📚Электронды кітаптар
33.5K subscribers
600 photos
88 videos
428 files
508 links
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot
Download Telegram
⚡️ Құдайдан күш-қуат сұрадым, Ол маған қиыншылық берді...

Батылдық сұрадым, Ол мені қауіп-қатерге жолықтырды. Парасат сұрадым, күрделі проблемаларға тап болдым.

Ежелгі грек жазуы осылай дейді.

Түрлі вирус-бактерия адамның ішкі иммунитетін, бойындағы қорғаныс жүйесін күшейтетіні секілді қиындықтар да адамды жан-жақты шыңдайды.

Бойдағы мүлгіп жатқан қабілет-қарымын оятады. Ерік-жігерін жетілдіреді. Ой-өрісін өсіреді. Түрлі қырларын кемелдендіреді.

©️ Қайрат Жолдыбай

Қайрекеңнің "Дауа жүрек" кітабын іздестіру үстіндеміз. Топқа досыңызды шақыруды ұмытпаңыз👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Өз тағдырыңды өзің жасауға ерікті екеніңді мынаған қарап-ақ білесің...

Не үшін сен дарасың? Не үшін сенің түрің, көз жанарың, дауысың, саусағыңдағы із, мінез-құлқың қайталанбас элементтермен толып тұр?

Ерік-қалауың жоқ болса, Тәңірі тағала мұншама даралықты бір басыңа не үшін үйіп-төгіп бере салды?

Осының өзі «Құлым, мен сені ерекше сипатпен жараттым. Енді осыған ие бол! Ешкімге ұқсамайтын таңғажайып тағдырды сомдап шық!» — деген ишара.

©️ Санжар Керімбай «Бейсен және Болмыс»

Рас па, келісесіз бе? 👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Таласбек Әсемқұлов -Талтүс.pdf
1 MB
© Таласбек Әсемқұлов
📚 Талтүс

Кітаптан үзінді: Өз бағасын білген адам басқаны да түсінеді, барлық адамды түсінеді. Түптеп келгенде өмір деген рахат та емес, қасірет те емес. Өмір деген – іс. Атасы өз ісін аяғына дейін адал жеткізді. Бір адамға осынша хикметтен өту оңай ма.

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
А.Елгезек — Болмаған балалық шақ.pdf
325.4 KB
©Ақберен Елгезек
📚Болмаған балалық шақ

Кітаптан үзінді: Сіз дүниеге келесіз. Алғашқы азығыңызды анаңыздың бойынан тататыз. Құрсақта басталған ана мен баланың байланысы мәңгі үзілмейді. Ол көрінбейтін тылсым жіп секілді, екеулеріңізді бір адам қылып байлап тастаған. Өкінішке орай тағдыр тәлкегімен, сіз анаңызды ұмытуыңыз мүмкін, бірақ сіздің жаныңыз, қайталап айтам сіз емес - жаныңыз, анаңыздың жанымен үнемі бірге болады.

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😄 Қос тіл...

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлт аралық қатынас тілі мәртебесін алған соң, біреу базарда тоты құс сатып тұрса керек. Тоты құсқа қызыққан біреу оң қанатын ұстаса: “Сәлеметсіз бе?" депті. Сол қанатын тартса “Здравствуйте” депті. Бұған таң қалған алушы тоты құстың құйрығын сипаған екен: “Құлатасың
ептвәю мать...” деп екі тілде қатар сөйлеп жіберіпті.

© ️Ақселеу Сейдімбектің "Бейпіл сөздер" кітабынан үзінді

Кітаптың толық нұсқасы арнамызда бар👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Білім бе, намаз ба? Мектеп оқушысына қайсысы маңызды?

Қазақ қоғамы үшін жауап берейін. Білім маңызды. Оқушы үшін оқу ісі маңызды. Сосын Америка, Еуропа елдерімен салыстырмаңыздар. Ол жақтағы балаға деген ата-ананың, мұғалімнің, керек болса биліктің де көзқарасы тым бөлек. Замана ешкімді аямайды. Бәсекеге қабілетті бола алмаған бала ертең қатарынан қалады. Ешкімге керек емессің. Сосын не оқу жоқ, не өнер жоқ, жұмыссыздардың қатарына кіреді. Әке-шешесіне салмақ салады. Әлімжеттік жасайды. Ұрлыққа барады…

Құлшылық та керек. Сөзсіз керек. Бірақ мектеп жасындағы балаға емес. Қайталап айтамын, қазақ қоғамы үшін жауап бердім. Осы сөзім үшін мені айыптаудың керегі жоқ👍

©️ Азамат Битан

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Кеше күні бойы қара маска тағып, қайырымдылық жасап жүрген жігіттің видеоларын көрдім...

Әсіресе, автомойкада тұрып жатқан әйелге жүрегім ауырғаны-ай... Көзі көрмесе де, нәпақасын тауып, балаларын асырап отыр.

"Көлік жуғым келмейді" деп жылаған кезде... Қосыла жыладым ғой...

Ол жігіттің кім екені маңызды емес, риза болғаным – нағыз қамқорлыққа зәру жандарды тауып алатыны.

Әлемді мейірім ғана сақтайды. Әйтпесе, біз тым қатыгезденіп барамыз.

Автордың пікірімен келісесіз бе? 👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥺Мен қазіргі балалардың қатыгездігінен қорқайын дедім...

Үйдің ауласында бір ит жүретін, ешкімге зияны жоқ. Өткенде бір қарағанымда буаз екен. Тағы бірде соңынан төрт бірдей сүйкімді күшігі еріп жүргенін көрдім.

Содан кеше екі кештің ортасында көршім келді жүгіріп (өзі сондай мейірімді келіншек) түрі өрт сөндіргендей түтігіп кеткен:

- Қалай көздері қиды, қалай ғана қолдары барды?! - деп бір отырып, бір тұрды.

- Не болды, Айка, түсіндіріп айтсаңшы, жайшылық па? - дедім шошынып.
/алдында екі баласын өлтірген келіншекті айтайын деді ма деп ойладым/

Сөйтіп едім, онсызда көңілшек адам жылап жіберді:

- Төрт күшікті балалар жабылып ..лтіріп тастапты. Жай ..лтіріп қоя салса мейлі ғой, біреуін бөлшектеп тастаған, біреуінің мойнын бұрап ..лтірген, тіпті айтуға аузың бармайды.

Ең аяныштысы, енесі төрт күшігін мойнынан тістеп, аулаға алып шығып "тұр, тұрсай" дегендей қайта-қайта жұлқылайды. Қыңсып ұлып жатыр байғұс деді...

Көршім кеткеннен кейін біразға дейін өз-өзіме келе алмай сұлқ отырдым да қойдым. Көз алдыма анасынан жаңа туған төрт күшік, жан-жағынан қаумалап алған балалар келді.

Мәссаған, біз кім боп барамыз? Қандай заманда өмір сүріп жатырмыз?..

Автор: Мәриям Әбсаттар

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯 Екі Русь бар. Біріншісі – әлемдік және кем дегенде еуропалық мәдениеттен тамырын тартқан киевтік Русь.

Олар мәдениетті орыстардың және бүкіл батыс әлемінің түсінігіндегі мейрімділік, ар-ождан, бостандық пен әділеттілік идеясын дәріптеп келеді.

Екіншісі – жабайылықтан, тағылықтан арыла алмаған – мәскеулік Русь. Олар қанды деспотия мен озбырлықты өздерінің ұлттық идеясына айналдырып алды.

©️ Алексей Толстой

Алдағы күндері әйгілі орыс қаламгерінің шығармасы арнамызда жарық көреді👍

🔖@kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Кейде осы мен нағыз мұсылмандар - Еуропа халқы ма деп ойланып қаламын...

🔺Жемқорлық жоқ.
🔺 Пара бермейді, пара алмайды.
🔺 Бәрі заң аясында шешіледі.
🔺Кісі ақысын жемейді.
🔺Жымиып, жылы амандасады (көркем мінезді)
🔺Қай жерде жүрсе де тазалық сақтайды (түкірмейді, туалетте артын тазалап кетеді)
🔺Бір-біріне ауыр сөз айтпайды.
🔺 Бір-бірін ғайбаттамайды.
🔺 Жолда автокөлікте бір-бірін боқтап, алдын кеспейді.
🔺 Оқу-білімге ұмтылады.
🔺Діни фанатизм жоқ.
🔺 Жолдары теп-тегіс.
🔺 Медицинасы дамып жатыр.
🔺 Технологияда жаңалық ашып жатыр.

Ең бастысы, көзбояушылық, жасандылық жоқ.

Бізде бәрі керісінше. Бірақ, мұсылманбыз деп кеуде қағамыз.

©️ Данияр Есен

Автордың пікірі орынды ма? 👍

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазаққа жаудың керегі жоқ! Өз ішімізден шығады...

Бауырымызды пікіріне алып-қосарыңыз бар ма?👍

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Португалия & Қазақстан екеуі екі бөлек әлем. Бір біріне қарама қарсы әлем...

Біз понт (мақтан) үшін бүкіл бәрін құрбан қылып жіберсек, оларға понтты түсіндіре алмайсың. Оларда ақысыз мектеп престиж болса, бізде керісінше ақылы мектеп престиж.

Бізде барлығы және барлығы понт негізінде құрылған. Өміріміздің бәрі понт. Телефон, көлік, үй, киім алсақ понт көрсету үшін. Ал португалдар ол заттан ләззат алу үшін.

Бұны не үшін жазып отырмын? Әр елдің, халықтың жақсы жағын үйренейік. Барлығын понт/мақтан үшін емес, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу үшін өмір сүрсек.

Бұрындары ойлаушы едім: ақшасыз қалай өмірден ләззат алып өмір сүруге болады деп. Оказывается, болады екен. Португалдардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы мәз болмаса да өмірлеріне мәз. Ақшасыз да рақаттанып өмір сүріп жатқан халықты көріп таң тамаша қаласыз.

Барлық проблемаға осы мақтан мен сол үшін жарыс себеп болып тұр.

Енді бұл мақтандарға, ақылды болып көріну мақтаны қосылды.

Барлығы судың маманы, өрттің маманы, экономист, спорт маманы, IT маманы, тб. Бір адамның бойында әлемдегі бүкіл ақыл, білім бар

Бірақ неге екенін білмеймін, сол елді жаймендеп еріп, жаймендеп жиналған су басып (төтеннен келген су емес), өрт шалып, бидайдың үстінде отырып наны қымбат, мұнайдың үстінде отырып бензині қымбат, асып тасыған байлықтың үстінде отырып кедей...

Себебі бұның бәріне мақтангершілікке салыну, жарысу кінәлі.

Осыны тоқтатайық, ағайын. Қарапайым өмір сүріп, жарыспай ақ, өмірден ләззат алып қарапайым өмір сүрейік👍

©️ Фазылбек Әбсаттарұлы

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM