Сағат
653 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
​​Есте сақтауды жақсартуға арналған жаттығулар

Америкалық ғалымдардың айтуынша, адам миы белсенділігінің шыңы 27 жасқа сай келеді. Бұл жастан кейін адам ми қатпарына аз күш түсіре бастайды және көптеген ақыл-ой процестері тежеледі.

Миды не үшін жаттықтыру керек және есте сақтауды жақсартатын қандай жаттығулар тиімді?

Жас ұлғая келе есте сақтау нашарлай түседі. Оның негізгі себептері мынадай:

- Уақыт өте мида және жүйке жүйесінде жүйке жасушаларының мөлшері азая береді, олардың арасындағы байланыс әлсірейді, соның себебінен атрофия (сему) дами бастайды;
- Мидағы кей бөліктер арасындағы байланыс үзіледі. Ағзаға оларды бір-бірімен үйлестіру қиынға соғады;
- Қан тамырлар қиналады: олардың қабырғалары қатты бола түседі және олар иілгіштігін жоғалтады. Ол склерозға әкеледі.

Егер жүйелі түрде миды жаттықтырса, жаңа нейрондық байланыстар саны арта түседі.
Есте сақтауды жақсартатын қандай жаттығулар бар?

Есте сақтаудың қай түрін жаттықтырғыңыз келсе де, кез келген зияткерлік күш салу ми белсенділігін арттырады. Ең қарапайым жаттығуларға мыналар жатады:

- Оймен санау. Ауызша санау қысқа мерзімді есте сақтауды жаттықтырады.
- 100-ден 1-ге дейін кейін қарай санау. Ол жаңа ақпаратты жаттауға жауап беретін жұмыс жадын дамытады.
- "Сөздер" ойынын ойнау. Қандай да бір сөздің соңғы әрпінен басталатын сөз ойлап тауып, ойынды жалғастыру керек. Сол кезде ми жүйке жасушаларының арасындағы "ұмытылып" қалған байланыстарды іске қосады.
- Түстерге мән беру. Күні бойы тек бір түсті заттарды байқайтындай етіп өзіңізге тапсырма беріңіз. Келесі күні басқа түсті таңдаңыз. Сол кезде зейін қою қабілетіңізді жаттықтырасыз.
- Шет тілін үйрену. Ғалымдар бірнеше тіл білетін адамдар Альцгеймер секілді аурулармен сирек ауыратынын анықтаған.
- Кітап оқу. Күніне бір сағаттан аз емес уақытты кітап оқуға арнаңыз: ол кезде мида жасушалар арасындағы жаңа байланыстар аумағы түзіле бастайды.
- Спортпен шұғылдану. Жай жүрістің өзі ми нашарлауын тоқтатуға көмектеседі. Ғалымдар, спортшылардың ми көлемі басқаларға қарағанда баяу кішірейетінін анықтаған.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
ФАКТ

Қысқа мерзімді аштық ағзадан токсиндерді кетіреді, салмақ жоғалтуға көмектеседі, тіпті қартаюды баяулатады.

#PQ
《 Кім өзінің білмейтін нәрсесінің көлемін білмейтін болса, білетін нәрсесімен мақтанып, масаттанады. Білімділердің ішінде ең көп тәкаппарлық қылатын адам - оқып-үйренуді тоқтатқан жан. Ал, ең көп қарапайымдылық танытатыны - үнемі оқу мен ізденісте жүретін пенде. Себебі, ол бітпейтін білімсіздіктен ұялады》

📘 Таңдамалы
Серік Қалиев
“Уа, Раббым! Сен мені өзімнен де жақсырақ білесің. Мен де өзімді мені мақтағандардан жақсырақ білем. Олардың менде бар деп ойлаған ізгі қасиеттерді маған нәсіп ете гөр әрі менің бойымдағы олар білмейтін кемшіліктерімді жасыр һәм кешір”.

(Хазірет Әбу Бакір (р.а))

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мидағы ақпарат сүзгісі

Гиппокамп - көптеген функциялары бар шағын жұпталған құрылым. Соның ішінде бір функциясы «ақпарат сүзгісі» 👇🏻

Гиппокамп ми жұмысын жеңілдету үшін қажет емес ақпаратты «ұмытады». Сонымен бірге ол қысқа мерзімді ақпаратты ұзақ мерзімдіге ауыстыра отырып, қажеттісін бекітеді.

Мидың бұл кішкентай аймағы айналадағы пейзажды еске түсіруді ұнатады. ⬇️

Сол себепті, Лондондағы такси жүргізушілерінің гиппокампы аздап үлкейген🧠

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
《Бұл өмір жап-жақсы болса, туылғанда жыламас едік, өмірде тап таза болсақ, өлгенде жуылмас едік》

📘 Таңдамалы
Серік Қалиев
“Раббым, кедейге жәрдем беріп, көңілін табудан қашпауға һәм нәпсімнің алдында тізе бүкпеуге жететіндей маған күш-қуат бере гөр”.

Жұма мүбәрәк болсын!

#Бүгінгідұға
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Face ID миымызға енгізілген

Мидың көру қыртысында осыған маманданған нейрондар бар. Ми ең алдымен қандай бөлікке мән береді?

Көз пішіні👀

Нейрондар осылайша бірінші қорытынды жасайды - бұл адамның беті ме, әлде жоқ па деген секілді. Осыдан кейін ми жадында сақталған басқа суреттермен салыстырады және таныс адамды таниды.

Егер қыртыстың бұл аймағы зақымданса, «тану» мүмкіндігі жоғалады☝🏻

Бірақ көру өткірлігі сол деңгейде қалуы мүмкін, өйткені оған басқа нейрондар жауапты.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Кәсіби спорт пен денсаулық бір термин емес

Мәселе мынада, кез келген кәсіби спорт денені тоздыратын жұмысты және оны мүмкіндіктер шегінде жұмыс жасауды талап етеді.

Егер сіз ұзақ уақыт бойы шетпен жүрсеңіз, оның соңы құлауға әкелуі мүмкін. Барлық кәсіби спортшылардың күнделікті ұзақ мерзімді жаттығулары біртіндеп, кейде кенеттен спортшылардың денсаулығына орны толмас зиян келтіреді. Егер сіз мұқият қарасаңыз, көптеген адамдар спорттың салдарынан қайтыс болды, не кем дегенде мүгедек болып қалды.

Бұлшықетке түскен күштен басқа, күнделікті «максимум» жаттығу жүректі отырғызады және жүйке жүйесін қысады.

Көптеген спортшылар ақша табу үшін саналы түрде денсаулығына қатер төндіреді және бұл әрекеттер үнемі сәттілікпен аяқтала бермейді.

Қорытынды өте қарапайым:

Бүгіннен бастап өз денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз, ешбір ақшаға денсаулықты сатып ала алмайсыз. Спортпен ақылмен және фанатизмсіз айналысыңыз.

#PQ
Көркем мінездің көмегі

Ет зауытында жұмыс жасайтын Гүлжан деген келіншек бір күні жұмысын аяқтап болған соң, ет сақталатын тоңазытқыштары бар салқын бөлмеге бір нәрсе тексеру үшін кірген болатын. Бірақ, ол кері шыға алмай қалды. Есік сырттан жабылып қалыпты. Қанша тырысқанымен сірескен темір есікті ашу мүмкін болмады. Сырттан біреу көмекке келмесе, іштен аша алмайтынына көзі жеткен Гүлжан жәрдем ететін адам шақырып, бар дауысымен айғайлай бастады. Кешкі уақыт болғандықтан, барлық жұмысшылар үйлеріне қайтып кеткен. Шарасыз қалған Гүлжан Аллаға жалбарына бастайды. Сөйтіп суық тоңазытқыштың ішінде қамалып отырғанына бес сағат болды.
Бір кезде есік сыртына біреу келгендей болды да, сарт-сарт еткен дауыс шығып, темір есік сыртқа қарай айқара ашылды. Гүлжан бірден тысқа атып шықты. Есікті ашқан зауыттың қарауылы екен. Іші қорқыныштан, сырты суықтан әбден мұздаған келіншек әрең дегенде сабырға келді. Есік жиғанда, қарауылдан мұндай уақытта есікті неге ашқанын сұрады. Ол кісі:
- Мен бұл зауытта жұмыс істеп жатқаныма отыз бес жылдай болды. Мыңдаған жұмысшылар келіп-кетіп жатады. Алайда, сол мыңдаған адамдардың ішінде тек сіз ғана менімен таңертең амандасып, кешкісін қоштасатынсыз. Көбісі мені көздеріне де ілмей, тіпті адам деп те санамайтын. Бүгін әдеттегідей таңертең сіз менімен амандастыңыз, алайда " Сау болыңыз, ертең кездескенше!" дегеніңізді естімедім. Бүгін сіздің қоштасу сөзіңізді естімегендіктен қобалжып, сізге бірдеңе болып қалды ма деп қатты уайымдадым. Міне, сондықтан мен фабриканы түгел тексеруге шықтым. Күдігім расталып, сіз мына салқын бөлмеде қамалып қалыпсыз, - деді.
Адам бойындағы адамгершілік, оны маңындағы жандарға сүйікті етіп көрсететіні белгілі. Ендеше, айналаңыздағы барлық адамды сыйлап, қарым - қатынасыңызды үзбеңіз. Себебі, сіз ертең не болатынын білмейсіз...

📘 Бақыттың құпиясы
Серік Қалиев
“Уа, Аллаһ тағалам! Ризығыңа ие болдым, алайда шүкір қыла алмадым. Қиыншылықтарға душар болдым, алайда сабыр ете алмадым. Шүкір қылмағаным үшін ризығыңды азайтпадың. Сабыр етпегенім үшін мені азаптамадың. Раббым! Бұл Саған ғана тән жомарттық һәм кеңшілік”.

(Сары Абдуллаһ)

#Бүгінгідұға
Ыстық, суықта да бас киімді ұмытпауға тырысыңыз.

Шаш, тері сияқты, температура тітіркендіргіштеріне сезімтал.

#PQ
Көздер қараңғылыққа қалай бейімделеді?

Бір сөзбен - родопсин. Бұл жарық әсерінен ыдырайтын фотосезімтал визуалды пигмент. Егер ол ыдырамаса,тек қана сізге қарап тұрған жарық көріп тұрар едіңіз.

Бірақ қараңғыда родопсин қайта қалпына келеді. Ал фотосезімталдық артады, бір минуттан кейін 10 - ға, 20 минуттан кейін - 6 000 - ға, 40 минуттан кейін - 25 000 !

Көзіміз қараңғыда түстердің реңктерін 4 сағаттан кейін ғана толық және егжей-тегжейлі толығымен ажырата алады.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сапарға шығарда түйесіне мініп үш рет:“Алла ұлы”,“Алла ұлы”,“Алла ұлы”,-деп одан кейін былай айтатын:“Мұны бізге бағынышты еткен Алла кемшіліктен пәк. Алла мұны бізге олай (бағынышты) етпегенде маңына да жуый алмас едік. Расында біз Раббымызға қайтушымыз. Алла менің бұл сапарымды өзің разы болатын тақуалы амалдар істейтін сапардан ет. Әрі сапардың алыстығын жақын ет, қиындықтарын жеңіл ет. Сапардағы жолдасым өзіңсің, әрі жанұяммен қалған да өзіңсің. Сапардың мұңлы көріністері мен қиыншылықтарынан жанұяммен мал мүлкіме қаралы қайтудан өзіңе сыйынамын”

(Абдулла инб Омар).

#Бүгінгідұға
​​ӘЙЕЛ МИЫНА ЭКСКУРСИЯ.

Өмірде әртүрлі ауруларды, ауыртпалықтарды әйелдер мен еркектердің әрқилы қабылдайтыны белгілі. Сезінуі, сезімдері де солай. Бұл неліктен?

Ғалымдар оған көптен бері нақты жауап іздеп келеді. Осы зерттеу барысында: «Мүмкін, әйелдер мен еркектердің жүрегі, миы әубаста бір-бірінен басқаша жаратылған шығар, соған байланысты әйелдер мен еркектер науқасты, әр түрлі жағдайларды әрқилы қабылдайтын болар?», – деп ой айтқандар да болған көрінеді. Тек әзірге ғалымдардың анықтағаны, көлемі мен құрылымы жағынан әйелдер миының еркектер миынан айырмашылығының бар екендігі.

Яғни, әйел миының салмағы ерлер миының салмағынан орташа алғанда (дене бітімі тәрізді) 10-15 пайызға кем. Алайда «Әйелдердің миы аз» деп қорытынды жасауға асықпаңыз. Өйткені, ақылдылық мидың салмағымен өлшенбейді.

Осы орайда американдық психиаторлар мен невропатологтардың пікіріне назар аударсақ, әйелдер миының нейроны мейлінше белсенді жұмыс істейді. Іс жүзінде қаншама жетілген деп саналғанымен, ерлер миының нейрондары белгілі бір аумақтарда ғана жұмыс істесе, әйелдер миының нейрондары әлдеқайда кең көлемді қамтиды. Оны ғалымдар әйел миындағы «сезімталдық» пен «ұғымталдық» (жарты шарлар арасындағы) байланыстың анағұрлым тығыздығынан деп түсіндіреді.

Әйелдер мен ерлер миының реакциясында да алшақтықтың көп екендігі анықталып отыр. Яғни, олардың реніш сезімдері бірдей көрінгенімен, әйелдің миына салмақ сегіз есе көп түседі. Және де әйелдер кез-келген сөзге ерлерден гөрі ерекше мән береді, тез аңғарады. Соған сәйкес, әйелдерге сөзбен жұмыс істеу, синонимдік сөздерді ойлап табу әлдеқайда жеңіл көрінеді. Бұл ерекшелік олардың миына зақым келгенде тез сауығуына көмектесетін болып шықты.

Ғалымдардың анықтауынша, әйелдің жүрегі де ерлердің жүрегіне қарағанда минутына 8-10 рет артық соғады, салмағы да 10-15 пайызға кем, дегенмен, ол соншалықты төзімді. Және оттегін 30 пайыз аз қабылдайды, 40 жасқа дейін 20 ер адам инфаркт алса, 40-қа толған бір-ақ әйел осы ауруға шалдыққан.

Ақылдылық шаштың құрамынан

Қазақта «Шашы ұзын, ақылы қысқа» деген мәтел бар. Әйелге арнап айтылған. Осы мәтел тілімізге үйірілгенінде, ұзындық пен қысқалық теңеу ретінде айтылған шығар деп ойлайтынбыз. Алайда ақылдылық пен шаштың арасындай байланыс бар болып шықты. Тек ақылдылық шаштың ұзындығынан емес, шаштың бай құрамынан екен. Мұны Париж университетінің ғалымдары анықтап отыр. Олар адамның ақылы мен интеллектуалдық қабілеті шаш құрамына байланысты деп тұжырымдайды. Мұндай қорытындыға келмес бұрын ғалымдар 2 мыңнан астам адамның шашына зерттеу жүргізіпті. Сөйтіп, интеллектуалдық қабілеті жоғары адамдардың шашында мырыш пен мыс құрамы жоғары болатынын біліпті. Бұл әрине, күнделікті қабылдайтын тағамға да байланысты болса керек. Одан туатын қорытынды: мыс пен мырышқа бай өнімдер адамның есте сақтау қабілетін жақсартады, ақыл-ойдың белсенділігін күшейтеді.

Ал, фин ғалымдары инфаркт алғандардың шашын зерттегенде, жүрек-қан тамыры ауруына ағзада селен микроэлементінің жетіспеуі себеп екендігін айтады. Мұның сыртында, ғалымдардың анықтауынша, адам шашы - проблемалар мен барлық жағымсыз ақпаратты сақтаушы. Сол себепті, ауырып, күйзеліп, ауыр жағдайларға душар болғаннан кейін шашты қысқартып, қиып тастаған дұрыс.

Ақпарат көзі: massaget.kz

#IQ
Ашыққан жылан

Шетелдерде отбасын құрып, бала санын көбейткеннен гөрі аң-құс, жан-жануар, ит асырап, бар қамқорлығын, тапқан табысы мен ыстық ықыласын соған ғана арнайтындар бар ғой. Сондай бір әйел кісі питон жыланын бала кезінен бастап бағып-қағады. Оны жас сәбидей мәпелеп, шомылдырады, ұнатқан асын жегізеді. Бар қуанышы да, уайымы да - сол жыланы болады. Жылан да әйелдің бар көңіл-күйін ұғатындай өмір сүріп жатады. Күндердің күні ол мүлдем ас ішуден қалады. Басын көтермей оратылып алып аш жатады да қояды. Әйел байғұс бар тапқанын аузына тосса да ешбіріне көз қырын салмайды. Шарасыз әйел мал дәрігеріне жүгінеді:
- Жыланым қаншама күннен бері нәр татқан жоқ. Түнімен маған оратылып ұйықтап шығады, күні бойы аш. Түнде маған оратылып жатқанда, мені қимайтындай, көз алдымда семіп бара жатқандай көрінеді, - деп жылап жібереді. Жыланды әбден қарап шыққан дәрігер:
- Иә, қиын жағдай екен. Бірақ, сіз дәл уақытында хабарласыпсыз. Жыланның ешқандай ауруы жоқ. Ол тек сізді жұту үшін асқазанынан орын дайындап ашығып жүр. Түнде оратылып жататыны - сіздің көлеміңізді өлшеп жүр! - дегенде әйел есінен танып түсе жаздапты.
Міне, достар, бетпе-бет келген ашық дұшпаннан гөрі жаныңда күліп, құшақтасып жүрген достың озбырлығы он есе қиын екен. Сондықтан адам дос таңдағанда саған зияны тимейтін, болашағыңа балта шаппайтын адал, мейірімді, ақылды дос іздеу керек.

📘Бақыттың құпиясы
Серік Қалиев
Сағат
Voice message
Қазақстан телеарнасында "Алтын қор" бар. Сол қорда біздің атамыз Бауыржан Момышұлы өз даусы бар екен. Естуімше, ол кісінің дауысын естіген адам, акоптан атып шығып, жауды іздеп кетердей рух алады дейді. Міне, бұл нағыз қолбасшының дауысы.
“Уа, Раббым! Табысымды адал етіп, маған қанағат бере гөр. Маған разы болмайынша мені бұл дүниеден ала гөрме”.

#Бүгінгідұға