Сағат
654 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
Оқу күйзелісті азайтады.

Стресс деңгейін 68%-ға төмендету үшін күніне 6 минут кітап оқу жеткілікті!

Маңызды:

басып шығарылған кітапты оқу, экраннан оқуға қарағанда күрделі және дерексіз дүниені жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

⬆️Кітапты "оқу керек" деген себеппен емес, "денсаулығым үшін" деп ниет етіп оқуға кеңес беремін. Сол кезде миыңыз кітап оқуға энергияны өзі-ақ бөліп беруі мүмкін.

#PQ
“Уа, жақсылықтарын есепсіз берген Раббымыз! Өзіңнің жанындағы ұқсасы болмаған сұлулықтармен бейнемді көркейт! Әрбір пайдасыз нәрсені менен алыстат! Әрбір бос, жанға жайсыздық беретін ойларға санамды жабық ет”.

(Зуннун-и Мысри)

#Бүгінгідұға
​​Ұялы телефонның адам өміріне зияны

Ғалымдар ұялы телефонның электромагниттік толқындарының адам ағзасына қаншалықты зияны бар екенін зерттеп қараған. Көп елде осыған байланысты арнайы программалар құрылып, үш жылдың көлемінде зерттеулер жүргізілген. Оған 12 елден келген 15 мың дәрігер маман қатысты. Олар зерттеу нәтижесінде құлақтың маңайында орналасқан ми, көз, сілекей безі, құлақ түйсіктеріне көп көңіл бөлген. Шынында да ұялы телефонды тым жақын қолданғанда одан электромагниттік энергия бөлінеді, тура сондай энергия микротолқынды пеште тауық етін пісіргенде шығады. Бұл энергия адамның миына және басқа мүшелеріне әсер етеді. Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таралып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға сіңеді. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады. Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшылығы 2000-2004 жылдар аралығында 13 елде зерттеу жүргізген, оған 12800 адам қатысқан. Ұялы телефон пайдалану мен ми ісігінің өсу жағдайы 8 жағдайдың алтауында анықталса, 1 зерттеу бойынша ми ісігінің бірі глиома 39%-ға өскен. Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар саны артқан. Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға рұқсат берген. Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екені белгілі болса да, бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. 

Ақпарат көзі :massaget.kz


#PQ
“Уа, Раббым! Өткен өмірінде шектен шығып, Өзіңе бойұсынбаған мына күнәһар құлыңның күнәларын жарылқағайсың!”

(Зәмахшәри)

#Бүгінгідұға
​​Иммунитетті төмендететін әдеттер


Вируc көбіне иммунитеті әлcіз адамдарға қaуіпті. Сондықтан жұқпалы аурулардан ағзамызды қорғайтын – иммунитет. 
Иммунитеттің әлсіреуіне ең алдымен әсер ететін біздің зиян әдеттеріміз екен. Назарларыңызға ағзадағы иммунитетті төмендететін бірнеше әдетті ұсынамыз.

1. Ұйқының қанбауы
Ұйқы кезінде иммун жүйесінің бактериялар мен вирустарға қарсы күресті қалыптастыруға жауапты бөлігі іске қосылады. Егер жеткілікті ұйықтамасаңыз, иммун жүйесі тиімді жұмыс істемейді. Сондықтан күніне 7-8 сағаттан аз ұйықтамау керек.


2. Қозғалыстың аздығы
Физикалық белсенділіктің болмауы иммунитетті нашарлатады. Көп қимылдамайтын адамдар физикалық белсенді адамдарға қарағанда тыныс алу мүшелерінің ауруынан орта есеппен 42 пайызға көп зардап шегеді. Күндізгі жаттығуларға кем дегенде жарты сағат уақыт бөліңіз.

3. Жалғыздық
Көп уақыт жалғыз жүрген адамның норадреналин гормонының деңгейі жоғарылайды. Төтенше жағдайларда бұл гормон жараларды емдеуге көмектесетін ақ қан жасушаларының пайда болуына жауап береді. Алайда егер норэпинефрин деңгейі ұзақ уақыт бойы әдеттегіден жоғары болса, ол иммун жүйесінің бір бөлігін жауып, жұқпалы ауруларға бейімділікті арттыра бастайды.

4. Күйзелістен шыға алмау
Ұзақ уақыт бір нәрсеге алаңдаған адамның иммун жүйесі нашарлай бастайды. Мысалы күйзеліске ұшыраған адамдар басқаларға қаранда тұмауға көбірек шалдығады.

#PQ
Тағам дәмдеуіштерін елемей қоймаңыз.

Мысалы, тағамдағы паприка мен бұрыш 60 ккал - ға дейін жаға алады.

Олар тағамның қорытылуын тездетеді және салмақ тастауға жәрдем береді.

#PQ
Өз құныңды анықта

Кішкентай бала үлкен дүкен ішінде орналасқан телефон кабинасына келіп кіреді. Телефон тұтқасына да бойы жетпейді екен. Ол аяғының астына бос жәшікті сүйреп әкеліп қойып, әлдекімнің нөмірін тере бастайды. Тосын жайт дүкен егесінің көңілін аударып, баланың сөзіне құлақ салады.

Бала:
- Алло, Сәлеметсіз бе? Кешіріңіз, ханым! Сізге бау - бақшаңыздың арам шөбін жұлып, тазалап беретін жұмысшы қажет емес пе?
- Рахмет! Мен жұмысшы алып қойғанмын.
- Мен сізге оған төлеген ақшаңыздың жартысына жұмыс істеп берейін.
- Оның жұмысы көңілімнен толық шығады. Басқасын ауыстырғым келмейді. Керек емес.
- Жоқ, мен оған қоса үйдің ауласын, жүретін жолдардың барлығын азғантай ақыға тазалап берем. Көресіз, бау - бақшаңыз қаладағы ең әдемі бақшалардың бірі болады.

Алайда, әлгі әйел өз жұмысшысы осының барлығын жақсы атқарып жүргенін айтып, бас тартады.
Бала жауапқа күлімсіреген күйі тұтқаны орнына қояды. Кабинадан шыға бере өзін күтіп тұрған дүкен қожайынын көреді. Ол балаға:
- Сенің еңбекке деген ерекше құлшынысың мені таңқалдырды. Өзіңді жақсы көріп қалдым. Мен сені дүкеніме жұмысқа алайын. Келісесің бе? - дейді. Сонда бала еш саспастан:
- Мен жаңағы сөйлескен әйелде жұмыс істеймін. Телефонды тек өз жұмысымды қалай атқарып жүргенімді білейін деп соққан болатынмын, - дейді.


...Әрқайсысымыз өз мінімізді түзеуге қатты мұқтажбыз!!!
Тек ақпарат адамдардың ішін пыстырып жатқан секілді. Арасында осы секілді әңгіме салып отырамын. Жақсы ма?

Үнемі салып отырамын деп уәде бере алмаймын))
Anonymous Poll
77%
Жақсы
23%
Өзің білесің))
0%
Жақсы емес
《 Бір түйір қанттан да сабақ алуға болады: ол шайға барын береді, сосын жоқ болып кетеді.
Жақсылық та солай...》

📘Таңдамалы.
Серік Қалиев.
“Уа, Раббым! Өзің үшін төккен көз жастарым үшін мені мейіріміңе бөлей гөр! Өзіңе жете алмай ынтық болған рухымды мейіріміңе бөлей гөр! Өзіңнің алдыңда әлсізбін, тілегімді қабыл ет!”

(Ибн Жәузи)

#Бүгінгідұға
Тез жүрудің пайдасы

Жылдам жүрудің қарқындылығы қанша калория жағатынын анықтайды. Егер сіз жалқау болмасаңыз және жылдамдықты минутына 120 қадамға сақтай отырып, бәрін дұрыс жасасаңыз, онда бір серуендеуден кейін сіз шамамен 300 ккал жоғалтуыңыз мүмкін.

Нашар нәтиже емес, себебі бір сағат бірқалыпты жүгіруден шығын - 370 ккал.

#PQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздің жүрегіміз жиырылу жылдамдығы(соғысы) max қанша?

Минутына 150, 180 немесе 200?

Тыныштық жағдайы туралы айтатын болсақ, минутына 60-90 жиырылу норма болып саналады.

Бірақ физикалық күш салу кезінде моторымыз қандай шамаға төтеп береді?

Жақсы жаттыққан адамның жүрегі минутына 220 соғуға жетіп, еш салдарсыз қайта қалыпты жағдайға орала алады.✔️

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
《 Мінез - құлық перде секілді, көркем болса - жамандықтардың бетін жабады, жаман болса - жақсылықтарды көлегейлейді. 》

📘 Таңдамалы
Серік Қалиев
“Уа, Раббым! Мені күнәһарлықтың, қасарысудың қорлығынан шығарып, мойынсұнушылықтың биігіне жеткіз”.

(Ибраһим ибн Әдһәм)

#Бүгінгідұға
​​Есте сақтауды жақсартуға арналған жаттығулар

Америкалық ғалымдардың айтуынша, адам миы белсенділігінің шыңы 27 жасқа сай келеді. Бұл жастан кейін адам ми қатпарына аз күш түсіре бастайды және көптеген ақыл-ой процестері тежеледі.

Миды не үшін жаттықтыру керек және есте сақтауды жақсартатын қандай жаттығулар тиімді?

Жас ұлғая келе есте сақтау нашарлай түседі. Оның негізгі себептері мынадай:

- Уақыт өте мида және жүйке жүйесінде жүйке жасушаларының мөлшері азая береді, олардың арасындағы байланыс әлсірейді, соның себебінен атрофия (сему) дами бастайды;
- Мидағы кей бөліктер арасындағы байланыс үзіледі. Ағзаға оларды бір-бірімен үйлестіру қиынға соғады;
- Қан тамырлар қиналады: олардың қабырғалары қатты бола түседі және олар иілгіштігін жоғалтады. Ол склерозға әкеледі.

Егер жүйелі түрде миды жаттықтырса, жаңа нейрондық байланыстар саны арта түседі.
Есте сақтауды жақсартатын қандай жаттығулар бар?

Есте сақтаудың қай түрін жаттықтырғыңыз келсе де, кез келген зияткерлік күш салу ми белсенділігін арттырады. Ең қарапайым жаттығуларға мыналар жатады:

- Оймен санау. Ауызша санау қысқа мерзімді есте сақтауды жаттықтырады.
- 100-ден 1-ге дейін кейін қарай санау. Ол жаңа ақпаратты жаттауға жауап беретін жұмыс жадын дамытады.
- "Сөздер" ойынын ойнау. Қандай да бір сөздің соңғы әрпінен басталатын сөз ойлап тауып, ойынды жалғастыру керек. Сол кезде ми жүйке жасушаларының арасындағы "ұмытылып" қалған байланыстарды іске қосады.
- Түстерге мән беру. Күні бойы тек бір түсті заттарды байқайтындай етіп өзіңізге тапсырма беріңіз. Келесі күні басқа түсті таңдаңыз. Сол кезде зейін қою қабілетіңізді жаттықтырасыз.
- Шет тілін үйрену. Ғалымдар бірнеше тіл білетін адамдар Альцгеймер секілді аурулармен сирек ауыратынын анықтаған.
- Кітап оқу. Күніне бір сағаттан аз емес уақытты кітап оқуға арнаңыз: ол кезде мида жасушалар арасындағы жаңа байланыстар аумағы түзіле бастайды.
- Спортпен шұғылдану. Жай жүрістің өзі ми нашарлауын тоқтатуға көмектеседі. Ғалымдар, спортшылардың ми көлемі басқаларға қарағанда баяу кішірейетінін анықтаған.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
ФАКТ

Қысқа мерзімді аштық ағзадан токсиндерді кетіреді, салмақ жоғалтуға көмектеседі, тіпті қартаюды баяулатады.

#PQ
《 Кім өзінің білмейтін нәрсесінің көлемін білмейтін болса, білетін нәрсесімен мақтанып, масаттанады. Білімділердің ішінде ең көп тәкаппарлық қылатын адам - оқып-үйренуді тоқтатқан жан. Ал, ең көп қарапайымдылық танытатыны - үнемі оқу мен ізденісте жүретін пенде. Себебі, ол бітпейтін білімсіздіктен ұялады》

📘 Таңдамалы
Серік Қалиев
“Уа, Раббым! Сен мені өзімнен де жақсырақ білесің. Мен де өзімді мені мақтағандардан жақсырақ білем. Олардың менде бар деп ойлаған ізгі қасиеттерді маған нәсіп ете гөр әрі менің бойымдағы олар білмейтін кемшіліктерімді жасыр һәм кешір”.

(Хазірет Әбу Бакір (р.а))

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мидағы ақпарат сүзгісі

Гиппокамп - көптеген функциялары бар шағын жұпталған құрылым. Соның ішінде бір функциясы «ақпарат сүзгісі» 👇🏻

Гиппокамп ми жұмысын жеңілдету үшін қажет емес ақпаратты «ұмытады». Сонымен бірге ол қысқа мерзімді ақпаратты ұзақ мерзімдіге ауыстыра отырып, қажеттісін бекітеді.

Мидың бұл кішкентай аймағы айналадағы пейзажды еске түсіруді ұнатады. ⬇️

Сол себепті, Лондондағы такси жүргізушілерінің гиппокампы аздап үлкейген🧠

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
《Бұл өмір жап-жақсы болса, туылғанда жыламас едік, өмірде тап таза болсақ, өлгенде жуылмас едік》

📘 Таңдамалы
Серік Қалиев