Азат Перуашев
2.11K subscribers
4.21K photos
948 videos
186 files
2.98K links
🇰🇿 "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің ресми телеграм каналы

🇰🇿 Официальный канал Председателя Демпартии "Ақ жол"
Перуашева Азата Турлыбековича
Download Telegram
Азат Перуашев
Photo
17 наурызда Алматы қалалық сайлауалды штабына Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының халықаралық байқаушылары келді.
«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына кандидат Нұралдинов Олжас Түркия парламентіндегі биліктегі «Ақ партия» партиясының депутаты Ибрахим Айдемирді қарсы алып, қазіргі саяси аренада жағдай туралы әңгімеледі. Делегаттар назарына «Ақ жол» ҚДП қызметі мен қалалық штабтың сайлау науқанының аралық қорытындылары таныстырылды. «Ақ жол» Алматы қалалық филиалының төрағасы «Ақ жол» фракциясының депутаттары көтерген саяси реформаларға, депутаттық сауалдарға тоқталды.
Өз кезегінде Ибрагим Айдемир Парламенттегі тәжірибесімен бөлісті. Белгілі болғандай, Түркия парламентінде 5 саяси партия жұмыс істейді, ал қалған 34-і ресми тіркеуден өтіп, халықтың әртүрлі топтарының мүддесін қорғайды.
Сондай-ақ, «Ақ партия» партиясының депутаты Парламентте 20 мандатпен саяси фракция құрылғанын айтты.
Жиын барысында Олжас Ельтайұлы «Ақ жол» партиясы мен Қазақстан халқының атынан Ибрагим Айдемирге және Абдулла Нуриге жер сілкінісінен зардап шеккен отбасыларына көңіл айтты. Ибрагим Айдемир Түркия парламентінің бюджет және қаржы комитетінің мүшесі ретінде зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру үшін 3 триллион доллардан астам қаражат қажет екенін айтса, «Ак партия» партиясының жетекшісі, Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған қалпына келтіру жұмыстарына бір жыл кететіне уәде берді.
Ибрагим Айдемир Олжас Нұралдинов пен «Ақ жол» партиясын Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы аясында тығыз ынтымақтастыққа шақырды.
Только что вернулся со встречи с миссией наблюдателей ОБСЕ за ходом выборов. Рассказал о приоритетах Демпартии «Ак жол», ответил на вопросы, в том числе о степени открытости нынешней избирательной кампании. По моему мнению, эти выборы показали небывалый для прежнего опыта уровень участия, остроты дискуссий и интереса в обществе. Такого широкого спектра поднимавшихся вопросов и такого накала предвыборных страстей в Казахстане не было как минимум, последние лет 20. Конечно, впереди самый важный этап - собственно сами выборы и подсчет голосов, поэтому окончательно свою оценку дадим по их завершению.

А относительно встречи с наблюдателями ОБСЕ считаю нужным отметить такой момент. Когда я рассказал о работе партии «Ак жол» по де-офшоризации и возврату денег коррупционеров, упомянув в частности наш спор с Нацбанком в 2013 г. по поводу казахстанских денег на Кипре, а также запросы фракции «Ак жол» по Панамскому списку и Райскому досье в 2017-18 г.г., модератор встречи - вице-президент Парламентской Ассамблеи ОБСЕ Irene Charalambides предложила сотрудничество.
Как выяснилось, она представляет в ОБСЕ Республику Кипр, и более того - является специальным представителем ПА ОБСЕ по борьбе с коррупцией.
Г-жа Charalambides попросила связаться с ней после выборов и пообещала полное содействие в поиске казахстанских капиталов, цитирую мою собеседницу дословно -«даже если их владельцы сменили паспорт», т.е. гражданство.

Конечно свяжемся. Возможно, открывается новая страница в нашей работе по этому направлению.
Азат Перуашев
Photo
Жаңа ғана ЕҚЫҰ бақылаушылар миссиясымен кездесуден келдім. «Ақ жол» демпартиясының басымдықтары жөнінде айтып, биылғы сайлау кампаниясы ашықтығының деңгейі секілді бірқатар сұрақтарға жауап бердім. Меніңше, бұл сайлауға қатысушылар, пікірталас өткірлігі мен қоғам тарапынан қызығушылықтың бұрынғы тәжірибемен салыстыруға келмейтін деңгейін көрсетті. Көтерілген мәселелердің ауқымдылығы мен сайлауалды қызу қарқынның мұндай көрсеткіші кемінде соңғы 20 жылда болмаған. Әрине, алда ең маңызды кезең тұр - сайлаудың өзі мен дауыс санау, сондықтан, ол аяқталғасын ғана түйінді баға беретін боламыз.

Ал, ЕҚЫҰ бақылаушыларымен кездесуге қатысты келесі қажетті жайтты атап өткім келеді. Мен біздің 2013 жылы Кипрдегі қазақстандық қаржы жөнінде Ұлттық банкпен дауымыз, 2017-18 жылдардағы «Ақ жол» фракциясының Панама тізімі мен Жұмақ досье туралы сауалдарын келтіре отырып «Ақ жол» партиясының де-офшоризация мен жемқорлардың қаржысын қайтару туралы айтқанымда, кездесу модераторы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Irene Charalambides серіктестік орнатуды ұсынды.
Белгілі болғандай, ол ЕҚЫҰ-да Кипр Республикасының атынан өкілдік етіп, ЕҚЫҰ ПА-ның сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы өкілі болып табылады. Charalambides ханым сайлаудан кейін хабарласуды өтініп, «иелері төлқұжаттарын ауыстырса да» қазақстандық капиталды іздеуде толық әрекеттестікке уәде берді.
Әрине хабарласамыз. Бәлкім, бұл бағыттағы жұмысымыздың жаңа парағы ашылып шығар.
Дауыс бердік!
Перемены неизбежны!

Ақ жол, Қазақстан!
Партияның орталық кеңсесінде вице-спикер Julius Sabatauskas пен петициялар жөніндегі комиссия төрағасы Edmundas Pupinis бастаған Литва Сеймінің делегациясын қабылдадым.
Қонақтар партиямыздың басымдықтарын жақсы біледі екен, олар біздің конституциялық реформаға, саяси жүйедегі және сайлау заңнамасындағы өзгерістерге берген бағамызға қызығушылық танытты.
«Ақ жол» демпартиясы бағдарламасындағы мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынаста еуропалық тәсілдерді және өмір сапасының еуропалық стандарттарын қолдау туралы тармақтар литвалық әріптестер ерекше ілтипат көрсетті.
Сұрақтарға жауап беріп, отандық кәсіпкерлердің литвалық бизнеспен жұмысына тоқталып, алдағы уақытта да ынтымақтастық орнатуға шақырдым.
В центральном офисе партии принял делегацию Сейма Литвы, во главе с вице-спикером Julius Sabatauskas и председателем комиссии по петициям Edmundas Pupinis.
Гости неплохо осведомлены о приоритетах нашей партии, интересовались нашей оценкой конституционной реформы, изменений в политической системе и выборном законодательстве.
Особые симпатии литовских коллег вызвал пункт в программе Демпартии «Ак жол» о поддержке европейских подходов в отношениях государства и общества, и европейских стандартов качества жизни.
Ответил на вопросы, рассказал о работе отечественных предпринимателей с литовским бизнесом, пригласил к дальнейшему сотрудничеству.
Сағат 15:00-де «Ақ жол» демпартиясының Республикалық штабы бақылаушыларымыз анықтап, тіркеген 12 заң бұзушылық фактісі бойынша Орталық сайлау комиссиясына 4 және Бас прокуратураға да осындай хат жолдады.
Айта кетерлігі, Республикалық штаб партия бақылаушылары жергілікті жерлерде тиісті әрекетке қол жеткізе алмаған жағдайда ғана іске араласады.
Кейбір жағдайларда, Алматы қаласындағы N492 сайлау учаскесіндегідей, аумақтық сайлау комиссияларының араласуы жеткілікті болып жатады. «Ақ жол» демпартиясының байқаушыларының айтуынша, АСК олар жасаған заң бұзушылық туралы актіні қабылдап, тіпті учаскелік комиссияны түгел ауыстыру мәселесін де көтерген көрінеді.
Жағдайды бақылайтын боламыз.
Азат Перуашев
Сағат 15:00-де «Ақ жол» демпартиясының Республикалық штабы бақылаушыларымыз анықтап, тіркеген 12 заң бұзушылық фактісі бойынша Орталық сайлау комиссиясына 4 және Бас прокуратураға да осындай хат жолдады. Айта кетерлігі, Республикалық штаб партия бақылаушылары…
На 15 ч республиканский штаб Демпартии «Ак жол» направил 4 письма в Центризбирком и столько же - в Генпрокуратуру, по 12 фактам нарушений, выявленных и зафиксированных нашими наблюдателями.
Нужно отметить, что Республиканский штаб подключается к ситуации в тех случаях, когда наблюдатели партии не смогли добиться должной реакции на местном уровне.
В ряде случаев оказывается достаточным вмешательства Территориальных избиркомов, как в случае с участком номер 492 в Алматы. По сообщению наблюдателей Демпартии «Ак жол», на составленный ими Акт о нарушении, ТИК отреагировал и якобы даже поставлен вопрос о замене всей участковой комиссии.
Будем отслеживать ситуацию
Кешегі экзитпул бірқатар сұрақтар қалыптастырды. Қортынды шығарып, анық-қанығына көз жеткізуді жалғастырамыз (маслихаттар сайлауын қоса алғанда), сонымен қатар, ОСК мен БП-ға жаңа сауалдар дайындаудамыз (бюллетеньдерді көптеп тастау, бірқатар сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санауға байқаушыларды жібермеу, хаттамалардың көшірмелерін беруден немесе тіпті нәтижелермен танысудан бас тарту фактілері бойынша және т.б.). Мысалы, Жамбыл облысында бірқатар сайлау учаскелерінде байқаушылар әлі де (!) учаскелерде жүр, оларға хаттамалар берілмеуде. Бұған дейін сайлау күні біз 17 заң бұзушылық фактісі бойынша ОСК-ға 9 хат және дәл сонша Бас прокуратураға да жолдаған болатынбыз.
Дегенмен, сайлау өтті, олардың маңызын артық бағалау қиын. Сайлауға деген саяси бағамызды кешегі мәлімдемеде бердік (https://akzhol.kz/kk/blog/sajlau-ortnds-bojnsha-a-zhol-demokratiial-partiiasn-mlmdemes ).
Кампания, әсіресе, бір мандатты округтерден өзін-өзі ұсынған кандидаттардың арқасында өзінің ашықтығымен және қарқындылығымен ерекшеленді.
Барлық саяси институттар былтырғы конституциялық реформаға сәйкес қалыптасты. Бұл Қ.Тоқаев реформаларының бірінші кезеңінің аяқталғанын білдіреді, енді екінші кезені жуықта жалғасуы керек.
Естеріңізге сала кетейін, «Ақ жол» демпартиясы Конституция бойынша референдум өткізілгеннен кейін бірден 2022 жылдың шілде айында осы реформаға, парламент туралы, үкімет туралы, сайлау туралы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару және т.б. туралы заңдарға 60-тан астам түзетулер әзірлеп, Үкіметке жолдаған болатын. (https://akzhol.kz/kk/blog/a-zhol-demokratiial-partiiasn-konstituciial-reforman-odan-r-damtu-zhne-teredetu-zhnndeg-snstar ).
Өкінішке орай, үкімет, кейінірек парламенттік көпшілік те («Аманат» және «халықшылдар») бұл түзетулерге қарсы болып, тосқауыл қойды.
Соған қарамастан, біз ұсынған өзгерістер еліміздің одан әрі дамуы үшін қажетті деп есептейміз, бұл ұсыныстардың көпшілігі «Ақ жол» демпартиясының Саяси бағдарламасына енгізілді.
Жақында Мемлекет басшысы реформалардың жаңа пакетін дайындағанын мәлімдегенін білесіздер. Біздің ұстанымдарымыз (бірнеше рет болғандай) Президент бастамаларымен үндес келеді деп сенемін. Парламент пен мәслихаттардағы партия депутаттары Қ.Тоқаевтың өзгерістерін жүзеге асыруға белсене атсалысатын болады.
Осы сайлауда «Ақ жол» демпартиясын қолдаған жарты миллион қазақстандыққа шын жүректен алғыс айтамын.
«Ақжолдықтар» сіздердің сенімдеріңізді толық ақтайтынына, бағдарламамызда айтылғандай, мемлекеттік құрылыс пен ұлттық мүдделерді, экономикада, өнеркәсіпте, әлеуметтік әділеттілікте, сыбайлас жемқорлықпен күресте ең өзекті мәселелерді алға тартып, тиімді шешімдер ұсынатынына күмәнданбаңыздар. Бұл – «Алаш» жолы, біз бұл жолдан ешқашан таймаймыз.
«Ақ жол» демпартиясының орталық офис пен өңірлердегі үлкен ұжымына алғыс. Өткен жылдардағы және осы сайлаудағы сіздердің табандылықтарыңыз бен күнделікті еңбектеріңіз партияның тағы бір табысының кепілі болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, «Ақжолдың» жергілікті мәслихаттардағы орны нығая түсті, бұл азаматтарымыздың сенімі мен олардың алдындағы жауапкершілігіміздің артқанын білдіреді. Парламентте, мәслихаттарда өз пікіріңізді қорғай отырып, кәсіпорындарда, ұжымдарда жұмыс жасай отырып, партия ұстанымдарын сайлауалды айла-шарғылардан қорғай жүріп, сіздер қоғам атынан сөз сөйлеп, оның мүддесін ілгерілетуге құқығыңыздың барын іспен дәлелдедіңіз.

Біз, Президент Қ.Қ.Тоқаевтың жаңа реформалар пакетін күтеміз, яғни, өзгерістер қарсыластардың барлық кедергілері мен тосқауылдарына қарамастан, әділ және шынайы Қазақстан үшін жаңа міндеттер мен үлкен еңбектер әлі алда.
Түбегейлі өзгерістер қажет!