🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
664 subscribers
366 photos
58 videos
6 files
119 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
Құрметті достар!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілер мен басқа да тұлғаларға арналған «Ресми-іскерлік қазақ тілі» атты кешкі курсқа шақырады. Курс интенсивті түрде жүргізіледі.

📌Курс барысында:
Тіл логикасын сезініп, тілді жүйе ретінде қабылдауыңызды, қадамнан қадамға жаңа білім, білік, дағдыларға ие болуыңызды қамтамасыз етеміз. Біздің оқыту Сіздің жетілмеген тілдік біліміңізді бір құрылымға біріктіретін базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді;

Монологты сөйлеу және сұхбатқа түсу дағдыларыңызды шыңдайсыздар;

Көпшілік алдында сөз сөйлеу және шешен сөйлеуге қажетті техникаларды игересіздер;

Кез келген тақырыпқа жазбаша мәтін құрастыруды үйренесіздер;

☎️Семинар қорытындысы бойынша арнайы сертификаттың иегері боласыз.
📞 8 (7172) 75 -32-70, +7 (747) 256 23 67
⚜️Қымбатты арулар!

💐8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі.

💐8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі сарқылмайтын шабыт сыйласын.

💐Мейрамдарыңызбен!
#8наурыз #мейрам #мемлкеттік_басқару_академиясы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💐Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесінде Академия басшылығы әріптес нәзік жандыларын әдемі тілектерімен құттықтайды!
Әр күндеріңіз махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын.
💐8 наурыз мерекесі құтты болсын!
#8наурыз #мейрам #мемлкеттік_басқару_академиясы
🌙Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Алланың әміріне бойұсынып, мұсылманның бес парызының бірі - ораза тұтып, ниет еткен барша жұртқа ораза қабыл болсын айтамыз!

🤲🏻 Алла құлшылықтарыңызды, ниеттеріңіз бен тілектеріңізді қабыл етсін! Әр күнгі оразада халқымыздың амандығын, мемлекетіміздің бүтіндігін, ел мен жердің бақуатты болуын тілейік.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Баршаңызды ең ұлы мейрам, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін - әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
🌷Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Ұлыс бақты, Төрт түлік ақты болғай!
🇰🇿Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.
🤝Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
#наурыз_мейрамы #наурыз_құтты_болсын #мемлекеттік_басқару_академиясына_30_жыл
Forwarded from QYZMET NEWS
🔹Елге қызмет | Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бірлік ауылдық округінің мемлекеттік қызметшісі Андрей Синельников туралы сюжет.
🔹Жергілікті халықтың қажеттілігі мен сұранысына бей-жай қарамау, мемлекеттік тілге деген құрмет, жұмыстан бос уақытта ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысу оның басты ұстанымдары.

https://www.youtube.com/watch?v=eZxqZLutZyw
ҚҰРМЕТТІ ҮМІТКЕРЛЕР!

📣Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларына құжаттарды қабылдаудың басталатындығын хабарлайды.

📌Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылғы 1 сәуірден 26 маусымға дейін жалғасады.

☎️Бағдарлама жайлы, қабылдау шарттары және құжаттар туралы қосымша ақпаратты www.apa.kz Академия сайтынан немесе төменде көрсетілген контактілер арқылы біле аласыз : +7 7172 75 33 95, +7 7172 75 31 62, +7 7172 75 34 43.

🤝Сізге сәтті оқуға түсу мен пайдалы білім жолын тілейміз!
УВАЖАЕМЫЕ ПРЕТЕНДЕНТЫ!

📣Мы рады объявить о начале приема документов на образовательные программы магистратуры и докторантуры в Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан.

📌Срок подачи документов: с 1 апреля по 26 июня 2024 года.

☎️Дополнительную информацию о программе, условиях поступления и документах можно получить на сайте Академии www.apa.kz или обратившись по указанным контактам: +7 7172 75 33 95, +7 7172 75 31 62, +7 7172 75 34 43.

🤝Желаем вам успешного поступления и интересного образовательного пути!
Forwarded from QYZMET NEWS
🔹На службе у народа | Государственный служащий, эковолонтер - Ғазиз Аманжолұлы

https://www.youtube.com/watch?v=P4NvXG9Wras
⚜️Академияға МАГИСТРАТУРА және ДОКТОРАНТУРА бағдарламаларына оқуға тапсырушы үміткерлер қазақ тілін В1 деңгейінде меңгергенін білдіретін сертификат тапсыруы қажет.
📣Деңгейін В1-ге көтергісі келетін талапкерлерге арналған «QAZAQ RESMI TEST-ке дайындық» курстарының ұйымдастырылатынын хабарлайды.

2 кезеңнен тұратын курстың ұзақтығы 36 академиялық сағат.

1️⃣ кезең 24 сәуір – 23 мамыр аралығы
2️⃣ кезең 22 мамыр – 14 маусым аралығында өтеді.
🔹 Практикалық сабақтар аптасына 5 рет Zoom/Microsoft Teams платформаларында (ақылы) жүргізіледі.

📥Үміткерлер қажетті ақпаратты https://www.qrt.kz/ru сайтынан ала алады.
☎️ Анықтама телефондары: 8 (7172) 75-32-70, 8 (7172) 75-31-50
📢Құрметті достар, әріптестер!

🎉 «Lifelong Learning | APA KZ» жаңа Telegram-арнасының ашылғанын хабарлаймыз! 🚀

📖 Арна төрт негізгі блоктан тұрады: #кітаптар, #мақалалар, #құзыреттілік_видеолары және #өзін_өзі_күту (денсаулықты күту, жаттығу жасайтын бейнероликтер, дұрыс тамақтану рецептері және т.б.). Арнада кәсіби дағдыларыңызды дамытатын және жұмыс тиімділігіңізді арттыратын қызықты әрі пайдалы ақпараттар жарияналады.

🎯 ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Telegram-арнаны ашудағы мақсаты – кәсіби және жеке даму туралы материалдарды ұсына отырып, мемлекеттік қызметшілер үшін тиімді және сапалы білім ұсыну.

📌 Арнамызға E-kyzmet платформасында «Үздіксіз оқыту» бөлімінде көрсетілген QR-код арқылы тіркеле аласыздар.

🖇 Соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін Lifelong Learning | APA KZ Telegram-арнасына жазылыңыз!

💌P.S. Telegram-арна ҚР Мемлекеттік басқаруды дамыту концепциясы «Мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу» жобасы аясында ашылды.
Құрметті үміткерлер!

Қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді‼️

📚«Халықаралық қатынастар» және «Мемлекеттік басқару» магистратура білім беру бағдарламаларына түсу үшін ағылшын тілі деңгейін растайтын төмендегідей сертификаттардың бірін ұсыну қажет:

💠IELTS – кемінде 4.0 балл;
💠TOEFL IBT – кемінде 32 немесе TOEFL ITP (1-деңгей) – кемінде 343 балл;
💠TOEIC – кемінде 405 балл;
💠Duolingo English Test – кемінде 65 ұпай.

📘Академиялық талаптарға сәйкес, серіктес жоғары оқу орындарында шетелдік тағылымдамадан өту және қос диплом бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі қарастырылған.
Құрметті үміткерлер!

Сіздерді 2024 жылдың 20 сәуірінде өтетін Ашық есік күніне қатысуға шақырамыз!

📚Академия оқу бағдарламаларымен, білім алушыларға ұсынатын артықшылықтарымен, шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндіктері жайлы ақпаратпен таныса аласыздар. Академия атмосферасын сезініп, ректормен, Институттар директорларымен кездесіп, барлық сұрақтарыңызға жауап алуларыңызға болады.

🔗Ашық есік күніне қатысу үшін apa.kz сайтындағы «Оқуға түсу» батырмасын басып, онлайн форматта тіркелуіңізді сұраймыз. Тіркеу 2024 жылдың 19 сәуір сағат 15.00-ге дейін ашық, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

ӨЗГЕРМЕЛІ ӘЛЕМДЕ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕТЕМІЗ!

📍Өтетін орны: Астана қ., Абай даңғылы, 33а (Абай даңғылындағы кіреберіс)
🔹1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

🔸Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!