🕌 أية قرآن | AYATKORANA
2.37K subscribers
23 photos
316 videos
197 files
Бұл (Құран) адам баласы үшін ашық түсінік, тура жол және тақуалар үшін насихат.Әли Имран:138
Download Telegram
Жылжытыңыз.

Сүре Юсуф [Юсуф пайғамбар] – Аят 86

Яқуб оларға: «Мен шерімді, қайғы-мұңымды бір Аллаға ғана шағамын Һәм Алланың маған үйреткен ілімінің арқасында сендер білмегенді білемін», – деді.

Қари:
Mishary Faleh
Ahmed Khedr
Raad al Kurdi

@ayatkorana
IMG_4365.MP4
30.8 MB
Сүре әл-Бәйинә [Ашық белгі] – Аят 8

Олардың сый-сияпаты Раббыларының дәр-гейінде: (жайқалған бау­-бақшаларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын мәңгілік Адн жаннат бақшалары, олар онда мәңгі­-бақи қалады. Алла оларға разы, олар да Аллаға дән риза. Міне, осынау «разылық» мәртебесі Раббысына тиісінше тағзым етіп, Одан шын именетін ізгі жандарға нәсіп болады.

Қари: Ahmed Khedr.

@ayatkorana
🔹 Жазбану оқу.

Әділетті халифа Омар ибн Хаттабқа яһудидің бірі келіп: «Иә, Омар! Сендер бір аят оқисыңдар. Егер сол аят бізге түскенде, біз оның түскен күнін мереке етіп атар едік», - дейді. Бұл Құрандағы «Мәида» сүресінің үшінші аяты болатын. Аяттың мазмұны мынадай:

«Міне, бүгін сендердің діндеріңді кемеліне жеткіздім және өздеріңе арнаған нығметімді тұтас етіп толықтырдым. Сондай-ақ, Исламның сендерге дін болуына разы болдым». («Мәида» сүресі, 3-аят)

– Арапа күнгі ораза өткен жылғы және келер жылғы күнәлардың өтемі болады.

– Дұғалардың ең жақсысы да – арапа күні жасалған дұға

– Қажылық дегеніміз – Арафат. Кімде-кім Арафатқа үлгерсе, қажылыққа үлгерген болады.

@ayatkorana
Айт мүбәрак.png
2.1 MB
Айт мүбәрак ❤️

Алла сіздерден де, бізден де қабыл етсін!

اللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ لَا إلَهَ إلَّا اللَّهُ. وَاَللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهُ أَكْبَرُ وَلِلَّهِ الْحَمْدُ.

Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллалЛаһу уалЛаһу әкбар. Аллаһу әкбару уә лилЛәһил хамд

"Алла ұлық, Алла ұлық. Алладан басқа тәңір жоқ, Алла ұлық. Алла ұлық. Барлық мақтау Аллаға лайық!"
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре Лұқман [Лұқман] – Аят 22-24

Ал кімде-кім (Алланың өзін көріп бақылап тұрғанын терең сезінген әрі) игілікке жаны құштар жан ретінде бар ықыласымен бір Аллаға бойсұнса, онда оның шүбәсіз, өте берік тұтқаны ұстағаны. Барлық істер ақыр соңында бір Алланың алдына барады, (сөйтіп, Ол құлдарының әр ісіне қатысты ақырғы әрі кесімді үкімді Өзі шығарады).

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
IMG_5181.MP4
23.8 MB
Сүре ән-Нази'ат [Жанды суырушылар] – Аят 40-41

Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса,

шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері – жаннат болмақ!

Қари: Meshari Faleh.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре ар-Ра'д [Күннің күркіреуі] – Аят 11

Қандай да бір қауым өз ішінде (рухани тұрғыдан жұтап) өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді (яғни, жамандыққа душар етпейді). Егер Алла бір қауымның басына қандай да бір жамандықтың келуін қаласа, оның бетін ешкім де қайтара алмайды. Адамдарға Алладан өзге қамқор болатын ешкім жоқ.

Қари: Tareq Muhammad.

@ayatkorana
Сүре Әли 'Имран [Имран жанұясы] – Аят 139

(Уа, мүміндер!) Ұнжырғаларың түсіп, жасы-маңдар, қайғы-мұңға салынбаңдар, егер шын мүмін болсаңдар, шүбәсіз, сендер үстемсіңдер.

Қари: Idrees Abkar.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре әл-'Анкәбут [Өрмекші] – Аят 64

Дүниедегі қу тіршілік құр ойын-күлкі мен уақытша сауық-сайран ғана. Ал ақирет мекені болса, міне, сол нағыз шын өмір. Кәпірлер соны білсе ғой!

Қари: Shareef Mustafa.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре әл-Ахзаб [Біріккен күштер] Аят 59

Уа, ардақты Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүміндердің жұбайлары мен қыздарына: «(Үйлерінен шыққанда және бөтен ер кісілердің алдында жеңіл киімдерінің сыртынан) ұзын әрі кең киім кисін», – деп, айт. Бұл (олардың иманды да, арлы әйел баласы ретінде) танылуы (білінуі) һәм нақақтан-нақақ ар-намыстары тапталып, қорлық көрмеуі үшін қолға алынатын ең лайықты іс. Алла (мүміндерге) өте кешірімді, ерекше мейірімді.

Оқыған: Ahmed Khedr

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре әл-Әнбия [Пайғамбарлар] Аят 35

Жан біткеннің бәрі өлімнің дәмін әйтеуір бір татады. Біз сендерді (бұл дүниеде) жамандықпен де, жақсылықпен де сынаймыз. Соңында барлығың да құзырымызға келтірілесіңдер.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре Қаф [Қаф] Аят 19-21

Өлім аузындағы жаналқымға тығылған сәт, шынымен келіп, жеткенде (адамға): «Міне, сен өмір бойы қашып құтылуға тырысқан ақиқат – осы!» – делінеді.

Және Сур үрленеді. Міне, бұл – (кәпірлерге) уәде етілген азапты күн!

Әрбір жан қасындағы бірі айдауыл, бірі айғақ (екі періштемен ғарасат майданына) келеді.

Қари: Tareq Muhammad.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре Ат-Таләқ [Ажырасу] Аят 7

Алла әр қиындықтың артынан бір жеңілдік нәсіп етеді.

Қари: Ahmed Al Nufays.

@ayatkorana
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сүре Юнус [Жүніс пайғамбар] Аят 44

Шүбәсіз, Алла адамдарға зәредей қиянат жасамайды. Алайда адамдар (Аллаға қарсы келіп, асылық қылу арқылы) өз-өздеріне қиянат жасайды.

Қари: Muhammad Raad al Kurdi.

@ayatkorana