📚Пайдалы кітаптар
1.11K subscribers
49 photos
24 videos
63 links
Download Telegram
Сондай-ақ, Сахаба Абдулла ибн Аббастан осы күні ұсталатын ораза жайында сұрағанда Ол (р.а): «Пайғамбарымыздың осы күнгі нәпіл оразаның қадірін өзге күндердегі нәпіл оразалардан артық санайтын...», – деп жауап берді.
Ашура күні ораза ұстау – сүннет. Пайғамбарымыз ораза ұстаған. Тіпті, Рамазан оразасы парыз болмай тұрғанда Ашура күні ораза ұстау уәжіп болған деседі ғалымдарымыз. Рамазан оразасы парыз етілгеннен кейін Ашура күнгі ораза сүннет боп қалады, яғни, сауап үшін істелетін амал ретінде әркім ауыз бекітуге не бекітпеуге ерікті. Бұған байланысты Имам Бұхаридің хадистер жинағында орын алған бір хадисте, сахаба Муғауияның риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз былай деген екен (с.а.у.): 

«Бұл күн – Ашура күні. Ашура күні Ораза ұстауды Алла тағала сендерге парыз етпеді. Бірақ менің аузым берік. Ораза ұстағысы келген ұстасын, ұстағысы келмеген ұстамасын». 

Сахабалар да осы күні ораза ұстаған. Олар тек өздері ауыз бекітіп қоймай, жас балаларын да осынау сауапты іске баулитын. 
Сонымен қатар, осы күні садақа беріп намаз оқыған да сауапты іс болады. Сахаба Әбу Муса Ашғариден келген бір риуаятта «Бұл күні Алла тағала бір қауымның күнәсін кешкен күн. Ендеше, сендерде осы күні ораза ұстап, нәпіл намаз оқыңдар» делінген. Және де, Амр ибн Ас бір сөзінде: «Ашура күні оразау ұстау - бір жыл бойы ораза ұстаумен тең. Осы күні садақа беру - бір жыл бойы садақа бергенмен тең»,– дегендігі риуаят етіледі.
Алайда, «осы күні ораза ұстасам бір жылға жеткілікті, садақа берсе бір жыл бойы садақа бермесем болады» деген ой қалыптаспау керек. Мұндағы мақсат, осы күні ұсталған ораза мен оқылған намаз және берілген садақаның денгейінің биіктігін білдіру мақсатында салыстырмалы түрде айтылған.

- Ашура оразасына қосып қанша күн ораза ұсталады?

- Мүмкіндік болып жатса Ашура күнімен қосып бір күн алдын және бір күн кейін ораза ұстау - мұстахаб (ұнамды). Дәлірек айтқанда, Мұхаррам айының тоғызы, оны және он бірі күндері оразамен өткізу - сауапты (бұл күндер биыл, 2019 жылы қыркүйек айының 08, 09, және 10 күніне сай келеді). Өйткені, Имам Ахмет риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз: «Ашура күні ораза ұстаңдар. Яхудилерге ұқсамау үшін алдында бір күн және кейін тағы бір күн тұтыңдар», – деген. Муслим келтірген сахих хадисте Алла Елшісі (с.а.у.): «Егер келесі Ашура күніне дейін аман болсам, Ашура күнінен өзге оның алдында бір күн, яғни, Мұхаррамның тоғызыншы күні де ораза ұстаймын», – деу арқылы Ашура күніне, тым болмағанда бір күн қосып ораза ұстаудың ұнамды іс екенін айтып кеткен. Сондықтан мүмкіндігі бар кісілер Тек Ашура күні ғана емес, бір күн алдын не бір күн кейін қосып ораза ұстағандары дұрыс болады. Әйтсе де, тек Ашура күні ғана ауыз бекітемін деушілерге мархабат.
- Сұрақтарымызға жауап бергеніңізге рахмет! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, жұмысыңызға береке тілейміз!

(Ескерту: Ашура күні биылғы жылы (2019 ж.) қыркүйек айының 9-жұлдызына сәйкес келеді).
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ІІІ Республикалық Имамдар форумында *«ЖЕТІ РУХАНИ ҚАЗЫҚ» Қазақстан мұсылмандарының РУХАНИ ТҰҒЫРНАМАСЫ* атты құжат қабылданған болатын. Сіздердің назарларыңызға аталмыш құжаттың негізінде әзірленген бейне материалдарды ұсынамыз: https://www.youtube.com/watch?v=QDAmbogmrWM&list=PLH3E0CLaC-sgg5BSep3ywFJzHO0ilp3Hl
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «Дұға – мұсылманның қаруы, діннің тірегі және аспан мен жердің нұры» - деген. Алла Тағала елімізді, жерімізді, халқымызды, отбасымызды, бала-шағамызды, ағайын-туысқан, дос-жарандарымызды күллі жамандықтардың, ауру-сырқаулардың, кесапаттардың, бәле-жалалардың кесірінен сақтасын! Әмин!
ИСТИҒФАР АЙТУДЫҢ ПАЙДАСЫ

Бірде әл-Хасан әл-Басри (р.а.) бір топ кісімен мәжіліс құрып отырған көрінеді. Біреу келіп: «Уа, имам! Жаңбыр жаумай қойды?»,-дейді.
- Алла Тағаладан кешірім сұра,-дейді.
Тағы бір кісі келіп: «Менің әйелім бала көтермей жатыр»,-дейді.
- Алла Тағаладан кешірім сұра,-деді имам
Үшінші адам келіп: «Кедейліктен қажыдым»,-дейді
- Алла Тағаладан кешірім сұра,-деп ол адамға да жауабын қайталады.
Имамның жанында отырғандардың бірі: «Ғажап, сізден ақыл-кеңес сұрап келіп тұр, ал сіз болсаңыз олардың барлығына бірдей: «Алла Тағаладан кешірім сұра»,-дедіңіз деп сырын сұрады.
Сонда имам: «Сен Алла Тағаланың: «Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, өйткені Ол – көп Кешіруші (Ғаффар). Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді. Сендерді мал-мүліктермен және перзенттермен қолдайды. Сендерге бау-бақшалар өсіріп және сендер үшін өзендер пайда қылады»,- (Нұх сүресі, 10-12 аяттар) деген сөзін оқымап па едің?,-деген екен.
Ия, Раббым...
Мен Саған қиындық жайлы мұң шақтым...
Сен: « َﻻ اﻮُﻄَﻨْﻘَﺗ ﻦِﻣ ﺔَﻤْﺣﱠر ِ ِﻪﱠﻠﻟا » «Аллаһтың мейірімінен күдер үзбеңдер» (39:53) – дедің.
Мен Саған жүректің дертін айттым...
Сен: « ﻻَأ َ ﺮْﻛِﺬِﺑ ِ ﻪّﻠﻟا ِ ﻦِﺌَﻤْﻄَﺗ ُّ ُبﻮُﻠُﻘْﻟا » «Аллаһты зікір етумен жүректер тынышталады» (13:28) – дедің.
Мен Саған адамдар жанымды жаралады дедім...
Сен: « ﻒْﻋﺎَﻓ ُ ﻢُﻬْﻨَﻋ ْ ﺮِﻔْﻐَﺘْﺳاَو ْ ْﻢُﻬَﻟ » «Оларды кешір және олар үшін кешірім сұра» (3: 159) –дедің.
Мен Саған жалғыздықтан жабыққан жандар жайлы тіл қаттым.
Сен: « ِﺪﻳِرَﻮْﻟا ﻦْﺤَﻧَو ُ بَﺮْﻗَأ ُ ﻪْﻴَﻟِإ ِ ﻦِﻣ ْ ِﻞْﺒَﺣ » «Біз оларға қан тамырларынан да жақынбыз» (50: 16) – дедің.
Мен Саған күнәһар көңлімнің сырын аштым...
Сен: « ﻦَﻣَو ﺮِﻔْﻐَﻳ ُ بﻮُﻧﱡﺬﻟا َ ﻻِإ َّ ُﻪّﻠﻟا » «Аллаһтан басқа күнәні кім кешіреді?» (3:135) – дедің.
Мен Саған мені ұмытпа дедім...
Сен: « ﻲِﻧوُﺮُﻛْذﺎَﻓ ْﻢُﻛْﺮُﻛْذَأ » «Мені еске алғын, Мен де сені еске аламын» (2:152) – дедің.
Мен Саған өмірдің өкініштері туралы шағындым…
Сен: « ﻦَﻣَو ﻖﱠﺘَﻳ ِ ﻪﱠﻠﻟا َ ﻞَﻌْﺠَﻳ ﻪﱠﻟ ُ ﺎًﺟَﺮْﺨَﻣ » «Аллаһдан қорыққан жанға, Ол тығырықтан шығар жол табады» (65:2) – дедің.
Мен Саған асқақ арамандарымды айттым...
Сен: « ْﻢُﻜَﻟ لﺎَﻗَو َ ﻢُﻜﱡﺑَر ُ ﻲِﻧﻮُﻋْدا ْﺐِﺠَﺘْﺳَأ » «Маған дұға етіңдер, Мен сендерге жауап беремін» (40:60) – дедің.

Мен Саған таубе еттім де Өзіңе тауекел еттім!!!
🤝 Ассалаумағалейкүм, ағайын! Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

📖 «Ең көркем есімдер Аллаға тән. Ендеше, Оған сол есімдерімен үн қатып, дұға етіңдер...» («Ағраф» сүресі, 180-аят) деген. Ал пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хадисте:

📚 «Алланың 99 есімі бар. Кім оларды зікір етіп жүрсе, жәннатқа кіреді» (Бұхари, Мүслім) делінген.

☪️ Исі мұсылман баласы Алланың Құран және сүннетте келген 99 көркем есімін жаттап, зікір етіп, сонымен дұға жасап жүрсін деген ниетпен Жаратушы иеміздің ұлық есімдерін назарларыңызға ұсынбақпыз. Көркем есімдердің арабша жазылуы мен айтылуы, сондай-ақ қазақша мағынасы мен қысқаша анықтама беруді де ұмытпадық.

1️⃣ Алла – Оның (Алла Тағаланың) бар екендігі және Оның иләһи сипаттарын білдіретін есім. Раббымыздың ең ұлық есімі. Кім Жаратушының осы әдемі есімін күніне 1000 рет қайталап зікір етсе, иманы берік болады.

🔍 #99көркемесім
📚Пайдалы кітаптар
https://instagram.com/shifapharma.kz?utm_medium=copy_link
Біздің жаңа жобамыз. Группаларға жіберіп, қолдау көрсетіп жіберсеңіздер.
🍽 Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

☪️ Алғашқы Тарауық намазы 1 сәуір күні құтпан намазынан кейін оқылады.

🌙 Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Биыл ораза 30 күнге созылады.

🗓 Рамазан айының кестесін (барлық қалалар мен ірі елдімекендер) мына жерден жүктеп алуға болады.

🌐 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-03-26/39040-oraza-2022/

https://cloud.mail.ru/public/yvvX/vVtjMV69H (жоғары сапада)
📚Пайдалы кітаптар pinned «🍽 Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан! ☪️ Алғашқы Тарауық намазы 1 сәуір күні құтпан намазынан кейін оқылады. 🌙 Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Биыл ораза 30 күнге созылады. 🗓 Рамазан айының кестесін (барлық қалалар мен ірі елдімекендер)…»