Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.46K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
أصل تأديب الصبيان الحفظ من قرناء السوء.

«Бала тәрбиесінің асылы - баланы жаман достан сақтау».

Имам әл-Ғазали, «Ихя улум-д-Дин», 5/259
ОЙЛАНУЫМЫЗ КЕРЕК

Имам әл-Ғазали 38 жасында жақсы беделге ие және аты елге таралған мәшһүр, жас кезінен бастап философия мен батинизмді терең зерттеп, оларды теріске шығарған танымал ғалым болды. Ол фиқһ, ақида, логика және тағы басқа көптеген кітаптар жазған еді. Ол кісіден үш жүзден астам шәкірт дәріс алды, билеушілер мен басшылар оны қатты құрметтейтін. Ол мұсылман әлемінің ең беделді оқу орталығы болып саналған - Бағдад қаласында дәріс берді.

Бірақ кенеттен өзінің атағын, беделін бәрін тәрк етті. Не үшін? Рухани өсу, жүректі тазарту, шын жүректен Аллаға байлану үшін. Ол мұның бәрін (атағын, беделін, көптеген шәкірттерін) 11 жылға тастады. Сосын, 49 жасында білімді таратып, қате пікірлерді жоққа шығару үшін қайтадан оралды.
Біз Дамаскіде оқып жүрген кезде Шамның атақты ғалымы Мұстафа Буға бізге бір оқиғаны айтты, бұрын Алжирлік аналар бесіктегі балаларға мәтін кітаптарын оқитын және балалрды бесіктен шығаратын уақытта, ол балалар кітаптарды жатқа біліп шығатын. Бұлар жатқа ұят. Бұл балалар Құранмен, ақидамен, фиқһпен байланыста болатын. Ол кезде (Алжирде) мәтін кітаптарды бесіктегі балаларға бесік жыры қылып айту дәстүр болатын, ал баланы бесіктен шығарғанда бала бұл мәтіндерді жатқа білетін. Қараңызшы, егер ана қаласа, баланы дінге деген сүйіспеншілікте тәрбиелей алады.

Бүгін ана деген өз отбасына қатысты жауапсыз болуға болмайды. Біздің жауапсыздығымыз жұмыссыздыққа тікелей байланысты. Біз мемлекеттен арзан тиын алатындығымыз үшін, отбасылық өмірді бағаламаймыз, ер адамдар жалқау болып кетті, ал әйелдер, керісінше, пайдасыз нәрселерге белсенді. Сондықтан, Батлухтан болған Мұхаммедтің ұлы Садухаджидің (қуддисә сирруһ): «Сіздер қыздарды бос қалдырмаңыздар, егер үйде жұмыс жоқ болса, онда олар көршіңізге барып көмектессін», - деп айтатын. Не үшін былай айтты? Себебі ол қолы бос әйел жиі қажетсіз әңгімелерге, жанжалдарға, өсек-аяңға түсіп, оның қоғамдағы жарылыстың детонаторына айналуы мүмкін екенін білді. Егер біз кез-келген фитнаны қарастыратын болсақ, онда кез-келген фитна әйелден басталатынын көреміз. Сондықтан Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Сіздер Алладан және әйелдерден қорқыңыздар! Өйткені бану Исраилдің алғашқы фитнасы әйелмен байланысты болды», - деді. Сондықтан, әйелдер жамандыққа ілікпеулері үшін біз оларды бір кәсіппен шұғылдандырып қоюымыз керек. Әйел адам құдайдан қорқып, ер адамға тірек және жәрдемші болуы керек.

Бізде Дағыстанда осындай Құдайдан қорқатын әйелдер көп. Олар болды, бар және болады. Әйел құдайдан қорқуы үшін біз қыздарымызды бала кезден шариғатқа сай тәрбиелеуіміз керек.

Әбу Ариф Әли-Хаджи әл-Кикуни
Заманымыздағы үлкен мухаддис Мухаммад Әууәмә әл-Ханафи (Алла өмір жасын ұзартсын) фиқһ және хадистен көптеген еңбектер жазған Индиялық ханафи мәзһабының Ұлы фақиһ әрі мухаддис ғалымы Абдул-Хәй әл-Ләкнәуйдің үйінін жанында (хиджра жыл санауы бойынша 1304 жылы өмірден өтті).
ВСТРЕЧАЙТЕ ТАФСИР AZAN.RU ДЛЯ iOS!

Уважаемые братья и сестры!

Мы рады представить Вам приложение для iOS с нашим авторским тафсиром Священного Корана.

Авторы тафсира – устазы Абу Али аль-Ашари и Ахмад Абу Яхья. Устаз Ерсин Амире Абу Юсуф принимал участие в первых двух сурах, а также муфтий Камиль-хазрат Самигуллин. Да сохранит их всех Аллах!

Данное толкование подготовлено нашими устазами на основе достоверных комментариев к Священному Корану, написанных учеными Ахлю-с-Сунна валь-Джамаʼа на протяжении многих веков. Целью было в простой и доступной форме раскрыть и пояснить смысл коранических аятов, при этом не отходя от академической традиции Ислама. Работа над «Тафсиром azan.ru» (таково рабочее название проекта) велась более двух лет.


Приложение доступно для iOS (iPhone, iPad) и macOS (Apple Silicon).

Скачать: https://apps.apple.com/app/id1542515717
Ибн Абдул-Барр айтты:

من طلب العلمَ لله فالقليل يَكفيه، ومن طلبه للناس، فحوائج الناس كثيرة.

«Кімде-кім Алла үшін білім алса, ол білім азғантай болсада оған жеткілікті. Ал кімде-кім білімді адамдардың разылығы үшін алса, адамдардың қажеттілігі өте көп».

«Әт-Тәмһид», 8/219
Арта ибн Мунзир айтты:

احذروا الدنيا لا تسحرْكم، فهي والله أسحرُ من هاروت وماروت.

«Бұл дүниеден сақ болыңыздар және оған сиқырланып қалмаңыздар. Алламен ант етемін, бұл дүние Һарут пен Маруттанда асқан сиқыршы».

«Тарих Мәдинәту-с-Сәләм», 11/228
Мутарриф ибн Абдулла ибн әш-Шәхир айтты:

اللهم أعوذ بك أن أكون عِبرةً للناس.

«Иә, Аллаһым! Адамдарға үлгі (ғибрат) болудан бір өзіңге сиынамын!»

«Әт-Тәмһид», 8/165
«Қару қорқаққа көмектеспейтіні секілді, білімде (ілім) шындықты айтуға батылы жетпейтін ғалымға көмектеспейді!»

Әбу Ариф әл-Хаджи әл-Кикуни
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ. Біздің медреседе раббил әууәл айында мәуліт атап өтуге рұқсат берді. Бұл «нормальный»ма?

ЖАУАП:
уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Иә.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум Ұстаз. Халыңыз қалай? Денсаулығыныз жақсыма? Неге сіз АСК-те көрінбей кеттіңіз? Сағынып қалдық қой😊 Оқырмаңдарыңызға дұға жасап қойыңыз! Сізбен қайта жолыққаныма қуаныштымын!

ЖАУАП:
уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Бәрі жақсы, әлхәмдулиллә. Адамдар меннен кішкене демалсын дедім.
ӨТКЕН ІЗГІ МУХАДДИСТЕРДІҢ АҚИДАСЫ

Хафиз (мухаддис) Ибн Хиббан (270 – 354 х./жж.) өзінің «Әс-Сиқат» (1/1) кітабының кіріспесінде айтты:

الحمد لله الذي ليس له حد محدود فيحتوى، ولا له أجل معدود فيفنى، ولا يحيط به جوامع المكان ولا يشتمل عليه تواتر الزمان
«Шекаралармен шектелмеген Аллаға сансыз мадақтар болсын! Ол үшін белгілі бір шектелген уақыт кезеңі жоқ және мекен мен уақыттар Оны қамтымайды».
Шейхул Хадис ибн Хаджар әл-Әсқаләни «Лисән әл-Мизән» кітабында ибн Хиббан жайлы айтты:

«Әбу Хатим Мухаммад ибн Хиббан ибн Ахмад әт-Тамими әл-Бусти - өз заманының имамы. Ол төртінші ғасырдың басында білім алды және Әбу Халифа мен Әбу Абдуррахман ан-Насаиді кезіктірді. Ол Шамда, Хиджазда, Мысырда, Хорасан мен Джазирде (Араб түбегі) өз шығармаларын жазды. Біраз уақыт Самарқандтың қазысы болған. Медицина, астрономия, кәләм және фиқһтың білгірі, хадис білімінің жетекшісі болған. Бұхарада Умар ибн Мұхаммед ибн Буджейрден хадистер тыңдады. Қырық жасқа дейін бірнеше жыл Нишапурда тұрып, ханака (сопылар жеке қалып, ғибадат жасайтын мекен) салып, [сол жерде] өз шығармаларын оқытты, содан кейін өз еліне оралды».
СҰРАҚ:
Нуман Әли Хан деген адамды білесізбе? Оны тыңдауға болама?

ЖАУАП:
Ол кім екенін білмеймін.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ. Жайнамазды кеуіп кеткен нәжіс бар жерге төсеп, намаз оқуға болама? Мысалы, кіші дәрет, қан секілді.

ЖАУАП:
уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Иә, болады.
СҰРАҚ:
Ask.fm сайтына тіркелген әпке-қарындастарымызға Алладан қорқып және бөтен ер адамдармен сөйлеспесін деп насихат айтасызба?

ЖАУАП:
Егер адамда ұят болмаса, ол қалағанын жасайды.

P/S: Барлық әлеуметтік желіге байланысты!
Абдулла (Имам Ахмадтың баласы) айтты:

قلت لأبي: لِمَ لم تكتب عن وليد بن صالح؟ قال: رأيتُه يصلي في مسجد الجامع يسيء الصلاة.

«Мен әкемнен (Имам Ахмадтан): «Неге сен Уәлид ибн Солихтен [хадис] жазбайсың?», - деп сұрадым. Ол (Имам Ахмад): «Оны мешітте намазды бейқам оқығаның көрдім», - деді».

«Мәғрифәту әр-риджәл», 563 бет.