Азат Перуашев
2.19K subscribers
4.24K photos
955 videos
186 files
3.02K links
🇰🇿 "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің ресми телеграм каналы

🇰🇿 Официальный канал Председателя Демпартии "Ақ жол"
Перуашева Азата Турлыбековича
Download Telegram
№ 15 сайлау округінен бірмандатты жүйе бойынша сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Ақ жол» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Дулат Саттарұлы Куашбаев өзі сайланған округтың аймағына 1000 ағаш көшеттерін отырғызуды жоспар етіп, бір күнде 100 түп ағаш отырғызды. Қасиетті Рамазан айында халық қалаулысы осындай сауапты істі қолға алып, қаламыздың көркеюіне, көгаландыруға өз үлесін қосуда.
«Алайда біздің мақсат — тек тал егіп қана қоймай, оларды уақытылы күтіп-ұстау» — деді Дулат Куашбаев.
Бүгін волейболдан паралимпиадалық Қазақстан құрамасымен бірге ауыз аштық. Бұл спорттан Қазақстан командасы өткен жылы әлем чемпионатында “қола” медальге қол жеткізіп, дүниежүзілік рейтингте 7-ші орныға шықты.

Құрама командада Атырау, Жаңаөзен, Кұлсары, Жетысай, Тараз, Талдықорған т.б. аймақтардың азаматтары бар. Бас бапкері Бауыржан Тахаувпен қоса, барлығы “Ақ жол” Демпартиясы мүшелері. Олар Астанаға биылғы әлем чемпионатына дайындыққа келген екен.
Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Ержан Бейсенбаев әріптестер мен спортшылармен бірге паралимпиадалық спорт пен федерациясының ағымды мәселелерін талқылап, Мәжілістегі фракциямыздың жұмысы жөнінде ақпарат бердік.
Жастарға олардың ерлігі мен қайсар мінездері үшін алғыс білдіріп, спорт аренасында да, өмір жолында да жеңістен жеңіске жетулерін тіледік. Расында, осы жігіттерден рух түсірмеуді, кез келген қиыншылықтан бас имей өтудің үлгісін алған абзал.

Ораза қабыл болсын, ағайын!
Азат Перуашев
Photo
“Ақжол” демпартиясы шағын бизнесті патентке көшіруді ұсынды

«Ақ жол” фракциясының
Вице-премьер,
Қаржы министрі
Е.Жамаубаевқа депутаттық сауал

Автор - Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев
 
***
Президент Қ. Тоқаев Парламенттің бірінші отырысында жаңа салық саясатын енгізуді тапсырды.
«Ақ жол» фракциясы сараланған салық мөлшерлемесін енгізуді табанды түрде 2012 жылдан бастап ұсынып келетіндігін атап өту қажет.
Сонымен қатар, шағын бизнесті патент салығына көшіруді қайта қарауды жөн деп санаймыз. Патенттің артықшылығы деген – ондай бизнесті ешкім тексермейді, қысым көрсетпейді, пара сұрауға сылтау болмайды.
Қолданыстағы салық кодексінде патенттік салым төлеу қарастырылған. Бірақ, онда осы нормаларды мағынадан айыратын шектеулер бар. Мысалы, жылдық айналым 2 млн. теңгеден аспауы тиіс және кәсіпкердің жалдамалы жұмысшылары болмауы керек.
Бұны, бұрмалаушылық профанация деп атамасқа болмайды.
2 млн. теңгеге тең жылдық айналым дегеніміз, айлық айналымда 167 мың теңге, ал, ондағы кәсіпкердің өз табысы  шамамен 20 пайыз немесе айына 35 мың теңгені құрайды деген сөз. Мұндай ақшаға қай кәсіпкер жұмыс істейді?
Ресми статистика бойынша 2023 жылғы орташа жалақы қазірдің өзінде 338 мың теңге. Яғни, кәсіпкердің табысын орта айлыққа жеткізу үшін, патент алу үшін айналым көлемін кем дегенде 10 есе көтеру қажет.
Одан бөлек, тіпті, ең шағын дүкен не кафенің өзінде, кәсіпкерден басқа да көмекшілер болуы қажет. Мысалы, дүкен болса онда кассир, грузчик керек, немесе шаштаразда еркек және әйел мастерлері, көлік жөндеу станцияларында шиномонтажник, моторист, электрик сияқты тағы басқа мамандар керек. Олардың жалақысы да кәсіпкер табысының ішіне кіреді.
Сондықтан, кәсіпкерге қызметкерлерді алуға рұқсат беру керек, ал олардың санын шектеуге болады – мысалы 5 адамнан артық емес деп.
Осы екі фактор – орташа жалақы деңгейіндегі пайда мен бес қызметкерге дейін жалдау мүмкіндігі ескерілсе – патент бойынша жылдық айналым кем дегенде 100 миллион теңге болуы керек.
Бір ғана осы шешім арқасында, миллиардтаған теңге босқа жұмсалған бірде-бір жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары бере алмаған мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылар еді.
Сондықтан, Мемлекет басшысының түсінікті және болжамды салық саясаты аясында, жаппай кәсіпкерлік қағазда қалмай, шындыққа айналуы үшін - шағын бизнеске кассалық салық салудан және қосымша құн салығының шегін төмендетуден бас тартып, патентке ауыстыру қажет.
Сонымен қатар мыңдаған салықшылардың қолы босап, олардың күшін нақты маңызы бар бағыттарда пайдалануға жол ашылады.
Осыған байланысты, құрметті Ерұлан Кенжебекұлы, Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленетін жаңа Салық кодексінде шағын кәсіпкерлікке патенттік жүйені пайдалану механизмдерін енгізуді ұсынамыз.
 
Құрметпен,
«Ақ жол” фракциясының депутаттары
Азат Перуашев
Photo
Сепаратизмге Алаш ұлттық идеясы жол бермейді!

“Ақ жол” фракциясының депутаттық сауалы Премьер-министр Смайыловқа;
Бас прокурор Б.Асыловқа;
ҰҚК төрағасы Е. Сағынбаевқа

Автор - Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса
 
Биыл 19 наурызда Петропавлда 19  сепаратист “Халықтық кеңес” ұйымын құрып, Қазақстан Тәуелсіздігін мойындамайтынын жариялады.
Тек қоғамдағы үлкен шудан соң облыстық құқық қорғау органдары “қылмыстық іс қозғалды” деген болар-болмас хабар таратты.… Оған дейін жарты ай өткенше, олар қайда қарап келген?
 
Қылмыстық Кодексте мемлекет біртұтастығын бұзуға шақырғандарға қатаң жаза бар. Ал осы қылмысқа барған 19 сепаратист түк болмағандай,  үйлерінде отыр. Ал сепаратизм қаупін алдын ала сезіп, батыл қарсы шығып күрескен марғасқа Марғұлан Боранбай үш жылдан бері тастүрмеде жатыр…
Қазір ҰЛТШЫЛДЫҚПЕН ЕМЕС - ҰЛТСЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСЕТІН КЕЗ КЕЛДІ!
 
Бас прокуратура мен ҰҚҚ шұғыл шаралар қабылдауы керек. Ең басты қасиетті құндылығымыз -Тәуелсіздік пен Ұлттық тұтастықты қорғау - ең басты ұлттық міндетіміз!
 
 Жарылғыш затты жасырып қойғанмен жарылмай қалмайды, оны залалсыздандыруы керек! Ол үшін Тәуелсіздіктің қорғаны – Ұлттық идеология болуы керек. 2012 жылы Алаш бағдарламасын қабылдаған  "Ақ жол" партиясы ұсынғандай, Ұлттық идеямыз - Алаш идеясы болуы керек. Біз көтерген "Алашқа тағзым"  шеруін өткізуге әлі де әкімдер қарсы болып отыр.. Дегенмен, алда қала көшелері Алаш шеруімен толқитын күн келеріне сенеміз.

Ұлттық идеология жемісті болуы үшін ең алдымен Ұлттық Ақпараттық қауіпсіздік қажет! 
Тәуелсіздік идеясына қарсы, сепаратизм вирусын тарататын шет елдік телеарналарға, сайттар тоқтатылуы тиіс!
 
”Бос жатқан жер жау шақырады” деген атам қазақ! Кеңбайтақ жеріміздегі аз қазақтың қатарын толтырар алтын қорымыз - шеттегі қалың қандас көшіне шектеу қойғандар, Солтүстікті оңтүстіктен қоныс аударушылармен  толтыру жобасын жолда қалдырғандардың жауап беретін кезі келді!
 
Тәуелсіздік қадірін жат қайдан ұқсын, егер өзіміз, өз билігіміз қала көшелерінен Тәуелсіздік атын алып тастаса? Бұған кінәлі әкімдер орындарында әлі отыр былқ етпей…
 
Қазіргідей геосаяси жағдай қиын кезде ең алдымен ел ынтымағы керек. «Ұлттық қауіпсіздік Мемлекеттік тілден басталады» деп Президент Қ.Тоқаев тура айтқандай, енді тек сөзден іске көшетін уақыт жетті!
Халықты біртұтас етіп біріктіруші ұлттық идеологиямыз - Мемлекеттік тіліміз болуы тиіс! Өйткені, Ұлттық идеология, патриоттық тәрбие  ең алдымен Мемлекеттік тіл арқылы беріледі! 

Елді бірұлттандыру саясаты тілден басталады. Бұны еліміздегі этностардың бәрі де қолдауда. Халық ассамблеясы мемлекеттік тілді міндеттейтін заң қабылдау туралы Үндеу жасағанына үш жыл өтті, биліктің тосқауылы әлі тоқтар емес!?.
 
Солтүстіктегі мәслихат депутаты, «Ақ жолдық»   Евгений Кинцельдің еліміздегі этностарды бірлікке шақырып, “Біз  бәріміз қазақпыз” деген сөзі бәріне үлгі болуы керек.
Ал мәслихат сессиясын қазақ тілінде өткізуді ұсынған Өскемендік депутат  Надежда Шушаникованың «Біз Қазақ елінде тұрамыз, Мемлекеттік мекемелердегі жиналыстар, шаралар тек қазақ тілінде  өтуі тиіс»-деген талабын барлық мекемелер орындауы тиіс!
 
Ұсыныстарымыз: 
1.Ұлттық мемлекет ретінде Ұлттық идеологиямыздың концепциясын тез арада қабылдау қажет!
2.Қазақстанның ұлттық ақпараттық қауіпсіздігін жасап, шетелдік телеарналар мен сайттардың, басылымдардың таралуын шұғыл тоқтату керек!
3.Ұлттық рухымызды көтеру үшін жыл сайын 31 мамырда “Алашқа тағзым” шеруін өткізуге әкімдердің кедергісі тоқтатылсын.
 
Құрметпен, "Ақ жол" фракциясы мүшелері
Азат Перуашев
Photo
Демпартия “Ак жол” требует защитить предпринимателей от незаконного давления налоговиков
 
Запрос депутатской фракции «Ак жол» Вице-премьеру Е.Жамаубаеву и Генеральному прокурору Б.Асылову
 
Озвучил депутат Мажилиса Аскар Садыков

***
В Демпартию «Ак жол» продолжают обращаться предприниматели, столкнувшиеся с произвольным толкованием норм Закона «О платежах и платежных системах» со стороны налоговых органов.
При поддержке прокуратуры и судов, органы КГД привлекают предприятия к необоснованной ответственности, заявляя, что те намеренно заключают несколько наличных сделок, сумма которых не превышает 1 000 МРП, между одними и теми же субъектами, тем самым якобы осуществляя «дробление сделки».
При этом, налоговые органы полностью игнорируют то, что эти сделки заключены в разные периоды времени и касались разнородных товаров. Более того, самого понятия «дробление сделки» не содержится ни в одном законе.
Данная проблема уже неоднократно поднималась нашей фракцией в депутатских запросах, где мы указывали на необходимость определения в законе понятия «дробления сделок».
Кроме того, нами предлагалось приостановить производство дел до законодательного урегулирования вопроса.
Однако, из представленных вашими ведомствами ответов следует, что основанием для возбуждения дел явилось наличие некоего анализа электронных счет-фактур.
При этом, нами так и не получен ответ на главный вопрос об определении периода и однородности таких сделок.
Более того, каких-либо контраргументов о том, что действующим законодательством количество сделок за определенный налоговый период не ограничено и о наличии либо отсутствии понятия «дробных сделок» в законодательстве, в ваших ответах, так и не прозвучало.
Вместе с тем, в любом производстве есть материалы, которые закупаются регулярно. В строительстве это, например, гвозди. В швейном деле – пуговицы, и т.д. И очень часто они закупаются у одного и того же надёжного поставщика. А «замораживать» деньги в товаре, который понадобится через год или три – это потери для бизнеса, тем более, что нередко это кредитные средства, которые должны работать. В этой связи, считаем ответы госорганов на наш запрос неубедительными.
В тоже время, примечательно то, что Министерство юстиции и Министерство национальной экономики дали однозначный ответ, полностью совпадающий с мнением Демпартии «Ак жол» и предпринимателей.
Также, хотим обратить внимание на то, что по официальной информации НПП «Атамекен», всего по Казахстану, за истекший период, возбуждено 223 дела по указанным категориям, из которых 218 (!!!) по городу Шымкент.
Тем самым, речь идет о предвзятом отношении к бизнесу, именно со стороны шымкентских налоговиков.
 
На основании вышеизложенного, депутатская фракция ДПК «Ак жол» в очередной раз требует:
 
1) Четко конкретизировать в законодательстве понятие «дробления сделок и платежей» и детально прописать механизм признания таких закупок однородными.
 
2) Приостановить производство возбужденных дел, а равно и исполнение уже состоявшихся судебных решений по статье 266 КоАП РК, до момента законодательного урегулирования вышеуказанного вопроса.
 
С уважением,
Депутаты фракции ДПК «Ак жол»

 
Кеше Ерейментау ауданда ауыз ашар бердік
Forwarded from ORDA
Швейцарские эксперты помогут Казахстану вернуть незаконно выведенные активы

Генпрокуратура РК договорилась о сотрудничестве с Базельским институтом управления.

Входящий в состав этого института Международный центр по возврату активов (ICAR) – один из самых крупных в мире, он содействует правоохранительным органам различных стран. Об этом сообщает Генпрокуратура РК.

По итогам переговоров стороны подписали Соглашение о сотрудничестве Генеральной прокуратуры Казахстана с Базельским институтом управления.

t.me/orda_kz
Forwarded from ORDA
Ауызашар провели в Акорде от имени Токаева

На ауызашар были приглашены государственные и общественные деятели, ученые, врачи, педагоги, представители этнокультурных объединений, главы дипломатических миссий, деятели культуры, сотрудники спасательных служб.

«Поздравляю всех со священным месяцем Рамазан. Ораза қабыл болсын! Для всех мусульман священный месяц Рамазан имеет особую значимость. Верующие посвящают его духовному самосовершенствованию и праведным делам. В прошлом году мы впервые провели ауызашар в Акорде. Это хорошее начинание мы продолжим и в этом году», - сказал Токаев.

t.me/orda_kz