Almaty_akimdigi
5.61K subscribers
13.1K photos
1.63K videos
66 files
5.39K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
🌆 Алматының жаңа ЕТЖ қала тұрғындарының пікірін ескере отырып әзірленді

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу кезінде қала тұрғындарының қоғамдық талқылаулар мен сауалнамалық зерттеулердің қорытындысы бойынша ұсыныстары ескерілді. Жеке және аз қабатты құрылыс мәселесі бойынша аудан белсенділерімен және тұрғындарымен көптеген кездесу өткізілді. 17 мыңнан астам сауалнама мен 500 ұсынысты талдаудың арқасында әзірлеушілер 2030 және 2040 жылдарға дейінгі аумақтарды игеру кезеңдерін анықтады.

Жаңа ПДП-ның мақсаты – инфрақұрылымның стратегиялық дамуын ескеріп, ретсіз құрылыс салмау және жер телімін тиімді бөлу. Алдыңғы ЕТЖ-мен салыстырғанда негізгі өзгерістер игерілмеген аумақтарға қатысты.

Жобалар тұрақты әрі функционалды қалалық кеңістікті құруға бағытталған әлемдік тәжірибені, географиялық және климаттық ерекшеліктерді ескереді.

Толығырақ Алматы әкімдігінің сайтынан оқыңыздар
#Алматы #қалалықжоспарлау #даму

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Әкімнің консулдармен кездесуі: инвестиция және перспектива

🤝 Қала әкімі Ерболат Досаев Қазақстандағы шетелдердің Бас және Құрметті консулдарымен басым жобаларға инвестиция тартуды талқылады.

🏙 Әкім қаланың серіктестік үшін ашықтығын атап, «Бір терезе» қағидаты бойынша кеңес беретін Almaty Business Development Center инвесторларына арналған қалалық фронт кеңсесін ұсынды.

🚆 Даму жоспарына жедел қоғамдық көлік жүйесін құру, индустриялық аймақты 40% кеңейту және қаладағы экологиялық ахуалды жақсарту кіреді.

💼 💚 Ауаның сапасын жақсарту және қаладағы ластану деңгейін төмендету бойынша «жасыл» жобалар мен бастамаларды құруға, сондай-ақ, «Смарт Ситиді» құру үшін жұмыс орындарын ашу және цифрлық жобаларды дамытуға баса назар аударылды.

🌐 Кездесуде ҚР СІМ өкілдері, түрлі елдердің Бас және Құрметті консулдары сөз сөйлеп, Алматының қарқынды дамуы мен халықаралық байланыстарды нығайту әлеуетін атап өтті.

🌟 Стратегиялық әріптестік пен орнықты экономикалық өсу Алматы үшін басты басымдық болып қала береді. #Инвестиция #Алматы #Даму

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok