Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.46K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
Имам Ибн Хаджар әл-Хайтами (909–974 жж. х.) «Тухфат-ул-Мухтадж»(3/179) кітабында айтты:

مَن تحَقَّقَت نَظَرَ أجنَبِيٍّ لها يَلزَمُها سَترُ وَجهِهَا عَنه وإلا كانَت مُعينةً له عَلى حرامٍ فتَأثمُ.

«Өзіне бөтен ер адамның назары түсетініне сенімді болған әйел жүзін жасыру (жабу) керек. Әйтпесе ер адамның күнә жасауына жәрдемші болып, күнәхар болады».
Шейхул Хадис Ибн Хаджар әл-Асқаләни «Фатху әл-Бәрри» (12/245) кітабында айтты:

وَمِنَ الْمَعْلُومِ أَنَّ الْعَاقِلَ يَشْتَدُّ عَلَيْهِ أَنَّ الْأَجْنَبِيَّ يَرَى وَجْهَ زَوْجَتِهِ وَابْنَتِهِ وَنَحْوَ ذَلِكَ.

«Әрбір ақылды адамға оның әйелінің, қызының немесе басқада махрам болған туыс әйелдерінің жүзіне бөтен ер адамның қарауы ұнамайтыны баршасына мәлім нәрсе».
 
Имам Хусейн ибн Масғуд әл-Бағауй (436–516 жж/х.) өзінің «Тафсир» (3/586) кітабында жазады:

قال : { يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِن جَلَابِيبِهِنَّ } جمع الجلباب ، وهو الملاءة التي تشتمل بها المرأة فوق الدرع والخمار ، وقال ابن عباس وأبو عبيدة : أمر نساء المؤمنين أن يغطين رءوسهن ووجوهن بالجلابيب إلا عينا واحدة ليعلم انهن حرائر{ ذَلِكَ أَدْنَى أَن يُعْرَفْنَ } أنهن حرائر { فَلَا يُؤْذَيْنَ } فلا يتعرض لهن.

«Алла Тағала айтты: ««(Үйлерінен шыққанда және бөтен ер кісілердің алдында жеңіл киімдерінің сыртынан) ұзын әрі кең киім кисін (джилбәб)», - бұл жамылғы түрін сыртқы киімнің (химардың) сыртынан киеді.
Сахаба ибн Аббас пен Әбу Убәйда¹ (Алла олардан разы болсын) айтты:
«Алла Тағала әйелдің азат екенін білдіру үшін басына матаны тек бір көзі ғана ашық қалатындай қылып кию арқылы жүзін жасыруды әмір етті. «Бұл (олардың иманды да, арлы әйел баласы ретінде) танылуы (білінуі) һәм нақақтан-нақақ ар-намыстары тапталып, қорлық көрмеуі үшін қолға алынатын ең лайықты іс».

[1] Әбу Убәйда ибн Әмр әс-Сәлмән әл-Куфи (72 ж/х. қайтыс болған) - тәбиғиндерден болған ұлы ғалым және фақиһ. Әли ибн Толиб, Абдулла ибн Масғуд және тағы сол сияқты сахабалардан (Алла олардан разы болсын) білім алған. Оның шәкірттерінен Ибраһим ән-Нахағи (Әбу Ханифаның ұстазы), Мухаммад ибн Сирин және Шәғби.
Имам ән-Нәуәуй (Алла оны рақымына алсын) айтты:

"ﻓﻤﻦ ﻭُﻓِّﻖَ ﻟﻠﻌﻤﻞ بكل أذكار الصباح والمساء ﻓﻬﻲ ﻧﻌﻤﺔ ﻭﻓﻀﻞ ﻣﻦ اﻟﻠﻪ ﺗﻌﺎﻟﻰ ﻋﻠﻴﻪ ﻭﻃﻮﺑﻰ ﻟﻪ ، ﻭﻣﻦ ﻋﺠﺰ ﻋﻦ ﺟﻤﻴﻌﻬﺎ ، ﻓﻠﻴﻘﺘﺼﺮ ﻣﻦ ﻣﺨﺘﺼﺮاﺗﻬﺎ ﻋﻠﻰ ﻣﺎ ﺷﺎء ﻭﻟﻮ ﻛﺎﻥ ﺫكراً واحداً".

«Кімде-кімге Алла Тағала таңғы және кешкі (ақшамнан кейінгі) дұғаларды толық оқуға жәрдем берсе, бұл Алладан келген нығмет пен жақсылық және бақыт. Ал кімде-кім дұғалардың барлығын оқуға шамасы жетпесе, онда қысқа дұғалармен шектелсін, тіпті бір дұға болсадағы».

«Әл-Әзкәр», 76 бет.
Әбу Салих әл-Мәрузи айтты:

ومن عقوبة الفاسق المبتدع أن لا تذكر محاسنه.

«Кімде-кім бидғатшы пасықты жазалағысы келсе, онда оның жақсылығын еске алмасын».

«Әл-Кифәиәту фи мәғрифати усуулу илми риуаиа», 1/297.
Сәһл айтты:

لا تجد الخوفَ حتى تأكل الحلال.

«Адал тағам жемейінше, Алладан қорқу деген сезімді таппайсың».

«Ихя улумуд-дин», 7/533.
Ислам дінінің құжаты (Имам әл-Ғазәли) айтты:

ولسوء الخاتمة أسبابٌ تتقدم على الموت، مثل البدعة والنفاق والكبر وجملة من الصفات المذمومة.

«Адамның имансыз кетуіне өлім алдында амал еткен бірнеше себептер әсер етеді, мысалы: бидғат, екі жүзділік, үлкен күнәлар мен басқада күнә атаулары».

«Ихя улумуд-дин», 7/567
Фәрра айтты:

أدب النفس، ثم أدب الدرْس.

«Нәпсі әдебі, сосын дәрс әдебі».

«Тарих мәдинәтус-Сәләм», 6/354.
Суфян айтты:

أولُ العِبادة الصَّمْت، ثم طلب العلم، ثم حفظه، ثم العمل به، ثم نشره.

«Ең бірінші - үндемеу, сосын білім талап қылу, сосын жаттау, сосын білімге амал жасау, сосын білімді тарату».

«Тарих мәдинәтус-Сәләм», 6/392
Хасан әл-Басри айтты:

لا يُمكّن أحدكم أُذُنه من صاحب بدعة.

«Құлақтарыңызға бидғат иелерінің жол табуына мүмкіндік бермеіңіздер».

«Тарих мәдинәтус-Сәләм», 6/472
СҰРАҚ:
Егер мен жарты сағатқа ұйықтап кетсем, терең ұйқы емес, бірақ ойым мен амалымды ұстай білдім. Дәретім бұзылдыма?

ЖАУАП:
Жоқ, бұзылмайды.
СҰРАҚ:
Көлікте отырып ұйықтау дәретті бұзама?

ЖАУАП:
Жоқ, бұзбайды.
СҰРАҚ:
Сонда көлікте отырып ұйықтау дәретті бұзбайма? Дұрыс түсіндімбе?

ЖАУАП:
Иә, дұрыс.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум. Күйеуі әйеліне бір зат сатып алуға тыйым сала алама? Әйелінің өз ақшасы. Мысалы, әйел өз ақшасына планшет, көлік немесе тағы басқа бір зат сатып алғысы келеді, ал күйеуі тыйым салады.

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ. Әйел өз ақшасын қайда жұмсада өз еркі, бірақ бұл мәселеде күйеуіңіздің пікірімен санасып, айқай-шусыз шешкен жөн.