Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.46K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
Әбу Салих әл-Мәрузи айтты:

ومن عقوبة الفاسق المبتدع أن لا تذكر محاسنه.

«Кімде-кім бидғатшы пасықты жазалағысы келсе, онда оның жақсылығын еске алмасын».

«Әл-Кифәиәту фи мәғрифати усуулу илми риуаиа», 1/297.
Сәһл айтты:

لا تجد الخوفَ حتى تأكل الحلال.

«Адал тағам жемейінше, Алладан қорқу деген сезімді таппайсың».

«Ихя улумуд-дин», 7/533.
Ислам дінінің құжаты (Имам әл-Ғазәли) айтты:

ولسوء الخاتمة أسبابٌ تتقدم على الموت، مثل البدعة والنفاق والكبر وجملة من الصفات المذمومة.

«Адамның имансыз кетуіне өлім алдында амал еткен бірнеше себептер әсер етеді, мысалы: бидғат, екі жүзділік, үлкен күнәлар мен басқада күнә атаулары».

«Ихя улумуд-дин», 7/567
Фәрра айтты:

أدب النفس، ثم أدب الدرْس.

«Нәпсі әдебі, сосын дәрс әдебі».

«Тарих мәдинәтус-Сәләм», 6/354.
Суфян айтты:

أولُ العِبادة الصَّمْت، ثم طلب العلم، ثم حفظه، ثم العمل به، ثم نشره.

«Ең бірінші - үндемеу, сосын білім талап қылу, сосын жаттау, сосын білімге амал жасау, сосын білімді тарату».

«Тарих мәдинәтус-Сәләм», 6/392
Хасан әл-Басри айтты:

لا يُمكّن أحدكم أُذُنه من صاحب بدعة.

«Құлақтарыңызға бидғат иелерінің жол табуына мүмкіндік бермеіңіздер».

«Тарих мәдинәтус-Сәләм», 6/472
СҰРАҚ:
Егер мен жарты сағатқа ұйықтап кетсем, терең ұйқы емес, бірақ ойым мен амалымды ұстай білдім. Дәретім бұзылдыма?

ЖАУАП:
Жоқ, бұзылмайды.
СҰРАҚ:
Көлікте отырып ұйықтау дәретті бұзама?

ЖАУАП:
Жоқ, бұзбайды.
СҰРАҚ:
Сонда көлікте отырып ұйықтау дәретті бұзбайма? Дұрыс түсіндімбе?

ЖАУАП:
Иә, дұрыс.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум. Күйеуі әйеліне бір зат сатып алуға тыйым сала алама? Әйелінің өз ақшасы. Мысалы, әйел өз ақшасына планшет, көлік немесе тағы басқа бір зат сатып алғысы келеді, ал күйеуі тыйым салады.

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ. Әйел өз ақшасын қайда жұмсада өз еркі, бірақ бұл мәселеде күйеуіңіздің пікірімен санасып, айқай-шусыз шешкен жөн.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум. Ауыз бекіту уақыты 20-21 сағатқа созылатын жерде ораза қалай болады?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
20-21 сағат ораза болады.
СҰРАҚ:
Әссәләәмуалейкум. Біз Аллаһу Тағалаға "Сіз" деп айтуымыз керек емеспе? Өйткені бұл сөз орыс тілінде құрмет болып есептеледі ғой.

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссалям уә рахматуллһи уә бәракәтуһ.
Асылында орыс тілінде "сіз" деген құрмет сөзі жоқ. Кезінде тіпті патшағада "сен" деп сөйлеген. Адамдардың дәрежесін бөлу үшін, құрметті білдіретін "сіз" деген сөзді ең алғашқы болып патша Пётр 1 енгізген.
Алғашқыда жаңа еңген бұл сөз халыққа жақпады, әйтседе уақыт өте бұл сөз қоғамға сіңді: бұл сөзбен адамдар бір-біріне құрмет білдіре бастады. Қазір көптеген адамдар "сіз" деген сөзден қайтадан бас тартып жатыр: жастары 30-40 келген адамдар өздеріңе "сіз" деп айтқанды жақсы көрмейді.

Қосымша айта кететін жәйт, араб тілінде екінші жақтың көпше түрінде құрметті білдіретін сөз мүлдем жоқ. Сондықтан Аллаға бұндай сөздермен жалбарынудың еш қажеті жоқ.
Шейх Әбул-Хасан ән-Нәдуй (1914-1999 жж.) Алла рақымына алсын. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір баяның жазған ғалым. Бұл кітапты darulfikr баспасы басып шығарды.
СҰРАҚ:
Ұстаз кірген сәтте орнынан тұрып амандасуға болама?

ЖАУАП:
Болады.
СҰРАҚ:
Тауық сойып, шатасып: «Бисмиллә, Аллаһу Әкбар» деп айтудың орнына: «Бисмилләһи-р-Раманир-р-Рахим» деп айттым. Тауық халәлма?

ЖАУАП:
Иә, халәл.
СҰРАҚ:
Егер қандайда бір кітапта (немесе сайтта) хадис келсе, бірақ хадистің кімнен келгені, қай кітапта келгені жазылмаған, бұны біз хадис деп айта аламызба?

ЖАУАП:
Хадис қай кітапта, кімнен келгені анықталғанға дейін бұны хадис ретінде қарастыруға болмайды.
СҰРАҚ:
Исмайл аға жамағаты сектама? Олар туралы не айтасыз?

ЖАУАП:
Жоқ, олар секта емес. Әһлу сунна жамағаттарының бірі.
СҰРАҚ:
Имамның артына ұйығанда біз тек «әл-Фатиха» сүресін оқимызба немесе дұғалардыма?

ЖАУАП:
Ханафи мәзһабы бойынша, имамның артында Құран оқу - мәкруһ тахрим.