Азат Перуашев
2.19K subscribers
4.22K photos
950 videos
186 files
3K links
🇰🇿 "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің ресми телеграм каналы

🇰🇿 Официальный канал Председателя Демпартии "Ақ жол"
Перуашева Азата Турлыбековича
Download Telegram
Азат Перуашев
https://akzhol.kz/ru/blog/tokaev-pravitelstvo-budet-formirovatsia-pobedivshej-partiej-kotoraia-budet-nesti-otvetstvennost-za-ego-rabotu
Напомним, что такое требование (о формировании правительства победившей партией и возложении на неё ответственности за все результаты и все провалы её правительства) содержит Политическая программа демпартии «Ак жол».
 https://akzhol.kz/ru/program
Азат Перуашев
⚡️Анализ причин сходов вагонов по стране вывел на преступную группу в КТЖ с участием полицейского
Тему манипуляций КТЖ при расследовании сходов вагонов поднимала фракция Демпартии «Ак жол» в своем депутатском запросе в генеральную прокуратуру 11 января т.г.
Запрос озвучил депутат Мажилиса VII созыва от нашей партии Ерлик Омиргали. И вот результат

https://akzhol.kz/ru/initiated-bills/ak-zhol-zashtitit-biznes-ot-manipuliacij-ktzh
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Обращение депутата Северо-Казахстанского областного маслихата от Демпартии «Ак жол» Евгения Кинцеля по поводу сепаратистов из СКО
Мы получили комментарий Генпрокуратуры по поводу нашумевшего видео из СКО.

Вот он:

"30 марта ДКНБ по Северо-Казахстанской области начато досудебное расследование по статье 180 часть 2 УК (Пропаганда сепаратизма в группе лиц с использованием СМИ) по факту размещения в социальных сетях видеоролика о создании "Народного совета трудящихся города Петропавловск".
В этот же день образована межведомственная следственно-оперативная группа из следователей ДКНБ и ДП области.
По делу назначены процессуальные прокуроры.
В рамках досудебного расследования проводятся оперативно-следственные мероприятия, в том числе обыски и выемки, а также назначены соответствующие судебные экспертизы.
Иная информация в соответствии со ст.201 УПК разглашению не подлежит.
Ход расследования находится на контроле Генеральной прокуратуры".

t.me/tengrinews
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“Ақ жол” Демпартиясының көпжылдық дәстүріне сай, Рамазан айында киелі мекен Түркістан обылыстық мешітінде ауызашар бердік.

Ауызашарға Түркістан, Қызылорда облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қаласындағы “Ақ жол” демпартиясы филиалдарынан азаматтар қатысты.

Ораза қабыл болсын, құрметті қауым!
№ 15 сайлау округінен бірмандатты жүйе бойынша сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Ақ жол» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Дулат Саттарұлы Куашбаев өзі сайланған округтың аймағына 1000 ағаш көшеттерін отырғызуды жоспар етіп, бір күнде 100 түп ағаш отырғызды. Қасиетті Рамазан айында халық қалаулысы осындай сауапты істі қолға алып, қаламыздың көркеюіне, көгаландыруға өз үлесін қосуда.
«Алайда біздің мақсат — тек тал егіп қана қоймай, оларды уақытылы күтіп-ұстау» — деді Дулат Куашбаев.
Бүгін волейболдан паралимпиадалық Қазақстан құрамасымен бірге ауыз аштық. Бұл спорттан Қазақстан командасы өткен жылы әлем чемпионатында “қола” медальге қол жеткізіп, дүниежүзілік рейтингте 7-ші орныға шықты.

Құрама командада Атырау, Жаңаөзен, Кұлсары, Жетысай, Тараз, Талдықорған т.б. аймақтардың азаматтары бар. Бас бапкері Бауыржан Тахаувпен қоса, барлығы “Ақ жол” Демпартиясы мүшелері. Олар Астанаға биылғы әлем чемпионатына дайындыққа келген екен.
Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Ержан Бейсенбаев әріптестер мен спортшылармен бірге паралимпиадалық спорт пен федерациясының ағымды мәселелерін талқылап, Мәжілістегі фракциямыздың жұмысы жөнінде ақпарат бердік.
Жастарға олардың ерлігі мен қайсар мінездері үшін алғыс білдіріп, спорт аренасында да, өмір жолында да жеңістен жеңіске жетулерін тіледік. Расында, осы жігіттерден рух түсірмеуді, кез келген қиыншылықтан бас имей өтудің үлгісін алған абзал.

Ораза қабыл болсын, ағайын!
Азат Перуашев
Photo
“Ақжол” демпартиясы шағын бизнесті патентке көшіруді ұсынды

«Ақ жол” фракциясының
Вице-премьер,
Қаржы министрі
Е.Жамаубаевқа депутаттық сауал

Автор - Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев
 
***
Президент Қ. Тоқаев Парламенттің бірінші отырысында жаңа салық саясатын енгізуді тапсырды.
«Ақ жол» фракциясы сараланған салық мөлшерлемесін енгізуді табанды түрде 2012 жылдан бастап ұсынып келетіндігін атап өту қажет.
Сонымен қатар, шағын бизнесті патент салығына көшіруді қайта қарауды жөн деп санаймыз. Патенттің артықшылығы деген – ондай бизнесті ешкім тексермейді, қысым көрсетпейді, пара сұрауға сылтау болмайды.
Қолданыстағы салық кодексінде патенттік салым төлеу қарастырылған. Бірақ, онда осы нормаларды мағынадан айыратын шектеулер бар. Мысалы, жылдық айналым 2 млн. теңгеден аспауы тиіс және кәсіпкердің жалдамалы жұмысшылары болмауы керек.
Бұны, бұрмалаушылық профанация деп атамасқа болмайды.
2 млн. теңгеге тең жылдық айналым дегеніміз, айлық айналымда 167 мың теңге, ал, ондағы кәсіпкердің өз табысы  шамамен 20 пайыз немесе айына 35 мың теңгені құрайды деген сөз. Мұндай ақшаға қай кәсіпкер жұмыс істейді?
Ресми статистика бойынша 2023 жылғы орташа жалақы қазірдің өзінде 338 мың теңге. Яғни, кәсіпкердің табысын орта айлыққа жеткізу үшін, патент алу үшін айналым көлемін кем дегенде 10 есе көтеру қажет.
Одан бөлек, тіпті, ең шағын дүкен не кафенің өзінде, кәсіпкерден басқа да көмекшілер болуы қажет. Мысалы, дүкен болса онда кассир, грузчик керек, немесе шаштаразда еркек және әйел мастерлері, көлік жөндеу станцияларында шиномонтажник, моторист, электрик сияқты тағы басқа мамандар керек. Олардың жалақысы да кәсіпкер табысының ішіне кіреді.
Сондықтан, кәсіпкерге қызметкерлерді алуға рұқсат беру керек, ал олардың санын шектеуге болады – мысалы 5 адамнан артық емес деп.
Осы екі фактор – орташа жалақы деңгейіндегі пайда мен бес қызметкерге дейін жалдау мүмкіндігі ескерілсе – патент бойынша жылдық айналым кем дегенде 100 миллион теңге болуы керек.
Бір ғана осы шешім арқасында, миллиардтаған теңге босқа жұмсалған бірде-бір жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары бере алмаған мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылар еді.
Сондықтан, Мемлекет басшысының түсінікті және болжамды салық саясаты аясында, жаппай кәсіпкерлік қағазда қалмай, шындыққа айналуы үшін - шағын бизнеске кассалық салық салудан және қосымша құн салығының шегін төмендетуден бас тартып, патентке ауыстыру қажет.
Сонымен қатар мыңдаған салықшылардың қолы босап, олардың күшін нақты маңызы бар бағыттарда пайдалануға жол ашылады.
Осыған байланысты, құрметті Ерұлан Кенжебекұлы, Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленетін жаңа Салық кодексінде шағын кәсіпкерлікке патенттік жүйені пайдалану механизмдерін енгізуді ұсынамыз.
 
Құрметпен,
«Ақ жол” фракциясының депутаттары