🇰🇿 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
664 subscribers
366 photos
58 videos
6 files
119 links
🇰🇿 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

🇰🇿 Академия государственного управления при Президенте Республики Казахстан
Download Telegram
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

Құрметті Академияға түсуге үміткерлер!

🔹Оқуға қабылдау талаптары қандай? Оқудың қандай артықшылықтары бар? Білім беру бағдарламаларының мазмұнына не кіреді? Құжаттарды тапсыру алгоритмі қандай?
Осы және бұдан да басқа сұрақтарыңыз болса, 15 сәуір күні Академияда өткізілетін Ашық есік күніне келіп, жауаптарыңызды алыңыздар.

🔹Бұл күні ақпараттық сессиялар, ғимаратқа экскурсия және Сіздер үшін арнайы «Көпшілік алдында сөйлеу. Өзін-өзі таныстыру» шеберлік сыныбы өткізіледі.

🔹apa.kz сайтында «Оқуға түсу» бөлімінде міндетті түрде алдын ала тіркеуден өтіңіз https://www.apa.kz/ashyq-esik-kuni-2/ (ссылка парақшаның БИОсында )
Басқа елді мекендерде тұратындар үшін Академияның YouTube каналынан онлайн-трансляция жүргізіледі

⌛️15 СӘУІР, 10:30
📍АКАДЕМИЯ ҒИМАРАТЫНДА,Абай даңғ. 33а

☎️Байланыс телефондары:
+7 7172 75 33 95
+7 7172 75 34 43
+7 778 075 33 95
+7 775 075 34 43
📩admission@apa.kz
1️⃣2️⃣ сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні құтты болсын!

🔸Құрметті әріптестер, ғылыми қызметкерлер, магистранттар және докторанттар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Еліміздің ғылым саласының дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз. Ғылыми жаңалықтарыңыз, алар асуларыңыз көп болcын!

🔸Бүгінгі таңда Академияда және филиалдарда 16 ғылым докторы, 31 PhD, 41 ғылым кандидаты еңбек етіп жатыр.

🔸Қазір Академия ғалымдары гранттық қаржыландыру аясында 3 жоба және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында 1 жобаны іске асырып жатыр.

🔸Айта кету керек, Академия ғылыммен айналысатын қызметкерлерін қолдап, «Болашақ» халықаралық бағдарламасымен 2022 жылы 11 маманды шет мемлекеттерге тағылымдамаға жіберді. Оның 9-ы АҚШ-та, біреуі Ұлыбританияда және тағы 1 қызметкер Польшада тағылымдамадан өтті. Бүгінде олардың 8-і елге оралып, алған білімдері мен тәжірибесін іс жүзінде қолданып жатыр. 3 қызметкер АҚШ-тағы тағылымдамасын жалғастырып жатыр.
🔹Қасиетті Рамазан айында Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы қайырымды іс жасап, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетті. Бүгін Академия делегациясы «Береке Астана» мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігіне балалардың еміне қажетті спорттық велотренажер сыйлады.

🔹«Береке Астана» мүгедектер бірлестігі» 2018 жылы Астана қаласында әлеуметтік халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету мақсатында құрылды. Орталық церебральды сал ауруымен, даун синдромымен ауыратын және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмектеседі. Қазір орталықта мүмкіндігі шектеулі 250 балаға тегін қызмет көрсетіледі.

🔹Балаларға Академия ұжымының атынан зор денсаулық, бақыт тілейміз. Аңсаған армандары орындалуына тілектеспіз. Ерекше балаларға қамқорлық көрсетіп, білім беріп отырған жандарға алғыс айтамыз!
Басқару институтының оқытушы құрамымен таныс болыңыздар🤩
Ораза айт құтты болсын!