Almaty_akimdigi
5.61K subscribers
13.1K photos
1.63K videos
66 files
5.39K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматының Қарғалы өзенінде жаңа жағалау салынып жатыр

🌿«Қарғалы» жобасы аясында ұзындығы 7,7 шақырымдық өзен жағасындағы ыңғайлы демалыс аймағы құрылады. Мұнда барлығы 3 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылып, гүл егіліп, көше жарығы тартылып, орындық пен қоқыс жәшігі орнатылады.

Сондай-ақ, балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүргіншілер жолдары мен велосипед жолдары бар жаңа қоғамдық кеңістік құру жоспарланған. Балаларға арналған құмсалғыш пен су аймағын, ата-аналарға арналған үстел-орындығы бар демалыс аймағын құру көзделген.

Бұл жұмыс биыл қарашада бітеді. Жаңа жағалау қала орталығындағы бірегей табиғи саябаққа айналады!

Естеріңізге сала кетейік, «Біздің қала – біздің тау, өзен мен көлдер» атты «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының үшінші аптасы өтіп жатыр. Бұл аптада жағалаулар мен су айдындары, саябақтар, скверлер мен тау бөктері тазартылады.

🌳 🚲 🌺 #Алматы #Қарғалысаябағы #жағалау #демалыс #экология