Дастан Құрманбаев
21K subscribers
33 photos
8 videos
3 files
4 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Сен айналаңа, тіпті Әлемге өз көзіңмен қарап, өз ойыңмен баға беретініңді ұмытпа! Бәлкім бәрін кір қылып көрсетіп тұрған — сол өзіңнің көзің, лайлатып жатқан да — сол өзіңнің ойың шығар?!
Егер пенде ауырып қалса немесе сапарға шығып кетсе, сау кезінде, тұрғылықты жерінде істеп жүрген ізгі істерінің сауабы жазыла береді.

📚 Хадис. Бұхари

Жайбарақат уақытта Құран оқып, мешітке барып жамағатпен бірге намаз оқып, жақындарыңа көмектесіп т.с.с. ізгі істерді көбірек істей бер. Ауырып қалсаң да, сапарда жүрсең де сол істердің сауабын ала бересің.

Амандықта, саулықта болайық 🤲🏻
Хадисте “Ең жақсы ғибадат — дұға” дейді. Біз көбіне оның қабыл болуын ғана ойлаймыз. Соған қарай құлшынысымыз артып, кеміп отырады. Бірақ оның өз алдына бір ғибадат екенін ұмытып кетеміз!
Біз жақсы өмірге сабырмен жеттік!

Омар ибн әл-Хаттаб (Алла разы болсын)

📚 Имам Ахмад. Зуһд
Сенің шынайы болмысың мен басқаларға көрінуге тырысып жүрген болмысыңның арасы алшақтаған сайын, сол аралық қайғы-мұңға тола береді.

©️Ясир Хузейми
Пайғамбарымыз ﷺ айтады: “Маған адамдардың жүрегіне үңілуді тапсырған жоқ”.

📚 Сахих Бұхари

Ешкімнің ниетін білгің келіп, жүрегін қазбалама. Ісіне қарап баға бер. Ниетін бір Құдайдың өзі біледі.
Байыптылық, барлық нәрседе орта жолды ұстану және үлгілі өмір сүру — пайғамбарлықтың жиырма төрттен бірі.

📚 Хадис. Әбу Дәуіт

Барлық нәрседе орта жолды ұстану дегеніміз — мысалы, мінездің ортасын ұстану: сараңдық пен ысрапшылдықтың ортасын алып жомарт болу, құлшылықтың ортасын ұстану: мысалы, жыл он екі ай ораза ұстау, түнде мүлде ұйықтамай құлшылық қылу мен мүлде намаз да оқымай, ораза да ұстамай жүрудің ортасын алып, түннің бір уағында намаз оқыса, бір уағында ұйықтау, белгілі бір күндерде нәпіл ораза ұстау т.с.с.

Осы аталған қасиеттер бойыңыздан табылса, бойыңызда пайғамбарлардың кейбір қасиеттері бар деген сөз!
Кімде-кім аманатқа берік болса, мұсылмандардың ар-намысына тимесе, міне сол — нағыз ер!

Әзірет Омар (Алла разы болсын)

📚 Бәһжат әл-Мажалис
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы:

“Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс жасау керек”, —

деп айтқан.
Бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңе көреалмаушылық жасамаңдар, бір-біріңнен теріс айналмаңдар! Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар! Мұсылманның өз бауырына үш күннен артық ренжуіне рұқсат жоқ!

📚 Хадис. Бұхари

Бәріміз де Алланың құлы екенімізді, бір-бірімізге бауыр екенімізді естен шығармайықшы…
Төле би бабамыз:

“Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі –талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық”, –

деген екен.

#жұма_уағызынан
Егер біреу өзгеге қандай да бір зиян тигізсе, мысалы: оның абыройына тисе, бірден сол күні одан кешірім сұрасын! Мал-мүлік болмайтын (Қиямет) күнге қалдырмасын. Себебі ол күні, өзгеге тигізген зияндарының өтемі ретінде жасаған ізгі амалдарының сауаптарын береді, егер ол таусылса, зардап шеккеннің күнәларын арқалайды.

📚 Хадис. Бұхари
Яхия ибн Мағин айтады:

“Біз имам Ахмадпен 50 жыл жолдас болдық. Ол ешқашан өзінің бойындағы жақсылықпен мақтанған емес”.

Міне, кішіпейілдік деген осындай болады! Әйтпесе екеуі де хадис ғұламасы еді ғой! Алла Тағаланың мейіріміне бөленсін 🤲🏻
Сені тәкаппар қылатын байлық — байлық емес, кедейлік!

Сені менмен қылатын білім — білім емес, надандық!

Сені өктемшіл қылатын үстемдік — үстемдік емес, қорлық!

Сені әділетсіз қылатын күштілік — күштілік емес, әлсіздік!

رسائل من القرآن 📚
Istihara x Dastan Kurmanbayev.pdf
528.7 KB
Истихара намазы жайлы сұрағандарға.

https://t.me/dastan_kurmanbayev
Айша анамыз айтады (Алла разы болсын):

“Алла елшісі ﷺ ауырғанда “фәләқ”, “нәс” сүрелерін оқып өз-өзіне дем салатын еді”.

📚 Сахих Муслим
Имам Науауи айтады (Алла рахымына алсын):

“Адамға “ақсақ”, “қитар” деген сияқты лақап аттар таңуды ғалымдардың барлығы бірауыздан харам деген”.

📚 Әзкар
Ашу келгенде үндемеңдер!

📚 Хадис. Әл-Жәмиғус Сағир
Сабыр — жақсылық қазыналарының бірі. Алла Тағала оны ардақты құлдарына ғана береді.

Хасан әл-Басри (Алла рахымына алсын)

📚 Ибн Әбуд-Дуния
Алла Тағала түнгі намазда ұзақ тұрған адамның қиямет күнгі тұруын жеңілдетеді.

Имам әл-Аузағи (Алла рахымына алсын)

📚 Захаби. Сияр