Almaty_akimdigi
5.49K subscribers
12.9K photos
1.61K videos
66 files
5.3K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Жақыныңа жәрдем бер» акциясы басталады

Алматының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тұрғындарды «Жақыныңа жәрдем бер» акциясына қатысуға шақырады.

ҰОС ардагерлері, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың ауласын қоқыстан тазартып, қоршауды бояуға көмектесу арқылы қолдау көрсетіңіз. 🌳 🏠 Бояулар мен еріткіштер тегін беріледі.

🌻Аудандық көріктендіру бөліміне хабарласу арқылы акцияға атсалысыңыз. Байланыс нөмірлері карусельде!

Сол жерден көмекке мұқтаж адамдардың тізімін нақтылауға болады.

Сүйікті қаламызды таза ұстайық, одан әрі әсемдейік! 🌿🎨

#АлматыБіздіңОртақҮйіміз #ЖақыныңаЖәрдемБер
Алматылықтар ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетіп жатыр

🌟 «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында мегаполисте Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған«Жақыныңа жәрдем бер» акциясы өтіп жатыр.

🤝 866 еріктілер мен қала тұрғындары ардагерлер, жалғызбасты зейнеткерлер және ерекше қажеттілігі бар адамдар тұратын 114 үйдің ауласын тазалауға, көркейтуге атсалысты.

🌳 Аумақ тазартылып, қоршаулар сырланды, ағаштар санитарлық мақсатта кесіліп, ақталды, өсімдіктер отырғызылды.

🏘 Аудандар бойынша акцияның нәтижесі:
- Алатау ауданы - 15 үй, 96 ерікті
- Түрксіб ауданы - 13 үй, 98 ерікті
- Алмалы ауданы - 49 үй, 290 ерікті
- Жетісу ауданы - 8 үй, 42 ерікті
- Бостандық ауданы - 6 үй, 37 ерікті
- Әуезов ауданы - 10 үй, 150 ерікті
- Наурызбай ауданы - 13 үй, 153 ерікті.

🌿 Акция жалғасып жатыр, тағы 93 үйді қамту жоспарланған. Барлық қатысушыға көмек көрсеткені үшін рахмет айтамыз! #ЖақыныңаЖәрдемБер #Алматы ❤️

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткізіліп жатыр,

🌿 #АлматыНашОбщийДом 🏙
#НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.