📚Электронды кітаптар
33.8K subscribers
604 photos
88 videos
428 files
513 links
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
😄 Қос тіл...

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлт аралық қатынас тілі мәртебесін алған соң, біреу базарда тоты құс сатып тұрса керек. Тоты құсқа қызыққан біреу оң қанатын ұстаса: “Сәлеметсіз бе?" депті. Сол қанатын тартса “Здравствуйте” депті. Бұған таң қалған алушы тоты құстың құйрығын сипаған екен: “Құлатасың
ептвәю мать...” деп екі тілде қатар сөйлеп жіберіпті.

© ️Ақселеу Сейдімбектің "Бейпіл сөздер" кітабынан үзінді

Кітаптың толық нұсқасы арнамызда бар👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Білім бе, намаз ба? Мектеп оқушысына қайсысы маңызды?

Қазақ қоғамы үшін жауап берейін. Білім маңызды. Оқушы үшін оқу ісі маңызды. Сосын Америка, Еуропа елдерімен салыстырмаңыздар. Ол жақтағы балаға деген ата-ананың, мұғалімнің, керек болса биліктің де көзқарасы тым бөлек. Замана ешкімді аямайды. Бәсекеге қабілетті бола алмаған бала ертең қатарынан қалады. Ешкімге керек емессің. Сосын не оқу жоқ, не өнер жоқ, жұмыссыздардың қатарына кіреді. Әке-шешесіне салмақ салады. Әлімжеттік жасайды. Ұрлыққа барады…

Құлшылық та керек. Сөзсіз керек. Бірақ мектеп жасындағы балаға емес. Қайталап айтамын, қазақ қоғамы үшін жауап бердім. Осы сөзім үшін мені айыптаудың керегі жоқ👍

©️ Азамат Битан

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Кеше күні бойы қара маска тағып, қайырымдылық жасап жүрген жігіттің видеоларын көрдім...

Әсіресе, автомойкада тұрып жатқан әйелге жүрегім ауырғаны-ай... Көзі көрмесе де, нәпақасын тауып, балаларын асырап отыр.

"Көлік жуғым келмейді" деп жылаған кезде... Қосыла жыладым ғой...

Ол жігіттің кім екені маңызды емес, риза болғаным – нағыз қамқорлыққа зәру жандарды тауып алатыны.

Әлемді мейірім ғана сақтайды. Әйтпесе, біз тым қатыгезденіп барамыз.

Автордың пікірімен келісесіз бе? 👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥺Мен қазіргі балалардың қатыгездігінен қорқайын дедім...

Үйдің ауласында бір ит жүретін, ешкімге зияны жоқ. Өткенде бір қарағанымда буаз екен. Тағы бірде соңынан төрт бірдей сүйкімді күшігі еріп жүргенін көрдім.

Содан кеше екі кештің ортасында көршім келді жүгіріп (өзі сондай мейірімді келіншек) түрі өрт сөндіргендей түтігіп кеткен:

- Қалай көздері қиды, қалай ғана қолдары барды?! - деп бір отырып, бір тұрды.

- Не болды, Айка, түсіндіріп айтсаңшы, жайшылық па? - дедім шошынып.
/алдында екі баласын өлтірген келіншекті айтайын деді ма деп ойладым/

Сөйтіп едім, онсызда көңілшек адам жылап жіберді:

- Төрт күшікті балалар жабылып ..лтіріп тастапты. Жай ..лтіріп қоя салса мейлі ғой, біреуін бөлшектеп тастаған, біреуінің мойнын бұрап ..лтірген, тіпті айтуға аузың бармайды.

Ең аяныштысы, енесі төрт күшігін мойнынан тістеп, аулаға алып шығып "тұр, тұрсай" дегендей қайта-қайта жұлқылайды. Қыңсып ұлып жатыр байғұс деді...

Көршім кеткеннен кейін біразға дейін өз-өзіме келе алмай сұлқ отырдым да қойдым. Көз алдыма анасынан жаңа туған төрт күшік, жан-жағынан қаумалап алған балалар келді.

Мәссаған, біз кім боп барамыз? Қандай заманда өмір сүріп жатырмыз?..

Автор: Мәриям Әбсаттар

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯 Екі Русь бар. Біріншісі – әлемдік және кем дегенде еуропалық мәдениеттен тамырын тартқан киевтік Русь.

Олар мәдениетті орыстардың және бүкіл батыс әлемінің түсінігіндегі мейрімділік, ар-ождан, бостандық пен әділеттілік идеясын дәріптеп келеді.

Екіншісі – жабайылықтан, тағылықтан арыла алмаған – мәскеулік Русь. Олар қанды деспотия мен озбырлықты өздерінің ұлттық идеясына айналдырып алды.

©️ Алексей Толстой

Алдағы күндері әйгілі орыс қаламгерінің шығармасы арнамызда жарық көреді👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Кейде осы мен нағыз мұсылмандар - Еуропа халқы ма деп ойланып қаламын...

🔺Жемқорлық жоқ.
🔺 Пара бермейді, пара алмайды.
🔺 Бәрі заң аясында шешіледі.
🔺Кісі ақысын жемейді.
🔺Жымиып, жылы амандасады (көркем мінезді)
🔺Қай жерде жүрсе де тазалық сақтайды (түкірмейді, туалетте артын тазалап кетеді)
🔺Бір-біріне ауыр сөз айтпайды.
🔺 Бір-бірін ғайбаттамайды.
🔺 Жолда автокөлікте бір-бірін боқтап, алдын кеспейді.
🔺 Оқу-білімге ұмтылады.
🔺Діни фанатизм жоқ.
🔺 Жолдары теп-тегіс.
🔺 Медицинасы дамып жатыр.
🔺 Технологияда жаңалық ашып жатыр.

Ең бастысы, көзбояушылық, жасандылық жоқ.

Бізде бәрі керісінше. Бірақ, мұсылманбыз деп кеуде қағамыз.

©️ Данияр Есен

Автордың пікірі орынды ма? 👍

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазаққа жаудың керегі жоқ! Өз ішімізден шығады...

Бауырымызды пікіріне алып-қосарыңыз бар ма?👍

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Португалия & Қазақстан екеуі екі бөлек әлем. Бір біріне қарама қарсы әлем...

Біз понт (мақтан) үшін бүкіл бәрін құрбан қылып жіберсек, оларға понтты түсіндіре алмайсың. Оларда ақысыз мектеп престиж болса, бізде керісінше ақылы мектеп престиж.

Бізде барлығы және барлығы понт негізінде құрылған. Өміріміздің бәрі понт. Телефон, көлік, үй, киім алсақ понт көрсету үшін. Ал португалдар ол заттан ләззат алу үшін.

Бұны не үшін жазып отырмын? Әр елдің, халықтың жақсы жағын үйренейік. Барлығын понт/мақтан үшін емес, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу үшін өмір сүрсек.

Бұрындары ойлаушы едім: ақшасыз қалай өмірден ләззат алып өмір сүруге болады деп. Оказывается, болады екен. Португалдардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы мәз болмаса да өмірлеріне мәз. Ақшасыз да рақаттанып өмір сүріп жатқан халықты көріп таң тамаша қаласыз.

Барлық проблемаға осы мақтан мен сол үшін жарыс себеп болып тұр.

Енді бұл мақтандарға, ақылды болып көріну мақтаны қосылды.

Барлығы судың маманы, өрттің маманы, экономист, спорт маманы, IT маманы, тб. Бір адамның бойында әлемдегі бүкіл ақыл, білім бар

Бірақ неге екенін білмеймін, сол елді жаймендеп еріп, жаймендеп жиналған су басып (төтеннен келген су емес), өрт шалып, бидайдың үстінде отырып наны қымбат, мұнайдың үстінде отырып бензині қымбат, асып тасыған байлықтың үстінде отырып кедей...

Себебі бұның бәріне мақтангершілікке салыну, жарысу кінәлі.

Осыны тоқтатайық, ағайын. Қарапайым өмір сүріп, жарыспай ақ, өмірден ләззат алып қарапайым өмір сүрейік👍

©️ Фазылбек Әбсаттарұлы

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from DALA INSIDE
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан абьюзерліктің шегіне жетті

Ары қарай құз. Соңғы барьер ретінде заң қабылдап отырмыз. Аюды таяқпен үйрету дегенді білдіреді.

Осының барлығы әйел анандай болу керек, мынау мынандай болсын дегеннен шықты. Көбіне ұнамайтын ащы шындық бар - расында ешкім ешкімге ештеңе қарыз емес. Ешкім ешкімнің нотациясын тыңдап, соған бола өзін кінәлі сезінуге міндетті емес. Бұл шындық әйелінің мойнына отырып алған абьюзер еркекке, еркектің балағына жабысып жатып алған абьюзер әйелге ұнамайды.

Кезінде әнтек жымиып "мен енді ешкімге ештеңе қарыз емеспін" деп салқынқанды айтқан фразам айналамда паника тудырған еді. Сен ешкімге ештеңе қарыз емессін. Сен ештеңеге ештеңе үшін кінәлі емессін. Осыны түсінген адамның отбасында басында бунт болса да, артынан кейін өзара жаймашуақ гармония орнайды деп сенемін.

Студент кезінде ағам үйленіп, үйге жеңге түсірді. Ауылдан марқұм апамдар келді. Мен әдетімше кешке қарай ішкі киімім мен шұлығымды жуып алайын деп ваннада шаруамды бітіріп отырсам, апам көріп, "ойбай жас келін, бала киімін жуып отыр деген не масқара" деп зарлағаны әлі есте. Еңгезердей азамат өз шұлығын өзі жуа алмаса, үлкендердің ойынша жумауы тиіс болса, бұл не деген дебилойдтар қоғамы деген ой сол кезде келген.

Болашақ абьюзерлер, қолынан дым келмейтін дебилойдтар осылай тәрбиеленгені анық. Бәрін басқа біреу істеп беру керек, бәрі саған қарыз, сен бәріне ренжіп, тіпті төмпештеп жүру керексің.

Пофигизм туралы көп оқығандықтан, дені сау пофигизмнің қоғам дертін емдей алар күшін байқадым. Сара Найт, Марк Мэнсон сынды авторларды іздеп көрсеңіз, көп мәселені шеше аласыз.

"Әбіржіп кеткен, ренжіп жүрген әйел + үстел толған тамақ, таза үй" VS "Өзіне ұнайтын бизнесті дамытып жүрген, өз ортасы бар әйел + үйде не керек болса (тамақ, тазалық, үтіктелген киім) өзің жасап ал" системасында мен екінші нұсқаны таңдадым.

®Айбар Олжаевтың фейсбук жазбасынан

https://www.facebook.com/share/p/DcUHMMYjnCRXjbsE/?mibextid=oFDknk
Forwarded from DALA INSIDE
💰 Dala Finance жобасы іске қосылды

Қазақстан экономикасы, мұнайгаз, тау-кен, қаржы саласы бойынша шолуларға маманданған Dala Finance телеграм арнасы ашылды.

"Ол біздің DALA экосистемасының құрамына кіреді. DALA INSIDE бағыты барлық экономикадағы құбылыстарды қамти алмайтын болғандықтан, іскерлік бағытты бөлек дамытуға шешім қабылдадық. Әрі жарнама беруші серіктестердің тілегі осындай болды", - деді, экожүйе бас редакторы Думан Бықай.

Қазақтілді жаңа арнаға жазылыңыздар. Алғашқы мың жазылушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылмақ.

👇
Forwarded from Dala Finance
BEREKE BANK ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ("БӘЙТЕРЕККЕ") БЕРЕКЕ ӘКЕЛМЕДІ

Енді оның қызығын арабтар (катарлық Lesha bank) көретін болады. Bereke Bank меншікті капиталының азаю қаупіне байланысты қазіргі акционеріне 2023 жылдың дивидендін төлеуден бас тартты.

2023 жылы банк 28,9 миллиард теңге таза кіріс алған еді. Алайда, оны әдеттегідей акционеріне ("Бәйтерек" холдингіне) аударса, онда меншікті капиталында қиындықтар туындап, тіпті қадағалаушының пруденциалды нормаларын орындауда қауіп төнетін болды.

Bereke Bank осымен екінші жыл қатарынан дивиденд төлемей отыр. 2022 жылы да дивидендтер төленген жоқ. Ол кезде аты да, заты да ресейлік болған Сбербанк санкцияға ұшырап, тоқырап жатқан болатын.

Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside
Осы демалыста Алматы мен Астанада не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады?
Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар!

Алматыда сізді кинокеш, жәрмеңке, талк пен көрмелер, ал Астанада лекция мен көрмелер күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы.

Сілтеме төменде
https://t.me/uidezhatpa