Дастан Құрманбаев
20.9K subscribers
30 photos
8 videos
3 files
3 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Ең жаман қасиеттерін айтып, жақсы қасиеттерін жасырып қалуың — бауырыңа жасаған зұлымдығың!

Табиғин ғұлама Ибн Сирин (Алла рахымына алсын)

📚 Уакиғ. Китабуз Зуһд.
Қарызын қайтаруға қиналып тұрған адамға тағы да уақыт берген немесе кешіріп жіберген адамды Алла Тағала қиямет күні Аршысының саясына алады. Ол кезде Оның панасынан басқа ешбір пана болмайды!

📚 Хадис. Сахих Муслим
Forwarded from Ержан Бақытжанов (Ержан Бахитжанов)
Оқу, кейін оған амал ету. Білімнен өзге сені ақырет пен дүниеде жеңіске жеткізетін нәрсе жоқ.
Пайғамбарымыз ﷺ айтады:

“Бойыңнан мына төрт қасиет табылса, дүниеде ештеңе жоғалтқан жоқсың: өтірік айтпау, аманатқа беріктік, көркем мінез және асыңның адалдығы!”

📚 Әл-Жәмиғус Сағир

Дүние (атақ-абырой, мансап, байлық) жинама, құндылық (жақсы қасиеттер) жина!
Бұл жердегі “астың адалығы” дегеніміз — тапқан табысының адал, ішкен асының халал болуына қатты мән беру. Ғибадат жасау үшін деннің саулығы керек болса, оның қабыл болуы үшін астың адалдығы қажет. Сол үшін болса керек, атам қазақ бата бергенде “астың адалдығын, бастың амандығын берсін” деп тілейді.
Баяғы салихалылар:

“Түнгі намаздары көбейгеннің — күндіз жүзі нұрлы болады”,

— деп айтады екен.

📚 Ибн Касирдің тәпсірі

*
Бұл жердегі “түнгі намаз” — таһажуд намазы.
Пайғамбарымыз ﷺ айтады:

“Сендердің іштеріңдегі менің ең қатты жақсы көретінім де, қиямет күні маған ең жақын болатындарың да — мінезі ең көркемдерің!”

📚
Тирмизи

“Мен пайғамбарымды ﷺ
жақсы көремін” деп бәріміз айтамыз. Бірақ пайғамбарымыз ﷺ бізді жақсы көре ме? Ол бізді мінезіміздің көркемдігіне қарай жақсы көреді. “Ең қатты жақсы көретінім — мінезі ең көркемдерің” дейді. Мінезіміз жақсарған сайын жақсы көре түседі екен! Ендеше мінезімізді жөндейік, сөзімізді ісімізбен көрсетейік ✊🏻
Бізден “Осы өмірде өтірік айтуға болатын жерлер бар ма?” деп сұрап жатады ғой…

Шынымен Алла Тағаланың өзі өтірік айтуға рұқсат берген жерлер бар. Соның бірі — бір-бірімен араздасып жүрген екі бауырды жарастыру үшін өтірік айту. Мысалы, Арман мен Мақсат бір-бірін көрместей болып отыр. Бірақ Арманға барасың да “Мақсат өзімдікі де дұрыс болмады деп жатыр. Кешірім сұрап келгісі-ақ келеді, бірақ ұялып отыр” деген сияқты сөздерді айтасың. Мақсатқа да Арман жайлы солай дейсің. Қып-қызыл өтірік. Бірақ осыдан кейін екеуін бір жерде “кездейсоқ” жолықтырып жіберіп, содан жарасып кететін болса, өтірік емес, ең сауапты сөздер болмақ!

Міне, Алла Тағала екі бауырдың жарастығы үшін Өзі жек көретін өтіріктің өзін жақсы көруге дайын. Ал біз болсақ, өкпе-ренішті қойып, бір-бірімізді кешіруге дайын емеспіз…
Аллаға, ақирет күніне иман келтірген адам жақсы сөз айтсын, болмаса үндемесін!

📚 Хадис

Мұсылман болсаң, тек қана жақсы сөз айтуға міндеттісің! Ал айтатын жақсы сөзің болмаса, үндемеуге қақың бар!
Күнә — мінезді бұзады, ғибадатты бүлдіреді және ризық-несібені азайтады.

#дейді_ғалымдар
Пайғамбарымыз (ﷺ):

“Сендер мен өлгеннен кейін өзімшілдікке куә боласыңдар. Менімен хауызда жолыққанша сабыр етіңдер”, — деп айтып кеткен екен ғой!

📚 Сахих Муслим

Бұл сөзді Пайғамбарымыз ﷺ пейілі кең, көңілі дархан сахабаларға айтып жатыр.

Бара-бара адамдар бұзылады. Өзін ғана ойлайтын эгоистердің қатары көбейеді. Сондайларды көрсеңдер менің кәусар-бұлақ хауызымның айналасында жиналатын күн келгенше сабыр етіңдер деп ескертіп, бір жағы жұбатып жатыр.

Шынымен қазіргі қоғамның дерті сол “қара басының ғана қамын ойлау” болып отыр. Өзінің ғана күйін күйттеп, өзінің ғана жоғын жоқтайтын адамдар бір-біріне жанашыр, қамқор жандарға айналмайынша жағдай жөнделмейді…
Соңғы кездері көп байқап жүрген нәрсем:

Баласы ауру болып қалса немесе солай туса, қарызға батса т.б. отбасылық қиындықтарға тап бола қалса, отбасын тастап басы ауған жаққа кетін қалатын, дұрысы қашып кететін еркектер көбейіп бара жатыр…

Қыруар қаржы жұмсау керек болса да, ұлттық идеологияны қолға алмаса болмайды! Өмір қиындықтарына бірге төзіп, қатар қарсы тұрып, соны бірігіп шешетін мықты отбасылардың өмірін насихаттайтын көркем фильмдер түсіріп, көркем шығармалар жаздырып, дінмен де уағыздап, салт-дәстүрмен де жеткізіп жан-жақты үгіт-насихат жүргізбесе жаңағыдай еркек емес, ездер көбейгеннің үстіне көбейе береді…

Айтпақшы, Бағлан Әбдірайымовтың “Зеро. Қарыз” фильміне баратындардың саны мәні жоқ, мағынасы жоқ комедияларға баратындардың санынан әлде қайда аз екен. Өкінішті. Әйтпесе отбасы қасиетін насихаттайтын тым жақсы-ақ фильм!
Ризықтың бір кілті — үйлену!

#дейді_ғалымдар
Алла Тағаланың “Әс-Саттар” деген есімі бар. Мағынасы: Жасырушы. (Ең көркем 99 есіміне енбесе де, сондағы “Әл-Ғаффар” есімінен шығады)

Біздің өзімізден басқа ешкім білмейтін қаншама күнә-қателіктеріміз бар. Соның барлығы дерлігін Алла Тағала басқалардың көзі мен хабарынан жасырып қойған.

Суфиян ибн Ғуяйна деген (табаға табиғин) ғұлама айтады:

“Егер Алла Тағала біздің күнә-қателіктеріміздің көбісін басқалардан жасырып қоймағанда, бізге ешкім де жоламайтын еді”.

📚 Шуғаб әл-Иман
Олар (әйелдерің) сендерге киім, сендер оларға киімсіңдер… 2:187

Міне, ерлі-зайыптыларды Құранда дәл осылай суреттейді. Киім! Неге “киім” деп атады? Өйткені, киім — адамның әуретін жабады, айып-нұқсандарын жасырады және ажарын ашады!

Әуретін жабуы — мысалы, екеуіне ғана тиісті әңгімелердің өздерінің арасында қалуы!

Айып-нұқсандарын жасыруы — мысалы, бір-бірінің кемшіліктерін жасыруы, бірін-бірі толықтыруы!

Ажарын ашуы — мысалы, бір-бірінен естіген жақсы сөздерінің, көрген жылы қарым-қатынастарының арқасында бейне бір жаңа киім киген адамдай жарқырап жүруі!

📌 Кемшіліксіз ер де, әйел де болмайды. Бір-біріне “киім” бола алмайтын ерлер мен әйелдер болады!

#отбасы_тағылымы
Имам Науауи айтады (Алла рахымына алсын):

“Тіпті бір күнәні жүз, не одан да көп рет қайталаса да, бірақ әр істегеннен кейін тәубе етіп отырса, тәубесі қабыл болады да, күнәсі кешіріледі”.

📚 Шарх сахих Муслим
Жүрегің жұмсарсын десең, міскіннің қарнын тойдыр, жетімнің басынан сипа!

📚 Хадис. Муснад
Сахабалардың ғұламасы Абдулла ибн Масғуд айтады (Алла разы болсын):

“Қиямет күні Алла Тағала адам баласының ойына да кіріп шықпаған көлемде өте көп кешірім жасайды…” 😭

📚 Ибн Мубарак. Зуһд
Үлгермейміз түсініп те, байқап та
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін.

Қадыр Мырза Әлі