді, ерекше Рахымды Раббым, менен бөлек қаншама құлдарың да оранып, намаздарын шын ықыласпен оқуды ниет етіп жатыр, оларға да Өзің жар болғайсың!
(Осы жерде қыздардың аты-жөндерін оқып шықсаңыздар болады, Мысалыға: Ерболатқызы Жансаяға, Баянқызы Айдынға, тағы сол сияқты)
Дұғаны тек құр сөзбен оқып беріп емес, шын жүрекпен жасаңыздар, жақсы ма?
3-ші күн тапсырмаларын ертең кешкі 22:00-ге дейін қабылдаймыз!
Арулар және де білімдерімізді сынау үшін кешегі айтқандай сұрақ-жауап орындап жіберсек?)

Қыздар, тесттегі сұрақтар мен жіберген видеодан алынатын болады. Жауаптардың аса бір маңызы жоқ. Тек өз-өздеріңізді тексеру үшін. 😊
Forwarded from Орамалым- Асыл тәжім!👑 (Айзада Габиткызы)
Бейнероликтегі мына аят жолдары қай сүреде кездеседі? “Мүмін әйелдерге де айт: харамға көз салмасын...”
Anonymous Quiz
18%
Нахл сүресі, 32 аят
77%
Нұр сүресі, 31 аят
5%
Нәмл сүресі, 3 аят
Forwarded from Орамалым- Асыл тәжім!👑 (Айзада Габиткызы)
Еріксіз көрінетін жерлер деп Ұстаз қай жерлерді атады?
Anonymous Quiz
26%
Жүзі мен алақаны
54%
Жүзі, алақаны, табаны
19%
Жүзі, алақаны тобығы
Forwarded from Орамалым- Асыл тәжім!👑 (Айзада Габиткызы)
Ұстазға аялдамадағы мас адамның не дегенін айтыңыз😅 (оқиғасынан)
Anonymous Quiz
31%
“Қарындас, орамал неге тағасыз?”
16%
“Қарындас, орамалыңыз әдемі екен?”
53%
“Қарындас, Жұма намаз қашан?”
Қосымша:

Құрметті ханымдар (арулар)!

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық. Оның жұбайлары олардың аналары» (Ахзаб, 6-аят) деп бұйырған.

Олай болса сол мүминдердің аналарын жақсы танимыз ба?

Танымасақ, онда мына сілтемелер арқылы өтіп, аналарымызбен таныса аласыздар!

Әйел сахабалардың өмірімен танысу не үшін маңызды?!
https://www.instagram.com/tv/CLwKTTeKl_h/?utm_source=ig_web_copy_link

1. Хадиша бинти Хуайлид (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CKEA_IcBe8i/?utm_source=ig_web_copy_link

2. Хз.Сәуда бинт Зәма' (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CKWBpFWBskG/?utm_source=ig_web_copy_link

3. Айша бинт Әбу Бәкір (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CKoFgbXFz2-/?utm_source=ig_web_copy_link

4. Хафса бинти Омар (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CK6I0DOKIVY/?utm_source=ig_web_copy_link

5. Зейнеб бинт Хузайма (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CLMGFI9F-c2/?utm_source=ig_web_copy_link

6. Хз. Үммү Сәләмә бинт Үмәййә (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CLeLynKlUj7/?utm_source=ig_web_copy_link

7. Зейнеб бинт Жахш (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CMUOYwLq9fB/?utm_source=ig_web_copy_link

8. Жуәйрия бинт Харис (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CMmOVnIqg68/?utm_source=ig_web_copy_link

9. Хз. Сафия бинт Хуийай (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CM4P6YjKjq7/?utm_source=ig_web_copy_link

10. Үммү Хабиба бинт Әбу Сүфиян (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CNKRlSPKBjL/?utm_source=ig_web_copy_link

11. Хз. Мәймуна бинту Харис (р.а.) https://www.instagram.com/tv/COkYP5lKojg/?utm_source=ig_web_copy_link

12. Мүминдердің анасы, Мысырлы Хз. Мария (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CO2a0KvKh2D/?utm_source=ig_web_copy_link

13. Хз. Райхана бинту Амр (р.а.) https://www.instagram.com/tv/CPIZLYtKXeU/?utm_source=ig_web_copy_link
🌸 4-ші күннің тапсырмасы

❤️ 1-тапсырма

Зікір (мақтау-мадақ)

Ең бірінші, осы күнге аман-есен, сау жеткізген Алла Тағалаға мақтау-мадақтау айтуымыз қажет.

"Әлхамдулилаһ", "Аллаһу Акбар" деп нәпсіңіз шыдағанша айтсаңыз болады.

Егер, сізде тәсбих болмаса, "zikirmatik" деп GOOGLE MARKET/APP STOR-ге жазсаңыз, зікір айтуға арналған приложения шығады 😇

❤️ 2-тапсырма

Дұға ету

Дұғаның үлгісін жіберемін, сол бойынша таза жерге отырып, дәрет алып, Алламен жақын сырласып, дұға үлгісі бойынша дұға оқысаңыздар болады🌹

❤️ 3-тапсырма

Қорытынды

Қазір мен жіберген қысқа мағыналы кітаптан түсінгеніңізді жазу (Қысқа болса да, түсінгеніңізді жазып жіберіңіз, аса ұзын қылудың да қажеті шамалы)