Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.46K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
Ибн Кәсир өзінің “әл-Бидая уә-н-Нихая” (6/324) кітабында мұсылмандардың ұраны “Иә, Мухаммад!” болғандығын жеткізеді.
СҰРАҚ:
Инстаграмда сатылымға бір затқа жарнама салынған, төменгі жағында пікірде бір адам тауардың бағасын сұрап, заттың құның сәл түсірсің деп сұрап жатыр. Менде сатылымға дәл сондай зат бар әрі бағасыда төмен. Төменгі жағына “менде сондай зат сатамын және төменгі бағада” деп пікір қалдыра аламынба?

ЖАУАП:
Иә.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум Ұстаз! Намазда көзді жұмып тұруға болама?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Егер намазда ойды жинақтау үшін немесе еш нәрсе аландатпас үшін жасалса, онда болады.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум. Тозақ қазір барма немесе енді жаратылама?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахмәтуллаһй уә бәракәтуһ.
Жаратылған.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуәлейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ. Ұстаз, күйеуім екеуміз тезірек Түркияға кетіп қалуымыз үшін дұға жасаңызшы, біздің мақсатымыз сол жақта тек білім алу. Бауырлар мен апа-сіңілеріміз, сіздерде дұға жасап қойсаңыздар біз үшін. Джәзәк-Аллаһу хойран.

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссәләәм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ.
Әмин!

(6 ай бұрын)

**************

СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Бірнеше күннен кейін біз жол жүреміз, әлхәмдулиллә)) Біз үшін тағыда дұға жасап қоясызба, жарты жолдан қайтып кетпей сол жақта қалуымызға және барлығы үйлесіп кетуіне ин шәә Алла!) Бәракаллаһу фикум Ұстаз)) және баурылар мен апа-сіңілерімізгеде үлкен рахмет!)

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Әмин.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум. Әйел неке қиғанға дейін үйлі болды (мирас). Күйеуде болған уақытта үйді сатып жіберді. Күйеуі сатылған үйдің ақшасынан үлесі барма? Бұл ақша кімнің меншігі болып саналады? Егер ақша әйелдің меншігі болса, онда әйел күйеуіне ақшаны пайдалануға рұқсат бермей, бұл ақшаны қайда жаратсада өз еркіме?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Күйеуі бұл ақшаны алуға/пайдалануға еш хақысы жоқ.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум. Үйден 100 км. қашықтықта орналасқан институтта оқимын. Инст.жатақханасында бөлмем бар, оқу жылы сол жатақханада тұруға мүмкіндік бар. Бірақ мен әр демалыс сайын үйге барып тұрамын. Енді намазды қысқартып оқуым керекпе? Институт маған отан иқамама немесе сукнама?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссаләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ.
Намазды қысқартуыңыз керек.
Мухаддис Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи (1014 х.ж.өмірден өтті) Ибн Омардың (Алла олардан разы болсын) асарда келген «Ей, Мұхаммад!» деген сөзіне түсіндірме жазып, айтады:


(وروي) أي في عمل اليوم والليلة لابن السني (أنّ عبد الله بن عمر رضي الله تعالى عنهما خدرت رجله) بفتح معجمة وكسر مهملة أي فترت عن الحركة وضعفت باجتماع عصبها من جهة كسل وفتور أصابها كأنها رجل ناعس ولم يذهب ما بها (فَقِيلَ لَهُ اذْكُرْ أَحَبَّ النَّاسِ إِلَيْكَ يَزُلْ عنك) بضم الزاء أي يزول عنك هذا الانقباض بسبب ما يترتب على ذكر المحبوب من الانبساط (فصاح) أي فنادى بأعلى صوته (يا محمّداه) بسكون الهاء للندبة وكأنه رضي الله تعالى عنه قصد به اظهار المحبة في ضمن الاستغاثة (فانتشرت) أي رجله في الفور


«(«Риуаят етіледі») яғни Ибн ас-Суннидің «Әмәлул-Иәуми уәл-ллайләти»-де (Абдулла ибн Омар (Алла олардан разы болсын) аяғы ұйып қалған»), яғни, ол қозғала алмады және тамырлары әлсіреп, тартылды. (Сонда оған: «Сен үшін ең сүйікті адамды айт, сонда аяқтың ұйығаны кетеді»). Яғни, сүйіктіні еске алумен аяқ сіңірлерінің тартылуы кетеді. («ол айқайлады»), яғни, ол дауысын көтеріп: («Ей, Мұхаммад»), Абдулла ибн Омар (Алла оларға разы болсын) көмек сұрағанда өз махаббатын көрсетуге ниет еткендей. Содан оның аяғы дереу жазылды».

Мулла Әли әл-Қари, «Шарх әш-Шифә», 2/41; Бейрут: Дарул-Кутубил-Илмийя.
СҰРАҚ:
Бір адамның аяғы ұйып қалып, оған жақсы көретін адамды еске ал деп кеңес береді, сол кезде әлгі адам «Иә, Мухаммад!» дейді. Сол кезде оның ұйыған аяғы жазылып кетеді. Бұл асар сахих жолмен келгенбе және амал жасауға болама?

ЖАУАП:
Иә. Иә.
__________

СҰРАҚ:
Бұл асар әлсіз емеспе?

ЖАУАП:
Бұл асарды имам Бухари өзінің «Әдәб әл-Муфрад» кітабында келтіреді. Амал етуге жарамды.
СҰРАҚ:
Жібек матаға отыруға болама?

ЖАУАП:
Болады.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум. Пайызға кредит беретін банктердің құнды қағаздарын сатып алуға болама?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссаләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ.
Жоқ.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ. Сұрақ бір апамыздан: апамыз үйден шұжық жасап, сатумен айналысады. Шұжықтың сыртқы қабықшасы сиырдың терісінен жасалады және бұны Еуропадан сатып алады. Бұл қабықшаны пайдалануға болама? Апамыз бұл сиырлар қалай сойылатының білмейді.

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссаләм уәрахматуллаһи уә бәракәтуһ.
Жоқ.
Ханафи мәзһабының ғұлама ғалымы Имам Бәдруддин әл-Айни (Алла оны рақымына алсын) жазады:

"فإن قيل: كيف يجوز ذكر شر الموتى مع ورود الحديث الصحيح عن زيد بن أرقم في النهي عن سب الموتى وذكرهم إلا بخير؟
وأجيب: بأن النهي عن سب الأموات، غير المنافق والكافر والمجاهر بالفسق أو بالبدعة، فإن هؤلاء لا يحرُم ذِكرُهم بالشر؛ للحذر من طريقهم ومن الاقتداء بهم". (عمدة القاري ج٨ ص٢٨٢)

«Егер айтылса: «Өлгендер туралы қалай жаман сөз айтуға болады? Зейд ибн Арқамнан өлгендер туралы жаман сөз айтуға тыйым салған және олар туралы тек жақсы нәрселер айтуға шақырған сенімді хадис бар емеспе?» - деп сұраса.
Мен былай жауап беремін: «Олардың қатарына мұнафық, кәпір, сондай-ақ ашық түрде күнә жасаушы пасық және бидғатшы адамдар кірмейді. Адамдарды тура жолдан адастырып, адасушылардың соңына еріп кетуден қайтару үшін олар туралы жаман сөздер айтуға тыйым салынбайды».

«Умдат әл-Қари», 8/282.
СҰРАҚ:
Сіз «Мухтар лил-Фәтуә» дәрісінде сапардың қашықтығы үйден басталып есптеледі дедіңіз. Бұл сөзіңізге дәлел барма? Сілтемесін бере аласызба? Рахмет.

ЖАУАП:
ومن أسلم منهم في دار الحرب، فلم يأسروه بل تركوه على حاله أو لم يعلموا بإسلامه، فهو في صلاته بمنزلة المسلم في دار الإسلام: يتم صلاته إذا كان في منزله، فإن خرج من منزله قاصدا مسيرة السفر قصر الصلاة (أي: بعد الخروج من المصر) (المحيط البرهاني، إدارة القرآن، ج٢ ص٤٠٠)
السفر الذي تتغير به الأحكام...أن يقصد الإنسان موضعا بينه، أي: بين القاصد، وبين ذلك الموضع مسيرة ثلاثة أيام...ومن خرج مسافرا صلى ركعتين إذا فارق بيوت المصر (اللباب في شرح الكتاب، دار البشائر الإسلامية، ج٢ ص٢٣٦-٩)
ودل عليه ما فى الأوجز: وقال الشوكاني:...واختلفوا فيما قبل الخروج من البيوت، فذهب الجمهور إلى أنه لا بد من مفارقة جميع البيوت، وذهب بعض الكوفيين إلى أنه إذا أراد السفر يصلي ركعتين ولو كان في منزله...وفى المغني لابن قدامة:...وعن عطاء وسليمان بن موسى أنهما كانا يبيحان القصر فى البلد لمن نوى السفر، وعن الحارث بن أبي ربيعة أنه أراد سفرا فصلى بالجماعة في منزله ركعتين، وفيهم الأسود بن يزيد وغير واحد من أصحاب عبد الله، وعن عطاء أنه قال: إذا دخل عليه وقت صلاة بعد خروجه من منزله قبل أن يفارق بيوت المصر يباح له القصر، وقال مجاهد: إذا ابتدأ السفر بالنهار لا يقصر حتى يدخل الليل وإذا ابتدأ بالليل لا يقصر حتى يدخل النهار (أوجز المسالك، دار القلم، ج٣ ص١٨٩-١٩٠)
فعرفنا أن الشرط (للقصر واعتبار الرجل مسافرا) أن يتخلف من عمرانات المصر (المحيط البرهاني، إدارة القرآن، ج. ٢ ص.

Сапар қашықтығы үйден бастап есептеледі, ал намазды қысқарту қаланың шекарасынан шыққаннан кейін міндет болады.
СҰРАҚ:
«Алла болды, мекен болмады» деген хадис сахихпа?

ЖАУАП:
Жоқ.
______________

СҰРАҚ:
Сонда қалай? Алла әлем жаратылмас бұрын болды емеспе? Алла болды және Онымен бірге еш нәрсе болмады ғой, мекен және т.б.

ЖАУАП:
Хадистің әлсіздігі, ол хадистің мағынасы әлсіз екендігін білдірмейді. Сахих хадисте: «Алла болды және Онымен бірге еш нәрсе болмады» («Сахих» Бухари, 6982), яғни мекен мен уақыт болмады деген мағына.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум Ұстаз Әбу Әли. Егер күйеуі мен әйелі ұрысып, содан кейін күйеуі әйеліне қолымен есікке көрсетсе, неке бұзылама?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Жоқ, бұзылмайды.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуәлейкум. Денемнен медециналық “пластырьді” алдым, бірақ пастырьдің клейі жабысып қалды. Оның алдын менде ғұсыл бұзылған еді. Сол себепті ғұсыл құйындым, бірақ денемде пластырьден қалған клейдің қалдығын көрмей қалдым, тек үш күннен кейін ғана байқадым. Сол уақытта жамағатқа имам болдым. Енді артымда жамағат болған адамдар намаздарын қайтадан оқулары керекпе?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссаләм уәрахматуллаһи уә бәракәтуһ.
Иә.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуәлейкум. Яндекс тамақта курьер болып жұмыс жасауға болама?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссаләм уәрахматуллаһи уә бәракәтуһ.
Болады.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуәлейкум. Қақырық жұтса намаз бұзылама?

ЖАУАП:
уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Жоқ.