📚Электронды кітаптар
33.4K subscribers
603 photos
88 videos
428 files
513 links
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
⚡️Бұл - атақты Марк Цукерберг пен әйелі Присцилла Чан...

Цукерберг - Фейсбукті ойлап тапқан адам. Сіз қолданып отырған Инстаграм, Ватсаптың қожайыны. Әлемдегі ең бай адамның бірі.

Осы суретті Фейсбуктан көргенде көзіме оттай басылды.

Қандай жылы сурет десеңші! Фотода жан бар! Тірі сурет!..

Екі ғашық жаңа жыл кешінде жәй ғана фотоға түсе салды. Жарық дұрыс түсіп тұр ма, жоқ па, бас ауыртқан жоқ. Түсе салды. Оны әлеуметтік желіге жүктей салды.

Жасандылық жоқ! Бәрі шынайы!
«Мені мына қырымнан алғаның дұрыс еді» дейтін әңгіме жоқ. Жәй ғана осы бір бақытты сәтті таспаға түсіріп алды. Болды.

Ал... бізде қалай??? 40 рет түсу, оны 40 рет көру. Ұзақ таңдау. Фотошоп. Түрлі филтір.

Бұл - комплекс. «Қайтсем жұртқа ұнаймын» дейтін сенімсіздік.

Бізде кейбір адамдар сол бір сәттің ең бақытты сәт екенін түсіне алмайды.

Мен кейде сондай жандарға қара-а-ап тұрып, аяймын. Не деген бақытсыздық!!!

Ал, мен мына суретке қарап тұра бергім келеді. Өйткені, бұл суреттің жаны бар👍

© Данияр Есен

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☺️ Адамды көзінше айыптау жақсы емес, бұл оның көңіліне тиеді...

Оны сыртынан айыптау да жақсы емес себебі, сіз оны өсектеген боласыз.

Ең абзалы — адамнан жамандық іздемей, оны байқамай, айыпты өз бойыңнан іздеп, өзгені емес, өзіңді түзетуге тырысу.

©Ілеп Толстой

Жазушының қай шығармасын жариялайық? 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯Үш күндік пәниде тіл табысып, түсінісуге тырысудың орнына...

Бұ жұрт жағаласып, жаға жыртысып, жауласып жатады. Не жетпейді бұ жұртқа? Иісі қазақ демесе бұл жақтан жиналған халық түгіл, ауылдағы ағайын да есепке көшкен. Есеппен сыйласады, жақсылығы сатулы... Не боп барады бұ дүние?

©Баққожа Мұқай

Кітаптың толық нұсқасын оқығыңыз келе ме?👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Дұрыс пайымдап отыр ма? Сіз не ойлайсыз?

📚@kitapkz1
⚡️ Мұхтар Тайжан: Кітап оқымаған "білгіштер" мен уағызшы "молдалар" қаптап кетті...

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан соңғы кезде уағыз айтатын "молдалардың" қаптап кеткенін айтып, олардың әрекеттерін "араптандыруға" апаратын науқан деп бағалады.

Ол тоқсаныншы жылдары ұры, коррупционер, бандит болғандар қазір тақияны қиіп алып, сақалды өсіріп алып, тиктокта, ютубта жастарға ақыл айтып отырғанын алға тартты.

"Өзің білме, білгеннің тілін алма" деген жаман қарғыс сөз бар қазақта. Қарасам, өздері қараңғы, жоғары білімдері жоқ, кітап оқымаған "білгіштер" мен уағызшы "молдалар" қаптап кетіпті. "Шалбар киме - ол голубойлардың киімі екен", "көкпар деген - ол сақабалардың, яғни араптардың ойыны екен", "мұсылмандарда ұлты мен руы жоқ", "домбыра - харам" - деп сандырақ әңгімені көп айта бастады. Бұндай әңгімелер иманға еш қатысы жоқ деп санаймын. Бұл қазақты ұлтсыздандыруға, тіпті араптандыруға апаратын науқан”, – деді Мұхтар Тайжан.

Саясаткер ғасырлар бойы құлдар патшаларға, байларға өте керек болғанын, сол үшін қарапайым халықты дінмен қорқытып құлдықта ұстағанын айтты.

“Ата-бабаларымыз имандарын жүректерінде сақтап қазақ болып қалды ғой! Ұлт деген не? Ол тіл, дәстүр, діл, жыр. Бәрімізді Жаратқан жаратқаны рас, бірақ бәрімізді құл болсын жаратқан жоқ шығар? Біз өз туған балаларымызды бізге құл болсын деп туып өсірмейміз ғой? Ұрпағымыз басқа дүниеде емес, осы дүниеде бақытты болсын деп өсіреміз. Сол секілді мейірімді я кешірімді Жаратқанымыз бізге құлдықты емес, бақытты өмірді тілеп отыр деп сенем. Ең қуатты Жаратқанға құлдар не керек?” – деді ол👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жанар апай мықты!

Ұлттық дәстүр, салт-санадан ажырап жатқанымызды өте сәтті көрсетіпті...

Лайкты аямайық👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Өмірде жақсымен де, жаманмен де кезігесің...

Қол созып, бірі жақсылық, бірі қасірет ұсынар. Әркім өзінікін жөн дер. Таңдау бірақ, сенің еркіңде. Есіңде болсын – біреуді біреу тозаққа да, жұмаққа да жетелей алмайды. Сен тек өз таңдауың үшін жауап бересің. Қиындық берсем – сабақ алсаң деймін. Жақсылық берсем – көтере алсаң деймін. Бастысы, мейлі сын болсын, мейлі сый мені таңдасаң деймін, маған үміт артып, менен көмек сұрасаң деймін. Және айтарым – тіріңде өтей алмайтын күнә жоқ. Осыны ұмытпасаң екен, – дей бергенде әлгі әлсін сәуле күшейіп, жанарымды шарпып өтті.

©️ Торғын Жолдасбекқызы "Араша"

📚@kitapkz1
Алаш айтқан асыл сөз.pdf
873.3 KB
©️Берік Уәли
📒Алаш айтқан асыл сөз

Кітаптан үзінді: Адамның тағдыры – өз қолында. Сорлы болған адам: «тағдырға шара бар ма» – деп жұбаныш етеді. Тағдырыңды – күндегі тамызықтай істеген амалыңмен өзің жасап аласың👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Құр оқи бергенмен ештеңе шықпайды, әлсін-әлсін ойыңды қозғап қой, пайдаланылмай қалған ақылды тот басады...

©️ Ілияс Есенберлин, «Ойлар, баяндамалар, күнделіктер, хаттар»

Кітаптың толық нұсқасы жақында арнамызда жарық көреді
👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯 «Өзіңе ақша қимау – саған келетін ақша энергиясының көзін жабу. Өзіңе аз алған сайын, өзіңе қимаған сайын Құдай да саған түк татырмайды» деп соғады. Бұл сау адамның сөзі емес. Бұл басыну, қымбат зат сатып алмағаның үшін кінәлі көрсету. Маркетинг тұздығына түсіру. Сіз биыл бес жылы шұлық сатып аласыз ба әлде бір мәсімен шығасыз ба? Оны әркім өзі шешеді. Оған коуч мұрнын сұқпасын. «Ақшаның энергиясы» деген сөздің өзі анекдот. «Қалаған затыңды сатып алу арқылы ақша көзін ашу» деген парадокс. Әлемдік қаржыгер Пит Данн «адам әр жалақысының бес пайызына киім алса экономикалық тұрақтылығы дұрысталады» дейді. Осы көрсеткішпен есептесек, төрт жүз мың теңге жалақы алатын кісі айына жиырма мыңға киінеді. Сонда өзгесі сапалы тамақ жеуге, қосымша білім алуға, саяхаттауға жеткілікті. Осылайша есі дұрыс адам бюджетін жоспарлауы керек. Онсызда шаршап жүрген адамдарды «ақша шақыру» дегендей қойыртпақпен алдаусыратып, иллюзияға батырмау керек.

©️ Лира Қоныс, «Қазақша минимализм немесе үйде бәрі бар»

5 досыңызды арнаға қосылуға шақырсаңыз, кітаптың толық нұсқасын саламыз 👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жадыра Шамұратова - Сандық .pdf
374.3 KB
©️Жадыра Шамұратова
📕 Сандық

Кітаптан үзінді: Есіңізде болсын, өмірдің қуанышын ұрлайтын үш нәрсе бар: соның бірі – өткенге өкініш. Өкіну – жаныңды жегеннен басқа ештеңе бермейтін іс👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұхтар Мағауин. Әйел махаббаты.pdf
458.3 KB
©️Мұхтар Мағауин
💌 Әйел махаббаты

Кітаптан үзінді: Кештерде де, жиын тойларда да… Төлегеннің өзіме арнаған әнін естігенде не болып кеткенімді білмеуші едім. Өткен күндер көз алдыма келе қалатын. Қар жауса үйде отырмаймын. Жылы киініп алып сыртқа шығам да, баяғыда Төлеген екеуміз қыдырған жерлерге барып жалғыз өзім жүрем.

📚@kitapkz1
Ғалымбек_Елубай_Бір_реткі_өлім_жазасы.pdf
304.9 KB
©️Ғалымбек Елубай
📕 Бір реткі өлім жазасы

Кітаптан үзінді: Қыз алдыға ірке ұмсынып барып, құлап түсті. Заң дәрігері келіп өлімін растап жатты. Біреуі барып ақы иесінен оқтың ақшасын алды манағы әйел қыздың анасы екен. Осындай көкірегі кепкен ананы көргенім алғаш. Көзінде тамшы жас жоқ...

📚@kitapkz1
⚡️ Тек, өкініштісі, Жер ғаламшарымызда ұлы табиғатты осылай қорғай, аялай білетін халықтардың азайып келетіні...

Жер атмосферасындағы, биосферасы мен гидросферасындағы адам қолымен, адам басқарған түрлі техникалармен жасалған өзгерістер, зауыттардан, фабрикалардан, жеңіл көліктерден шыққан газ-түтіндер ұлы табиғатты тұншықтырады ғой бірте-бірте. Ал жыпырлаған зәулім ғимараттар мен көп қабатты тұрғын үйлерден тұратын қалалар Жер ғаламшарымыздың бетін түгелдей жапты десе де болады.
Ал мұның соңы неге апармақ? Бүгінде бұлақ, өзен, теңіз бен мұхит сулары да тартылуда. Бұл көкейкесті мәселелер жөнінде ғалымдар мен түрлі саланың мамандары дабыл қағуда. Тек еш нәтиже жоқ. Кейбіреулер: «Өзім өмір сүрген кезде жасқы болса болды, әрі қарайғысында жұмысым жоқ» дейтін де сияқты. Бәрінен де сол пікір жаман...🙁

©️ Жүніс Сақұрпағы «Шолпанға көшкен ауыл»

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Жақсылық жасау тек қана мықтылардың қолынан келеді деу қате...

Олардың көбі алдымен өзін ойлайды. Артылып бара жатса ғана өзгеге қол созған болады. Мал бергеннен гөрі жан берген олар үшін түк те емес.

©️ Сүлеймен Мәмет, «Көңіл көзі»

Кітаптың толық нұсқасы арнамызда бар👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯 Махаббат формуласы: Сүйетін адамдар бір-біріне: «Саған жақсы болса екен» деген ережеге бағынса, онда ол махаббат, ал егер: «Саған да, маған да жақсы болсын» десе, онда ол махаббат емес, сауда».

©️ Мырзагелді Кемел «Мың ой»

Автордың пайымымен келісесіз бе?👍

📚@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Оралхан Бөкейдің "Атау кере" романынан 10 үздік дәйексөз:

📖 Пенде дегенің не нәрсеге қолы жетпесе, соған құштар келмей ме?!

📖 - Араның адамнан айырмашылығы болсайшы... Жиған байлығың да бал секілді. Күндердің күні малтығып өлесің.
- Айырмасы көп, апа... Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі... біздікі өзіміз үшін ғана.

📖 Адамның қателігі кемшілік жіберуінде емес, сол кемшілікті кешіктірмей түземеуінде.

📖 Неге біз осы оқта-текте жылап алмаймыз?.. Неге?

📖 Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз... Неге біз осы қатыгез де, қасиетсіз болып кеттік?..

📖 ...дені сау, төрт құбыласы тең пенде шіркін үшін бұдан артық азап бар ма, бұдан артық тозақ бар ма, Тәңірім! Жоқ еді, жоқ еді... аурудың ең бір асқынған түрі де осы - жалғыздық атты жалмауыз-ау...

📖 Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша жиямыз, а? Айтыңдаршы, ағайын, салт басым, сабау қамшымнан басқа түгім жоқ менің сендерден қай жерім кем? Кімнің тұнығын шайқаппын, кімдердің ырысын ішіп тауысыппын?! Соншалықты неге жек көресіңдер? Мен – талантпын. Менің білетінімнің, тәңірім-ау, бес процентін игерсеңдер, әлдеқашан данышпан болып әлемнің билігін қолдарыңа алмайсыңдар ма?

📖 Неге бiз осы итжандымыз, басқа қаңқ еткiзiп теуiп жiберсе де, қыңсылаған күйі "иемiздің" етегіне оралып, аяғын жалаймыз?!

📖 Адам баласын құртатын - Ой емес, Ойсыздық шығар...

📖 Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы - өтірік өмір сүреміз, а?..

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
сөздер сөйлейді.pdf
3.5 MB
© Рабиға Сыздықова
📚 Сөздер сөйлейді

Рабиға Сыздықова "Сөздер сөйлейді"

Кітап туралы: Тіл байлығыңызды толықтырам десеңіз, мархабат. Қазақ тіліндегі көптеген сөздердің мән-мағынасын ашатын кітап.

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM