📚Пайдалы кітаптар
1.09K subscribers
49 photos
24 videos
63 links
Download Telegram
Forwarded from 📚HikmetTV
АПТАЛЫҚ АУДИО ЖӘНЕ ВИДЕО ӨНІМДЕР

Ассаламу алейкум, құрметті әріптестер!

«Хикмет» студиясының осы аптада әзірлеген аудио және видео өнімдерін қабыл алыңыздар. Студия 22-26 шілде аралығында 4 уағыз, 7 аудио кітап (жеке бөлімдерін), 1 телебағдарлама (Асыл арнаға), 3 радиохабар, 1 аудио дәріс, 3 танымдық аудио ролик, барлығы 19 өнім дайындап шығарды.

Бұдан бөлек студия қызметкерлері басқа да қосымша міндерттерді орындады.

Сілтеме: https://www.youtube.com/playlist?list=PLH3E0CLaC-sikY06GqblyIIUxiX58rdcw
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жұма күні «Кәһф» сүресін оқыса аяғының астынан көктің ернеуіне дейін нұр шашылып, қиямен күні оны жарықтандырады, Алла оның екі жұма арасындағы күнәларын кешіреді» деген (Әт-тарғиб уат-тарһиб). Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің әуелгі он аятын жаттаса, Дажжалдан (ақыретке жақын келетін бүлікшіл, суайт адам) сақталады» деген (Муслим). https://www.youtube.com/watch?v=eDwmwT1RyNk&lc=z22behqgoxmcce51m2hd0tip3a3zzjpjdkb3davnjj00u00c2
Абдусамат Қасым: "Ашура күнінің біз біле бермейтін сырлары көп..."

Сұхбаттасқан 
Ерболат Айтбайұлы

- Құрметті Абдусамат Қасым мырза! Қазір Хижра жыл санауы бойынша Мұхаррам айы екені белгілі. Бұл ай мұсылмандардың Меккеден Мәдина шаһарына қоныс аударғанымен тарихта қалды. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «...Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррам айын оразамен өткіз. Шынында, бұл ай – Алланың айы. Бұл айда, бір күн бар. Осы күні Алла тағала кей қауымның тәубесін қабыл етіп қойған болса, кейбір қауымның таубесін осы айда қабыл етеді»,-дейді. Осы ретте Ашура күнінің тарихын айта кетсеңіз?

 - «Ашура» сөзі араб тілінде «ъашара» он санынан шыққан. Мұхаррам айының оныншы күніне сай келгендіктен «Ашура», яғни, "оныншы күн" деген атау берілген. Ашура күнін қасиет тұту сонау жәһили (надандық) дәуірінен бастау алады. 
Ислам келмей тұрғанда да арабтар осы күні ораза ұстайтын. Осы күні Кағбаның жабуын ауыстыратын. Бұған Айша анамыздың мына сөзі дәлел. Айша анамыз былай дейді:

«Исламнан бұрын Құрайыш арабтары Ашура күні ораза ұстайтын. Пайғамбарымыз да сол кездері ораза ұстайтын тұғын. Ол (с.а.у.) Мәдина қаласына қоныс аударғанда өзгелерге де осы күні ораза ұстауды әмір етті. Кейінірек Рамазан оразасы парыз етілгеннен соң Ашура күні ораза ұстамайтын болды. Бұдан соң ол күнде қалағаны ораза ұстады, қаламағаны ұстамады». 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдина қаласына хижрет еткеннен кейін, қаланың байырғы тұрғындары Яхуди дініндегілердің де аталмыш күні ауыз бекіткенін көреді. Мұның себебін сұрағанда олар:
"Бұл күні Мұса пайғамбар және Исраил қауымы Перғауынның құлдығынан құтылып, Перғауын және оның ізбасарлары суға тұншықты. Осылайша перғауынның құлдығынан құтқарған Аллаға шүкір етіп, Мұса пайғамбар ораза ұстаған», - деп жауап береді. Сонда Алла Елшісі (с.а.у.): «Біз Мұса пайғамбарға сендерден де жақынырақпыз», – деп сол күні ораза ұстауды мұсылмандарға кеңес етеді. 
Дегенмен, бұл күнге Яһудилер «мейрам» ретінде қарағанмен Пайғамбарымыз ол күні тек ораза ұстауды бұйырды. Сондықтан мұсылмандар Ашура күнін мейрам ретінде санамай, ол күні ауыз бекіткенді жөн көреді. "Сахих Бухари" мен "Сахих Муслимде" келтірілген хадисте сахаба Әбу Мұса Ашғари (р.а.) былай дейді:

«Ашураны Яһудилер қасиет тұтып, бұл күнді мейрам санайтын. Пайғамбарымыз болса бізге: «Сендер ауыздарыңды бекітіңдер!» деді».

- Енді Ашура күнінің қадір-қасиетіне тоқталып өтсеңіз?

- Әзіреті Алиден келген бір хадисте, бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Уа Расулаллаһ! Рамазан айынан кейін, қай айда ораза ұстауыма кеңес етесіз»,-деп сұрағанда, Ол (с.а.у.): «Рамазан айынан кейін ораза тұтқың келсе, Мұхаррам айында ораза ұста. Шынында, бұл ай – Алланың айы. Бұл айда бір күн бар. Ол күні Алла тағала кей қауымның тәубесін қабыл еткен. Қалғандардың да тәубесін қабыл етеді»,-деді. 
Сахаба Акрама мен Әзірет Алидің айтуларына қарағанда Адам атамыздың да, Юнус пайғамбардың да тәубесі қабыл етіліп, Алланың кешіріміне қол жеткізген күн - Ашура күні.
Ендеше, осы күні «тәубе» намазын оқып, өткен-кеткен қателіктер үшін және пендешілікпен біліп істеген, білмей істеген күнәларымыз үшін арнайы кешірім тілегеніміз жөн болады. 
Әрине бұл дегеніміз басқа күндері кешірім тілемеу керек, тәубе жасалынбайды деген сөз емес. Дегенмен Пайғамбарымыз айтып кеткендей, осы күннің "күнәнің кешірілу" ерекшелігі бар. Сол себептен істеген күнәсіне іштей өкініп, енді қайталамауға бекініп, тәубе етсе тәубесі қабыл болатын күн. Сондай-ақ, жоғарыда хадисте айтылып өткендей, аталмыш күн - Мұса пайғамбар мен оған ерген Исраил қауымының перғауынның зұлымдығынан құтқарылған күні. Міне осынысымен де бұл күн ерекше.

- Ал енді Ашура күнінде қандай амалдар жасаған дұрыс?

- Ашура күні ең бастысы ораза ұстаған дұрыс болады. Бұл күні ораза ұстаудың сауабы мол. Имам Муслимнен жеткен сахих хадисте Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) Ашура күнгі ораза жайында сұрағанда, Ол (с.а.у.): «Одан алдыңғы жылғы жасаған (кіші) күнәлары кешіріледі деп Алладан үміт етемін», – деп жауап берген.