Сағат
651 subscribers
321 photos
138 videos
18 files
87 links
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

(Әйтеке би)
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Неліктен бізге жастық қажет?

Біздің ата-бабамыз не болса сода ұйықтады, ешкімге ештеңе болған жоқ🤔

Адамдағы бұл "жұмсақсүйгіштік" себебі неде?

Жастықты қолданудағы себептердің бірі - анатомиялық ерекшеліктер. Біз тік тұрғанда бас, мойын және омыртқа бір түзу тік сызық бойында болады.

Дәл осы тік сызық күйін жатқан кезде сақтау керек. Яғни, ұйқыдағы "комфорт" үшін бас пен мойын омыртқасы бір түзуде болуы керек.

Сол үшін етбеттеп жату жастықсыз мүмкін (бірақ, бұл ең нашар дене қалпы деп саналады), шалқалап жастықсыз ұйықтай аламыз, бірақ бүйірлеп жатқан кезде жастық болуы міндетті. 🏻

#PQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қарапайым, сонымен бірге күрделі процесс

👉 🏻Бұлшықеттің жиырылуы.
Қозғалыссыз жүріп отыратын процесс.

Бұл дегеніміз адамдағы бір күндік толық энергияның жартысына жуығы, бұлшықеттің жиырылуына кетеді.

#PQ
ЖАҢА ПІСКЕН КӨК

Жаңа піскен көктердің адам ағзасына тигізетін пайдасын дөп түсіп бағалау қиын.

Онда бай минералды құрам және көптеген дәрумендер бар: A, C, D, E, K, B1, B2, B3, B6, B9, пантотен қышқылы, холин, бетанин және басқа биологиялық белсенді заттар.

#PQ
Ақылмен жаттығу

Көптеген өмірлік процестер, гормондар мен нейротрансмиттер өндірісі физикалық белсенділікпен тікелей байланысты. Бұны назардан тыс қалдырмау керек.

Бірақ бұл дүние сізде қуат көзі болған жағдайда ғана пайдалы болады. Егер ұйқы қанбай, залға жалқауланып әрі шаршаңқы күйде келсеңіз, бұл жаттығудың пайдалы болуы екіталай.

#PQ
Сүйек үшін "К" витамині қажет

"К" витамині сүйек тығыздығын сақтауға көмектеседі.

"К" витаминінің көздері: жапырақты жасыл көкөністер, брокколи, өсімдік майлары.

#PQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Смартфонды жүре қолданудың зияны

Ол - омыртқаға жүктеме!

Ересек адамның басының салмағы шамамен 4,5–5,5 килограмм, бұл біздің мойнымыз көтере алатын күш. Алайда салмақ түсу бұрышы өзгеріп, күшейген сайын омыртқаға әсер ететін күш ұлғаяды.

Мысалы, егер бастың иілу бұрышы 15 градусқа жетсе, онда ол бас салмағы 12 келіге дейін артады.
Ал сіз басты 45 градусқа бүгу, 22 кг салмақ тудырады.

Басты бұл позада үнемі ұстап жүру мойынға едәуір қауіп тудырады. Бұл ыңғайсыз дүние, ендігі өзіне термин тағайындап та үлгерген - text-neck(neck-мойын)

Дәл бұлай үнемі иіліп жүру - омыртқаның мерзімінен бұрын тозуына, мойын бұлшықеттерінің зақымдануына әкеліп, жоғарғы омыртқада артроз қаупін арттырады.

Сондықтан, ендігі смартфонды көз деңгейіне жақын ұстауға тырысыңыз. Келістік пе?!!👍

#PQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адам көзі қаншалықты жиі жыпылықтайды?

Бұл әрекетті минутына қанша рет жасаймыз🤔?
10, 20 немесе 30 рет?

Барлық жауаптар сәйкес емес.

Бір минут ішінде адам орта есеппен кем дегенде 30 рет жыпылықтатады!

Айтпақшы, біз гаджетпен жиі жұмыс істей бастағандықтан, бұл көрсеткіш аздап төмендей бастады.

Ал жұмысы тікелей экранмен байланысты болатын адамда құрғақ көз синдромы дамиды.

#PQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Нәзіктік пен сүйіспеншілік гормоны - окситоцин.

Ол махаббатқа жауапты, оның арқасында біз бір-бірімізге деген сүйіспеншілікті, сенім мен жауапкершілікті сезінеміз.

Мысалы

Мына видеоның сыртына тасып тұрған әкенің балаға деген махаббатына да осы гормон жауапты. Оған қарап сүйсініп отырған сіздегі сезімге де)))).

#PQ
Спортсмен жүрек💪🏻😀

Күніне 1 сағаттан артық спортпен айналысатын адамның жүрегі🫀 басқаша жұмыс істейді.

Қалыпты жағдайда адамда жүрек минутына шамамен 75 рет жиырылса, онда спортшыда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен — минутына 60 соққыдан аз.

Неліктен азайып кетті🧐?

Спортшыда жүрек жиі күш түскен себепті, сол күшке бейімделеді, соның салдарынан кейбір құрылымдық өзгерістер болады😨.

Тіпті "бұлшықеттер өседі", яғни сол жақ қарыншаның қалыңдығы артады.

Осы себепті спортшының жүрегі тиімдірек жұмыс істей бастайды. Яғни бір жиырылу кезінде ол көп қан айдай алады. Сол үшін де ол жүрекке минутына 60 жиырылу да жетеді ✔️

#PQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жай дүйсенбі ғой

Зерттеулер көрсеткендей, инфаркт көбінесе дүйсенбі күні таңертең болады.

Бұл жұмыс аптасының басындағы күйзеліс пен белсенділік деңгейіне байланысты екен.

Сол үшін дүйсенбіге жай күн ретінде қарап үйренейік🙂.

#PQ
Қыс - ғажайыптарға толы жылдың көптен күткен мезгілі. Бірақ дәл осы мезгілде күн сәулесі мен жылудың жетіспейтіні де бар. Сәйкесінше, дене энергиясы аз. Сонымен қатар қыста күн қысқа, сыртта суық, дене белсенділігі тіпті жоқ(тек жүреміз😄). Оған қоса тыныс алу органдарының ауруын тудыратын маусымдық вирустар да пайда болады.

Сол үшін жазда күннен әрі жеміс жидектен аямай алып жүрген витаминдерді өздігімізден іздеп, тұтынып, өз денемізге көмек көрсету керек.

#PQ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұйықтар алдын, қорыл қайдан шығады!? Біле кетіңіз))

Қорылдау - ұйқы кезінде жоғарғы тыныс жолдары бітеліп немесе тарылып, ауа ағынының турбулентті болуына байланысты құбылыс.

Бұл "жағымды😃" дыбыс жұтқыншақтан ауа өтіп, сол жұтқыншақ қабырғаларының дірілінен пайда болады.

#PQ
Спорт тек бұлшық ет үшін емес

Жаттығу кезінде нейрогенез деп аталатын процес, яғни жаңа нейрондардың (ми жасушаларының) өсетіні дәлелденген.

Және бұл процесс ең бірінші гиппокампта орын алады. Ал гиппокамп есте сақтау мен оқуда маңызды рөл атқаратын ми аймағы.

#PQ