Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.46K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
Заманымыздағы үлкен мухаддис Мухаммад Әууәмә әл-Ханафи (Алла өмір жасын ұзартсын) фиқһ және хадистен көптеген еңбектер жазған Индиялық ханафи мәзһабының Ұлы фақиһ әрі мухаддис ғалымы Абдул-Хәй әл-Ләкнәуйдің үйінін жанында (хиджра жыл санауы бойынша 1304 жылы өмірден өтті).
ВСТРЕЧАЙТЕ ТАФСИР AZAN.RU ДЛЯ iOS!

Уважаемые братья и сестры!

Мы рады представить Вам приложение для iOS с нашим авторским тафсиром Священного Корана.

Авторы тафсира – устазы Абу Али аль-Ашари и Ахмад Абу Яхья. Устаз Ерсин Амире Абу Юсуф принимал участие в первых двух сурах, а также муфтий Камиль-хазрат Самигуллин. Да сохранит их всех Аллах!

Данное толкование подготовлено нашими устазами на основе достоверных комментариев к Священному Корану, написанных учеными Ахлю-с-Сунна валь-Джамаʼа на протяжении многих веков. Целью было в простой и доступной форме раскрыть и пояснить смысл коранических аятов, при этом не отходя от академической традиции Ислама. Работа над «Тафсиром azan.ru» (таково рабочее название проекта) велась более двух лет.


Приложение доступно для iOS (iPhone, iPad) и macOS (Apple Silicon).

Скачать: https://apps.apple.com/app/id1542515717
Ибн Абдул-Барр айтты:

من طلب العلمَ لله فالقليل يَكفيه، ومن طلبه للناس، فحوائج الناس كثيرة.

«Кімде-кім Алла үшін білім алса, ол білім азғантай болсада оған жеткілікті. Ал кімде-кім білімді адамдардың разылығы үшін алса, адамдардың қажеттілігі өте көп».

«Әт-Тәмһид», 8/219
Арта ибн Мунзир айтты:

احذروا الدنيا لا تسحرْكم، فهي والله أسحرُ من هاروت وماروت.

«Бұл дүниеден сақ болыңыздар және оған сиқырланып қалмаңыздар. Алламен ант етемін, бұл дүние Һарут пен Маруттанда асқан сиқыршы».

«Тарих Мәдинәту-с-Сәләм», 11/228
Мутарриф ибн Абдулла ибн әш-Шәхир айтты:

اللهم أعوذ بك أن أكون عِبرةً للناس.

«Иә, Аллаһым! Адамдарға үлгі (ғибрат) болудан бір өзіңге сиынамын!»

«Әт-Тәмһид», 8/165
«Қару қорқаққа көмектеспейтіні секілді, білімде (ілім) шындықты айтуға батылы жетпейтін ғалымға көмектеспейді!»

Әбу Ариф әл-Хаджи әл-Кикуни
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ. Біздің медреседе раббил әууәл айында мәуліт атап өтуге рұқсат берді. Бұл «нормальный»ма?

ЖАУАП:
уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Иә.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум Ұстаз. Халыңыз қалай? Денсаулығыныз жақсыма? Неге сіз АСК-те көрінбей кеттіңіз? Сағынып қалдық қой😊 Оқырмаңдарыңызға дұға жасап қойыңыз! Сізбен қайта жолыққаныма қуаныштымын!

ЖАУАП:
уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Бәрі жақсы, әлхәмдулиллә. Адамдар меннен кішкене демалсын дедім.
ӨТКЕН ІЗГІ МУХАДДИСТЕРДІҢ АҚИДАСЫ

Хафиз (мухаддис) Ибн Хиббан (270 – 354 х./жж.) өзінің «Әс-Сиқат» (1/1) кітабының кіріспесінде айтты:

الحمد لله الذي ليس له حد محدود فيحتوى، ولا له أجل معدود فيفنى، ولا يحيط به جوامع المكان ولا يشتمل عليه تواتر الزمان
«Шекаралармен шектелмеген Аллаға сансыз мадақтар болсын! Ол үшін белгілі бір шектелген уақыт кезеңі жоқ және мекен мен уақыттар Оны қамтымайды».
Шейхул Хадис ибн Хаджар әл-Әсқаләни «Лисән әл-Мизән» кітабында ибн Хиббан жайлы айтты:

«Әбу Хатим Мухаммад ибн Хиббан ибн Ахмад әт-Тамими әл-Бусти - өз заманының имамы. Ол төртінші ғасырдың басында білім алды және Әбу Халифа мен Әбу Абдуррахман ан-Насаиді кезіктірді. Ол Шамда, Хиджазда, Мысырда, Хорасан мен Джазирде (Араб түбегі) өз шығармаларын жазды. Біраз уақыт Самарқандтың қазысы болған. Медицина, астрономия, кәләм және фиқһтың білгірі, хадис білімінің жетекшісі болған. Бұхарада Умар ибн Мұхаммед ибн Буджейрден хадистер тыңдады. Қырық жасқа дейін бірнеше жыл Нишапурда тұрып, ханака (сопылар жеке қалып, ғибадат жасайтын мекен) салып, [сол жерде] өз шығармаларын оқытты, содан кейін өз еліне оралды».
СҰРАҚ:
Нуман Әли Хан деген адамды білесізбе? Оны тыңдауға болама?

ЖАУАП:
Ол кім екенін білмеймін.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ. Жайнамазды кеуіп кеткен нәжіс бар жерге төсеп, намаз оқуға болама? Мысалы, кіші дәрет, қан секілді.

ЖАУАП:
уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Иә, болады.
СҰРАҚ:
Ask.fm сайтына тіркелген әпке-қарындастарымызға Алладан қорқып және бөтен ер адамдармен сөйлеспесін деп насихат айтасызба?

ЖАУАП:
Егер адамда ұят болмаса, ол қалағанын жасайды.

P/S: Барлық әлеуметтік желіге байланысты!
Абдулла (Имам Ахмадтың баласы) айтты:

قلت لأبي: لِمَ لم تكتب عن وليد بن صالح؟ قال: رأيتُه يصلي في مسجد الجامع يسيء الصلاة.

«Мен әкемнен (Имам Ахмадтан): «Неге сен Уәлид ибн Солихтен [хадис] жазбайсың?», - деп сұрадым. Ол (Имам Ахмад): «Оны мешітте намазды бейқам оқығаның көрдім», - деді».

«Мәғрифәту әр-риджәл», 563 бет.
Имам ибн Бәлбән әл-Ханбали өзінің мухтасар «‘Ақид ибн Хамданда» айтты:
«Біз марқұмды (қабірге) кім зират жасағаның біледі деп сенеміз. Және бұл жұмада таң сәресіден (фаджрдан) күн шыққанға дейін күшейеді».


Шейх Абдулла әл-Абдулла өзінің түсіндірмесінде айтты:
«Автор сөздерінің айқын мағынасы өлген марқұмдар (қабірде) кез-келген уақытта еститінін көрсетеді және бұл жұмада таң атқаннан кейін күн шыққанға дейін күшейеді және бұл пікірді шейх Абдул-Қадир әл-Джиләни «әл-Ғуньяда» (Алла Тағала оған рақым етсін) айтты және оны Мар'и әл-Карми (Аллаһ Тағала оған рақым етсін) «Ғаятул-мунтахада» дұрыс деп айтты: «Өлгендер уақыт шектеусіз естиді және күн шыққанға дейін жұмада қабірді кім зират жасағаның біледі және «әл-Ғунияда» былай делінген: «Кез-келген уақытта біледі және бұл күшейту уақыты». Және бұл пікір дұрыс, сөзсіз».

Және Шейх Абдулла сол сөздің астында айтты:
«Ханбали мәзһабының көпшілігі - өлілер тірілердің сөздерін естиді деген ұстанымда. Бұл пікір «әл-Фуруғ» кітабында айтылды және бұл пікір «әл-Мунтаха» мен «Ғаятул-мунтаха» кітаптарында бекітілді және Шейх ибн Муфлих өзінің шейхі - Тақюддин ибн Таймиядан (Алла екеуіне де рақым етсін) қайтыс болғандар туралы сөзін жеткізеді: «Өлген адамдар өзінің отбасы мен достарының дүниелік өміріндегі жағдайларын туралы білетіндігі туралы және бұл мәліметтер оған қабірде ұсынылатыны туралы асарлар (сахабалардан келген хабарлар) толып тұр. Және қабірдегі марқұм оның қабірінің қасында не болып жатқаның біліп, жақсылыққа қуанады немесе жаманға қайғыратындығы жөнінде асарлар бар» - сөзінің соңы».
Уаһабилік шейхтар:

التبرك بالقبور حرام ونوع من الشرك وذلك لأنه إثبات تأثير شيء لم ينزل الله به سلطانًا ولم يكن من عادة السلف الصالح أن يفعلوا مثل هذا التبرك فيكون من هذه الناحية بدعة أيضًا وإذا اعتقد المتبرك أن لصاحب القبر تأثيرًا أو قدرة على دفع الضرر أو جلب النفع كان ذلك شركًا أكبر

«Қабірден берекет алу харам және көпқұдайшылықтың бір түрі болып табылады. Өйткені кез-келген нәрсеге әсер ету тек Алланың құдіретімен ған және сәләфтарда мұндай нәрсе жасау дәстүр емес еді. Олар (сәләфтар) мұны жасамағандықтан, бұл бидғат болады. Егер адам мұны қабірдің зияннан құтылуда немесе пайда әкелуде оның ықпалына ие екеніне сенімді бола тұра істесе - бұл үлкен ширк».

Ибн Усәйминнің пәтуә жинағынан

**************

Ал енді салыстырайық ....

Имам Ахмад ибн Ханбәлдың ұлы (Абдулла):

٣٢٤٣ - سألته عن الرجل يمس منبر النبي صلى الله عليه وسلم ويتبرك بمسه ويقبله ويفعل بالقبر مثل ذلك أو نحو هذا يريد بذلك التقرب إلى الله جل وعز فقال: لا بأس بذلك.

«Мен әкемнен (Имам Ахмадтан) Пайғамбардың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінен берекет алу үшін қабірге үйкеленіп және сипап, оны сүйіп және тағы сол сияқты амалдармен Аллаға жақындауды қалаған адам туралы сұрағанымда, Имам Ахмад: «Ешқандай оқасы (проблема) жоқ», - деп жауап берді».

«Мәғрифа әр-риджал», 2/492.
Ислам дінінің дәлелі Имам әл-Ғазәли айтты:

فإن من خالف أمر الله لا يقتدى به كائنا من كان.

«Кімде-кім Алланың әміріне қарсы амал жасаса, ол кім болсадағы оған еруге (үлгі тұтуға) болмайды».

«Ихя улум-д-Дин», 5/529
СҰРАҚ:
Менің сұрағым бар: мен сатушы болып жұмыс жасаймын, бізде сатып алынған техникаға қосымша кепілдік сату қызметі бар. Мысалы, телефон құны 100 000 мың тг., сатып алушының кесірінен бұзылған техникаға кепілдік ұсынамыз. Бірақ бұл кепілдік ақылы, 20 000 мың тг.
20 000 мың тг.сиртификатының шарты: егер телефонды жерге, суға түсіріп алса немесе өзіңіз бұзып алсаңыз (телефонды жөндеп береміз). Егер сатып алушы бір жыл ішінде телефоның бұзбаса, онда 20 000 мың тг. кепілдік сатып алушы адамға қайтарылмайды.
Бұл харамба немесе халалма?

ЖАУАП:
Бұл рұқсат емес.