Сағат
649 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қысқа мерзімді жады - өте қысқа мерзімді😃

Сондықтан кейде айтқымыз келген нәрсені ұмытып кететін де жағдайлар болады🌀

Әйтпесе, оны сіз жаңа ғана айтпақшы едіңіз.

Өйткені, ми ақпараттың керегін, таңдамалы түрде есте сақтайды. Эмоциямен бекітілмеген ақпаратты ми 20-30 секундтан кейін ұмытып кетеді. Яғни ақпаратты басында жылдам қол жеткізу үшін қалдырады, бірақ содан кейін ресурс үнемдеу үшін оны жояды.

Мысалы, сандар мида орташа есеппен 7,3 секунд, ал әріптер 9,3 секунд сақталады.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біз ештеңе жасамаған күннің өзінде, біздің ағза керемет қорғаныс жүйесімен жаратылған.

Мысалы, анимацияда ақ қан жасушасы (лейкоцит) вирус жұқтырған қызыл қан клеткасын жойып жатқаны көрсетілген.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жүйке жасушалары қалпына келе алады

Бірақ, бәрі емес.
Ми мен жұлын бір рет жасушадан айырылса, ол қайта қалыпқа келмейді
Дегенмен, бұған⬆️ теріс тұжырымға бағытталған зерттеулер бар (адамдар қандай да бір жолмен инсульттан қалпына келіп жатады ғой).

Бірақ қолдағы, аяқтағы және тері жүйке талшықтары қалпына келуге қабілетті.

Өйткені, терінің зақымдануы әдетте оның қабатына терең енбейді, яғни тек жүйке талшығының өсінділері ғана зақымдалады. Ал жасушаның өзі зиянсыз болып қалады және қайта өсе бастайды

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адамның миының салмағы жоғары интеллектті білдіреді ме?

Әрине, жоқ 👐
Интелек үшін ми салмағының, тіпті дене салмағына қатынасының да еш қатысы жоқ.

Когнитивті қабілеттерге нейрондық байланыстар, яғни синапстар санына байланысты.

Синапстар өзара мидағы аймақтарды байланыстырады және жаңа ақпарат алуға жауап береді:

Мысалы: ыстық шай; - синапс, Париж - Франция астанасы; - синапс, 5 жердегі 5 = 25; - синапс.

Бір нейронның басқа нейрондармен 1-ден 10 мыңға дейін байланыста болуы мүмкін.

Және осы байланыстар жиынтығының үлкендігінде - интеллект деген👆🏻түсінік жатыр🧠

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біздің денеміздегі ең қозғалысы көп буын

Иық буыны 💪 🏻

Тарту және итеру, иілу және кеңейту, айналдыру — бұл бір буын мұның бәріне қабілетті.

Мұндай үлкен қозғалыс көлемі сіңірлердің, бұлшықеттердің және байламдардың күрделі өзара әрекеттесуінің арқасында жүзеге асады.

Қозғалыстағы үлкен мүмкіндіктерден бөлек, иық буыны жоғары күш пен дәлдікке ие.

Соңғы абзац спорт қой бір тілмен айтқанда🙂

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жараның жазылуы

Бұл процестің үш кезеңі бар 👇 🏻

1⃣ Қанның ұюы немесе гемостаз.

Тромбоциттер зақымдануға тез реакция білдіріп, жарақат орнына жылдам жабысады.

2⃣ Қабыну немесе тазарту.

Лейкоциттер жарадағы зақымдалған және өлі жасушаларды фагоциттейді.(яғни жейді).

3⃣ Жаңа тіндердің өсуі, емделуі

Бұл бәрімізде болған және болатын процес. Бірақ, біз оған мүлде бас ауыртпаймыз. Себебі, біз солай махаббатпен жаратылғанбыз.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Күн соңына пайдалы әрі қызық ақпарат болсын🙂

Қабырға - сүйек емес😄

Дәлірек айтқанда, соңына дейін сүйек емес.

Қабырға - қабырға шеміршектерімен жалғасады. Бұл жолақтар қабырғаның алға қарай созылуына және кеуде қуысының еркін қимылына мүмкіндік береді.

Қабырға шеміршектері - қабырғаның алдыңғы ұштарында орналасқан 🏻

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қысқа мерзімді жады - өте қысқа мерзімді😃

Сондықтан кейде айтқымыз келген нәрсені ұмытып кететін де жағдайлар болады🌀

Әйтпесе, оны сіз жаңа ғана айтпақшы едіңіз.

Өйткені, ми ақпараттың керегін, таңдамалы түрде есте сақтайды. Эмоциямен бекітілмеген ақпаратты ми 20-30 секундтан кейін ұмытып кетеді. Яғни ақпаратты басында жылдам қол жеткізу үшін қалдырады, бірақ содан кейін ресурс үнемдеу үшін оны жояды.

Мысалы, сандар мида орташа есеппен 7,3 секунд, ал әріптер 9,3 секунд сақталады.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Асқазан да гормон бөледі!

Грелин және гастрин

Грелин - "аштық" гормоны.
Оның бөлінуі гипоталамусты белсенді етіп, бізді тамақ іздеуге😋 мәжбүр етеді.

Гастрин - тағамды қорытуға қажетті асқазан ферменттері мен тұз қышқылының бөлінуін тудырады.

Қорыта айтқанда, асқазан да дәу бір без.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты

Ақпарат көзі: Человек 1шт.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қан сүзгісі

Барлығы білетін функциялардан басқа, бауыр қанды токсиндер мен зиянды заттардан тазартуда маңызды рөл атқарады.

Ол минутына шамамен 1,4 литр қанды сүзіп отырады.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүйрек тек қандағы токсиндер мен қалдықтарды сүзіп, оны зәр арқылы шығарады.

Тек бұл ғана емес!!

Бүйрек қанды сүзіп, қандағы сұйықтық мен электролит тепе-теңдігін реттейді және біз үшін маңызды заттарды қайта қанға қайтарады.

Біздегі қан бүйрек арқылы шамамен күніне 30 рет өтеді. Адамда орташа 5 литр қан болғандықтан, бүйрек күніне 150 литр қанды сүзіп отырады.

Бұл жұдырықтай ет үшін үлкен жұмыс. Сау бүйрек үшін Құдайға шүкір деп қойыңыз❤️

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тіс туралы қызықты деректер

Тіс біз туылмай жатып өсіп бастайды. Сүт тістер жүктіліктің екінші триместрінде, ал тұрақты тіс біз туғаннан кейін қалыптаса бастайды.

Тіс саусақ іздері сияқты дара болып келеді. Екі саусақ ізі бірдей болмайтыны сияқты, екі тіс бірдей болмайды. Осы бірегейлікке байланысты стоматологиялық жазба, кейде жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін жиі пайдаланылады.

#Махаббатпенжаратқанадамзатты
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тоқтаусыз қозғалыс

Көз бір орында тұрған секілді болса да, ол үнемі микросаккада деп аталатын кішкентай еріксіз қозғалыстар жасайды.

Әр көздің қозғалысын 6 дана бұлшықет басқарады. Бұл бұлшықеттер бір бағытта дәл қозғалыс жасау үшін бір-бірімен үйлесімді жұмыс істейді.

Бұл қозғалыстар көру қабілетінің төмендеуін болдырмайды.

#махаббатпенжаратқанадамзатты