Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари
1.46K subscribers
366 photos
36 videos
17 files
453 links
Ұстазға сұрақ қою үшін (ТЕК ОРЫСША):
1. Play market-тен ASKfm жүктеп, тіркелесіз.
2. Төмендегі сілтемеге өтесіз:
https://ask.fm/abu_ali_al_ashari?utm_source=copy_link&utm_medium=android

Канал админімен кері байланыс (ҰСТАЗ ЕМЕС):
t.me/abu_xanifa_bot
Download Telegram
30 жыл бұрын уаһабилік шейх Солих әл-Лухайдан өзінің жемқор патшаларының Американың крестшілерімен одақтасуын қолдап, Ибн Баз және Ибн Усеймин сияқты қылмыскер муджассимдермен бірге Араб түбегінде Американың әскери базаларын орналастыруға және олардың Иракқа басып кіруіне рұқсат берді. Сол (Америка мен Ирак арасындағы) соғыста бір ғана мұсылман балалардан бір миллионнан астам бала өлтірілді...

https://youtu.be/cQ3QiSFTxy4
«Ақшасы да, билігі де, лауазымы да жоқ, бірақ Аллаһ Тағала разылығы үшін мұсылман бауыры үшін жанын беруге дайын бауырлар өте аз. Осындай бауырларды құрметтеуіміз керек».

Ұстаз Әбу Ағриф әд-Дағистани
Хафиз Зәйнуддин әл-Ирақи (725–808 ж.һ.) – сегізінші ғасырдың дін жаңартушысы деген атқа ие болған ұлы мухаддис – өзінің «Тарху әт-тәсриби фи шархи ат-Тәқриби» (3/112) кітабында айтты:

تَكَرُّرُ ذِكْرِ وَجْهِ اللَّهِ تَعَالَى فِي الْكِتَابِ وَالسُّنَّةِ وَلِلنَّاسِ فِي ذَلِكَ كَغَيْرِهِ مِنْ الصِّفَاتِ مَذْهَبَانِ مَشْهُورَانِ .(أَحَدُهُمَا) إمْرَارُهَا كَمَا جَاءَتْ مِنْ غَيْرِ كَيْفٍ فَنُؤْمِنُ بِهَا وَنَكِلُ عِلْمَهَا إلَى عَالِمِهَا مَعَ الْجَزْمِ بِأَنَّ اللَّهَ لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ وَأَنَّ صِفَاتِهِ لَا تُشْبِهُ صِفَاتِ الْمَخْلُوقِينَ (وَثَانِيهِمَا) تَأْوِيلُهَا عَلَى مَا يَلِيقُ بِذَاتِهِ الْكَرِيمَةِ فَالْمُرَادُ بِالْوَجْهِ الْمَوْجُودِ

«Құран мен Сүннетте Аллаһтың «уәджһі» (жүзі) бірнеше жерде айтылады. Бұл мәселеге қатысты, сондай-ақ басқада (Аллаһу Тағаланың) сипаттарына қатысты адамдарда екі белгілі әдіс бар:

1. “Қалай” деп сұрамастан, сипаттар қалай келген болса, солай өткізу. Біз оларға иман келтіріп, оның мағынасын Аллаһқа қалдырамыз, сонымен бірге Аллаһтың ешнәрсеге ұқсамайтынына, оның сипаттары да жаратылыстардың сипаттарына ұқсамайтынына сенімдіміз.

2. Сипаттарды Аллаһтың Ұлы болмысына лайық мағынада түсіндіру (тәуил). Бұл жағдайда «уәджһ» (жүз) деген сөз «бар» дегенді білдіреді».

https://t.me/darulfikr
Имам Мәликтен тәуил


Имам әз-Зәһаби өзінің «Сияр ә'ләм ән-Нубәлә» (8/105) атты көп томдық еңбегінде Имам Мәликтің «Сүннет туралы айтқан сөздерінен» деген бөлімде былай деп жазады:

و قال ابن عَدي: حدثنا محمدُ بن هارون بن حسَّان، حدثنا صالح بن أيُّوب، حدثنا حبيبُ بن أَبي حَبيب، حدثني مالك قال: ينزلُ ربنا — تبارك و تعالى — أَمرُهُ فأمَّا هو، فدائم لا يزول.

«Ибн Ә'дий айтты: «Бізге Мухаммад ибн Харун ибн Хасан жеткізді - оған Салих ибн Айюб жеткізді - бізге Хабиб ибн Әби Хабиб айтты - маған имам Мәлик «Ұлы Раббымыз (аспан әлеміне) түседі!» (деген хадис турасында) былай деп айтты: «Оның әмірі түседі. Ал (Аллаһу Тағаланың) Өзіне келсек, Ол Мәңгі, жоғалмайды».
Ұлы мухаддис, хафиз әл-Хатыб әл-Бағдади (392–463 ж. һ.) өзінің «Тарих Бағдад» (11/346) кітабында имам әл-Әшғшари жайлы айтты:

أَبُو الحسن الأشعري المتكلم صاحب الكتب، والتصانيف فِي الرد على الملحدة، وغيرهم من المعتزلة، والرافضة، والجهمية، والخوارج، وسائر أصناف المبتدعة.

«Әбул-Хасан әл-Әшғари - мутакәллим, дінсіздер мен басқа да бидғатшылардың: муғтазилиттер, рафидилер (шииттер), джахмиттер, харижилер және басқа да бидғатшылардың көзқарастарын жоққа шығаратын көптеген кітаптар мен еңбектердің авторы».
Имам Әбу Мансур әл-Матуриди – Самарқанд және Мәуәранәһр шейхтерінің басшысы

Имам 'Әләуддин әс-Самарқанди әл-Ханафи (540 ж. һ. қайтыс болған) «Мизән әл-Усул» (1/97) кітабында жазады:

وقال مشايخ سمرقند [و] رئيسهم الشيخ الإمام أبو منصور الماتريدي رحمه الله

«Самарқанд шейхтары және олардың басшысы – шейх, имам Әбу Мансур әл-Матуриди, Аллаһ оны рақымына алсын...».

Басқа жерде (1/191):

قال عامة مشايخنا من أهل العراق وما وراء النهر [و] رئيسهم الشيخ الإمام الأجل أبو منصامارميماردار

«Біздің Иарқтық шейхтарымыздың көпшілігі, сонымен қатар Мәуәранәһрдың шейхтары және олардың басшысы құрметті шейх, имам Әбу Мансур әл-Матуриди, Аллаһ олардың барлығын рақымына алсын...».
يقول السفاريني : "أهل السنة والجماعة ثلاث فرق: الأثرية: وإمامهم أحمد بن حنبل رضي الله عنه، والأشعرية: وإمامهم أبو الحسن الأشعري، والماتريدية: وإمامهم أبو منصور الماتريدي"اهـ (لوامع الأنوار 1/73)
_____

Имам әс-Сәфәрайни әл-Ханбали өзінің «Ләуәмиғу әл-Әнуар» (1/73) кітабында айтты: “Әһлу-с-Сунна уә-л-Джәмәғә үш топтан тұрады:
“Әсәрия - имамы Ахмад ибн Ханбал, Аллаһ одан разы болсын;
Әл-Әшғариәһ - имамы Әбул-Хасан әл-Әшғари;
Әл-Матуридиәһ - имамы Әбу Мансур әл-Матуриди”.
قال حافظ ابن الجوزي الحنبلي في كتاب صفة الصفوة (٢/٤١٠) في ترجمة إبراهيم الحربي: و توفي في بغداد سنة خمس و ثمانين و مائتين و قبره ظاهر يتبرك الناس به رضي الله عنه.
____

Хафиз Ибн әл-Джәузи әл-Ханбали өзінің «Сифату ас-Сафуат» (2/410) кітабында Ибраһим әл-Харби өмір баянында айтты:
 
«285 жылы Бағдат қаласында қайтыс болды. Оның қабірі баршасына белгілі және адамдар оның қабірі арқылы береке іздейді, Аллаһ оған разы болсын».
ذكر الامام الذهبي في سير أعلام النبلاء (٩/٣٤٠) أن الامام ابراهيم الحربي قال (قبر معروف الكرخي الترياق المجرب و إجابة دعاء المضطر عنده لأن البقاع المباركة يستجاب عندها الدعاء).
______

Имам әз-Зәһәби өзінің «Сияр ә'ләм ән-Нубәлә» (9/340) кітабында имам Ибраһим әл-Харбиден жеткізеді:

“Мәғруф әл-Кәрхидің қабірі - сыналған дәрі және оның қабірінің қасында дұға қабыл. Өйткені берекелі жерде дұға қабыл болады».
من كتاب تاريخ بغداد تأليف الإمام الحافظ أبي بكر أحمد بن عليّ الخطيب البغدادي (أخبرني أبو إسحاق إبراهيم بن عُمر البرمكي قال أنبأنا أَبُو الفضل عُبَيْد الله بن عبد الرّحمان بن مُحَمَّد الزّهرىّ قال سمعت أبي يقول قبر معروف الكرخيّ مجرّب لقضاء الحوائج ويقال إنّه من قرأ عنده مائة مرّة (قل هو الله أحد) وسأل الله تعالى ما يريد قضى الله له حاجته).
________________________

Ұлы мухаддис, хафиз, имам Әбу Бәкір Ахмад ибн Әли әл-Хатыб әл-Бағдади өзінің әйгілі «Тарих Бағдад» (1/404) кітабында: “Бізге ... Әбу әл-Фадл Убайдуллаһ ибн Абдуррахман ибн Мухаммад әз-Зуһри әкесінің былай деп айтқанын жеткізеді: “Мағруф әл-Кәрхидің қабірінде адамның қажетін сұрағанда сұрағаны берілетін жер екені тәжірибемен дәлелденген және кімде-кім оның қабірінің басында жүз мәрте «Ықылас» сүресін оқып, сосын қажетін сұраса, онда Аллаһу Тағала оның сұрағанын береді дейді”».
وعن أحمد أنه قال كان معروف الكرخي من الأبدال مجاب الدعوة.

قلت لأبي هل كان مع معروف شيء من العلم ؟ فقال لي يا بني كان معه رأس العلم خشية الله تعالى.

ابن مفلح، كتاب الآداب الشرعية والمنح المرعية (٢/٢٣٥).
_

Ахмад ибн Ханбал Мағруф әл-Кәрхи жайлы айтты: “Ол Абдалдардың бірі және дұғасы қабыл”.

Абдуллаһ ибн Ахмад: “Мен әкемнен (Ахмад ибн Ханбалдан): “Мәғруф әл-Кәрхиде білім болды ма?” деп сұрағанда, әкем маған: “Балам, ол кісіде білімнің төресі болды, бұл Аллаһтан қорқу”.

Ибн Муфлих аль-Ханбали, «Китәб әл-Әдәб әш-Шәрғиәһ», 2/235.
في سير أعلام النبلاء(٩/٣٥٠):
وعن ابن شيرويه : قلت لمعروف : بلغني أنك تمشي على الماء .

قال: ما وقع هذا ، ولكن إذا هممت بالعبور ، جمع لي طرفا النهر ، فأتخطاه.
_____

Имам әз-Зәһәби өзінің «Сияр ә'ләм ән-Нубәлә» (9/350) кітабында келтіреді:

Ибн Шәйрауйәдан: “Мен Мәғруф әл-Кәрхиден: “Сені судың бетімен жүреді деп естідім” деп сұрағанда, Мәғруф әл-Кәрхи: “Ондай нәрсе болмады. Бірақ қашан мен өзеннен өтуді қаласам, өзеннің екі жағасы бір-біріне жақындай түседі, мен тек аттап кетемін” деді».
Хафиз ибн Раджаб әл-Ханбали өзінің «Зәйлу табақат әл-Ханабилә» (4/287) кітабында Усман ибн Муса ат-Таи әл-Ханбалидің өмір баянында айтты:

و يقال إن الدعاء يستجاب عند قبره

«Оның қабірінің басында дұға қабыл деп айтады».
في سير أعلام النبلاء (٩/٣٤٠):
أبو العباس بن مسروق: حدثنا محمد بن منصور الطوسي قال: كنت عند معروف، ثم جئت، وفي وجهه أثر ، فسئل عنه ، فقال للسائل: سل عما يعنيك عافاك الله، فأقسم عليه، فتغير وجهه، ثم قال: صليت البارحة ، ومضيت ، فطفت بالبيت ، وجئت لأشرب من زمزم ، فزلقت، فأصاب وجهي هذا.

Мухаммад бин Мансур ат-Туси айтты: “Мен Мәғруф әл-Кәрхидің жүзінен жарақат көріп: «Бұл жарақат алдын болмаған еді: не болды?” деп сұрадым: «Өзіңге қатысты нәрсені ғана сұра», – деп жауап берді. Бірақ қоймастан сұрағаннан соң, Мәғруфтың жүзі өзгеріп айтты: «Таң намазын оқыдым, кейін Қағбаны тауаф етіп, Зәм-зәм көзінен су ішуге бардым. Сол жерде мен тайып кетіп, осы жарақатты алдым” деді».

Ол кезде Мәғруф әл-Кәрхи Ирақ елінде еді!!!
في تاريخ بغداد (١/٤٤٢): الْقَاضِي أَبُو عَبْد الله الحسين بْن عَلِيّ بْن مُحَمَّد الصيمري ، قَالَ : أَخبرنا عُمَر بْن إِبْرَاهِيمَ المقرئ، قَالَ: حَدَّثَنَا مكرم بْن أَحْمَد ، قَالَ: حَدَّثَنَا عُمَر بْن إسحاق بْن إِبْرَاهِيمَ ، قَالَ: حَدَّثَنَا عَلِيّ بْن ميمون قَالَ: سمعت الشافعي ، يقول : إني لأتبرك بأبي حنيفة وأجيء إِلَى قبره في كل يوم، يَعْنِي زائرا، فإذا عرضت لي حاجة صليت ركعتين، وجئت إِلَى قبره وسألت الله تعالى الحاجة عنده، فما تبعد عني حتى تقضى.
_____

«Тарих Бағдад» (1/442) кітабында: Әл-Қади Әбу Абдулла Хусәйн ибн Әли ибн Мухаммад әс-Саймари риуаят етеді: «Бізге Умар ибн Ибраһим әл-Муқрий былай деді: «Мукаррам ибн Ахмад бізге айтты: «Омар ибн Исхақ ибн Ибраһим бізге айтты: «Әли ибн Маймун бізге айтты: «Мен әш-Шәфиғидің былай дегенін естідім: «Мен Әбу Ханифа арқылы берекет іздеп, оның қабіріне күнде келемін (яғни зиярат етемін). Мұқтаж болған кезде екі ракағат намаз оқып, оның қабіріне келіп, оның қасында (Әбу Ханифаның қабірінің жанында) Алладан мұқтаждығымды сұраймын. Көп уақыт өтпестен менің қажеттілігім орындалады».
في تاريخ بغداد (١/٤٤٢):
حَدَّثَني أَبُو عَبْد الله مُحَمَّد بْن عَلِيّ بْن عَبْدِ اللَّهِ الصوري، قَالَ: سمعت أبا الحسين مُحَمَّد بْن أَحْمَد بْن جميع، يقول: سمعت أبا عَبْد الله ابْن المحاملي ، يقول: أعرف قبر معروف الكرخي منذ سبعين سنة ما قصده مهموم إلا فرج الله همه.
_______

«Тарих Бағдад» (1/442) кітабында:
Бізге Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Әли ибн Абдуллаһ ас-Саури былай деп айтқанын жеткізді: мен Әбул-Хусейн Мухаммад ибн Ахмад ибн Джумәйғаның былай деп айтқанын естідім: мен Әбу Абдуллаһ ибн әл-Мухамили (235 – 330 жж.һ), былай деп айтқанын естідім:

«Мен Мәғруф әл-Кәрхидің қабірін жетпіс жылдан бері білемін – қиыншылыққа ұшыраған адамдардан кім қабірге барса, Алла оны қиындықтан құтқарады».
СҰРАҚ:
Тамақ ішер алдында қолды жуу - сүннет па?

ЖАУАП:
Иә.