ULTTYQ ZHOBALARDYN BIRYNGAI PORTALY
164 subscribers
9.41K photos
10 videos
5 files
3.58K links
Download Telegram
Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» атты Қазақстанның IX Азаматтық форумы аясында бейінді ҮЕҰ-мен онлайн-кездесу өткізді, оның барысында Әлеуметтік қамсыздандыру кодексін әзірлеу бойынша тәсілдер талқыланды.

Іс-шараға Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, ҚР Еңбекмині Әлеуметтік-еңбек саласы қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғам және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Өз сөзінің басында министр бүгінгі таңда мемлекет азаматтарға зейнетақы және жәрдемақы түріндегі төлемдердің 39 түріне кепілдік беретінін хабарлады.

ҚР Еңбекминінің басшысы Қазақстанда тұратын 705,5 мың мүгедектігі бар адамды (бұдан әрі – МБА) қолдауға ерекше назар аударды.
Біржан Нұрымбетов Министрлік ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды жұмыспен қамтуға тарту бойынша белсенді шаралар қабылдап жатқанын, оның ішінде қолжетімді инфрақұрылым құру бойынша жағдайлар жасалып жатқанын, бизнес-жобаларға қолдау көрсетілетінін, МБА әлеуметтендіру және инклюзияны қамтамасыз ету үшін инновациялық және цифрлық технологиялар енгізіліп жатқанын, МБА үшін жұмыс орындарының стандарттары жеңілдетілу барысында екенін атап өтті.

Сондай-ақ, министр кездесуге қатысушыларды Әлеуметтік қызметтер порталын одан әрі дамыту туралы хабардар етті.

«Қазіргі уақытта порталда жеке іріктеуді талап етпейтін техникалық оңалту құралдарының (бұдан әрі - ОТҚ) 55 түрінің 24-іне, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуге, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтеріне тапсырыс беру мүмкіндігі ұсынылады. Келесі жылы біз кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы, ОТҚ мен қызметтердің барлық түрлерін порталға көшіруді жоспарлап отырмыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, Еңбекминінің басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде енгізілетін түзетулер және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша мемлекет қабылдайтын шаралар туралы айтып берді.

Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысының биылғы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастыру қажеттігі атап өтілгенін еске салды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтарға әлеуметтік қамсыздандыру шараларының кең спектрі ұсынылады, олар 17 заңмен және 100-ден астам заңға тәуелді актімен реттеледі. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнама қабылдауды оңайлату және сапалы жақсарту мақсатында ол бірыңғай Кодекске жинақталатын болады.

ҚР Еңбекмині басшысының айтуынша, Кодексті әзірлеу аясында әлеуметтік қызметкердің мәртебесін арттыру жоспарлануда.
«Әлеуметтік қызмет жүйесі фрагментті, секторалды болып табылады және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде әзірленген ұлттық стандарттар әрқилы болып келеді. Сонымен қатар, ұлттық заңнамада әлеуметтік жұмыс ұғымын тарылтатын арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну қарастырылған. Әлеуметтік қызметкердің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, әлеуметтік қызметкердің міндеттері мен жауапкершілігін кеңейту және заңнамалық бекіту, әлеуметтік қызметкердің этикасына қойылатын талаптарды белгілеу арқылы әлеуметтік қызметкердің мәртебесін арттыру ұсынылады, оларды бұзған кезде тәртіптік жауапкершілік көзделуге тиіс. Сондай-ақ, біз жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызметкерлерді практикалық білімге баса назар аудара отырып даярлауды күшейтуді жоспарлап отырмыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Жалғасы ақпарат көзінде: https://news.2gov.kz/news/leumettik-amsyzdandyru-kodeksin-zirleu-tal-ylandy
Первую операцию провели в новом инфекционном госпитале в Павлодаре

Житель областного центра был госпитализирован с желчнокаменной болезнью. Как рассказал заместитель директора по инфекционной службе областной больницы им. Г.Султанова Муслим Султанов, сейчас 42-летний пациент находится в палате интенсивной терапии нового инфекционного госпиталя.

Мужчина заболел остро и был госпитализирован в городскую больницу №3, где у него взяли мазок на КВИ.

– Результат оказался положительный, – сообщил Муслим Султанов. – Поэтому пациента перевели в инфекционный госпиталь, где и прооперировали. Операция длилась около полутора часов. В анамнезе у этого пациента операция на сердце, сделанная в 2010 году – стеноз митрального клапана.

По словам доктора, сейчас состояние мужчина соответствует степени тяжести перенесенной операции.

Напомним, новый модульный инфекционный госпиталь был построен в кратчайшие сроки и открыт в этом году. Он стал подразделением областной больницы им. Г.Султанова. Медучреждение рассчитано на 200 коек, 20 из которых – реанимационные. https://news.2gov.kz/ru/news/pervuyu-operatsiyu-proveli-v-novom-infektsionnom-gospitale-v-pavlodare
Жаңа госпитальда алғаш рет операция жасалды

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтің айтуынша, жаңа орталықта операция жасау бөлмесі толықтай жабдықталған.

- Біздің жаңа инфекциялық модульді госпитальда біздің хирургтар операция жасаған алғашқы пациент бар. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, палатаға ауыстырылды. Болашақта КВИ оң жағдайлары бар жүкті әйелдер үшін де босану бөлмесін ұйымдастыратын боламыз, - дейді Айдар Сейітқазинов.

Павлодар облысында КВИ жағдайларының саны өсуде. Бүгін 108 науқаста инфекция анықталды. Олардың 63-і симптомды, 45-і симптомсыз. ПТР зерттеулер жүргізілуде, барлық зертханалар жұмыс істейді. Қайтыс болғандар бойынша жағдай өзгерген жоқ. Ал , бір тәулік ішінде 55 пациент сауығып шықты.

- Қазіргі уақытта стационарларда 299 пациент бар. Стационарлардың жүктемесі 30 процент. Реанимациялық бөлмелердің жүктемесі - сегіз пайыз. Бұл - желдеткіште және оттегі қолдауында тұрған адамдар. Амбулаторлық деңгейде 700-ден астам пациент бақылауда, - деді басқарма басшысы.

Айдар Сейітқазинов жалпы, стационарлық көмек тұрғысынан денсаулық сақтау саласына жүктеме жоқ екенін атап өтті. https://news.2gov.kz/news/zha-a-gospitalda-al-ash-ret-operatsiya-zhasaldy
Победителей конкурса «Мың бала» наградили в Карагандинской области

Два представителя Карагандинской области, победители регионального проекта «Мың бала», организованного Ассамблеей народа Казахстана, приняли участие в республиканском конкурсе. Благодарственными письмами и ценными призами были награждены методист Центра изучения языков Мунира Агымбаева и ученица средней школы села Тасшокы Бухар-Жырауского района Минара Гучигова.

Проект «Мың бала» направлен на развитие духовности и патриотических ценностей среди молодежи, государственного языка и на пропаганду традиций и истории казахского народа среди представителей разных этносов. Ассамблея народа Казахстана такие мероприятия проводит регулярно. Их основой является программа «Рухани жаңғыру».

Представители этнокультурных объединений и образовательных учреждений регионов активно участвуют в проектах республиканского уровня.

На областной онлайн-конкурс заявки подали около тысячи человек – это представители разных этносов, студенты высших и средних специальных учебных заведений, школьники из городов и районов. Возраст конкурсантов – от 15 до 23 лет. В итоге два лучших участника проекта из нашего региона были направлены на республиканский конкурс.

На онлайн-платформе Zoom 20 ноября прошла церемония награждения победителей республиканского конкурса с участием заместителя председателя АНК – заведующего секретариатом АНК Администрации Президента РК Жансеита Туймебаева, вице-министра информации и общественного развития РК Марата Азильханова, заместителя председателя Ассамблеи народа Казахстана Майи Бекбаевой, руководителя РГУ «Қоғамдық келісім» Ербола Шауенова, а также представителей областной ассамблеи.

В онлайн-мероприятии участвовали молодые представители этносов всех регионов страны, отличившиеся прекрасным знанием госязыка и награждённые в номинациях «Асыл сөз», «Тіл мектебі» и «Абай-175».

Из Карагандинской области благодарственными письмами и ценными призами наградили методиста Центра изучения языков Муниру Агымбаеву и лучшую в акции «Abaıdyń 175 jyldаyǵy» в социальных сетях ученицу средней школы села Тасшокы Бухар-Жырауского района Минару Гучигову.

– Знать государственный язык и свободно владеть им – требование времени, а самое главное – уважение к Родине и казахскому народу, – считает Минара Ггучигова.

Напомним, в этом году в области были организованы онлайн-мероприятия, направленные на развитие государственного языка, видеоконкурсы, челленджи к 175-летию великого поэта Абая Кунанбаева, а также проекты «Бірге өмір сүру», «Менің Қазақстаным». https://news.2gov.kz/ru/news/pobediteley-konkursa-my-bala-nagradili-v-karagandinskoy-oblasti
"Мың бала" байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған "Мың бала" өңірлік жобасының жеңімпаздары болған Қарағанды облысының екі өкілі республикалық байқауға қатысты. Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева мен Бұқар Жырау ауданы Тасшоқы ауылының орта мектебінің оқушысы Минара Гучигова алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Мың бала" жобасы жастар арасында руханият пен патриоттық құндылықтарды, мемлекеттік тілді дамытуға және түрлі этностар өкілдері арасында қазақ халқының дәстүрлері мен тарихын насихаттауға бағытталған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Олардың негізі - "Рухани жаңғыру" бағдарламасы.

Өңірлердегі этномәдени бірлестіктер мен білім беру мекемелерінің өкілдері республикалық деңгейдегі жобаларға белсенді қатысуда.
Облыстық онлайн-байқауға мыңға жуық адам өтініш берді - бұл түрлі этнос өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, қалалар мен аудандардың оқушылары. Байқауға қатысушылардың жасы - 15-тен 23 жасқа дейін. Нәтижесінде біздің өңірден жобаның екі үздік қатысушысы республикалық конкурсқа жіберілді.

20 қарашада ZOOM форматында ҚХА төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілхановтың, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Майя Бекбаеваның, "Қоғамдық келісім" РММ басшысы Ербол Шәуеновтің, сондай-ақ облыстық Ассамблея өкілдерінің қатысуымен республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Онлайн-іс-шараға еліміздің барлық өңірлеріндегі этностардың жас өкілдері жиналды, олар мемлекеттік тілді жетік меңгерген және "Асыл сөз", "Тіл мектебі" және "Абай-175"номинацияларымен марапатталды.

Қарағанды облысынан тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Агымбаева мен Бұқар Жырау ауданы Тасшоқы ауылының орта мектебінің оқушысы Минара Гучигова әлеуметтік желілердегі "Abaıdyń 175 jyldayǵy" акциясының үздігі алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Мемлекеттік тілді білу және оны еркін меңгеру - уақыт талабы, ал ең бастысы - Отанға және қазақ халқына деген құрмет, - деп есептейді Минара Гучигова.

Естеріңізге сала кетейік, биыл облыста мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған онлайн-іс-шаралар, бейнеконкурстар, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челлендждер, сондай-ақ "Бірге өмір сүру", "Менің Қазақстаным" жобалары ұйымдастырылды. https://news.2gov.kz/news/my-bala-bay-auyny-zhe-impazdary-marapattaldy
Алматинцам напомнили о мерах профилактики COVID-19

В ходе онлайн-интервью на площадке региональной службы коммуникаций заведующая кафедрой иммунологии КазНМУ им. Асфендиярова, кандидат медицинских наук Эльмира Битанова напомнила алматинцам о важности соблюдения мер профилактики коронавируса.

– Как мы знаем, на сегодня не существует препарата против коронавируса. Но есть простые правила и меры профилактики, которые хорошо известны всем. Стоит отметить, что в данный период крайне важно поддерживать работу циркадных ритмов: своевременный сон и отдых, правильный распорядок дня. Во-вторых, необходимо избегать стрессовых ситуаций. Вовремя лечить все болезни, предотвращать заболевания. Болезни легче предупредить, чем лечить. Очень важно придерживаться правильного питания. Не стоит перегружать иммунную систему, необходимо ограничить употребление алкоголя, чрезмерное курение и т. д. Только в таком случае можно поддерживать иммунную систему в нормальном состоянии. В период пандемии эти проблемы становятся еще более очевидными, – отметила она, добавив, что в этот период очень важно следить за состоянием здоровья.

Что касается мер профилактики, Э. Битанова отметила об особой важности соблюдения социальной дистанции в общественных местах и избегать скученности в одном помещении для недопущения заражения.

– Помимо указанных правил необходимо применять очень простые меры профилактики коронавируса. Лично я наблюдаю, что немногие их придерживаются. Концентрация большого количества людей в одном месте, особенно зимой, может усугубить ситуацию. Мы не можем долго находиться на холоде, и поэтому люди собираются в помещениях. Лучше избегать мест массового скопления. Тогда новая вирусная нагрузка уменьшится. Необходимо следовать тем правилам, о которых говорят нам санитарные врачи. И только таким образом возможно подавить инфекцию, до появления вакцины, – пояснила она.

Санитарно-эпидемиологической службой Алматы настоятельно рекомендуется жителям города соблюдать меры профилактики. Во-первых, избегать мест массового скопления, особенно лицам старше 65 лет. Во-вторых, пользоваться масками и соблюдать социальную дистанцию в общественных местах, например, в магазинах, аптеках и т. д.

При наличии симптомов ОРВИ не выходить из дома, вызвать врача на дом. Не заниматься самолечением, оберегать детей и пожилых членов семьи путем изоляции в отдельной комнате. https://news.2gov.kz/ru/news/almatintsam-napomnili-o-merakh-profilaktiki-covid-19
Алдын алу шаралары туралы еске салды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова коронавирустың алдын алу шараларын ұстанудың маңызы жайлы алматылықтардың есіне салды.

«Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы препараттың жоқ екенін бәрімізге белгілі. Бірақ, бәрімізге жақсы таныс алдын алудың қарапайым ережелері мен шарттары бар. Бұл кезеңде циркадты ырғақтың жұмысын: уақтылы ұйықтау және демалыс, күн тәртібін дұрыс сақтау өте маңызды екенін атап өткен жөн. Екіншіден, күйзелісті жағдайлардан аулақ жүру қажет. Барлық дерттерді дер кезінде емдеп, аурудың алдын алу. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн. Дұрыс тамақтану әдетін ұстанған маңызды. Иммундық жүйеге жүк түсірудің қажеті жоқ, алкоголь тұтыну мен темекіні шектен тыс қолдануды, т.б. шектеу керек. Тек осындай жағдайда ғана иммундық жүйені қалыпты жағдайда ұстауға болады. Пандемия кезінде бұл мәселелер одан да айқын бола түсті», - деп атап өткен ол осы кезеңде денсаулықты бақылау өте маңызды екенін айтты.

Алдын алу шараларына қатысты Э.Битанова қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықты сақтаудың аса маңыздылығы мен жұқтыруды болдырмау үшін бір ғимаратта шоғырланудан аулақ болу қажеттігін атап өтті.

«Атап өткен ережелерден басқа, коронавирустың алдын алудың өте қарапайым шараларын ұстану қажет. Өз басым бұл талаптарды кейбір адамдар ғана сақтайтынын байқап жүрмін. Адамдардың бір жерде шоғырлануы, әсіресе, қыс маусымында жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Біз суықта далада көп жүре алмаймыз, сондықтан адамдар ғимарат ішіне жиналады. Санитар дәрігерлердің бізге айтып жатқан ережелерін сақтау керек. Және тек солай ғана біз вакцина пайда болғанға дейін инфекцияны баса аламыз», - деп түсіндірді ол.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиялық қызметі қала тұрғындарына алдын алу шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. Біріншіден, әсіресе 65 жастан асқан адамдар көпшілік жиналатын жерлерден аулақ жүрген жөн. Екіншіден, бетперделерді қолдану және қоғамдық орындарда, мысалы, дүкендерде, дәріханаларда және т. б. әлеуметтік қашықтықты сақтау.

ЖРВИ белгілері болған жағдайда үйден шықпай, дәрігерді үйге шақыру керек. Өзін-өзі емдеумен айналыспай, балалар мен отбасының қарт мүшелерін бөлек бөлмеде оқшаулау арқылы қорғау керек. https://news.2gov.kz/news/aldyn-alu-sharalary-turaly-eske-saldy