Сағат
649 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
​​Ми жұмысын жақсартудың 5 ережесі

Жалғасы...

3. Тынығу

Тынығып босаңсу тек денеге қатысты емес. Ми да тынығу керек. Зерттеулердің көбі анықтағандай, ұйқының дұрыс болмауы, дұрыс тынықпау есте сақтауды нашарлатады. Ал ұзаққа созылған күйзеліс оқу мен жаңа ортаға бейімделуді тежейді, - дейді Санджай Гупта.

Бір сөзбен айтқанда,  ми тынығу үшін дұрыс ұйықтау керек. Ол кемінде 7 сағат тынығуға кеңес береді. Сонда ми жұмысы да жақсара түседі. Бұл үшін мына кеңестерін ұстануды жөн санайды:

• Ұйықтар алдында кем дегенде 3 сағат бұрын тамақтану керек;

• Сағат 14:00-ден кейін құрамында кофеин бар сусындарды ішуге болмайды;

• Уақытылы жатып, уақытылы ояну керек;

• Ұйықтар алдында ыстық ванна қабылдау керек немесе кітап оқыған пайдалы;

• Жатын бөлме тыныш және қараңғы болғаны абзал.

4. Дұрыс тамақтану

Санджай Гупта "таңда патша, түсте ханзада, ал кешке қарапайым шаруа секілді тамақтан" деген қағиданы ұстанады. SHARP әдісін де қолданған жөн дейді.

S: қант мөлшерін азайту;

H: көбірек су ішу;

А: құрамында омега-3 мол тағамды көбірек жеу;

R: тамақ мөлшерін азайту;

P: тамақтануды алдын-ала жоспарлау;

5. Қарым-қатынаста болу

Қарым-қатынас жасау өмірді мәнді ете түседі. Мұны ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Нейрохирург өз сөзінде, өзгелермен қарым-қатынас жасау ми жұмысын жақсартатынын, когнитивті мүмкіндігі сақталатынын айтады.

Санджай Гупта біреумен қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру, достармен жолығу, пікір алмасуға үндейді. Осы арқылы адам миы да тезірек жұмыс істеуге бейімделе бастайды.

Нейрохирург осы кеңестерді ұстануға, оларды өз жоспарыңа қосуға шақырады. Алдымен біреуіне баса мән бере бастаңыз. Миыңыз жаңа ережелерге қаншалықты тез үйреніп, өміріңіз қаншалықты өзгергеніне таң қалуыңыз мүмкін.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
​​Мидың сіз білмейтін қызметтері

Оң жарты шар

Оң жарты шардың арқасында сіз қиялдау арқылы А аймағынан Б аймағына дейін еркін серуендей аласыз.
Оның атқаратын қызметтері мынандай:

• Кеңістік бағдарлау. Оң жарты шардың көмегімен сіз өзіңіздің тұрған аймағыңызды бағдарлай аласыз. Өзіңіздің ойыңызда карта сызуға мүмкіндігіңіз болады.

• Сөзсіз, іс-қимыл арқылы берілген ақпаратты өңдеу. Символдар, бөліктер мен түрлі қимылдарды қабылдап, оларды өз қажетімізге жарата аламыз.

• Метафора. Біз метафора, тұрақты тіркес, ауыспалы сөздерді естіген кезде сол күйінде қабылдамаймыз. Міне, сол қызметті оң жарты шар атқарады.

• Дыбыс. Тыңдау әрі оны рухани азыққа айналдыру қабілетін мидың екі жарты шары да атқарады.

• Эмоция. Дыбыс секілді бұл қызметке де екі жарты шар жауап береді. Дегенмен, оң жарты шардың үлесі көбірек.

• Қиял. Кез келген қиял әлеміне «Егер...» деген сөзден соң енеміз. Бұл сөзді естіген бойда немесе ойға алған сәтте миыңызды оң жарты шары белсенді түрде іске кіріседі.

• Арман. Армандай бастаған сәтіңізде миыңыздың оң бөлігі үздіксіз жұмыс жасайтынын ұмытпаңыз.

• Дененің сол бөлігін басқару. Біз сол қолымыз бен аяғымызды қимылдатқан сәтте біздің оң жарты шарымыз жақсы жұмыс жасайды. Амбидекстрия деп аталатын арнайы жаттығулар екі ми шарының жұмысын жеделдетуге арналған. Бұл кезде адам екі қолымен де бір уақытта жазып, сыза алады.

Сол жарты шар

• Адамның логикалық, ғылыми және қалыпты ойлауына жауапты мидың маңызды бөлігі. Сол жарты шар тілдің қабілеттеріне – жазу, сызу мен оқуға жауапты. Сонымен қатар, күн атауларын, уақытты, деректер мен адам есімдерін жаттап алуда септігін тигізеді.

• Математикалық қабілет. Логика, сараптама, статистика және математикалық мәселелердің шешімін оңай табатын болсаңыз миыңыздың  сол жарты шары жақсы жұмыс жасайды.

• Сөзді сол қалпында қабылдау. Метафораларды түсінуде қиындық туып жатса, демек, оң жарты шарыңызды дамыту керек.

• Дененің оң бөлігін басқару. Оң қолыңызды жиі көтеріп, қаламды оң қолыңызға ұстасаңыз, дәл қазіргі сәтте мидың сол жарты шары жұмыс жасап жатыр.


Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ