Айнұр Тұрсынбаева-Айнур Турсынбаева
46.3K subscribers
694 photos
944 videos
11 files
246 links
Айдың нұры...
Download Telegram
АҚША ПОТОГЫ АШЫЛМАЙДЫ,
ЕГЕР:

1.💰 Ақшаға қалай-болса солай қарасаңыз. Әр жерде тиындар шашылып, қалтаңызда теңгелер мыжылып жатса;

2. 💰Күйеуіңіздің ақшасын үнемдеймін деп таршылықты қолдан жасасаңыз. Немесе күйеуіңіздің ақшасын туыстарынан қызғансаңыз;

3. 💰 Жақсы, жаңа, сапалы бұйымдардың барлығын салтанатты жиын үшін ғана сақтасаңыз;

4. 💰 Ақша жұмсаған кезде қорқып, үрейленіп, өзіңізді кінәлі сезінсеңіз;

5. 💰 Жеңілдіктер мен акцияны аңдып жүрсеңіз. Немесе ТЕГІН алуға құмар болсаңыз;

6. 💰 Жиі қарыз, кредит алсаңыз;

7. 💰 "Қара күн" үшін ақша жинасаңыз;

8. 💰 Алғанды жақсы көріп, бергенді ұнатпасаңыз.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Осылай өмір сүріп жатқан елдер де бар. 😱

Барымызға:
кең байтақ жерімізге,
кең пейіл халқымызға
мың да бір шүкір! 🙏

Жоқ, жоқ дей бермей, бар, бар деп жүрсек, Алла ризығымызды арттырары сөзсіз.
Бірлік - түбі береке.

Бірлігіміз нығайып, берекеміз арта берсін!

Мерекелеріңізбен! ❤️❤️❤️❤️
Қайырлы кеш!

Құттықтауларыңызға көп рахмет! ❤️

Маған не тілесеңіздер, өздеріңізге еселеп қайтсын🤲 Баршаңызға Алланың нұры жаусын!
ЖАРТЫ САҒАТТАН КЕЙІН, ЯҒНИ 21:30-ДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮЗДЕСЕМІЗ 🔥🔥🔥

БҮГІН "МИЛЛИОНЕР" КУРСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР АРАСЫНДА АЛҒАШҚЫ КӨЛІГІМІЗДІ ОЙНАТАМЫЗ. 👏

КІМ КҮТІП ОТЫР?
📣📣📣

@aidyn_nury парақшасына тез қосылыңыздар!

ЭФИР БОЛЫП ЖАТЫР❗️❗️❗️
Дәл қазір ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ "Миллионер" курсына қатысушылар арасында 1-ші көлігімізді ойнатқалы жатырмыз.

❗️ӘЛІ 2 КӨЛІК БАР❗️

ОЛ КӨЛІКТЕРДІҢ ҰТЫСЫНА СІЗ ДЕ ҚАТЫСА АЛАСЫЗ.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ БАРЛЫҒЫН ТҮСІНДІРЕМІН. ҚОСЫЛЫҢЫЗДАР!
КЕДЕЙЛІКТЕН ҚҰТЫЛУ ҮШІН "БАЙЛЫҚПЕН" БӨЛІСІҢІЗ

💠💠💠💠💠💠💠💠

Ақшам жоқ болса, немен бөлісемін дейсіз бе? Дұрыс-ақ...

Бірақ байлық тек ақшамен ғана өлшенбейді. Мына шексіз ғалам да, сіздің тұла бойыңыз да байлыққа тұнып тұр.

💠 Мысалы адамның беті 43 бұлшықеттен тұрады. Сол бұлшықеттердің барлығы күні-түні тек СІЗГЕ қызмет етеді. Теп-тегін!
Байлық па?
Байлық!

Олай болса, күлімсіреу арқылы, адамдарға шуақ шашу арқылы бетіңіздегі байлықпен бөлісіңіз.

💠 10 000 000 түске дейін ажырата алатын сіздің көз жанарыңыз - ол да СІЗДІҢ құзырыңызда.
Байлық па?
Байлық!

Олай болса, айналаңызға мейірлене қарау арқылы, көз байлығымен де бөлісіңіз.

💠 Сіздің сөйлеуіңіз үшін ерін, тіл, тіс, тамақ, көмей - барлығы тынбай қызмет қылып тұр.
Байлық па?
Байлық!

Олай болса, жақсы сөз айту арқылы тілдің де байлығымен бөлісіңіз.

💠 Салмағы 300 граммдай болса да, жұдырықтай жүрегіңіз бүкіл денеңізді басқарып тұр.
Байлық па?
Байлық!

Олай болса, басқаларға жақсылық тілеу арқылы жүрегіңіздегі байлықпен бөлісіңіз.

💠 Дәл қазір сіз осы постты оқып отырғанда, денеңізде 50 000-ға жуық жасуша өліп, орнына жаңасы қалыптасуда.
Байлық па?
Байлық!

Олай болса, адамдарға жақсылық жасау арқылы, дене байлығымен бөлісіңіз.

Көрдіңіз бе?
Бөлісер байлығыңыз өте көп.
Ал сіз "кедеймін" дейсіз...