Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.47K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
СҰРАҚ:
Бәрібір де бұл истиғаса мәселесін тастау керек, тіке Аллаһтың өзінен сұраған жөн. Тақуа адамдардың дұғасына жүгінуден гөрі.

ЖАУАП:
Мен ешкімді истиғаса жасауға шақырамаймын. Истиғаса ширк амал емес және оны жасаған мұсылмандарды діннен шығару дұрыс емес екенін ғана айтамын.
СҰРАҚ:
Шейхул Ислам Мухаммад Зәһид әл-Кәусәри истиғаса мәселесінде қай көзқарасты ұстанды?

ЖАУАП:
Истиғаса шариғатта заңды және рұқсат деген көзқараста болды.
СҰРАҚ:
Жақында azan.kz сайтынан истиғаса мәселесінде мақала оқыдым. Бұл мақалада әулие адамға қашықтықтан жүгінуге болмайды, өйткені бұған байланысты хадистерде еш нәрсе айтылмаған және әулие адамның сені естуіне ешқандай гарантия жоқ дейді. Мен мюридпін, сондықтан рабита алдында әулиеге қашықтықтан жүгінуге тура келеді. Енді не істеймін?

ЖАУАП:
Алдын не жасап жүрген болсаңыз, сол амалыңызды жалғастыра беріңіз.
«Әд-Диубандия» кітабының авторы Шейх Муназир Ахсан әл-Кайләнидің (1892-1956 м.) өзінен жеткізіп, айтты:

وقال الشيخ مناظر أحسن الكيلاني كما نقله عنه صاحب كتاب "الديوبندية": (إن رأي علماء ديوبند في الاستغاثة بأرواح الصالحين بعد مماتهم لا يختلف عن رأي عامة أهل السنة والجماعة، وذلك لأن الله تعالى يقيض ملائكته لنصر عباده، كما ورد في القرآن، وأن الرسول صلى الله عليه وسلم قد أعانه موسى عليه السلام في تخفيف الصلاة، وبشره الأنبياء الآخرون، فما المانع من أن تستعمل القدرة الإلهية هذه الأرواح الطيبة وتقيضها لإغاثة المؤمن المضطرب، أيّةُ آية تنكر ذلك وأي حديث يرد عليه). 

«Расында, Диубанд ғалымдарының қайтыс болған адамның рухымен истиғаса жасау туралы пікірлері әхлу-Сунна уәл-Джамаға көпшілігінің пікірімен бірдей. Себебі, Алла Тағала Құран Кәрімде айтылғандай мұсылмандарға көмектесу үшін періштелерін жібереді және Пайғамбарға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мұса (Оған Алланың сәлемі болсын) намазды жеңілдетуге көмектесті және басқа пайғамбарларды қуантты. Хақ Тағаланың күші мұқтаж мүмінге көмектесу үшін осы таза жандарды қолдануы/тағайындауы үшін кім қарсы болады, қай аят және қай хадис оны жоққа шығарады?»
ИСТИҒАСА

Әбу Муауия - әл-Амаш - Әбу Салих - Малик әд-Дар - ол Омардың тамақ мәселелері бойынша қазынашысы болған:

حدثنا أبو مُعاويةَ عن الأَعْمَش عن أبي صالحٍ عن مالكِ الدار , قال : وكان خازِنَ عمرَ على الطَّعام , قال : أصابَ الناسَ قَحْطٌ في زَمَن عمرَ , فجاءَ رجلٌ إلى قبْر النبي صلى الله عليه وسلم , فقال : يا رسولَ الله , اِستسقِ لأمتِك فإنهم قد هلَكوا , فأُتيَ الرجلُ في المَنام فقيل له : اِئْتِ عمرَ فأقْرَئْه السلامَ , وأخبِرْه أنكم مَسقِيُّون وقلْ له : عليك الكَيْسَ , عليك الكَيْسَ , فأتى عمرَ فأخبرَه فبكَى عمرُ , ثم قال : يا ربّ لا آلُو إلا ما عجَزتُ عنه.

«Омардың кезінде халық құрғақшылықтан зардап шекті. Бір адам Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне келіп: «Уа, Алланың елшісі! Үмметіңізге жаңбыр сұраңыз, өйткені олар өлім алдында тұр», - деді. Бұл кісіге түсінде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Омарға барып меннен сәлем айтып, жаңбырдың оларға берілетінін айт және оған: «Ақылды бол, ақылды бол!», деп айт», - дейді. Әлгі адам Омарға келіп көрген түсін айтты. Омар: «Уа, Аллаһым! Мен қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмын», - деп жылап жіберді».

Ибн Әби Шәйба, «әл-Мусаннаф», 17/63-65.


Ибн Хаджар әл-Асқәләни «Фәтху әл-Бәрри» (2/494) және Ибн Кәсир «әл-Бидайә уә ән-Нихая» (7/91) кітаптарында асардың иснады «сахих» деді. Бұл асарды тағы: Ибн Хаджар әл-Әсқәләни «әл-Исаба фи Тәмизизис Сахаба» кітабында, Ибн Абдул-Барр «әл-Истиғәб фи Мағрифатил Асхаб», Әбу Бәкір әл-Байхақи «Дәләил ән-Нубууә», Әбу Иәғлә әл-Халили «әл-Иршад фи Маррифати Уламайыл хадис», әт-Табари «ар-Риәдунда Нарда фи Манакибил Ашара», әл-Бағауй «әл-Фадайл», Джалилудин әс-Суюти «Джамиғу әл-Әхәдис», Әләуддин Әли әл-Муттаки «Канзул Уммал фи Сунанин ахуал уал әфғәл» кітаптарында келтіреді.
Azan.ru сайты Раджаб айына байланысты сұрақ-жауап жариялады

Сұрақ: Раджаб айының алғашқы үш күніндегі оразаның артықшылығы туралы мына хадис сенімді ме: «Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Раджабтың бірінші күнінде ораза ұстау үш жылдық күнәларды, екінші күні ораза ұстау екі жылдық күнәларды, үшінші күні ораза бір жылдық күнәларды кешіреді, одан әрі бір айлық күнәлар оразаның әр күніне есептеледі».

Жауап: Әбу Мухаммад әл-Халлә бұл хадисті өте әлсіз иснадпен жеткізеді, сондықтан бұл хадисті жеткізуге болмайды (Қ-ңыз: «Джәмиу-с-Сағир, 5051-хадис, «Файдул Қадир» және «Ат-Тайсир би шархил Джәми ас-Сағир». Сондай-ақ Ахмад Сыддық әл-Ғумаридің «әл-Муғир» кітабын қараңыз).

Алайда Мулла Әли Қари (Алла оны рақымына алсын) жалпы, мүмкін болса, Раджаб айында қосымша (нәпіл) ораза ұстауымыз керек деп жазады. («Әл-Әдәб фи Раджаб», 30-бет).
____

Сұрақ: Келесі хадисті тексеріп көріңізші: «Кімде-кім Раджаб айында бір мұсылманның қиындығын жеңілдетсе, Алла оған жұмақта сарай береді».

Жауап: Хафиз Ибн Хаджар (Алла оны рақымына алсын) бұл хадис ойдан шығарылған деп атады. Демек, хадисті басқаларға жеткізуге болмайды (Қ-ңыз: «Табину әл-Әджәб ‘Хафиз Ибн Хаджар», 27-бет, хадис: 12).

Жалғасы (орысша):
https://azan.ru/maqalat/read/voprosyi-i-otvetyi-o-radzhabe-10885
وقال الحافظ ابن رجب الحنبلي في لطائف المعارف (ص228): 

والأحاديث المروية في فضل صلاة الرغائب في أول ليلة جمعة من شهر رجب كذب وباطل لا تصح وهذه الصلاة بدعة عند جمهور العلماء. وأول ما ظهرت بعد الأربعمائة فلذلك لم يعرفها المتقدمون ولم يتكلموا فيها.
__

Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали (Аллаһ оны рақымына алсын) «Латаифу әл-Мәғариф» (228 бет) кітабында былай деп жазады:

«Раджаб айының бірінші жұмасының түнінде оқылатын арнайы «саләтул-Рағайб» (Рағаиб намазы) туралы айтылған хадистер жалған әрі ойдан шығарылған. Бұл әрекеттер ғалымдардың көпшілігінің пікірі бойынша жаман бидғат болып саналады. Бұл алғаш рет бесінші ғасырда пайда болды, сол себепті алдын өмір сүрген ғалымдар бұл туралы білмеді және еш нәрсе айтпады».

Және тағы қараңыз: Хафиз Ибн Хаджар әл-Әсқәләнидің «Тәбину әл-Әджәб», 7 бет; ғұлама Мухаммад Тахир әл-Фәтәнидің «Тәзкирату әл-Мәудуәт», 116-117 бет; Мулла Әли әл-Қаридің «әл-Мәсну’», 259 бет, хадис 464; Шейх Абдул-Хәй әл-Ләкнәуй әл-Ханафидің «әл-Әсәру әл-Мәрфу’ә», 44 және 48 беттер; муфти ибн Әбидиннің «Раддул-Мухтар», 2 том, 26 бет.
Шариғатқа қайшы келетін нәрседе бағыну жоқ

عَنْ ‌عَلِيٍّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: بَعَثَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سَرِيَّةً فَاسْتَعْمَلَ رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ، وَأَمَرَهُمْ أَنْ يُطِيعُوهُ، فَغَضِبَ، فَقَالَ: أَلَيْسَ أَمَرَكُمُ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْ تُطِيعُونِي؟ قَالُوا: بَلَى، قَالَ: فَاجْمَعُوا لِي حَطَبًا، فَجَمَعُوا، فَقَالَ: أَوْقِدُوا نَارًا، فَأَوْقَدُوهَا، فَقَالَ: ادْخُلُوهَا، فَهَمُّوا وَجَعَلَ بَعْضُهُمْ يُمْسِكُ بَعْضًا، وَيَقُولُونَ: فَرَرْنَا إِلَى النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنَ النَّارِ، فَمَا زَالُوا حَتَّى خَمَدَتِ النَّارُ، فَسَكَنَ غَضَبُهُ، فَبَلَغَ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَقَالَ: لَوْ دَخَلُوهَا مَا خَرَجُوا مِنْهَا إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ، الطَّاعَةُ فِي الْمَعْرُوفِ.

Хазіретті Әлиден (Аллаһ одан разы болсын): «Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір жасақ жіберіп, жасақтың басшысы ретінде ансарлардан бір адамды тағайындап, (қалғандарына) оған мойынсұнуды бұйырды. (Жорық кезінде бұл адам бір нәрсе үшін) оларға ашуланып: «Пайғамбар (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) маған бағыныңдар деп бұйырды емес пе?!», - деп айқайлайды. Олар: «Иә» дейді. Сосын: «Маған отын жинап беріңдер!» деп бұйырады. Олар бұйрығын орындағаннан кейін: «Отты жағыңдар!» – дейді. (Олар отты жаққан кезде): «Енді отқа кіріңдер!» – деп бұйырады. (Алғашында) олар (оның бұйрығын орындағысы келеді), бірақ: «Бізді оттан қорғасын деп Пайғамбарға барамыз!», - деп, бір-бірін ұстай бастады. Олар (бұл сөздерді) от сөніп, (әлгі кісінің) ашуы басылғанша қайталайды. Бұл оқиға Пайғамбарымызға (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен кезде, Ол (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер олар (отқа) кірсе еді, онда қияметке дейін сол оттан шықпас еді. Өйткені (тек шариғат) құптайтын істе ғана мойынсұну керек», - деді.

Әл-Бухари, № 4340.
Шейхул-ислам ‘Ийяд ибн Муса (476–544 жж.һ.) – мәлики мәзһабының фақиһы және мухаддис, Қади (шариғи қазы) ‘Ийяд деген атпен танымал – өзінің «Икмәлу әл-му’лим би-фәуәиди Муслим» (8/138) кітабында «тафуид» және «тәуил» екеуіде әһлу сунна жолы екенін айтты:

اختلف أئمتنا فيما ورد من ذكر اليد وشبه ذلك مما لا يليق ظاهره بالله تعالى فكثير من السلف يرى إمرارها بتنزيه الله - تعالى - عن ظاهرها، وترك تأويلها. وذهب أبو الحسن الأشعرى - فى طائفة من أصحابه - إلى أنها صفات سمعية لم نعلمها إلا من جهة الشرع نثبتها صفاتا ولا نعلم حقيقتها وشرحها. وذهب غير واحد إلى تأويلها على مقتضى اللغة، فيحمل اليد بمعنى القدرة أو النعمة.

«Имамдарымыз «иәд» (сөзбе сөз: «қол») сөзі және осыған ұқсас сыртқы мағынасы Аллаһу Тағалаға лайық емес болған басқа да мәтіндер жөнінде келіспеушілікке (ихтиләфқа) түскен. Өткен ізгілердің (сәләф-солих) көпшілігі бұл сөздердің сыртқы мағыналарынан Аллаһу Тағаланың пәк екеніне сене отырып өтіп кету және түсіндірмесін/тәпсірін Аллаһқа қалдыру керек деп есептеді.

Әбул-Хасан әл-Әшғари және оның кейбір ізбасарлары бұлар «сәмғиә» (есту арқылы білінген) сипаттар деп есептеді (бұл сипаттарды тек қасиетті мәтіндер (Құран және сүннет) көрсетеді) және олардың түсіндірмесі/тәпсірі мен ақиқатын білу мүмкін емес, егер тек сол сөзді тікелей түсіндіретін басқа сөз келмесе.

Ал басқа имамдар бұл мәтіндерді тілдік мағынаға сүйене отырып түсіндіруге (тәуил жасауға) болды деді. Олар «иәд» сөзін «құдірет» немесе «нығмет» деп түсіндірді».
قال رسول الله ﷺ: لعن الراشي و المرتشي (رواه أحمد و ابن حبان)

Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: “(Аллаһу Тағала) пара беруші мен алушыны лағынеттеді” (Ахмад пен ибн Хиббән риуаят етті).
Имам әз-Зәһәби «Сияр 'Әләм ән-Нубәлә» кітабында имам әл-Әузәғидің сөзін келтіреді:

كان هذا العلم كريما يتلاقاه الرجال بينهم فلما دخل في الكتب دخل فيه غير أهله

“Білім ұстаздан шәкіртке берілген уақытта игі/мәртебелі болды. Қашан білім кітапқа өтті, білімге еш қатысы жоқ адамдар біліммен айналыса бастады”.
في الحظر و الإباحة: فيحرم قليلها و كثيرها بالإجماع لذاتها ... و هي نجسة نجاسة مغلظة كالبول و يكفر مستحلها و حرم الانتفاع بها.
____

«Әл-Хазру уә әл-Ибаха» кітабында: “Шараптың (вино) аз және көп мөлшерде болсын (ішу) бірауыздан (иджмағ) – харам... Шарап (вино) сідік/зәр секілді ауыр нәжіске жатады. Шарапты рұқсат деген адам діннен шығады және оны (қандайда бір қажетке) пайдалану да харам”.
Алты хадис жинағын тәпсірлеушілер (әл-Бухари, Муслим, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәджә)

Уаһабилік шейх Хаммад әл-Ансари айтты:

إن من الأمر المستغرب أن الكتب الستة لم يشرحها أحد من العلماء السلفيين، ولو أن شيخ الإسلام ابن تيمية وابن القيم ونحوهما من العلماء شرحوا أحد هذه الكتب الستة لأخرجونا من ظلمات نعاني منها

«Бірде-бір сәләфи (уаһаби) ғалымы алты хадис жинағының біріне шарх жазбағаны таң қалдырады. Егер шейхул-Ислам ибн Тәймия, ибн әл-Қайим және осыған ұқсас ғалымдар алты хадис жинағының біреуіне түсіндірме жазғанда еді, қазір біз өмір сүріп жатқан қараңғылықтан алып шығар еді».

(Абдул-Әууәл ибн Хаммад әл-Ансари, «Маджмуғ фи тәрджәмәти Хаммад ибн Мухаммад әл-Ансари», 2/573).

Пікір

1. Шейх Хаммад хадис жинақтарына түсіндіріме (шарх) жазуды қолға алғандардың бидғатшылар – әшғарилер және т.б. екенін мойындап тұр және уаһабилер хадис жинақтарына түсіндірме жазуда Аллаһтан иләһи жәрдем болмағандықтан ешқандай түсіндірме жазбағанын мойындайды, бірақ әйтседе хадис жинақтарына ешқандай түсіндірме/шарх жазбасадағы, олар әһлу сунна деп жалғыз өздерін ғана санайды.

2. Уаһабилер әшғарилердің сүннетке ешқандай көңіл бөлмейтінін үнемі айтады, бірақ сонымен бірге олар әрқашан өздері сол сүннет жинақтарының әшғари ғалымдар жазған түсіндірмелерге жүгінеді және сол шархтарға сүйенеді. Сіз бұндай қызық нәрсе естідіңіз бе?

3. Шейх Хаммадтың сөздерінен уаһабилердің Пайғамбардың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеттерін түсінуге аз көңіл бөлетінін түсінуге болады, өйткені олар осы күнге дейін сүннет (хадис) кітаптарына бірде-бір түсіндірме/шарх жазбай, басқа нәрселермен шұғылданған және сүннетті түсіну тұрғысынан олардың еңбектерін «бидғатшы» әшғарилер мен мәтуридилердің кітаптарымен салыстырсаңыз, онда олар әшғари/мәтуриди ғалымдарының қасында ақылы таяз балалар секілді екенін көресің.

4. Қазіргі уаһабилер үммет (әшғари/мәтуриди) ғұламаларының көпшілігінің кітаптарын пайдаланып, осы ғалымдардың кітаптарынан көптеген пайда алып, кейін оларды қорлап, сенімдерін қаралайды!

Источник: https://t.me/whb1206

https://t.me/darulfikr
Хафиз Ибн Кәсир «Табақату әш-Шәфиғйин» (427 бет) кітабында айтты:

أما طريقة الشيخ أبو الحسن علي بن إسماعيل الأشعري في الصفات بعد أن رجع عن الاعتزال، بل وبعد أن قدم بغداد، وأخذ عن أصحاب الحديث كزكريا الساجي وغيره، فإنها من أصح الطرق وللمذهب، فإنه يثبت الصفات العقلية والخبرية، ولا ينكر منها شيئا، ولا يكيف منها شيئا، وهذه طريقة السلف والأئمة من أهل السنة والجماعة، حشرنا الله في زمرتهم وأماتنا على اتباعهم ومحبتهم، إنه سميع الدعاء جواد كريم. وعلى هذا المنوال جرى الأئمة من أصحاب الأشعري، كأبي عبد الله بن مجاهد والقاضي أبي بكر الباقلاني وأضرابهم رحمهم الله، ولنذكر شيئا من روايتنا من طريقه رحمه الله.

«Шейх Әбул-Хасан Әли ибн Исмаил әл-Әшғаридің сипаттарға қатысты ұстанымына келер болсақ, муғтазилиттерден шығып, Бағдадқа келіп Зәкәрия әс-Сәджи сияқты мухаддистерден (асхабул-хадис) білім алды, бұл ең дұрыс ұстаным және дұрыс мәзһаб. Ол әл-ақли сипаттарын (бұл сипаттарды ақыл, Құран мен Сүннет) және әл-хабария сипаттарын (бұл сипаттарды тек Құран және сүннет) бекітеді. Бұл сипаттардың ешқайсысын жоққа шығармайды және ешқайсысына бейне (пішін) бермейді.

Бұл сәләфтер мен әһлу сунна уә әл-джамаға имамдарының жолы, Аллаһу Тағала қиямет күні бізді солармен бірге жинап, оларға еріп, оларды жақсы көріп өмірден өтуімізді нәсіп етсін, расында Ол дұғаларды естуші. Және осы жолмен әл-Әшғаридің ізбасарлары Әбу Абдулла ибн Муджәһид, қазы Әбу Бәкір әл-Бәкилләни және басқалар осы әдіспен жүрді, Аллаһ Тағала оларды рақымына алсын».


https://t.me/darulfikr
Тәсбің әрдайым жанында болсын

Хафиз ас-Сахауи (831–902 жж.һ.) «әл-Джәуәһир уә әд-Дурар» (1/111) кітабында өзінің ұстазы хадис ілімінде «әмиру әл-Муминин» (хадис ілімінде мұсылмандардың әмірі) шейхул-Хадис Ибн Хаджар әл-Әсқәләнидің өмір баянында жазады:

وكان — رحمه الله تعالى — إذا جلس مع الجماعة بعد العِشاء وغيرها للمذاكرة, تكون السُبْحة تحت كُمِّه بحيْث لا يرها أحد, ويستمرّ يُدِيرها وهو يُسبّح أو يذكّر غالب جلوسه, وربما سقطتْ من كُمِّه فيتأثر لذلك, رغبة في إخفائه

«Ол, Аллаһ оны рақым етсін, түнгі намаздан кейін және басқа уақытта жамағатпен сөйлесу үшін отыратын, оның тәсбісі киімінің жеңінің астында болатын, сондықтан тәсбіні ешкім көрмейтін. Ол мәжілісте уақытының көп бөлігін зікір айтумен және үнемі тәспі айналдырумен өткізетін. Кейде оның жеңінің астынан тәсбісі түсіп кететін, бұл оны қатты ренжітетін, өйткені жасаған зікірін барынша жасыруға тырысатын».

https://t.me/darulfikr
Әйел адам пайғамбар бола ала ма?

Ханафи мәзһабының әйгілі мухаддисі Хафиз Бадруддин әл-Ғайни (762–855 жж.һ.) «Ғумдату әл-Қари шарх сахих әл-Бухари» (4/194) кітабында айтты:

وَعند الْجُمْهُور، كَمَا حَكَاهُ أَبُو الْحسن الْأَشْعَرِيّ وَغَيره من أهل السّنة وَالْجَمَاعَة: أَن النُّبُوَّة مُخْتَصَّة بِالرِّجَالِ وَلَيْسَت فِي النِّسَاء نبية.

«Көпшіліктің пікірінше, Әбул-Хасан әл-Әшғари және басқа да Әһлу-Сунна уә әл-Джәмәға ғалымдарының айтқанындай, пағамбарлық тек ерлерге тән қасиет, әйел адам пайғамбар бола алмайды».

https://t.me/darulfikr
Абдулла ибн әд-Дәйләми (Аллаһ рақымына алсын) айтты:

إنّ أوَّل ذهاب الدين تركُ السّنّة، يذهب الدِّين سنّة سنّةً، كما يذهب الحبلُ قوّةً قوّةً

“Діннің кетуі - сүннетті тәрк етумен басталады. Жіпті ұстаған қол әлсіреген сайын жіп қолдан кеткені секілді, сүннетті бірінен соң бірін тастаумен - дін кетеді”.

Татарстан муфтиі Кәмил Хазрат Самигуллин парақшасынан.
The owner of this channel has been inactive for the last 11 months. If they remain inactive for the next 18 days, they may lose their account and admin rights in this channel. The channel will remain accessible for all users.