Сағат
651 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
💧- тіршілік көзі

#Сағаттанаудиохат
“Уа, Раббым! Өзің үшін төккен көз жастарым үшін мені мейіріміңе бөлей гөр! Өзіңе жете алмай ынтық болған рухымды мейіріміңе бөлей гөр! Өзіңнің алдыңда әлсізбін, тілегімді қабыл ет!”

(Ибн Жәузи)

#Бүгінгідұға
​​Жаңа ғасыр аурулары: ұялы телефон

Үлкен қалалардағы қарбалас өмір, техниканың дамуы, телевидение, интернет, гаджеттер заманауи адамның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып қойды. Мұның бәрі денсаулығымызға әсер етпей қоймайды. Жаңа заман бізге қандай аурулар әкелді? Бүгін телефонның тигізетін зардабын әңгіме қылайық.

Әрине, бұл жаңашылдықтардың барлығы: интернет, ұялы телефон, гаджеттер ақпарат алмасу мен басқалармен тілдесуде қолданатын басты құралдар. Олардың өмір, жұмыс, бизнес салаларының қай-қайсында да пайдасы зор екені түсінікті. Алайда бұл дүниелердің зияны да жоқ емес, олар кейбір қызықты, ерекше аурулардың бастамасы бола алады. Бұл аурулардың кейбір белгілерін қазір де өзіңізден байқай аласыз.

Фантом қоңырауын күту

Қазірде күнделікті қол астымызда ұстап, еш тастамайтын заттардың бірі – ұялы телефон. Біз біреуге қажет болғанымызды қалап тұрамыз, біреуден қоңырау, хабарлама күтеміз. Кейбір адамдар телефондары тыныш жатқанның өзінде, қоңырау дауысын естіп жатады. Бұл осы аурудың алғаш белгілері.

No mobile fobia немесе номофобия

Белгілі бір себептер үшін телефонсыз қалған адамдар нағыз стресс, қорқыныш сезеді. Телефонды үйде ұмытып қалу, қуаты отыруы бізді уайымға салып, тезірек байланысқа қайта шыға алатын жағдай іздейміз. Нәтижесінде бірнеше телефон ұстап, бірнеше симкалы гаджеттер аламыз, қосымша батарея ұстап жүру де соңғы кезде жиілей бастады. Заманауи телефонды тез қуаттайтын сымсыз аккумуляторлар, көлікке қосылатын қуаттандырғыштар да осы ауруды жеңілдету үшін ойлап табылған.

Эмоция тапшылығы

Қазірде көптеген сұрақтарды шешу барысында біз көзбе-көз әңгіменің орнына қоңырау не хабарлама арқылы тілдесуді таңдаймыз. Қарым-қатынас жасанды болған сайын, біздің ағзамыз нағыз, шын эмоцияларды талап етеді. Оны өмірде ала алмаған адам виртуалды әлемге одан бетер беріледі. Қазірде эмоционалды әлсіз, сезімтал жандардың көбейіп кеткендігі осы аурудың белгісі. Жас балалардың эмоционалды тұрақсыздығы да осы ауру салдары.

Киберауру 

Ұялы телефондар пайда болған кезде-ақ дәрігерлер телефондар шығаратын сәулелер уақыт өте адам ағзасына үлкен зардап тигізе алатындығын айтқан. Қазірде гаджеттер, смартфон мен планшеттердің көбейуі олардың ағзаға тигізетін зардабын көбейтті. Бастың айналуы, құсқыңыз келу, шаршағандық, әлсіздік қазіргі адам үшін қауіпті көрінбейді. Алайда мұның бәрі өмір сапасын түсіріп, нәтижесінде психологиялық қиындықтарға әкеле алады.

Ал сіз телефоныңыздан зардап шегемін деп ойлайсыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Ақпарат көзі: massaget.kz

#PQ
Бұл факт емес, жеке тұжырым.

Жалпы телефонның күндік сағат үлесін азайтқаныңыз дұрыс. Ұрпақ үшін, қазір түсінесіз⬇️:

Қазір әлеуметтік желіде көптеген ауру балаларды жолықтыруға болады. Бірінің басының формасы басқа, бірінің денесі кәдімгі формада емес. Түсініксіз аурулар өте көп.

Дәл бұл секілді аурулар біздің ата аналарымызда өте сирек кездеседі. Яғни 60, 70 ары кетсе 80 жылдары туылған адамдарда. Себебі бұл кездегі азық түлік табиғи жағынан таза еді. Қазіргі аспен салыстырғанда.

Кейін түрлі ас, түрлі қоспа пайда болып, ол бей берекет қолданылды, яғни адалдығы, құрамы, тазалығына мән берілмеді. Тиісінше соңғы 10-15 жылда осындай салдарға соқтырды.

Мұны неліктен айтып отырмын?

Смартфонның дәл бұлай кең тарағанына ары кетсе 5-6 жыл болды. Яғни біз телефонның денсаулыққа зиянын әлі толық алмадық деп ойлаймын. Енді бір 15-20 жылдан кейін бұл бізге, нақтырақ бізден қалар ұрпаққа орны толмас зиян әкелуі мүмкін.Өкінбес үшін ойланыңыз.

Ескерту:


Тек ойлану аздық етеді.
Еліміздегі жағдай жайлы әрбір адам хабардар деп ойлаймын. Рас, бәріміз үшін болған сынақ болды. Алла артын қайырлы етсін.

Жаңалықты менсіз де көп жерден біліп отырсыз. Сол үшін тек пайдалы ақпарат ұсынайын дедім.

⬆️Асықпай оқып шығуға кеңес беремін.
“Раббым! Мен патша болсам да, батыр болсам да, Өзіңнің алдыңда пана іздеген бір мүсәпірмін. Қаншалықты көп болса да, амалдарымнан ешбір пайда жоқ. Тек Өзіңнің кеңшілігің болмаса”.

(Ғазнали Махмуд)

#Бүгінгідұға
АНТИБАКТЕРИЯЛЫҚ САБЫН ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ ӨНІМДЕРІМЕН ТЫМ ӘСІРЕЛЕМЕҢІЗ.

Бактерияға қарсы сабын мен тазартқыш құралдарды жиі қолдану дәрілік заттарға төзімді бактериялардың пайда болуына ықпал етеді.

Ол кейін сізге дәрімен емделу кезінде кесірін тигізеді.

#PQ
ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ - 110 ЖЫЛ

Бүгін Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев атамыздың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол 1912 жылы 12 қаңтар күні Алматы қаласында өмірге келген. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Халықтың ыстық ықыласына бөленген кемел тұлға болып қала бермек. Құран оқып, сауабын бағыштауды ұмытпаңыздар!

Ең әйгілі сөздерінің бірі: «Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым, қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім».

NAMYSTV
❤️ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

❞Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған;
❞Отбасында 11 баланың 4-шісі;
❞Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген;
❞Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан;
❞Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.
❞Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
❞Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 шаршы метр;
❞Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"– деп таңданады.

NAMYSTV
Таңертең ұйқыдан тұра алмай, ары қарай ұйықтап кетесіз ба? Әсіресе ерлерде болады.

Бір лайфхак ұсынып көрейін
Anonymous Poll
9%
Жоғей атып тұрамын
50%
Бар аз-маз
41%
Айтпаш, прям қадалып қалам
“Кім таза ықыласпен Ислам жолында қызмет еткісі келсе, Жаратушы Жаббар Ие оны сол ниетіне жеткізсін”.

(Сәйид Абдулхаким Хусейни)

#Бүгінгідұға
Баршаңызға бақыт тілеймін. Мына жүйке жұқартқандай қиын-қыстау күндерде иінді төмен салмай, еңсе көтертер күш-қайрат, мұқалмас жігер, жақсы табыстар тілеймін. Бәрі бір күнгідей болмайды. Сондықтан, арайлап атар әр таңға сеніммен қарайық. Ақжарылқап күндер алдымызда! Мен Тәңірі сыйға тартқан біраз жасқа келдім. Жақсыны да көрдім, жан ауыртқан күндерді де бастан кештім. Ол менің ғұмырым, бірақ, бұл өмірді халықтан бөле жара қараған емеспін. Бозбала шағымда қара бастың қам-қарекеті болса болған шығар, бірақ ат жалын тартып мінген азамат кезден алдыма қойған бар арман, бар мақсат елмен еншілес болды, халқым. Саған қалтқысыз қызмет еттім, аманатыңа адал болдым, соңғы демім таусылғанша еліме, жеріме қызмет етуден танбаймын. Менің тірі пендеге өкпем жоқ, ал менде кеткен өкпе-наз болса, ақ басымды иіп, мың қайтара кешірім сұраймын. Біріншіден, үрейден аулақ болайық. Сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік. Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе ие бол. Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма.

Дінмұхамед Қонаев
Көбірек жемістер мен көкөністерді
пайдаланыңыз

Жемістер мен көкөністерге бай болған диета, сол диета кезіндегі аурулардан ең жақсы қорғаныс болады.

Жемістер мен көкөністерді таңдау кезінде күңгірт жемістерге (мысалы, қара жүзімге) ерекше көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Көп жағдайда олардың құрамында денсаулыққа пайдалы антиоксиданттар көп.

#PQ
​​Мидың айлаларына қалай түспеу керек?


Сіздің миыңыз "не себепті ұйықтау керек" деген сылтауларға бай. Сіздің жұмысыңыз миға сылтауды сізге қарсы қолдануына жол бермеу.


Төсектен тұрғанда бірден 100% оянбайсыз. Біраз уақытқа дейін сананың бір бөлігі әлі ұйқыда болады.

Ұйқы кезінде не болады?

Ұйқы кезінде айналаңыздағы барлық жағдай сіз үшін бірқалыпты болады.

Оянғаннан кейін дәл солай. Яғни сізге ешнәрсе маңызды болмайды. Сіздің миыңызда бұны пайдаланып сізге кез келген бір сылтау ұсына салады. Ал сіз бұның арам ой екеніне еш күмәнданбастан, қабыл ете саласыз)))

⬆️ Жоғарыға қосымша:

Сіз көптен күткен бір сапар, не кездесу, не емтиханнан ұйқы себебінен қалып кетуіңіз екі талай. Себебі, ми бұл істердің маңыздылығын сезіп сізді кейде өзі-ақ оятып алады.

Енді қалай күрессек болады?


Сіз үшін қызықты болған бір дүние бар. Ол видео, не кітап т.б. Мысалы, кітап делік. Оның қызық жеріне келгенде кітапты жауып қойып, ұйқыға кетесіз. Ұйқыдан ояна сала оны ештеңе болмағандай дәл сол қызықты жерден ары қарай жалғастыра бересіз.

Бұл әрекетті басқа кез келген дүниемен жасай берсеңіз болады.


Бастысы, жасайтын әрекеттер сізден көп күш талап етпеу керек. Барынша жеңіл әрі қолжетімді болсын. Әйтпесе оған да ерініп қалу қаупі бар😁.
Сағат
​​Мидың айлаларына қалай түспеу керек? Сіздің миыңыз "не себепті ұйықтау керек" деген сылтауларға бай. Сіздің жұмысыңыз миға сылтауды сізге қарсы қолдануына жол бермеу. Төсектен тұрғанда бірден 100% оянбайсыз. Біраз уақытқа дейін сананың бір бөлігі әлі…
Бұл лайфхак ерте ояну әдетін қалыстыруға дейін қолданатын тәсіл. Өмір бойы жасау қажет деп ойлап қалмаңыз.

Сіз осы кезге дейін әдет қалыптастыруға 21 күн керек дегенді естіген боларсыз.

Бірақ бұл рас па?

Я, бірақ бұл тек биологиялық өзгеріс қалыптасатын уақыт. Яғни көзілдірікке үйрену, линза тағу тағысын тағы осы секілді әдеттер үшін 21 күн қажет.


Ал ерте тұру, таңғы жаттығу, кітап оқу деген секілді әдетті қалыптастыруға 60-90 аралығында күн керек.
“Уа, Аллаһ тағалам! Сен мені естисің, көресің һәм жасырын және жария нендей нәрсем болса Сен оны білесің. Істерімнен еш қайсысы Саған жасырын емес. Мен өте әлсізбін. Өзіңнен жәрдем һәм аманшылық тілеймін”.

(Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Жұма мүбәрәк болсын.

#Бүгінгідұға
Оқу күйзелісті азайтады.

Стресс деңгейін 68%-ға төмендету үшін күніне 6 минут кітап оқу жеткілікті!

Маңызды:

басып шығарылған кітапты оқу, экраннан оқуға қарағанда күрделі және дерексіз дүниені жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

⬆️Кітапты "оқу керек" деген себеппен емес, "денсаулығым үшін" деп ниет етіп оқуға кеңес беремін. Сол кезде миыңыз кітап оқуға энергияны өзі-ақ бөліп беруі мүмкін.

#PQ
“Уа, жақсылықтарын есепсіз берген Раббымыз! Өзіңнің жанындағы ұқсасы болмаған сұлулықтармен бейнемді көркейт! Әрбір пайдасыз нәрсені менен алыстат! Әрбір бос, жанға жайсыздық беретін ойларға санамды жабық ет”.

(Зуннун-и Мысри)

#Бүгінгідұға
​​Ұялы телефонның адам өміріне зияны

Ғалымдар ұялы телефонның электромагниттік толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін зерттеп қараған. Көп елде осыған байланысты арнайы программалар құрылып, үш жылдың көлемінде зерттеулер жүргізілген. Оған 12 елден келген 15 мың дәрігер маман қатысты. Олар зерттеу нәтижесінде құлақтың маңайында орналасқан ми, көз, сілекей безі, құлақ түйсіктеріне көп көңіл бөлген. Шынында да ұялы телефонды тым жақын қолданғанда одан электромагниттік энергия бөлінеді, тура сондай энергия микротолқынды пеште тауық етін пісіргенде шығады. Бұл энергия адамның миына және басқа мүшелеріне әсер етеді. Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таралып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға сіңеді. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады. Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшылығы 2000-2004 жылдар аралығында 13 елде зерттеу жүргізген, оған 12800 адам қатысқан. Ұялы телефон пайдалану мен ми ісігінің өсу жағдайы 8 жағдайдың алтауында анықталса, 1 зерттеу бойынша ми ісігінің бірі глиома 39%-ға өскен. Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар саны артқан. Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға рұқсат берген. Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екені белгілі болса да, бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. 

Ақпарат көзі :massaget.kz


#PQ
“Уа, Раббым! Өткен өмірінде шектен шығып, Өзіңе бойұсынбаған мына күнәһар құлыңның күнәларын жарылқағайсың!”

(Зәмахшәри)

#Бүгінгідұға