ULTTYQ ZHOBALARDYN BIRYNGAI PORTALY
164 subscribers
9.41K photos
10 videos
5 files
3.58K links
Download Telegram
Жедел-жәрдем қызметі 77 көлікпен толықты

Түркістан облысы медициналық жедел-жәрдем стансасына 77 санитарлық көлік берілді. Салтанатты рәсімге арнайы қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, отандық өндірістегі жедел-жәрдем көліктерінің жасақталуымен танысты.

«Коронавирус індетімен күрес мақсатында елде медицина саласына үлкен көңіл бөлініп жатыр. Барлық елді мекендерде осындай жаңару бар. Жаңа көліктер ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, жедел-жәрдем паркін жаңартуға мүмкіндік беріп отыр. Осы орайда, сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келіп отыр.Еңбектеріңіз халыққа денсаулық, қуаныш сыйлап, табысты болсын»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы.

Жедел-жәрдем көліктері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мамандандырылған реанимациялық емдік шараларын көрсетуге мүмкіндік беретін автокөліктер портативті өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор, электрокардиограф, реанимациялық көмек көрсетуге арналған чемодан, жылжымалы зембіл, пульсоксиметр, редуктор-ингалятор және электрсорғыштармен жасақталған. Жыл соңына дейін қосымша 45 дана санитарлық автокөлікпен жабдықтау көзделген.

Жалпы, күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады. Тәулігіне орташа есеппен 2000-ға жуық қоңырау түсуде. Келесі жылы бригадалар санын 150-ге дейін арттырып, медициналық жедел-жәрдем қызметін одан әрі жетілдіру жоспарланған. https://news.2gov.kz/news/zhedel-zh-rdem-yzmeti-77-k-likpen-toly-ty-
В Балхаше подвели итоги онлайн-конкурса кюев

Региональный онлайн-конкурс кюев имени народного артиста Казахстана Магауи Хамзина «Күй – құдірет» прошел в Балхаше в рамках программы «Рухани жаңғыру». Заявки на участие поступили из многих городов и районов Казахстана. Строгим жюри были отобраны 13 претендентов на победу из Балхаша, Караганды, Сарани, Бухар-Жырауского и Шетского районов, села Егиндыбулак.

В состав жюри вошли ученики Магауи Хамзина: преподаватель Детской музыкальной школы №1 города Караганды Манап Аныкбеков и Ерлан Тугелбаев, а также художественный руководитель школы-лицея №15 им. А. Бокейхана Думан Тлеубеков.

Участники конкурса должны были исполнить кюй Магауи Хамзина и одно произведение на свободную тему. Жюри после долгих совещаний присудило Гран-при Диасу Габдулле из Бухар-Жырауского района. Первое место досталось Али Жапену из Караганды. Серебро вручили тоже нашему земляку Нурдаулету Сагатбеку. Третье место между собой поделили карагандинец Асет Кенжебеков и Даулетбек Жусуп из Шетского района. Специальный приз им. М. Хамзина получил карагандинец Сеилхан Сайлауов. Все участники были награждены благодарственными письмами и поощрительными призами.

– Несмотря на то что конкурс проходил онлайн, участники очень хорошо подготовились. Даже творчески оформили место, где они записывали видео. Приятно, что заявки поступали из всего Казахстана. Присылали видео из Костаная, Алматы, Нур-Султана. Наша земля полна талантливой молодежи, – отметила главный специалист отдела культуры и развития языков Балхаша Улпан Сапаргали. https://news.2gov.kz/ru/news/v-balkhashe-podveli-itogi-onlayn-konkursa-kyuev
Күй байқауының қорытындысы шығарылды

Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның Халық әртісі Мағауия Хамзиннің «Күй-құдірет» атты күйлердің аймақтық онлайн-байқауы өтті. Қатысуға өтінімдер Қазақстанның көптеген қалалары мен аудандарынан келіп түсті. Қазылар алқасы жеңіске Балқаш, Қарағанды, Саран қалаларынан, Бұқар Жырау және Шет аудандарынан, Егіндібұлақ ауылынан 13 үміткерді іріктеп алды.

Қазылар алқасының құрамына Мағауия Хамзиннің оқушылары - Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебінің оқытушысы Манап Анықбеков пен Ерлан Түгелбаев, сондай-ақ Ә. Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейдің көркемдік жетекшісі Думан Тілеубеков кірді.

Байқауға қатысушылар Мағауия Хамзиннің күйі мен еркін тақырыпта бір шығарма орындауы керек еді. Қазылар алқасы ұзақ кеңестерден кейін Бұқар Жырау ауданының тұрғыны Диас Ғабдуллаға бас жүлдені берді. Бірінші орын қарағандылық Әли Жапенге бұйырды. Күміс жүлдені жерлесіміз Нұрдәулет Сағатбек иеленді. Үшінші орынды қарағандылық Әсет Кенжебеков пен Шет ауданының тұрғыны Дәулетбек Жүсіп өзара бөлісті. М. Хамзин атындағы арнайы сыйлықты қарағандылық Сейілхан Сайлауов алды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

- Байқау онлайн өткізілгеніне қарамастан, қатысушылар өте жақсы дайындалды. Олар тіпті бейнелер жазатын орынды шығармашылық өнерлерін салып безендірген. Өтінімдер бүкіл Қазақстаннан келіп түскені қуантады. Қостанай, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан бейне жолдағандар бар. Біздің өлкеміз талантты жастарға толы, - деп атап өтті Балқаштың Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ұлпан Сапарғали. https://news.2gov.kz/news/k-y-bay-auyny-orytyndysy-shy-aryldy
📝В рубрике Мнения Сакен Бельгибаев "Казахстанский кинематограф в цифрах: что и где мы будем смотреть?"

📑События 2020 года поставили отечественную киноиндустрию на паузу. В этом есть свои плюсы и минусы. И если не затрагивать экономические проблемы, то главным достижением для всей отрасли стала возможность объективно пересмотреть условия ее дальнейшего развития. Но изменится ли ситуация после карантина?

Предлагаем прочитать продолжение новой статьи, перейдя по ссылке⬇️⬇️⬇️ https://news.2gov.kz/ru/blogs/kazakhstanskiy-kinematograf-v-tsifrakh-chto-i-gde-my-budem-smotret